Әрбір уақыт кезеңінде адамдардың
ақыл-ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны
– заңды құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың
өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің
жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог
қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей
ықпал етеді.
Кез келген елдің болашағы білім беру
жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне
байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына
да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде
білім беру қажеттігі күмән тудырмайды.
Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың
озық технологияларын қамтитын жаңа білім
мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті
адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс.
Бұл талап мұғалімдер қауымына да үлкен
жауапкершілікті жүктейді. Сол себепті
біздер де әр кез үлкен ізденісте жүріп,
әр сабаққа жан жақты дайындалуымыз қажет
Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей
мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады.
Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлының
«Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті
болу», - деп өткен ғасырда айтқан сөздері
ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдерінде
түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы,
көп нәтижеге жетуге болады.
Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне
және қабілет деңгейлерін дамытуда М.Жанпейісованың
«Модульдік оқыту технологиясының» маңызы
ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология
әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс
істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі
білім алуға жетелейді, өзін-өзі, өзгені
де бағалай білуге үйретеді.
Модульдік технологиялардың ерекшелігі:
тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық
қабілетін және танымдық процестерді
жадының алуан түрлерін: есту, көру, қимыл,
ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып,
оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.
Модуль арқылы оқыту технологиясының
тиімді белгілерінің бірі – оқышының
оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір
ерекшелігі - сабақтың негізгі кезеңдерінің
бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты
ұсынуға болады.
Сөздікпен жұмыс кезінде оқушының шығармашылығы,
мүмкіндігіне қарай сөз тіркесін, сөйлемдерге
айналдыру сөзжұмбақ, ребус немесе сканворд
құрастыру мүмкіндігін тудыру болса, жаңа
материалмен жұмыс істеген кезде, өз ойын
сызба немесе сурет, тірек конспектілері
арқылы жеткізуіне, жаңа тақырыпты бекіту
кезеңінде өз пікірін шағын шығарма, өлең,
жұмбақ, қағида немесе ереже құрап жазу
арқылы беруге болады. Оқушының белсенділігін
оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау
қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып,
қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының
өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар
оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына
ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы
өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап
алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын
бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне,
қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге
тырысуына жетелейді.
Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:
• кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу);
2. сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесуін
ұйымдастыру);
3. қорытынды бөлімі (бақылау, тест);
М. Жанпейісованың сөйлесу бөлімін құру
қағидаларына сүйене отырып, жеке тұлғаны
дамытатын кез-келген әрекет емес орындау
әрекеті екенін ескере отырып, оқушының
танымдық қызметпен айналысуына, ақыл-ой
жұмысына қанағаттануына жағдай жасаймын.
Модульдердің нәтижелі болуын көздеп,
сөйлесу сабағының түрін өзгерте отырып,
әртүрлі белсенді формаларды пайдалану
арқылы іске асырамын. Олар:
1. топтық;
2. жұптық;
3. жеке топтық;
4. ұжымдық:
Оқыудың басты ерекшелігі – оқушылардың
қарым-қатынасы арқылы тілін дамыту, тұлғаның
дамуына жағдай жасау.
Оқушы оқушымен, топпен, ұжыммен, мұғаліммен
қатынаста болуына жағдай тудыру. Сөйлесу
сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігі
күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары
арқылы ауысып отырады. Мысалы: сабақтың
басында сөздікпен жұмыс жүргізгенде
жұптық, бекіту кезінде топтық форманы
немесе жеке топтық жұмысты қолданамын.
Топтарды ұйымдастыру кезінде оқушылардың
өзара қарым-қатынасын ескеріп, олардың
бір-бірімен білім алмасуын, жеке тұлғасын
дамытуға ықпал жасауына көңіл бөлемін.
Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру
әртүрлі жағдайларға байланысты. Орыс
мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің
түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін
меңгерту, сауатты жазуға үйрету, қазақ
халқының әдет-ғұрпын, тілін құрметттеуге,
Отанды сүюге баулу.
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін
ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі – сабақта
мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру.
Мәтінмен жұмыс – сабақта өтілетін әртүрлі
жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:
• Дыбыстармен жұмыс;
2. Сөздіктермен жұмыс;
3. Сөздік қорларын жетілдіру;
4. Тіл дамыту;
5. Ережемен жұмыс;
6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру;
Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге
бөлінеді:
• Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс;
2. Мәтінмен жұмыс кезеңі;
3. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең;
• Мәтін алдындағы жаттығулар мен соған
сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта
жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем
үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және
әртүрлі құрылымдық материалдарды (сөзжасам
элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері,
т.б.) меңгерту.
• Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде
мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы
орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті
бөліп алу, айыра білуге машықтандыру
жаттығуларын әртүрлі тәсілмен орындау.
Мәтінмен жұмыс былайша ұйымдастырылады:
оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша
сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше
бөлімге бөліп оқыту, негізгі жанама ойды
таптыру, қорытынды жасату.
3) Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде
мәтінді оқып, түсініп, негізгі ойды қазақ
тілінде жеткізе білу.
Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:
1. Логикалық сұрақтар
2. Сөздік жұмыстар
3. Фонетикалық жаттығулар
4. Сөйлем құру
5. Мәтінге жоспар құру
6. Аударма
7. Мәтінге ат қою
8. Диалог, ситуация құру
9. Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту
Осы аталған іс әрекеттерді жүзеге асыруда
оқушылар өзара тілдік қарым қатынасқа
түседі. Тілдік қарым қатынасқа түсу деген
сөз - біз оқытудың коммуникативтік технологиясын
да іске асырдық деген сөз. Коммуникативтік
оқыту технологиясын жүзеге асыру негізін
Сент-Экзепюридің сөзімен айтқым келеді:
«Жер бетіндегі ең үлкен байлық – бұл
қарым-қатынас байлығы». Шынымен де бізге
бұл қатынас жеткіліксіз. Өйткені біз
балалармен тек қана 45 минут кездесеміз,
сұхбаттасамыз. Сол себепті коммуникативтік
оқыту технологиясының элементтері ретінде
мәтінмен жұмыс түрін ерекше атап өтуімізге
болады. Сонымен қатар мәтінді оқытудың
мынадай түрлерін сабақ үстінде қолдану
мұғалімнің жеке зерттеушілік жұмыстары
үшін өте пайдалы:
1. Дауыстап оқыту арқылы - оқушының сөйлеу
элементерін меңгергендерін байқауға
болады, тағы да бір тиімділігі – оқушылар
бірінің қатесін бірі естіп және түзетіп
отырады.
2. Іштей оқу – бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың
шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы:
оқушыларға іштей шапшаң оқу үшін бір
мәтін беріліп, қай жерге дейін оқу керектігін
белгіленеді. Әркім белгілеген жерге келгенде
кітаптарын жауып, бітіргенін байқатады.
Осылайша оқушылардың оқу шапшандықтарының
мөлшерін мұғалім өзі белгілеп отырады.
Қорыта келе, оқушының құзырлылығы коммуникативтік
оқыту технологиясы арқылы дамиды. Оның
ішінде мәтінмен жұмыс арқылы танымдылық
қабілеттері, танымдық процестері дамып,
сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды
әрекет қалыптасады. Ұстаздың басты мақсаты
– шәкіртінің өзінен де білімі терең,
дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана
қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді.
|