Шетел тілін оқытуда бақылаудың түрлері мен формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 18:11, курсовая работа

Описание работы

Білімді, іскерлікті және дағдыны тексерудің білімділік және дамытушылық функцияларының мәні оқушылар басқалардың жауаптарын тыңдай отырып жаңа деректер алып қана қоймай олардың өздері де сұрақ беруге қатысады, сол арқылы оқу материалдарын қайталай отырып, белсенді ойлау әрекетттерін іске асырады. Мұғаллімнің оқушы жауаптарын толықтыруы, қосымша талдаулары да білімділік бақылаудың функциясын іске асыруға жағдайлар жасайды.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................................. 3
I.Бақылау педагогикалық зерттеудің әдісі...................................................6
I.1 Дидактикада зерттеу әдістерін таңдау және қолдану ...........................6
I.2 Зерттеудегі бақылаудың мәні туралы ...............................................7
I.3 Педагогикалық зерттеудегі бақылаудың түрлері . .............................8
I.4 Бақылауды ұйымдастыру ....................................................................... 14
I.5 Педагогикалық бақылаудың функциялары...............................................15
II. Шетел тілін оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау........16
II1 Оқыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақылау.........................................16
II.2 Бақылау мен бағалаудың оқыту нәтижесіннің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін, анықтауға бағытталғандығы......................................................16
II.3 Бақылаудың формалары.........................................................................18
Қорытынды......................................................................................................... 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................26

Файлы: 1 файл

курсовая Мака.doc

— 208.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды  Мемлекеттік университеті

 

 

                                                                                          

                                                                                            Шетел тілі факультеті

                                  Неміс және француз тілдерін  оқыту әдістемесі кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Шетел тілін оқытуда бақылаудың түрлері мен формалары

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:                                                             КН-31 тобының студенті                                   Мухаметжарова М.У.

 

 

  Ғылым жұмыс жетекшісі:                                      Абишева Г.И.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2011

 

Жоспар

Кіріспе..................................................................................................................  3

I.Бақылау  педагогикалық  зерттеудің әдісі...................................................6

  I.1 Дидактикада  зерттеу  әдістерін  таңдау және қолдану ...........................6

    I.2 Зерттеудегі     бақылаудың    мәні   туралы ...............................................7

    I.3 Педагогикалық    зерттеудегі   бақылаудың   түрлері . .............................8

I.4 Бақылауды  ұйымдастыру ....................................................................... 14

    I.5 Педагогикалық бақылаудың функциялары...............................................15

II. Шетел тілін оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау........16

II1 Оқыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақылау.........................................16

II.2 Бақылау мен бағалаудың оқыту нәтижесіннің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін, анықтауға бағытталғандығы......................................................16

II.3 Бақылаудың  формалары.........................................................................18

Қорытынды......................................................................................................... 25

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

       Зерттеудің көкейкестілігі. Кез-келген процессті басқару бақылауды, яғни оның қызмет етуінің тиімділігін тексеру жүйесін қажет етеді. Сондықтан оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады.

Оқыту нәтижесін  бақылау мәні – оқушылардың белгілі  бір бағдарлама, пән бойынша білім  беру стандартына сай білімдерді меңгеру деңгейін анықтау болып табылады.

Оқыту процесін бақылау дегеніміз бір жағынан , мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің ресми-әкімшілік тәртібі, екінші жағынан мұғалімнің оқушылардың  білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жүйелі бақылауы.

Оқыту процесінің жеке компоненті ретінде ол білімділік, тәрбиелік және дамытушылық функцияларды атқарады. Білімді, іскерлікті және дағдыны тексерудің білімділік және дамытушылық функцияларының мәні оқушылар басқалардың жауаптарын тыңдай отырып жаңа деректер алып қана қоймай олардың өздері де сұрақ беруге қатысады, сол арқылы оқу материалдарын қайталай отырып, белсенді ойлау әрекетттерін іске асырады. Мұғаллімнің оқушы жауаптарын толықтыруы, қосымша талдаулары да білімділік бақылаудың функциясын іске асыруға жағдайлар жасайды.

Бақылаудың тәрбиелік функциясы – оқушыларды жүйелі жұмысқа үйретуі, оларда тәртіптілік және жігер тәрбиелеу. Бақылаудың жүйелігі оқушыларда өз жұмыстарына деген  жауапкершілікті   қалыптастырады. Сонымен қатар, бақылау оқушыларға өз білімдерін бағалауға, өзінің қабілетін анықтауғы және өзінің оқу іс-әрекетіне түзетуіне мүмкіндік береді. Бақылаудың  негізгі функцияларының бірі ынталандыру функциясы. Оқушылардың жақсы баға алуға ұмтылуы немесе төмен баға алудан корқуы, мұғалімнен мақтау естуі бақылаудың аталған функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.

      Зерттеу мақсаты - Шетел тілін оқытуда бақылаудың түрлері мен формаларымен танысып, әрбіреуіне жеке тоқталып анықтамаларын беру.

       Зерттеу міндеттері:

  • Бақылауды  педагогикалық  зерттеудің әдісі ретінде қарастыру
  • Дидактикада  зерттеу  әдістерін  таңдау және қолдану ерекшеліктерін анықтау
  • Педагогикалық    зерттеудегі   бақылаудың   түрлерін саралау
  • Бақылауды   ұйымдастыру жолдарын анықтау
  • Педагогикалық бақылаудың функциялары айқындау
  • Шетел тілін оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау қалай жүргізілетін анықтау
  • Оқыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақылау рөлін айшықтау
  • Бақылау мен бағалаудың оқыту нәтижесіннің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін, анықтауға бағытталғандығы туралы мәліметтермен танысу
  • Бақылаудың  формаларымен танысу.

    Зерттеу нысаны - Шетел тілін оқытуда бақылаудың әдісінің түрлері мен формалары.

    Зерттеу пәні – Шетел тілін оқытуда бақылаудың түрлері мен формалары.

 

 

 

 

 

       Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда оның мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына оң әсер етеді.

       Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т.б.) зерттеу үшін жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке оқушының іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Зерттеу нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулалар, кестелер, фотосуреттер, сұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (киноға түсіру, магнитофонға жазу, т.б.) кеңінен қолданылады.

         Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады. Зерттеуші педагогикалық бақылау материалдарын анкета мәліметтерімен де толықтырады. Бақылау — сондай-ақ, педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық мәлімет алу үшін қолданылатын әдістердің бірі. Оқыту процесіндегі бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні — оқушыларға дер кезінде көмек көрсету; олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру, іске жұмылдыру. Бақылаудың бірнеше түрлері бар: тақырыптық, тараулар бойынша жүргізілетін, қорытынды тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Тараулар бойынша жүргізілетін бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бұның мақсаты — оқу бағдарламасы негізіндегі бақылау жұмыстары мен түрлі техника құралдар (оқыту машинасы, компьютер, электронды-есептеуші машина, т.б.) арқылы әрбір тоқсанның аяғында оқушы білімінің көлемі мен сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау.

          Қорытынды бақылау жыл аяғында өткізіледі. Мұнда тақырыптық және тараулар бойынша жүргізілетін бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойына алған теориялық және практикалық білім деңгейі анықталады, қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болып есептеледі. Бақылау әдісінің ішінде бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталары қолданылып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдері анықталады. Бақылау карталарын пайдалану оқушылардың білімін аз уақыттың ішінде анықтауға мүмкіндік береді.

          Машиналы бағдарламалау әдістері мектептерде, арнайы орта және жоғары оқу орындарында қолданылады. Техникалық құралдар оқушылардың білімін тексеру, бақылау және өзін-өзі бақылауда қолданылады. Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау олардың игерген оқу бағдарламасы, материалы мен дағды, іскерлігінің беріктігін қамтамасыз етеді.

          Өзін-өзі бақылау арқылы оқушылардың өз біліміне сенімі артып, орындаған жұмыстарының нәтижесін бағалайды. Оқыту процесінде бақылаудың жаппай, топтық және дербес формалары бар. Жаппай

Формада барлық оқушыларға мазмұны бірдей сұрақтар немесе тапсырмалар беріледі, орындалған жұмыстарды олар тексеріп, іске асырады.

         Топтық формада зерттелетін оқушылардың белгілі бір тобы тапсырмалар орындайды. Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын анықтайды. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялап оқыту барысында жақсы нәтиже береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау - педагогикалық  зерттеудің әдісі.

1. Дидактикада зерттеу  әдістерін   таңдау   және  қолдану .

             Педагогикалық   зерттеу   әдісі -   педагогикалық   құбылыстарды   зерттеуге  және  алуан  түрлі  оқу–тәрбиелік  сипаттаған  ғылыми  мәселелерді  шешуге   бағытталған   мәселелері   мен    операциялардың   белгілі  бір  жиынтығы.   Педагогикалық   ғылыми  зерттеу  әдістерін  -  зертеудің  мақсатын,  ақпарат  жинау  кездері,  зерттеудің  мәліметтерін    өңдеу  және   талдау  тәсілдері   т.б.  негіздері   бойынша   топтастыруға   болады. Зерттеудің  мақсаты   бойынша   теориялық    ізденіс   әдістерін   және   практиканы  жетілдіру    жолдарын     анықтау   әдістерін    ерекшелей    аламыз.  Бұл  ретте  педагогикалық    зерттеудің   теориялық   және   практикалық    әдістерін   шартты   түрде   атап   көрсетеді.  Бірақ,  әдетте   бұл    әдістер   органикалық   өзара  байланыста,  ғылыми   ізденістің   тиісті   кезеңіне   сай   теория    мен   практиканың   біреуін   сәл   басымдығы     жағдайында   қолданылады.   Ақпараттарды   жинақтау   қөздері   бойынша,  зерттеу   әдістерін   теориялық   бастауларды оқып  үйрену    әдісі   және   нақты   педагогикалық    процесті   талдау   әдісі   деп    таратуға   болады. Нақты  процесті   талдау   әдісі  өз  кезегінде  оны   табиғи   жағдайда оқып  үйрену    әдісі    және    зерттеудің   мақсаты   мен болжамына   сай   өзгертілген    жағдайда   оқып   үйрену   әдісі деп   бөлнеді.[1]

      Табиғи   жағдайдағы  процесті   оқып  үйрену   әдістеріне   бақылауды, әңгімелесуді ,  анкета  таратуды,  интервью   жүргізуді,   сонымен  қоса   құжаттарды,   іс-әрекет    нәтижелерін,  мұғалімдердің   жұмыс   тәжірибелерін   талдауды   және  т.б.   жатқызамыз.

      Арнайы   өзгертілген    жағдай   процесін    оқып   үйрену   әдістеріне   педагогикалық   эксперимент  пен    бұхаралық   мектеп   жағдайында    зерттеу  нәтижелерін    тексеру   әдістерін    жатқызуға   болады.  Мына  мәселені   атап  өту   керек,  жоғарыда   аталған    екі   әдістердің    екеуі де   кешенді   болып   табылады.  Бұрын   өтілген,   педагогикалық   процесті   оқып   үйрену   әдістерінің   элементтері    оларда    кездесіп   тұрады.

       Зерттеуді   дамыту    логикасы    бойынша    төмендегі    әдістерді   ерекшелеп    көрсету   ұтымды:   проблеманың    жағдайын   тану,  проблеманы   жаңаша   шешудің   эксперименттік   жолдарын   іздестіру,    табылған   эксперименттік   мәліметтердің,  ғылыми   нәтижелерді    баяндау    мен    түсіндіру, т.б. негізінде жаңа теориялық концепцялар құру зерттеу мәліметтерін өңдеу және талдау тәсілі бойынша сапалық таңдау әдісін және зерттеу натижелерін сандық өңдеу әдісін (статистикалық немесе бейстатистикалық) атап көрсетеді.[2]

        Қөпшілік жоғарыда бұл әдістерді өзара байланыста қарастырады, өйткені сапалық әдіс эксперимент нәтижелерін сандық талдау қажеттілігін теріске шығармайды. Алынған нәтижелерді талдауға пайдаланатын салдарлық түріне қарай әдістерді түсіндірмелі және ықтимал деп ажыратады.

Жоғарыда атап өтілгендей зерттеушінің міндеті белгілі  әдістер жиынтығын әйтеуір пайдалану  емес, әрбір кезең үшін тиімді әдістер кешенін анықтап  колдана алу. Бұл ретте төмендегі талаптарды назарда ұстаған жөн:

- тұлғаның, ұжымның немесе тәрбиенің, оқытудың басқада обьектісінің дамуы туралы жан-жақты мағұлмат алуға мүмкіндік беретін әдістер жиынтығын қолдану;

- қолданылатын әдістер тұлғаның іс-әрекетін, ортасын және ақпаратпен жабдықталуын бір мезгілде оқып үйренуді қамтамасыз етуі керек;

- әдістер обьектінің жас ерекшелігіндегі белгілі бір сапалы қасиеттерінің дамуын, сондай-ақ белгілі бір уақыт ішіндегі өзгерістерді көрсете алуға тиісті;

- оқушы туралы барынша көп қайнар көздерден, сенімді тұлғалардан, обьектімен ұдайы байланыста болатын және онымен бірігіп іс-әрекет жасайтын адамдардан мол мәлімет алуға мүмкіндік беретін әдістерді колдану маңызды;

- әдістер процестің барысын, нәтижесін ғана емес, сонымен бірге процестің атқарылуына мүмкіндік беретін жағдайларды талдауға кол жеткізгені жөн. Жоғарыда аталған талаптардың бәрін орындау үшін ғалым-педагог ғылыми зерттеудің белгілі болған барлық әдістерін меңгергені дұрыс, әсіресе солардың ішінде бақылау, әңгімелесу интервью алу, анкета тарату, педагогикалық эксперимент жасау тәрізді кең таралған әдістерді жетік меңгерген ләзім[3].

Информация о работе Шетел тілін оқытуда бақылаудың түрлері мен формалары