Сабақ өткізуде жаңа технологияны пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 05:21, реферат

Описание работы

Еліміздің ата заңы – ҚР-ның Конституциясында атап көрсетілгендей, құрылып жатқан зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік әлеміне көтеру, өз дүние танымын қалыптастыруға мүмкіндік жасап, адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын тудыру білім берудің маңызды мақсаты.

Файлы: 1 файл

Сабақ өткізуде жаңа технологияны пайдалану.docx

— 70.30 Кб (Скачать файл)

Сабақ өткізуде жаңа технологияны пайдалану

 

 Еліміздің  ата  заңы – ҚР-ның  Конституциясында  атап  көрсетілгендей,  құрылып  жатқан  зайырлы  құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекеттің  ең  қымбат  қазынасы – адам  және  адам  өмірі,  құқықтары  мен  бостандықтары.  Сондықтан  адамды  әдеттегі  үйреншікті  сана-сезім  шеңберінен  алып  шығып,  мәдениеттің  биік  әлеміне  көтеру,  өз  дүние  танымын  қалыптастыруға  мүмкіндік  жасап,  адамзат  табыстарына  негізделген  өзіндік  сенім  көзқарастарын  тудыру  білім  берудің  маңызды  мақсаты.

ҚР-ның  білім  беру  туралы  заңында  педагогика  қызметкерлері  оқушылар  алған  білімнің  мемлекеттік  стандарттан  төмен  болмауына  күш  салуға,  оқушылардың  өзіндік  және  шығармашылық  қабілеттерінің  көрінуі  мен  дамуы  үшін  жағдай  жасауға  міндетті  деп  атап  көрсетілген.  Бұл  міндеттерді  шешу қазіргі  педагогикалық  зерттеулер  нәтижелері  көрсетіп  отырғандай  жаңартылған  әдістемелік  жүйенің  оқыту  процесінде  іске  асуы  үшін  оны  технологияландырудың  қажет  екеніне  келіп  тіреледі.  Өйткені,  дәстүрлі  оқу  үрдісінің  нәтижесінде  білім  заңы  талап  етіп  отырғандай,  әр  оқушының  мемлекеттік  стандарттан  төмен  болмайтын  білім  алуын,  олардың  міндеттері  мен  құқықтарын  қамтамасыз  ету  мүлдем  мүмкін  емес. 

Оқытудың  мақсаты - өз  бетімен  дами  алатын,  әр  түрлі  өзгермелі  жағдайларда  бағдар  ұстай  білетін,  белсенді  жеке  тұлғаны,  яғни  қызмет  субьектісін  тәрбиелеп  шығару.  Осы мақсатта  білім  мазмұнының  құрылымына,  оны  іріктеп  алудың  дәстүрлі  талаптарына  сәйкес  өткізіліп отырған ғылыми жобалар байқауының тақырыбын «Егемендігіміздің темір қазығы-техникалық мамандық  иелері»деп алдық. Рұқсат болса осы байқау сынына түскелі отырған оқытушылар мен оқушылардың аты-жөнін атап өтейін.

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейіне көтерілу болып табылады» делінген. Сонымен қатар, бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу қажеттігін баса айтты.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытудың ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарында ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.

Білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Жаңа ақпараттық технологиялар

Мультимедия

Интерактивтік тақта

Интернет кеңістігі

Электрондық оқулық

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

- Оқушының  өз бетімен жұмыс істеуі;

 

 

- Уақытын  үнемдеуі;

- Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

- Шығармашылық  есептер шығару кезінде физикалық  құбылыстарды түсіндіру арқылы  жүзеге асыруы;

- Қашықтықтан  білім алу мүмкіндігінің туындауы;

- Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

- Экономикалық  тиімділігі;

- Іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде ( би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);

- Қарапайым  көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;

- Оқушының  ой- өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары және т.б. білім беруді басқаратын электрондық оқу құралы. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша, электрондық оқулық – оқушыларды даралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылуаға арналған бағдарламалық құрал.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру оқушылар үшін үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізуге жетелейді. Бүгінгі таңда компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың ел өмірінде, күнделікті тұрмыс-тіршілігінде алатын орны мен атқаратын рөлі өзгеріске ұшырады. Заманауи ақпараттық технологияны игеру әрбір адам үшін жазу-сызу секілді дағдыларды меңгеріп қана қоймай, өзбетінше білім алуға, білімін толықтыруға жағдай тудырып отыр. Адам баласының өркениетке сай алған білімі мен дағдысы қоғамның алға қарай ілгерілеуіне, оның даму жолдарын айқындауға жаңа мүмкіндіктер тудыратыны белгілі.

Ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыттарының бірі заманауи ақпараттық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып саналады.

Дүние жүзінің 21 елінде жүргізілген зерттеулер оқу үдерісінде дербес компьютерді ұзақ мерзімде қолдану және педагогикалық бағдарлама құралдарының болуы білім беру үдерісінде компьютерлік ақпарат технологиясының табысты енуіне әсер ететінін көрсетті.

Ақпараттық технология мектептің білім беру үдерісінде екі түрлі міндетті шеше алады. Бірінші типтегі міндеттерінің негізгі мақсаты – жалпы когнитивті қабілеттерін дамыту; бұл жағдайда қарым-қатынас дағдыларын меңгеру, өздігінен ойлау, қойылған міндеттерді шеше білу қалыптасады және жетіледі. Осындай жағдайды жақтайтындардың бірі С.Пейперттің ойынша, дербес компьютер оқу саласының кең көлеміне жататын жалпы когнитивтік дағдыларды дамытуға, оқытудың жаңа әдістерін жасауға мүмкіндік береді.

Екінші типтегі міндеттердің негізгі мақсаты – жалпы білім саласы бойынша үлгерімді жоғарылату. Дербес компьютерді қолдана оқыту үдерісін жетілдіруге, жалпы педагогикалық үдерісінің тиімділігін көтеруге бағытталған. Оқытуды ұйымдастыру дербес компьютер – білім беру жүйесіне есептеуіш, жинақтау және ақпаратты өңдеу құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар оқытудың жаңа формасы болып табылады.

Заманауи ақпараттық технологиялардың аталып өткен мүмкіндіктерін пайдалану білім берудің төмендегідей жаңа түрлерін кеңінен пайдалануға мүмкіншіліктерін тудырады:

- Интерактивтік өте белсенді сұхбат диалог ол қолданушының компьютермен қарым қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл арада сұхбат мәтінді бұйрықтарға жауап арқылы қарқынды түрде жүзеге асырылып отырады;

- Нақты объектілерді басқару;

- Экранда  көрініс тапқан түрлі объектілердің, құбылыстардың, үдерістердің үлгілерін басқару;

- Оқу үдерісінің  нәтижелеріне автоматтық бақылау, өзіндік бақылау жасау және бақылаудың нәтижелері бойынша тестілеу, түзетулер еңгізу.

 

Жоғарыда атап өтілген білім беру қызметінің түрлері,біріншіден,

оқушылардың ой өрісін кеңейтуге бағытталған әдістемелерді жасауға мүмкіндік береді; екіншіден, қазіргі таңда адамдар үшін өте қажетті тиімді шешімдер қабылдай алу немесе қиын жағдайлардан шығудың жолдарын таба білу сияқты қарым-қатынасты қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік береді.

Мектеп оқушыларының дайындық сапасын арттыру олардың пәндік тапсырмалардың мазмұнын талдай алу машығымен, алгоритм бойынша орындалатын тапсырмаларды ерекшелеуімен, берілген тапсырмаларды анықтай, нақтылай алуымен, тиісті нәтижелермен ала білуімен және оларды дұрыс түсіндіре алуымен нақтыланады.

Заманауи ақпараттық технология құралдарын пайдалана отырып, жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Ең бастысы, оқу материалын түсінбеушіліктен туындайтын білімдегі кемшіліктерді, атап айтқанда үлгермеушілікті жоюға мүмкіндік береді. Заманауи ақпараттық технология құралдары арқылы оқушыларға көмектің белгілі бір түрін ұсынып, физика және астрономия пәнінің оқу материалдарын иллюстрациямен, графикамен және т.б. қамтамасыз етіп, оқушыларға белгілі бір ойын жағдайына жұмылдыра отырып, оқу әрекетін басқаруды айтарлықтай өзгертуге жағдай жасайды.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру арқылы жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кезегімен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын жетілдіру қажет.

Сонымен қатар, заманауи ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай-ақ, ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе, келесі мәселелерге тоқталып өтуге болады, олар:

1. Заманауи ақпараттық технология оқу құралы ретінде оқытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

2. Білім беруді ақпараттандыру оқытуды дербестендіру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

3. Заманауи ақпараттық технологияның оқу-тәрбие үдерісіндегі орны ерекше.

 

XXI ғасыр –  ақпарат ғасыры, сондықтан адам  баласына компьютерлік сауаттылық  ауадай қажет. Компьютерлік сауаттылықтың  алғашқы кезеңі мектеп қабырғасынан  басталып, ол теориялық және практикалық  жағынан техникалық және кәсіптік оқу орындарында жалғасын табуда. Компьютерлік сауаттылық заманауи ақпараттық технологияны толық меңгеруге негіз болады. Компьютерлік сауаттылық жайлы ауқымды іске барша азаматтарды тарту, мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде қойылатын шарттардың бірі – ақпараттық технологияны қолдана алу дағдысы міндетті талап болу, сөйтіп ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында білім беру секторына абыройлы да жауапты мынадай міндеттер жүктеліп отыр. Атап айтқанда, компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық кітапхананы, электрондық оқулықтарды оқу – тәрбие үдерісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

«Білім беруде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі» атты мақаламды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:

- Оқу орындарын  қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен жабдықтау, интерактивтік тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;

- Оқытудың  жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;

- Ақпараттық  құзыреттілікті қалыптастырудан  күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын жеке тұлға қалыптастыру.

 

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлкен септігін тигізеді.

ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі.  
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпаратттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Осы ретте ақпаратттық технологияны пайдаланудың тиімділігін ашып айтуға болады. Қазіргі таңда жаңа технологияның жетістіктері интерактивті тақта мен электрондық оқулыққа тоқталар болсақ...  
«Активті экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады. Бағдарламалық-техникалық кешенді дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.  
Бағдарламалық-теникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивті тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиалық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.  
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:  
- Пән бойынша базалық білімді меңгерту;  
- Алған білімді жүйелеу;  
- Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;  
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;  
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.  
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.  
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.  
Жаңа технологияның бізге ұсынып отырған тағы бір жетістігі бұл әрине мультимедиялық оқулығымыз - электрондық оқулық. Білім берудің кез келген саласында танымдық белсенділікті арттырып, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайтын – электрондық оқулық. Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық , бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесі бар.Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып тұратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.  
Компьютерлер мен интерактивті тақта оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстететикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады.  
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.  
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.  
Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.  
      Қазіргі уақыттағы ғылым мен технологиялардың жедел дамуы қазақ тілін оқыту деңгейін көтеру мәселесін алдыңғы қатарға қояды.  
Қазақ тілі сабағында ойынды тиімді қолдану оқушылардың қазақ тілінде сөйлеуге жаттығуына мүмкіндік береді. Адам өзге тілде сөйлеу үшін бір мыңға жуық сөздер білу керек. Сондықтан мұғалімнің алғашқы мақсаты – оқушылардың сөздік қорын байыту. Оқуды ойын түрінде өткізу – оқытудың қолайлы формасы болып табылады. Оқытудың формасы ойын барысында оқушылар оқу материалын тез және жақсы меңгереді. Оқушы мәселені өз арқылы өткізетін тұлға, зерттеуші, алынған нәтижелерді таратып, жаңа мәселелерді қоятын тұлға. Нәтижесінде жақсы меңгерілген материал. Ал мұғалім оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, өзін-өзі, өзгені да бағалай білуге, өз күші мен қабілетін, жады мен көңіл, еңбек сүйгіштігін дамуға көмектесетін әдіскер.[8]  
Модульдік технологияның гипотезасы:  
Егер оқу-тәжірибе процесі модульдік технология арқылы өткізілсе, онда оқу динамикасы жағымды мінез алады.  
Егер «оқушы+оқушымен+топпен+ұжыммен+мұғаліммен» қатынаста болса, егер сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігі мен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырса, егер әр оқушы әр сабақта тыңдап, жазып, көріп және оқу материалын сатылай меңгерсе, онда модульдік технология жалпы білім сапасын, сабақтың тиімділігін жоғарлатуға, жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді.  
Нәтижесінде:  
• Қазақ тілінен білім сапасы жоғарлайды;  
• Оқушыны психологиялық кедергіден, ренішті жағдайдан құтқарады;  
• Шығармашылық және танымдық қабілеттері дамиды.  
Практикалық тиімділігі:  
Технология бойынша құрылған әдістемелік нұсқаларды басқа мұғалімдер қолдана алады.  
Модульдік технологияның мүмкіндігі:  
Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы.  
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:  
1. Тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейде игеруді білдіреді. Олар шамамен мынадай түрде беріледі: білу, түсіну, қолдану, талдау, топтау, бағалау.  
2. Модульдік технологияның ерекшілігі: жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу, сондай-ақ өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, шығармашылық қажеттіліктерін, сөздік қорын дамытуға бағытталған.  
Жүйелі түрде сабақта технологияның қолдану барысында төмендегідей жетістіктерге жетуге болады, тиімділігін байқауға болады.  
1. Қазақ тілінде еркін сөйлеседі.  
2. Өз ойларын ауызша, жазбаша баяндай алады.  
3. Оқушылардың белсенділігін арттырады.  
4. Оқу мотивациясы жоғарланады.  
5. Неғұрлым аз шаршайды.  
6. Оқу қызметін көбінесе жағымды эмоциялар алады, қанағаттанады.  
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады. [5]  
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлеміз және бұл біздің ең негізгі алдымызға қойған мәселеміз.  
Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.  
Қолданылатын технологияларымыз: М.Жанпейісованың модульдік технологиясы, әдебиет сабағында Қ.Бітібаеваның сатылай талдау оқыту тәсілі, Ақпараттық технология, Сын тұрғысынан оқыту технологиясы, Коммуникативтік әдіс.  
Біздің Мұхтар Әуезов атындағы №42 жалпы орта мектебімізде Т.М. Жанпейісованың модульдік технологиясы негізінде құрылған мұғалімдерінің шығармашылық тобы жұмыс істейді. Семинарлар, ашық сабақтар үздіксіз өткізіліп отырылады. Сәуір айында 2011-2012 оқу жылында «М.М.Жанпейісованың модульдік технологиясы» бойынша құрылған шығармашылық топқа арналған қалалық семинар-тренингте Абылова М.Ж., Бегалинова Ә.Е. «Бақытты сәт», ««Аукцион», «Баяндама», «Сиқырлы сандықша», «Білім биржасы», «Тұлғаны танып біл» атты оқыта үйрету ойындарын көрсеттік.  
2012-2013 оқу жылында «М.М.Жанпейісованың модульдік технологиясы бойынша қалалық семинар-тренинг 13 наурыз аралығында өтілді. Абылова М.Ж. «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойынын, ал Бегалинова Ә.Е. «Білім биржасы», «Тұлғаны танып біл» оқыта үйрету ойынын мұғалімдерге көрсеттік.  
Бұл қалалық мұғалімдерге жүргізілген семинар-тренингтер оқушының білім сапасын арттыруда көп септігін тигізеді, пәнге деген қызығушылықтары арттады. Оқу ойыны оқыту процесінде оқу ойындарын қолданудың жоғары тиімділігін көрсетті. [3]  
Сонымен қатар Абылова М.Ж. қалалық семинарда М. М. Жанпейісованың модульдік технологиясын қолдану негізінде ойынды қолдана отырып, ашық сабақтар берілді. Мысалы: «Балқаш пен Алакөл» 2007 жылы, «Алтын адам» 2009 жылы, «Қыз ұзату» 2009 жылы, «Шешен билер» 2010 жылы, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» «Қазақстан халықтарының қатынастары» 2011 жылы.  
Бегалинова Ә.Е. 11 сыныптарда «Қазақ фильм коностудиясы», «Қонақ үй таңдау», «Сәнді киіну»; 9 сыныптар арасында «Киіз үй құрылысы», «Музыкалық аспатар», «Теледидардың пайдасы мен зияны»; 5 сыныптарда «Ұлттық аспаптар. Домбыра», «Ұлттық киімдер» атты сабақтар жүргізді.  
Осы берілген сабақтар М.М. Жаңпейісованың оқыта үйрету ойындарына негізделіп жасалынған.  
Мысалы, «Қазақстан халықтарының қатынастары» тақырыбында ашық сабақ үлгісін көрсеттім. Сабақ барысында үй жұмысын тексеруде «Брейн-ринг», «Өз жартыңды тап» ойындарымен жүргіздім. «Брейн-ринг» ойынында қатысушыларға жетондар таратылады, үстелдің үстінде деңгейлік тапсырма жызылған карточкалар жатады. Әр дұрыс жауапқа фишка беріледі, содан екінші нұсқаға көшеді. «Өз жартыңды тап» ойынында оқушылар кез келген түсті тандайды. Содан кейін оның түсі бойынша серігін іздеп, жұмыс істейді. Жаңа сабақта «Даналық ағашы» оқыта үйрету ойынымен шықтық. Мәтінді жылдам, мұқият оқып шығады. Әр қайсылары мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады. Сұрақты сандықшаға салады. Мәтінді тағы да оқып шығып, әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағазды алып, дауыстап жауап беруі керек.[2]  
Сонымен қатар, «Сөздердің дұрыс жауабын тап» ойыны. Тақтаға 2 оқушы шығып, жарысып көреді. Кім көп сөздердің аудармасын біледі екенін.  
Оқушылармен бірге өткізілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы жайлы әңгімеледік. Бұл ойындар оқушыларға этикалық тәрбие береді. Оқушылар сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, мәдениетті сөйлеуге үйретеді. Дүстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.[1]  
Мысалы алтыншы сыныпта мәтін бойынша «Мәтін бөліктері» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: оқушылар төрт топқа бөлінеді:  
1.Кіріспе  
2.Негізгі ой  
3.Қорытынды  
4.Толықтыру  
Мәтін бөліктерін әңгімелеуді ретімен бастайды. «Толықтыру» тобы әр топтан кейін толықтырып отырады. Ойыннан соң мәтінді тағы бір қарап шығып, берілген ақпаратпен салыстырып, қай топтың анағұрлым нақты айтқанын анықтайды. Ойын өткізу барысында оқушылар белсене қатысады. Ең қуаныштысы, осындай сабақтарда нашар оқитын оқушылар үлкен әуестілікпен қатысады. Егер сабақ сайыс, жарыс түрінде құрылған болса, әрине әрбір бала алға түсуге, жеңімпаз атануға ұмтылады, ал ол үшін жақсы білімді болу керек, яғни балалар мұны түсініп, сабаққа қатысуға тырысады. Әрбір осындай сабақтан кейін мен балалардың «тағы да ойнайық» немесе «енді қашан осыднай сабақ болады» деген сұрақтар естимін [6].  
Қорыта келгенде, М.М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясының маңызы мен тиімділігі өте зор. Оқушының ауызекі сөйлеу дағдысын, ауызша және жазбаша сауаттылығын, өз бетімен жұмыс жасау іс-әрекеттерінің нәтижесін көру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. [7]  
 
Пайдаланылған әдебиеттер:  
1.Артықова Т., Жақанбаева А., Төлеуова М. Алматы: Атамұра, 2006  
2. М.М.Жанпейісова модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002 жыл  
3. “Қазақстан мұғалімі” жұрналы, 2002-2005 ж.ж  
4. “Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде”жұрналы, 2008-2011 ж.ж.  
5. “Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру”. Ғаламтор желісі  
6.Қазақ тілі оқулығы, Алматы, «Атамұра» -2005.  
7. Ж. Қалиева.-Ойындар, сценарийлер, сайыстар. Қостанай.  
8. А. Адамбаева. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері.

Информация о работе Сабақ өткізуде жаңа технологияны пайдалану