Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 18:11, курсовая работа
Білімді, іскерлікті және дағдыны тексерудің білімділік және дамытушылық функцияларының мәні оқушылар басқалардың жауаптарын тыңдай отырып жаңа деректер алып қана қоймай олардың өздері де сұрақ беруге қатысады, сол арқылы оқу материалдарын қайталай отырып, белсенді ойлау әрекетттерін іске асырады. Мұғаллімнің оқушы жауаптарын толықтыруы, қосымша талдаулары да білімділік бақылаудың функциясын іске асыруға жағдайлар жасайды.
Кіріспе.................................................................................................................. 3
I.Бақылау педагогикалық зерттеудің әдісі...................................................6
I.1 Дидактикада зерттеу әдістерін таңдау және қолдану ...........................6
I.2 Зерттеудегі бақылаудың мәні туралы ...............................................7
I.3 Педагогикалық зерттеудегі бақылаудың түрлері . .............................8
I.4 Бақылауды ұйымдастыру ....................................................................... 14
I.5 Педагогикалық бақылаудың функциялары...............................................15
II. Шетел тілін оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау........16
II1 Оқыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақылау.........................................16
II.2 Бақылау мен бағалаудың оқыту нәтижесіннің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін, анықтауға бағытталғандығы......................................................16
II.3 Бақылаудың формалары.........................................................................18
Қорытынды......................................................................................................... 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................26
Жылдық жоспардың мазмұны: 1) өткен оқу жылының қысқаша талдауы; 2) жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру; 3) пеұжымның оқыту процесінің сапасын арттыруға бағытталған іс-әрекеті;4) тәрбиеге байланысты мектептің, жанұяның, қоғамның, еңбек ұжымдарының біріккен жұмыс; 5) педагог кадрлармен жұмыс; 6) мектепішілік бақылаудың жүйесі; 7) мектептің оқу-материалдық базасын нығайту; 8) ұйымдық-педагогтық шаралар. Жоспарлау функциясын бірегей басқарушылық циклде жүзеге асыру мектеп іс-әрекетінің тиімділігін жоғарылатады.
Мектепті басқарудағы ұйымдастыру функциясы жүйенің қозғалысы, оның компоненттерінің оптимальды өзара әрекеттесуі үшін қажет.
Мектептегі басқару
әрекетінің ұйымдық формалары: педагогикалық
кеңес,директор жанындағы отырыс, директор
орынбасарлары жанындағы
Мектепішілік бақылау функциясы күрделі мәселенің бірі. Бақылау басқару циклінің барлық функцияларымен тығыз байланысты. Мектепішілік бақылау функциясының ерекшелігі – оның мұғалім тұлғасына әсер етуінде. Егер бұл жас мұғалім болса, оның шығармашылық қалыптасуына әсер етеді, ал тәжірибелі, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімнің кәсіби позициясы мен беделіне әсер етеді.
Мектепішілік бақылауға бірнеше жалпы талаптар қойылады: жүйелілік – мектепте бақылау жүйесінің болуы, бақылауды жүйелі жүргізу; объективтілік – педагогтың немесе ұжымның іс-әрекетін қалыптасқан критерийлер негізінде мемлекеттік стандарт пен білім бағдарламалары талаптарына сәйкес тексеру; әсерлілік – тексеру нәтижесі позитивтік өзгерістерге, анықталған кемшіліктерді жоюға алып келуі керек; тексерушінің құзырлылығы – тексеру пәнін білуі, жұмыстың жетістіктері мен кемшіліктерін көре білу, тексеу нәтижелерінің дамуын болжай алу.Т.И.Шамова бақылаудың екі түрін жіктейді: тақырыптық (нақты мәселені терең бақылауға бағытталған) және фронтальдық (педұжымның, әдістемелік бірлестіктің немесе мұғалім іс-әрекетін жан-жақты бақылауға бағытталған). Формалары: жекелік (жеке мұғалімнің, сынып жетекшісінің, тәрбиешіі жұмысын бақылау), сыныптық-қорыту (сынып ұжымының оқу және сыныптан тыс іс-әрекет процесінде қалыптасуына әсер ететін факторлар жиынтығын бақылау), пәндік-қорыту (жеке пәндердің жеке немесе параллель немесе мектеп бойынша берілу деңгейін бақылау), тақырыптық-қорыту (оқу-тәрбие процесінің жекелеген бағыттары бойынша), кешенді-қорыту (бірнеше сыныпта, бірнеше мұғалімнің, бірнеше пәннің берілісін, тәрбие жұмыстарының бірнеше бағыты бойынша бақылау, фронтальды бақылау кезінде).
Мектепішілік бақылау әдістері: мектеп құжаттарын зерттеу, ауызша және жазбаша бақылау, социологиялық (анкета, сұрау, интервью алу, әңгіме, эксперименттік бағалау, т.б.), хронметраждық, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, диагностикалау.
Мектепішілік бақылаудың формалары мен әдістерін таңдау оның мақсатына, міндеттеріне, бақылау объектісі мен субъектісінің ерекшеліктеріне, уақытқа байланысты болады.
Тестерді оқыту мақсатына сәйкес ажыратуға болады. Оқыту мақсатының төрт таксономиялық категорияларына сәйкес тестің төрт түрі бар. Тестің бірінші түрі оқушының фактілерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды білуін тексереді. Екінші түрі игерілген білімдер негізіндегі ойлау операцияларын орында іскерліктерін тексереді. Үшінші түрі оқығанға өзінше сынай баға беру іскерлігінің қалыптасуын тексереді. Ал төртінші деңгейдегі тапсырмалар оқушылардың игерліген білімдер негізінде жаңа нақты жағдайларды шешу іскерліктерін тексереді.[22]
Қорытынды
Оқытудың әр кезеңінде бақылаудың әр түрлері қолданылады: алдын-ала бақылау, ағымдық бақылау, тақырыптық бақылау, қорытынды бақылау.
Кез келген тақырыпты игерудің нәтижелілігі алдыңғы кезеңде игерілген білімдірдің көлемі мен деңгейінен тәуелді. Егер мұғалімде ондай ақпараттар болмаса оның оқыту процесін тиімді жобалау және басқару мүмкіндігі төмендейді. Сонымен қатар пән немесе бөлім бойынша оқушылардың білімдерін анықтау мұғалімнің өзінің іс-әрекетін дұрыс жоспарлауына және ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Аталған міндеттер алдын-ала бақылау арқылы шешіледі.
Ағымдық бақылау күнделікті жұмыста оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды анықтау және алдыңғы материалдарды игеруін тексеру мақсатында іске асырылады.
Тақырыптық бақылау бағдарламаның бір бөлімін өткеннен кейін қолданылады. Оның мақсаты оқушылардың білімдерін жүйелеу. Бақылаудың бұл түрі жүйелеу сабақтарында қолданылады және оқушыларды қорытынды бақылауға дайындайды.
Бақылау формалары: жеке, топтық және фронталды.
Қолданылған әдебиеттер:
Информация о работе Шетел тілін оқытуда бақылаудың түрлері мен формалары