Шетел тілін оқытуда студенттердің әлеуметтік - мәдени біліктілігін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:21, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда шетел тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, шетел тілін сол тілде сөйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде «тіл-ұлт-мәдениет» үштігін өзара тығыз байланыста қарастырудың, студенттің бойында әлеуметтік-мәдени біліктілікті қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені шетел тілін оқытудың бұл аспектісі тілді этностың мәдениетімен тығыз байланысты қарастыруды, соның негізінде студенттердің бойында тілін үйреніп отырған халықтың салт-дәстүрі, наным сенімдері, тарихы т.б. жайындағы білімді қалыптастыруды талап етеді.

Содержание работы

Кіріспе …………………………………………………………………………...... 3
I-тарау. Шетел тілін оқытуда студенттердің әлеуметтік - мәдени біліктілігін қалыптастыру
1.1 «Әлеуметтік - мәдени біліктілік» ұғымына анықтама және оның ғылымда зерттелу деңгейі ……………………………………………………...... 8
1.4 Жоғарғы оқу орындарында студенттердің өзге тілдік әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру.......................................................................31
1.5 Шет тілін оқытудағы лингвоәлеуметтік - мәдени әдіс .........................37
1.6 Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту.
Шет тілдік мәдениетті оқытудағы мақсаттар және әдістемелік міндеттер....................................................................................................................51
ІI-тарау. Шетел тілін оқыту мазмұны және шет тілін үйрену мотивациясын көтеруде әлеуметтік - мәдени компоненттің рөлі .
2.1 Шет тілі сабақтарында мәдениет туралы деректерді қолдану және олардың қорытындысы.
2.3 Шетел тілін оқыту мазмұнының негізгі компоненттері..........................63
2.4 Шет тілін үйрену мотивациясын көтерудегі әлеуметтік - мәдени компоненттің рөлі ....................................................................................................65
2.5 Шетел тілін оқытуда әлеуметтік - мәдени компоненттің жүзеге асырылу түрлері ........................................................................................................70
Қорытынды ……………………………………………………………..................79
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ……………………………………………….......80

Файлы: 1 файл

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА СТУДЕТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК - МӘДЕНИ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.doc

— 356.00 Кб (Скачать файл)

 

Сонымен жоғарыда келтірілген  ғалымдардың ( Полумина Л.Н., Ежкина Т.М.) берген анықтамаларына сүйене отырып, әлеуметтік - мәдени біліктілік дегеніміз - студенттің өздері тілін үйреніп отырған  елдің тарихын, мәдениетін, дәстүрін, этикетін, салт-дәстүрін, наным-сенімдерін, әлеуметтік, тілдік  мінез -құлқындағы ерекшеліктерін, т.б. білуін, және шетел тілін үйрену процесінде алған осындай білімдерді  қарым-қатынас жағдайларында дұрыс қолдануға қажетті  іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруды талап ететін коммуникативтік біліктіліктің маңызды бір аспектісі деген қорытынды жасауға болады.

 

1.4    Жоғарғы оқу орындарында    студенттердің    өзге тілдік   әлеуметтік -  мәдени   құзырлығын  қалыптастыру.

              Соңғы   он  жылдықта   қазақ   қоғамы   өміріндегі   түбегейлі    өзгерістер, атап айтқанда  мемлекет  шекарасының  ашықтығы, мобильдіктің  кеңейуі, қазіргі заманғы ақпараттық  технологиялардың  дамуы  жоғарғы  оқу орындарында, соның ішінде   шетел тілдерін оқытуда, көрінісін тапты.

тілін  оқытуда  білім  беру  мен дағды, дамытумен  шектеліп қалмай, әлеумет  талабымен   анықталатын   қасиеттері бар   жаңа типті   тілдік тұлғаны  қалыптастыруға септігін тигізіп, білім беру үрдісінің бірінші кезекті мақсаттары болып шығып отырады  және  тілдік  жоғары оқу орын     студенттерінің   кәсіптік    бағдарлы   өзге тілді     коммуникативті   дайындықдеңгейін   көтеруді көздейтін   жоғары  білім беру   стандарттарын жасауда есепке алынады.  Болашақ  кәсіптік қызметтің    өзгешелігі    тілдік   жоғарғы оқу орын   студенттерінің   шет тілі мен   мәдениеттік тәжірибелі игеруінің  ерекшеліктерін анықтайды. Студенттердің кәсіби қызметі мәдени  ынтымақтастық  шеңберінде  тұлға аралық   шиеленістер   мен  мәселелерді   шешуге бағытталған. Оның сәттілігі  коммуникацияның   ұлттық – өзгешелік  лингвистикалық және  психологиялық    тәртіптік параметрлерін   игеруге, өзге   тілді  мәдениет   иесінің  құндылық бағдары   жүйесімен  таныстыққа  негізделген. Сонымен     кәсіптік     оқытудың бөлшегіндей     әлеуметтік-     мәдени   құзырлықты      қалыптастыру     болашақ мамандардың  кәсіби міндеттерді шешуге септігін  тигізеді, атап айтқанда  шет ел  қызметтестерімен  әлеуметтік  интеракцияға  дайындығын   қамтамасыз етеді, эмпатияны  дамытады,  шиеленісті   жағдайларды  шешудің,  қабылданатын  шешімдер салдарын   болжаудың  дағдысы мен  әдетін қалыптастырады. Студенттердің  өзге тілдік  әлеуметтік  - мәдени   құзырлығын  қалыптастыру   өзге  тілді  әлеуметтің   коммуникативті   тәртібінің   әлеуметтік - мәдени    өлшемдерін  зерттеудің арқасында   мәдени аралық  ынтымақтастық   жағдайларында  кәсіптік қызметін  жүзеге асыруға  мамандардың   анағұрлым толыққанды   тілдік  дайындығын қамтамасыз етеді.

             Студенттерді  өзге тілді   мәдени аралық   қатынасқа оқыту   кәсіби бағдарлы   болуы керек   және   психологиялық ұғымдар   мен оқиғаларды   салыстыру   мен  талдауға бағытталған,  кәсіптік мәдени  аралық  әрекеттестік   әдеттегі  жағдайлардың   үлгісін жасауға   негізделген   мәдени  танымдық   мәселелік тапсырмалар   кешені негізінде   жүзеге асырылуы қажет .

             Әлеуметтік  - мәдени  құзырлық  деп  өзара зерттеулі   лингвистикалық   мәдени   ортақтықтарды салыстыру, мәдени   аралық    өзгешіліктерді түсіндіру    мен   мәдени аралық  өзара түсіністіктің   бұзылу жағдайларында   барабар  қимылдау   қабілеттілігін   түсінуге болады  (Р.П.  Мильруд, Е.С. Полат); тіл иеленуші пайдаланатын   шет тілінің  әлеуметтік - мәдени   контексті   туралы  және   осы контекстің   жеке  лингвистикалық  қалыптың   коммуникативті    күшті әсері мен таңдауына ықпал ететін  тәсілдері туралы   түсініктіде айтады  (М. Байрам).

             Жоғарғы оқу орындарында  әлеуметтік - мәдени   құзырлықты қалыптастыру   және   дамыту шеңберінде   өткізіліп жатқан   зерттеулер болашақ   мамандарды  шет  тілін кәсіби бағытталған   оқытуда  әлеуметтік  -мәдени  аспекттің   рөлін анықтау әрекеті  болып табылады. Ұсынылып отырылған  өзге тілді   әлеуметтік - мәдени  құзырлықты қалыптастыру

  үлгісінің    негізіне  келесі  ұстанымдар   енгізілген:

  • оқыту контекстінің   аутенттік ;
  • шет тілін  оқытудың  кәсіби дайындық  мазмұнымен   өзара байланысы;
  • шет тілі  мен ана тілін мәдени  байланыста  зерттеу ;
  • жаңа  тілдік жағдайларына   бейімделу  қабілеттілігін ынталандыру ;
  • оқытудың   аутентті   материалдар   мен  тәсілдердің алуан түрлігі мен жеткіліктілігі ;
  • пайдаланылатын  материалдардың  прагматикалық  релеванттығы .

        Студенттерге     шет тілін үйретуде   негіз болатын оқу әдебиеті   қосымша аутентті   әлеуметтік - мәдени   материалды іріктеуді   және  кәсіби  бағытталған   мәдени   танымдық  тапсырмалар   кешенін жасақтауды талап етеді .

         Шет тілін     үйретудің     әлеуметтік  -  мәдени    мазмұнын      келесі

бөлшектер  құрайды: өзге тілді  әлеуметтік-мәдени   білімдер,  дағдылар   мен  әдеттер; ұлттық мәдениеттің   жұмыс істеу өрісі  мен шағы  өрісі; өзге мәдениет  болмысының  аспектін   көрсететін   жағдайлар;  аутентті   мәтіндер мен  мәдениет танымдық   сипаттағы өзге тілді  тапсырмалар жүйесі .

                  Ұлттық  мәдениет   басқа   ұлттық   мәдениетте болатын   қатынастардан өзге   алуан  түрлі құбылыстар, факторлар   мен олардың   өзара әрекетінің   бірлігін көрсетеді;  қайта құрушы болмыстың   үрдісі мен  нәтижесі, материалды және   рухани   құндылықтар  жиынтығы; жас ұрпақты   оқыту  мен  тәрбиелеу  мазмұны мен  мақсаты .

                  Мәдениет  адам қызметінің  барлық  жағын   қамтиды, болашақ мамандардың   шетел әріптестері мен  тұтынушылармен  кәсіби бағытталған  мәдени  аралық  әрекеттестікке  қажетті  өзге тілді  әлеуметтік - мәдени   құзырлықты қалыптастыру   мәселесін   шешу тұрғысында   оқыту мазмұны   болашақ мамандар  тікелей кездесетін  және әлеумет пен оның  өкілінің   ұлттық  мәдени өзгешелігі   көрінетін тіршілік әрекеті өрістерімен негізделеді:  қоршаған ортамен қарым – қатынасы; физикалық тіршілік  етуді қамтамасыз ету; кеңестікке, уақытқа қатысы; оқу – кәсіби қызметі.

                   Өзге тілді  әлеуметтік - мәдени   құзырлықтың   құрлымы   мен  мазмұнына  кіретіндер: кәсіби өріс лексикалық  бірліктерінің   эквиваленттілігі мен  эквиваленттілік емес қатынастары туралы, кәсіби  лакуналар  түрлері туралы,  лексиканың  лингвистикалы-елдік   және әлеуметтік-лингвистикалық толтырылуы, лексикограмматикалық құрлымдар, ана тілі мен шет тілінде  тілдік және тілдік емес    тәртіптің  стереотиптері, мәдени аралық  қатынас жағдайында  шет тіліндегі   тілдік тәртіптің   әлеуметтік - мәдени  аспектілері   туралы білімдер;

    • зерттеп танылған қоғамдағы әртүрлі   әлеуметтік топтар  өкілдері  әрекеттерінің  ережесі мен дәстүрі, мәдени тарихи  құндылықтары туралы  түсініктері;

 

    • кәсіби  таңбаланған   тіл бірліктері  мен  түніктерін тану, зерттеліп жатқан мәтіндердің  әлеуметтік - мәдени   мазмұнын заттандыру, ауыз екі тілде әлеуметтік- мәдени   таңбаланған   бірліктерді әдепті  пайдалану, ел танымды   және    кәсіби  таңбаланған   тіл бірліктерін

     аудару  дағдылары; 

    • кәсіби  мәнді мәтіндерді   әлеуметтік -мәдени   талдауды іске асыру, әлеуметтік - мәдени жағдайда  қолайлы тілдік   тәртіпті   таңдау шеберлігі;
    • әлеуметтік-мәдени  және мәдени танымдық  байқағыштық, коммуникативті жүріс - тұрыста   әмбебап пен ұлттық  өзгешелік әрекеттесу  тенденциясын  айқындауға  әлеуметтік - мәдени алғырлық ;
    • әлеуметтік - мәдени этнорелятивизм, толеранттық, өзге тілді   мәдениеттің  құбылыстарын қабылдау  және оған  бейімделу .

                  Өзге тілді коммуникативті және әлеуметтік - мәдени  шеберлікті интегративті дамыту қажеттілігі оқып жатқан  тіл елінің мәдениетін  үйретудің мәселелі сипатын айқындады. Оның өзі әлеуметтік-мәдени білім мен коммуникативті шеберлікті игеруде студенттердің ойлағыштық және ой-тілдік қызметін белсендіруге бағытталған өзге тілдік тапсырмалар пайдалануды болжайды. (Барышников, 2003).

                   Студенттердің өзге тілді әлеуметтік - мәдени  құзырлығын қалыптастыруға  қажетті барлық мәдени танымдық  мәселелі тапсырмалар кәсібі бағытталған сипатта болады және танымдық, ізденімпаздық, зерттеушілік түрде болады: Тұлғаның   туған және  зерттеп жатқан   мәдениеттегі   мұқтаждық – мотивациялық  және құндылық - мағыналық  приоритеттерін анықтау;

      • Зерттеулі   бірлестіктің әр алуан  қызмет салаларында  белсенді пайдаланатын   психологиялық   тәсілдер мен  технологияларды игеру.
      • Зерттеулі бірлестіктегі  мәдени және  әлеуметтік    теңсіздік   себептерін табу, классификациялау және, тұлғалық, отбасылық, басқармалық мәселелер   мен  шиеленістерді шешу;
      • Жергілікті, ұлттық және халықаралық мәселелер мен  дауларды  шешуде  зерттеулі  бірлестік билік құрылымдарының   қимылдары мен   қоғамдық  реакцияны түсіндіру.
      • Бөгде әлеуметтік  - мәдениеттің   әлем бейнесін    түсінетін, өзге  лингвоәлеуметтік    мәндік    бағдарын түсінетін,  зерттеп

                              жатқан және туған мәдениетінің  арасындағы 

                              айырмашылық   пен  ұқсастықты  көре   білетін   және оларды

                              мәдени аралық   кәсіби қатынас контекстінде  қолдана алатын

                              қалыптасқан екінші   қайтара   тілдік тұлға   шығару

                              студенттерге шет тілін    үйретудің   нәтижесі болу тиіс 

                              (Халеева, 1989).

             Өзге тілді әлеуметтік - мәдени  құзырлықты  қалыптастырудың   жасақталған үлгісі   екі кезеңде   іске асырлады. Бірінші кезеңде   оқытудың мақсаты  студеттерде  мәдени аралық  өзгешеліктерге  психологиялық   зеректікті   қалыптастыру  болып  келеді (құндылық  нысаналар, менталитет,

әртүрлі    мәдениеттердегі  таным   тәсілдері,  адамгершілік дамуы,  эмоцияны ажырату  және бағалау, психикалық  бұзылудың  ерекшеліктері,  даулы жағдайлардағы   жүріс - тұрыс  стратегиясы, психологиялық  бейімделу мен реакциясы, уақытқа, материалдық  құндылықтарға,  еңбекке, дінге,  отбасына  қатынасы).

               Үлгіні іске асырудың   осы кезеңінде   әлеуметтік - мәдени    компонент  ағылшын тілін оқытудың    мазмұнына   танымдақ ізденушілік   тапсырмалар түрінде   кірістіріледі:

    • әр түрлі мәдениет өкілдерінің уақытқа, кеңістікке, тұлғаға, өз жеке меншігіне деген қатынасы мысалдарын мәтінмен табу;
    • еңбек,тәрбие, білім беру және басқа да қызметтерінде зерттеліп жатқан мәдениет өкілдерінің маңыздылық дәрежесі бойынша құндылық-мәндік, мұқтаждық - мотивациялы приоритеттерін классификациялау;
    • зерттеулі елдегі  қоғам, тұлға, отбасы және   құрылымы туралы  және өмір сапасы жайлы  бейнелі - сызбалы, статистикалық  ақпаратты зерттеу;
    • екі елдің   әлеуметтік - мәдени   тәжірбесіне сүйене   отырып ағылшын - қазақ тілді  психологиялық түсініктердің   түсіндірмесіндегі    өзгешеліктерді  айқындап салыстыру;
    • Тілдік құралдарды  пайдалана отырып   ағылшын  тілі  сөйлеу нормаларына   барабар  сөйлемдерді   басқаша айту .

             Психологиялық тезаурусты белсендіру  жаттығуларынан  кейін мәдениет   жағынан    нақты     даулы   жағдайларды (case studies) суреттейтін   мәтіндер  мен кәсіби мәдениаралық  қатынастың нақты жағдайында  меншікті жүріс-тұрысты үлгілеуге  септігін тигізетін жағдайатты диалогтарды талқылай жүреді.

           Кәсіптік маңызды мәдениетаралық  коммуникацияға  өзге тілде дайындаудың  екінші кезеңінде болашақ мамандар  әр қилы тәжірибелік жағдайларда  әлеуметтік – мәдени білім,  дағды, әдеттерін қолдануды үйренеді.

           Өзге тілді әлеуметтік- мәдени  құзырлықты  қалыптастырудың екінші  кезеңінің айрықша  белгісі  студенттердің қабылдау, ұғу мен  түсінуден  мәдениаралық байланыс  орнату кезінде  ынта көрсету   шеберлігін    ұйғаратын .

Белсенді  коммуникативті    іс-әрекетке  ауысуға,  кәсіптік қызмет аясында өз мәдениеті өкілі ретінде қимылдауға, түсініспеушілікке, жалған стереотиптер жасауға, мәдениет фактілерін бұрыс түсіндіруге, кроссмәдени кикілжіңдерге жетелейтін әлеуметтік-мәдени кемістіктерді болжау мен анықтауға, коммуникацияға қатысушыларға туған мәдениеттің кәсіптік  болмысты түсіндіру және кәсіптік аумақта өзге тілді болмыстың мағынасын нақтылауға; мәдениеттер диалогында толеранттық көрсетуге; барабар коммуникативті  стратегияны  қолдана  отырып көп мәдениетті кәсіби әлемде  дербес қимылдауға өзін-өзі үйретуге өту болып табылады.Сонымен қатар, аккультурация мен иммиграцияның әлеуметтік-мәдени жағдайларын қарастыру мен даулы жағдайларды шешу болашақ мамандарда клиенттің дүние   танымын қабылдау дағдысын қалыптастыруға  және әртүрлі  жағдайлардағы   пациенттің психологиялық жауап  қату  мен  үйреншікті   емес   жүріс-тұрысын  бағалауда релевантты мәдени өлшемдерге сүйенуде шақырады. Екінші кезеңде студенттердің әлеументтік-мәдени  құзырлығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалардың дидактикалық негізі олардың кәсіптік бағытталғандығы, әлеуметтік-мәдени оқытудың кәсіптік өзгешелігін тереңдетуге  мүмкіндік беретін арнайы  пәндік мазмұнды  игеруде шет тілін құрал ретінде пайдалану болып табылады.

Информация о работе Шетел тілін оқытуда студенттердің әлеуметтік - мәдени біліктілігін қалыптастыру