Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 05:21, реферат
Еліміздің ата заңы – ҚР-ның Конституциясында атап көрсетілгендей, құрылып жатқан зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік әлеміне көтеру, өз дүние танымын қалыптастыруға мүмкіндік жасап, адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын тудыру білім берудің маңызды мақсаты.
Модульдік технология
Модульдік оқыту технологиясы
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім беру
дің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда.
Бұл сының процесс білім парадигмасының
өзгеруімен қатар жүреді . Білім берудегі
ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде.
Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі
объект –субъектілері педагогикасының
орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің
субъектісі ретінде , өзін өзі өзектілендірудге,
өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға
ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған
. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің
манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы
мен оқушының тұлғалық –бағытталған өзара
әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға
баланың білімін , білігі мен дағдысын
емес , оның тұлғасын, білім алу арқылы,
дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының
бір ерекшілігі- баланың тұлғалық дамуына
бағытталған жаңа оқыту технологияларын
шығаруға ұмтылуы.
«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің
басымды мақсаттарымен біріктірілген
пәндер мен әдістемелердің : оқу –тәрбие
процессін ұйымдастырудың өзара ортақ
тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің
, мазмұнынң, формалары мен әдістерінің
күрделі және ашық жүйелері ,мұнда әр позиция
басқаларына әсер етіп , ақыр аяғында оқушының
дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын
құрайды»
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық
бірліктері шоғырландыру технологиясы
, Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта
оқыту технологиясы , В.Ф.Шаталовтың оқу
материалдарының белгі және сызба үлгілері
негізінде қарқында оқыту технологиясы,
М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту
технологиясы, П.И.Третьяковтың , К.Вазинаның
модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың
, В.П.Беспальконың және басқа көптеген
ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің
және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары
белсенді түрде қолданылуда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заныңда оқыту формасын, әдістерін , технологиялар
таңдауда көп нұсқулық қағидасы бекітілген
, бұл білім мекемелерінің мұғалідеріне
, педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны
қолдануға , педагогикалық процесті кез
келген үлгімен , тіпті авторлық үлгімен
құруға мүмкіндік береді.
Модуль дегеніміз –қандайда бір жүйенің
,ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі
ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады.
Кіріспеден , сөлесу бөлмнен тұрады: кіріспеден
, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен
тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны
әр түрлі болад. Бұл оқу бағдарламасы бойынша
сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе
тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Оқу модулінің ерекшілігі –жлпы сағат
санына қарамастан ,кіріспе және қорытынды
бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған
уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды
оқу модулінің жалпы құрылымымен , оның
мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан
солң мұғалім осы модулінің барлық уақытында
есептелген оқу материалын қысқаша (10-20
минут ішінде ), сызба, кесте және т:б: белгілік
үлгілерде сүйне отырып түсіндіреді. Тақырып
мазмұна на (тұтас тақырып немесе тарау
бойынша) «өсу» бағытымен –қарапайымнан
күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан
шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға
, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай
бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға
оқу материалымен жұмыс істей отырып ,
өз қабілеттерін , жадын, ынтасын , ойлауын
, ауызша және жазбаша тілін дамытады.Психологтардың
пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену
үш негізгі кезеңне тұрады: кіріспе –қызықтырушылық,
опериационалдық-танымдық және рефлексиялық-бағалау
кезеңдерінен тұрады.
Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым
тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсаты
түсінуі аса маңызды. Ол үшін психологтардың
пікірінше , мақсат оның мағынасы нақты
айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәслдері
көрсетілуікерек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы
білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба
және белгілік үлгілер түрінде көрініс
тапқан әрекетін бастаған тиідірік екені
эксперимент көрсетіп отыр.
Қандай да бір құбылыстытну барысында
адамда оны түсінгендік, меңгергендік
сезімі пайда болуы тиіс.
Жадыны және келешекте алынған білімге
сүйену мүмкіндігін қорғау үшін, психолог
Л.В.Шешневтің пікірінше ,біріншіден ,
алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда
сақталмауы тиіс; екіншіден жады меңгерілген
ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына
, берік жабылған «орамаға» салып сақтауы
және ұсынуы тиіс. Мұндай орамы «қызметін»
белгі белгілік жүйе атқарады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты
2-6 дамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен
оқышылардың өзара әрекет етуіне құрылған.
Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының
әр сабақта үш күрделік деңгейде берілген
оқу материалын тыңдау ,жазу,көру және
айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.
Оқытудың ойын түрінде ұйыдастыру жіне
әр түрлі белсенді формаларды қолдану-оқытудың
міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу
бөлімінде алғашында оқу материалын қайта
жаңғырту және қарапайым білік пен дағды
алыптастыру мақсатында кейінен –алынған
білімді талдау, жинақтау және бағалау
мақсатында оқытудың белсенді формалары
қолданады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі
тарауды тұтас оқып үйренудің екінші-операционалдық-
танымдық кезңнен іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді қарастырғанда біз Л.Фридманның
төмендегідей ережелерге негізделген
тұжырымдамасына сүйенсек:
1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс
барысындағы түрлі қызметін жүйесі ретінде
қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын
,қабілеттерін көзге елестету қабілетін,
жадын , шығармашлық және тағы да басқа
дамытуға , яғни білім берудің мақсаттары
болып табылатын тұлғалық қасиеттерін
дамытуға бағытталған.
2. Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді
түрі-ең алдымен оқушының қажеттіліктерін
, қызығушылығын және қызет мақсаттары
дамытуға ағдай жасау.
3. Оқуды басқару икемді болуы тийс . Бұл
тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ана,
балалардың білім дәрежесінің артылуына
қарай мүмкіндік болады.
4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын
аықтауға тікелей қатысуы керек , яғни
басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс.
5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі
қуатына жіне мүмкіндіктеріне негізделіп
жүруі тиіс.
Оқу модулінің сөйлесу блімін даярлағанда
мұғалім оқу материалынның негізгі мазмұның
бөліп,құрастылымдайды.
Мұнда оқушылар оқу материалына қайта
оралып, пысықтап ,бекіуі үшін оның әр
сабақта жеке бөліктермен берілетіні
есепке алу керек, бұл бөліктерде қызқаша
сыйымды трде тұтас тараудың мазмұны беріледі.
Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім
үш күрделілік деңгейінде дайындайды.
Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр
оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы-
күрделі , ізденушілік , шығармашылық сипаттағы
тапсырмаларды кез келген күрделілік
деңгейіндегі бағдарламалық материал
тапсырмаларын орындаған оқушыға , яғни
іс жүзінде бәріне де беруге болады.
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда
мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуін
қамтамасыз етуге баса көңіл аударады.
Мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындаудағы
бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылмы
қалыптасады.
1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың
негзгі
мазмұның белгілеу.
1. Оқу материалын біртұтас, жинақы , «өсу»
бағытымен
беру.
1. Тақырып бойынша жеңілдететін деңгейдегі
және
білім стандартының талаптарын қамтамасыз
ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау.
1. Осы бөліктің сабақтарында өзара сөйлесуді
қамтамасыз ету .
1. Оқушылардың пәнге қызығушылығын және
креативтігін дамытуға арналғаншығармашылық
сипаттағы материал дайындау.
Қорытынды бөлім . Бұл бөлі тарауды немесе
тақырыпты оқытудың тұтас циклін анықтайтын
, соңғы бөлімі. Олоқушылардың сөйлесу
бөліміндегі танымдық қызметі барысында
қалыптасқан білім, білік , дағдыларын
бақылауға ,тексеруге және бағалауға арналған.
Осы бөлімде оқушылар өз қызметін талдайыды
–яғни , баға алады, бұл сонында әр оқушының
танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін
анықтайды. Оқу модулінің қорытынды бөлімі-бақылау.
Қорытынды бөлімінде бақылаудың бірнеше
түрі бар.
Біріншісі, міндетті –тестлеу. Екіншісі,
мұғалімнің өз тандауы бойынша сынақ ,
бақылау жұмысы ,диктант.
Біз екі немесе одан да көп бақылау түрлерін
қолдану қажет деп есептейміз, өйткені
оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана
тетлеу арқылы анықтау мүмкін емес.
Білім деңгейін тексеру және бақылауі
тәсіл ретінде тестлеу оқыту нәтижесінің
мөлшерліккөрсеткіші болып табылады,
бұл аса маңызды. Сонымен қатар тестлеу
тұлғаның психологиялық қорғауын қамтамасыз
етеді, ішкі кедергілерін жояды , өйткені
бақылаушымен қатынас жанама түрде жүреді.
Бұл осындай бақылау түрінің жағымды жағы
. Алайда мұнда дұрыс жааптың кездейсоқ
берйлуі мүмкіндігі бар . Қорыта келе біз
тестлеудің бақылаудың қажеті түрі , бірақ
ол бақылаудың басқа түрін қайталап қолдануды
керек етеді деп есептейміз. Оның мақсаты:
а) білім деңгейін әділ бағалау:
б) бағасын жақсартуға мүмкіндік беру:
Қалай айтқанмен егер бақылаудың бір түрінен
наша бға алынса, бақылаудың басқа түрі
оны жөндеуге мүмкіндік береді.
Егер сөйлесу бөлімінің ьарлық саьақтарында
оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін
–бірі оқытуы, түлі ғылыми көздерді пайдалануы
құпталып келсе, енді қорытынды бөлімінде
оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған
білімін ,білігі мен дағдыларын ешкімнің
көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін
бақылаудың формалары ретінде тестілік
тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ
, шығарма нмесе диктант оқу пәнәң ерекшілігіне
орай қолданып ,оқу мщдулінің осы бөлімінде
беріледі.
Модульдік оқытудың құрылымы
Педагогикалық технология негізінде оқу
циклін қайта жаңғырту идеясы алынған.
Оның мазмұнына:
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға
көшу;
3. Оқушылардың білім деңгейін алдын ала
бағалау:
4. Оқу әрекетінің жиынтығы;
5. Нәтижені бағалау:
Осының арқасынды оқу процессі «модульдік»
сипат алып , құрылымы ортақ , бірақ мазмұны
әр түрлі жеке блокттардан жасалады. Қайта
жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқ модулі
үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден,
сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен
тұрады:
Сызба түрінде көрсетсек, оқу модулі былайша
болады:
Кіріспе бөлім
(модульге, тақырыпқа енгізу)
Сөйлесу бөлімі
(оқушылардың танымдық қызметін өзара
сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
Қорытынды бөлім
(бақылау)
Әрбір оқу модуліне сағат саны әртүлі.
Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа,
тақырыптар тобына , тарауға бөлінген
сағат санына байланысты.
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі-
мұғалімнің даярлық жүйсі. Мұғалім бір
оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап
алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұның
және нәтижелерін , сондай-ақ осы модуль
сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып,
оқу модулін құрайды.
Бізді ойымызша бұл технология
-оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін
даытуға:
-танымдық поцестерін дамытуға
-оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
-белсенді сздік қорын , ауызша және жазбаша
тілін дамытуға:
-тұлғаны қиындықтарға даяр болу және
білу , қарым-қатынас, ойын , танымдық ,
қауіпсіздік ,сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі
өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін
қанағаттандыруа ықпал етеді.
Ұсынылып отырған технологиянытүрлі үлгілердегі
мектептерде қалалық және ауылдық жерлерде
қолдану бағдарламадық материалды «жақсы»
және «өте жақсыға» меңгерген оқушылардың
саны едәуір артқанын көрсетті.
Бұл технологияны қолдану аудандық және
облыстық олимпиадада жүлдегерлері және
Қазақстан Республикасының Кіші Ғылым
академиясы ұйымдастырған конкурстардың,
шығарашылық жұмыстардың жеңімпаздары
болған оқушылар саны арттыруға мүмкіндік
береді. Әсіресе тарихты,географияны ,
биологияны, химияны, азаматтану, дүниетану
курсын орыс тілінде оқытатын мектептердегі
қазақ тілдің және басқа бірқатар пәндерді
оқытуда модульдік технологияны қолдану
неғұрлым нәтижелі болады.
Модульдік оқыту технологиясы
Оқу циклі ретінде ұдайы қайталанатын
оқу модулінің өз құрылымы бар. Ол үш бөлімнен
тұрады.
Кіріспе бөлім. (модульге, тақырыпқа ену)
Сұхбат бөлімі (көбінесе сұхбаттасу, диалогты
қарым-қатынас арқылы оқушылардың танымдық
іс-әрекетін ұйымдастыру)
Қорытынды бөлім. Бақылау жұмысын алу.
Әр модульдегі сағаттар саны әртүрлі.
Бұл бағдарлама бойынша тараулар тақырыптар
блогына, тақырып берілген сағат санына
байланысты.
Тарау көлеміне қарай, мен мұндағы тақырыптарды
үш модульге енгіздім. Сіздерге ұсынарым
№3 модуль. Бұл сабақты кіріспе бөліміне
1 – сағат, сұхбат бөліміне 4 – сағат, қорытында
бөліміне 2 – сағат, жалпы 7 сағатқа бөлдім.
Электр құбылыстары
Модульдің құрылымы Сабақ реті Сабақтың
мазмұны мен түрі Сағат саны ескертулер
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуға
жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып,
жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып,
жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы.
Модульдік оқыту XX ғасырдың 60 жылдарының
аяғынан бастап ағылшын тілді елдерде
дами бастады. Оның негізгі мәні – сабақтың
жоспары, ақпараттар банкі және сабақтың
дидактикалық мақсаттарына қол жеткізуге
бағыт беретін әдістемелік нұсқаулардан
тұрады.
«Модуль – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықтайтын дербес бөлігі»
Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.
Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.
М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиямының» маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді.
Тиімді белгілерінің бірі – оқышының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Сөздікпен жұмыс кезінде оқушының шығармашылығы, мүмкіндігіне қарай сөз тіркесін, сөйлемдерге сөзжұмбақ, ребус немесе сканворд құрастыру мүмкіндігін тудыру болса, жаңа материалмен жұмыс істеген кезде өз ойын сызба немесе сурет, тірек конспектілері арқылы жеткізуіне, жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде өз пікірін шағын шығарма, өлең, жұмбақ, қағида немесе ереже құрап жазу арқылы беруге болады.
Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді.
Модульдік оқыту технологиясының негізі – модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модульдерге бөлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту. Оның мазмұны:
Оқушыларды оқу мақсатымен модульмен таныстырамын. Оқушылар: оқу мақсатын, өзіне қойылатын талапты, лексикалық және грамматикалық тақырыпты, модульдің мазмұнын, жұмыс-үрдісін, нәтижесінің бағаланып және түзетіліп отыратынын біледі.
Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:
Әрбір оқу модуліндегі сабақ санының ауытқуы тақырыпқа байланысты бестен тоғызға дейін тиімді деп есептеймін, себебі сөз қорының молаюы аз мөлшермен беріліп қайта-қайта жаңартылып, өз пікірін ортаға сала алатындай болуы керек.
Сөйлесу бөлімін педагогика және психология ғалымдарының жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқушылардың қабылдау деңгейлері мен қабілеттеріне қарай ұйымдастырамын. М. Жанпейісованың сөйлесу бөлімін құру қағидаларына сүйене отырып, жеке тұлғаны дамытатын кез-келген әрекет емес орындау әрекеті екенін ескере отырып, оқушының танымдық қызметпен айналысуына, ақыл-ой жұмысына қанағаттануына жағдай жасаймын. Міндетті түрде, сабақ барысында, оқушының іс-әрекетінің төрт түрін: тыңдау, оқу, жазу және әңгімелесуді қолданамын. Модульдердің нәтижелі болуын көздеп, сөйлесу сабағының түрін өзгерте отырып, әртүрлі белсенді формаларды пайдалану арқылы іске асырамын. Олар:
Оқыудың басты ерекшелігі – оқушылардың қарым-қатынасы арқылы тіл дамыту, тұлғаның дамуына жағдай жасау.
Оқушы + оқушымен + топпен + ұжыммен + мұғаліммен қатынаста болуына жағдай тудыру. Сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігімен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырады. Мысалы: сабақтың басында сөздікпен жұмыс жүргізгенде жұптық немесе бекіту кезінде топтық форманы немесе жеке топтық жұмысты қолданамын.
Тілді оқытуда сөздікпен жұмыс оқушының тілін байытуда ерекше орын алады. Бұл жұмыс оқушының сөздік қорын молайтып, тілін, ойлау қабілетін дамытады. Сөйлесу сабағы оқушыларды тек қана қазақ тілінде ауызекі сөйлеуге үйретіп қоймайды, оларды ойлау, талдау, сараптау және қорытындылау қабілеттерін жетілдіреді.
Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әртүрлі жағдайларға байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, сауатты жазуға үйрету, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тілін құрметттеуге, Отанды сүюге баулу.
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәінмен жұмыс дегеніміз – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:
Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1) Мәтін алдындағы жаттығулар
мен соған сйкес жұмыс түрлері
мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік
тұлға мен сөйлем үлгілерін
мәтінде танып, айыра білу және
әртүрлі құрылымдық
2) Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әртүрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі жанама ойды таптыру, қорытынды жасату.
3) Шартты түрде алып
отырған үшінші кезеңде
Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:
Мәтінді оқытудың мынадай түрлерін сабақ үстінде қолданамын:
Оқытудың ең басты әрі негізгі мақсаты- білімнің сапалы, нақты, толық болуында.
Ойындарға қойылатын талаптардың өз алдына жеке мақсаттары бар. Олар:
Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Біріншісі – сабаққа қызығушылығын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу.
Сабақта қолданылатын ойындар: «Бәйге», «Кім жылдам?», «Кім тез табады?», «Ойлан тап!», «Жалғасын айт», «Полиглот», «Не,қайда, қашан?». Ойын барысында оқушының ойлау қабілеті, тапқырлығы дамиды.
Модульдік технология мұғалімнің алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:
Модульдік технология алға қойған мақсатқа оқушылармен бірлесе отырып проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Модульдік оқыту технологиясының тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруда және оны дамытуға ықпалы:
Өскелең жас ұрпақты білімді өз бетінше меңгеруге, ойлау, есте сақтау, ауызша және жазбаша дамытуға дағдыландыруда модульдік технологияны оқытудың маңызы зор.
Қорыта келе, оқушының құзырлылығы коммуникативтік оқыту технологиясы арқылы дамиды. Оның ішінде мәтінмен жұмыс арқылы танымдылық қабілеттері, танымдық процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Ұстаздың басты мақсаты – шәкіртінің өзінен де білімі терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді.
МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде
Оқулықтың негізгі қызметтері:
үйлестіруші;
жүйелендіруші;
дидактикалық қызметтерін толық іске
асыратындай болуы тиіс.
Оқулықтың дидактикалық қызметін:
ақпараттық;
түрлендіруші;
бекіту және өзін-өзі бақылау;
өз бетімен білім алу;
кіріктіруші;
дамытушылық-тәрбиелік
М.Ж.Жадрина
Педагогикалық технология - білімділік
мақсатқа қол жеткізудегі оқушы мен мұғалімнің
жүйелі, тұжырымдамалы, нормативті, объективті,
көпнұсқалы әрекеті.
Ф.А.Фрадкин
Белоруссияның ұлттық мектебінің ғылыми-зерттеуші
ұжымы технологияны жеке тұлғаны дамытудағы
процесс және оқушыны оқытудың әр кезеңінде
дамытатын педагогикалық құрал ретінде
бағалайды. Яғни, технология – баланы
дамытуға жағдай жасаудағы мұғалім-дердің
қабілеттілігі деген анықтама береді.
Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің,
ұйымның анық-талатын, біршама дербес
бөлігі.
С.И.Ожегов
Оқу модулi – оқу ақпаратының бiршама дербес
блогы, оған оқу мақсаттары мен мiндеттерi,
әдiсте-мелiк нұсқаулар, шамамен алған-дағы
iс-әрекеттер негiзi, оқу қызметiн атқару
жетiстiгiн бақылау (өзiн-өзi бақылау) құралдары
енедi.
Интерактивті процесс дегеніміз — педагогикалық
процеске қатысушы-лардың өзара ықпалдастығы
мен бір-біріне өзара әсерінің мақсатқа
бағытталған түрдегі үрдісі. Бұл ықпалдастықтың
негізінде оған қатысушылардың әрқайсысының
жеке тәжірибесі жатыр.
«Интерактивтік» деген сөз энциклопе-дияда
көрсетілген, интеракция деген ұғымнан
келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтің,
жұптың, топтың өзара біріккен әрекетте
бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интеракция
әрекет барысында, әсіресе диалог сөзге
үйретуде субъектілердің белсенділігін,
олардың шығармашылық ниетін және бірігіп
әрекет етуге ұмтылуын қамта-масыз етеді.
Мақсаты:оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын
дамытуға қолайлы жағдай туғызу.Шығармашылыққа,
жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден
белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді
шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ
бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен
қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша
түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу
шығармашылыққа тән құбылыс деп тұжырымдауға
болады. Шығармашылық әрекетке – оқушының
проблеманы көре білуі, өз іс–әрекетінің
бағдарламасын жасай білуі және ойды іске
асыру үшін жаңа идеялар тудыра алуы жатады.
Шығармашылық проблемалық сипа-ты бар,
барлық ішкі байланыс-тарды біріктіретін,
нәтижесінде жаңа материалдық және идеялық
құндылықтар алынатын адамның мақсатты
әрекеті.
Оқушылардың шығармашылығын дамыту процесінің
даму кезеңдері:
I. Даярлық кезеңi.
а) пәнге деген тiкелей қызығушылық;
ә) оқушының қандай да бiр оқу пәнiнiң әлеуметтiк
және практикалық мәнiн бағалауы;
б) оқушының оқу пәнiнiң өз жоспарындағы
және болашақтағы рөлiн бағалауы.
II. Практикалық кезең.
а) жайлы көңiл-күй;
ә) танымдық қызметтегi өз тәжiрибесiн қолдану
және жағымды өзгерту қажеттiлiгi.
III. Шығармашылық кезең.
Берiлген оқу пәнi материалдары бойынша
бiлiмiн топтау және бағалау қажеттiлiгi.
IV. Қорытынды
V. Релаксация (босаңсу, еркiн сезiну).
Міндеті:
жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру;
таным процестерін дамыту;
танымдық қабілеттерін дамыту;
сөздік қорын дамыту;
оқу себептілігінің өзгеруі.
Маслоу парадигмасы
Таным процестері
Бейімділігі бастапқысы салынған, дамытуға
беріледі
Темперамент тұрақты
Мінез-құлқы тұрақты
Бақылау локусы пайда болу процесінде
өзгереді
Мотивациялық қажеттілік сферасы өзгереді
Ерік дамиды
Ес дамиды
Ойлау дамиды
Қиял дамиды
Елестету дамиды
Зейін дамиды
Қабылдау дамиды
Танымдық қызмет мақсатының категориялары:
В.М.Монахов технологиясының негізгі қағидалары:
мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне
сенім білдіру;
оқушы жұмысының физиологиялық-гигиеналық
нормаларын міндетті түрде сақтау;
оқу процесінің кез келген бөлігінде оқушылардың
міндетті дайындығына кепілдік беру;
оқушы мен мұғалімге жайлы жағдай жасау.
П.А.Юцявиченің модульдiк оқыту идеясын
жасаудағы дидактикалық қағидалары:
модульдiк;
оқыту мазмұнын оқшау элементтерге құрылымдау;
әрекетшiлдiк;
шапшаңдық;
икемдiлiк;
болашағын түйсiну;
тепе-теңдiк.
М.М.Жанпейісованың нұсқасындағы ерекшелік:
Оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру;
Сыныпта берілген блок (мазмұны бойынша
жақын) тарау бойынша жалпы оқыту модулінің
мазмұнымен таныстыру;
Мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіруі
(сызба, график, кесте және т.б.);
Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы
негізінде беру;
Оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін
бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас
негізінде оқушының танымдық іс-әрекетін
ұйымдастыру;
Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау
негізінде оқу материалын меңгерту;
Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат,
бақылау жұмысы т.б.) жүргізу.
Модульдік оқыту технологиясының құрылымы
Кіріспе бөлімінде оқу материалын баяндау
формалары:
визуалдық лекция;
лекция – консультация (кеңес);
лекция - өзара сөйлесу;
проблемалық лекция.
Интерактивті процесс оған қатысушы-лардың
қарым-қатынас жасауының жоғары қарқындылығымен,
өзара қызмет алмасуымен, қызмет түрлерін
ауысты-руымен және түрлендіруімен, процес-суалдылықпен
(қатысушылар жағдайы-ның өзгеруімен),
олардың өз қызметін мақсатқа бағыттау
түріндегі рефлек-циясымен сипатталады.
Интерактивті процестің мақсаты – педагогикалық
өзара ықпалдастық әрекетіне қатысушылардың
мінез-құлық және қызмет үлгілерін өзгерту
және жақсарту. Өз әрекетін және серіктесінің
әрекетін талдай келе, әрбір қатысушы
өз мінез-құлқының үлгісін өзгертеді және
оны саналы түрде меңгереді.
Интерактивті процесті ұйымдастырудың
жетекші қағидалары:
ойлау қызметін ұйымдастыру;
мазмұн шығарушылық қызметті ұйымдастыру;
таңдау еркі;
рефлексияны ұйымдастыру.
С.В.Белованың зерттеулерінде оқушылардың
үш тобы айқындалған:
сұқбаттасуға тек формальды түрде қатысушылар;
өз ұстанымын қорғауға ұмтылуы басым оқушылар;
шын мәнінде сұхбаттаса алатын оқушылар
тобы, олар өз ұстанымын қайта қарап, оны
байыта түсуге ұмтылады.
Диалог бөлімінiң оқушының шығармашылығын
дамытуға бағытталған iс-әрекет қадамдары:
Сөйлесу бөлімінде ойындарды ұйымдастыру
жүйесі
меңгерту;
дамыту;
пысықтау;
қорыту;
бекіту.
Сөйлесу бөлімін ұйымдастырудың белсенді
формалары:
1. Жалпы немесе құрылымдық:
топтық немесе жеке топтық;
жұптық;
ұжымдық;
2. Нақты немесе арнайы:
семинар;
оқу конференциялары;
диспут;
топтық пікірталас және т.б.
Диалог бөлімінде ойын іс-әрекетін ұйымдастыру
жүйесі
Оқушының журналға түсетін бағасы:
Қорытынды бөлімде оқушының білімін бақылау
формалары:
Тест:
толықтыруды қажет ететін;
еске салушы;
балама жауаптары бар;
таңдамалы;
сәйкестілік;
реттілік немесе бірізділік;
құрама
Сынақ:
релелік;
айналмалы;
қарапайым;
блиц-турнир
Жазбаша бақылау жұмыстары:
диктант;
шығарма;
мазмұндама;
бақылау жұмысы;
мәнжазба және т.б.
ЧАРЛЗ ДЕМНІҢ ПАРАДИГМАСЫ
Оқыту әдiстемесi мен оқыту технологиясын
салыстырмалы талдау
Информация о работе Сабақ өткізуде жаңа технологияны пайдалану