Зерттеушілік технологичсы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 13:36, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік- экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.
Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндіік туған заманда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай- ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.

Файлы: 1 файл

ЗЕРТТЕУ ТЕХ.doc

— 713.00 Кб (Скачать файл)
I.Кіріспе
Тақырыптың  өзектілігі
Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік- экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.

Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ  таңдауына шексіз мүмкіндіік туған заманда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай- ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.

Алайда, қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының өз бетімен ойлауына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді.

Сондықтан, Қазақстан  Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық- саяси өміріне белсенді араласуға дайын, құзретті тұлғаны қалыптастыруда, оқушылардың мүмкіндік деңгейлеріне қарай шығармашылық қаблеттерін дамытуымыз қажет.

Құзіреттілік- оқушының әрекет тәсілдерін жан- жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Атап айтсақ, бала бойында мынадай 3 құзреттілікті қалыптастыруымыз керек.

  1. Өзіндік менеджмент құзіреттілік
  2. Ақпараттық құзіреттілік
  3. Коммуникативтік құзіреттілік
Жеке тұлғаның құзреттіліктерін қалыптастыруда және шығармашылық қаблеттерін дамытуда оқушының өзіндік жобалау- зерттеу тәжірибесі өте тиімді.
Жобалау-зерттеу әрекеттері бала жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау жасауға  талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты табиғи құбылыстарды ынталандыра отырып, олардың жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Алайда, бастауыш сатыда зерттеудің әдістерін қолданудың өзіндік қиындықтары бар. Төменгі жастағы баланы зерттеу тақырыбымен «қинауға» болмайды. Әрине, ол табиғатынан туа біткен зерттеуші, бірақ алғашқыда оған бәрі арнайы түрде үйретіледі: проблеманы қалай анықтауға болады, болжамды қалай құрылымдау керек, байқауды, экспериментті қалай жүргізу керек және т.б. қысқасы, оның зерттеушілік табиғаты үнемі педагогикалық қамқорлықты қажет етеді.

Жобаның мақсаты

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында анықталған негізгі құзреттіліктерді бастауыш сынып оқушыларында қалыптастыруда жобалау- зерттеушілік іс- әрекеттерінің маңызын аша отырып, іс- әрекетті үйретуге арналған практикалық материалдарды жинақтап, ұсыну.

 

Міндеттері:

  • Жобаның теориялық негіздемесін жасау;
  • Бастауыш сынып оқушыларының жобалау- зерттеушілік іс- әрекетін ұйымдастырудың тиімді әдіс- тәсілдерін жинақтау;
  • Бастауыш сынып оқушыларының жобалау- зерттеушілік іс- әрекетіндегі ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс реттілігін жүйелеу;
  • Талқылау, күтілетін нәтижені тиімді бағалау.

 

Болжау

Төменгі сыныптан бастап, жоба қорғау, зерттеу, қолдану әдістерін меңгеру арқылы, болашаққа жол ашылады. Шығармашылық қаблеттері жоғарлайды, құзреттіліктері артады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.Жобаның негізгі  мазмұны

Теориялық негіздемесі

Баланың айналаны өз бетімен  танып- білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады.

Зерттеу- күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа білімді игеру қаблетімен түсіндіріледі. Ғылыми зерттеудің теориялық және практикалық ерекшеліктеріне тоқтала кетсек.

Зерттеушілікке оқыту- баланың қоршаған ортасын өз бетінше  танып білуге деген ынтасы негізінде  құрылған оқытудың негізгі тәсілі.

Зерттеуге оқытудың басты  мақсаты – адамзат мәдениетінің кез-келген саласындағы іс-әрекеттің  жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.

Зерттеудің жобалаудан айырмашылығы мынада. Зерттеу алдын ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді. Ол- белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу процесі. Бұл- адамның танымдық әрекеттерінің бірі.

Осылайша, жобалау мен  зерттеу- басынан- ақ әрекет түрлерінің бағыттары, мәні мен мазмұны жағынан  түрліше.

Жобалаудың зерттеуден айырмашылығы- жобалау тәжірибеге бағдарланған. Жобаны жүзеге асырушы адам жаңаны ғана емес, өзінің алдында тұрған нақты  проблемманы шешеді.

Жобалауды әзірлеу- әдетте шығармашылық іс, бірақ, теориялық жобаны әртүрлі сызбалардың көмегімен орындауға болатынын естен шығармаған жөн. Осыған орай жобалудың түрлері де болады.

Жобаның әр түрі өзінше ерекше болады. 

Жобалар  топтастырылады:

1. Білім бейіні бойынша:

  • моно жобалар – бір оқу пәні аясында; Күрделі тақырыптар немесе бағдарламаныңбөлімдері бойынша. 
  • пәнаралық – екі немесе одан да көп пәндерден; сыныптан тыс уақытта орындалады.
  • пәндік- пәннен бөлек өткізіледі. 

2. Байланыс деңгейі бойынша:

  • Сынып ішінде – жоба бір сыныпта жүргізіледі.
  • Мектепішілік – жоба, белгілі бір пән бойынша, немесе бағыт бойынша мектепішілік өткізіледі.
  • аймақтық – аудандық,қала мектептерінде ұйымдастырылған жоба жұмыстары.
  • халықаралық– жоғары деңгейде орындалған жоба жұмыстары.

3. Қатысушылар саны бойынша:

  • жекелей (тұлғалық)
  • біріккен (жұппен)
  • топтық

4. Жоба ұзақтығы бойынша:

    • Шағын жобалар- бір сабақта өткізіледі.
    • Қысқа мерзімді жобалар 4-6 сабақта өткізіледі.
    • Сабақтар жобаға қатысушылардың қызметін үйлестіру үшін қолданылады.
    • Апталық жобалар жобалық апта барысында топтарда орындалады. Олардың орындалуы 30-40 сағатқа созылады және толығымен жетекшінің қатысуымен өтеді.

5. Түрі (типі) бойынша:

    • Зерттеушілік- шығармашылық: балалар сараптайды, одан кейін нәтижелерін газет, драматизация, балалар дизайны түрінде көрсетеді.
    • Рөлдік- ойындық (шығармашылық ойын элементтері бар, ертегі кейіпкерлерінің рөліне еніп, сондағы проблемалық сұрақтарды өз бетінше шешеді);
    • ақпараттық- тәжірибелік: балалар ақпарат жинайды және оны жүзеге асырады;
    • шығармашылық (нәтиже сабақ, сыныптан тыс іс- шара, пән апталығы және т.б түрінде көрсетіледі.)

 

Жобалаудың проблеманы шешу жолына қарай шегі болғанмен, зерттеу  сияқты тереңдей береді.

Зерттеу мен жобалау  мүмкіндіктерін бағалай келе, баламен  жұмыс барысында жобалау әдістері мен зерттеушілікке оқыту әдістерінің  пайдасын түсіне білу керек.

Оқушылардың өзіндік  зерттеулерінде зерттеуші- оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс,  өзінше эксперимент жүргізу баланың балалығымен бірге жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенділігі- баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс.

Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім  алу процесінде қоршаған ортасында  қызығушылығымен, сүйіспеншілік пен  қараумен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше  зерттеу жүргізуі оның жеке талабын  қанағаттандыруға, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді «дайын күйде» алмай, өз бетімен ашады.

Сонымен қорыта келсек, жобалау- зерттеушілік жұмыстары бастауыш сынып  оқушыларында төмендегідей қаблеттерді  қалыптастырады:

    • Әлеуметтік қаблеттері- оқушылар топпен жұмыс жасауды, өздігінен шешім қабылдауды, өзіне жүктелген жұмысты орындауды, өзін қоршаған ортамен қарым- қатынас жасауды үйренеді.
    • Ойлау қаблеттері-  балалар шешім қабылдауды, қорытындылауды, салыстыруды, топтастыруды,  үйренеді.
    • Зерттеушілік қаблеттері- зерттеу жүргізуді, бақылауды, ажыратуды, жинақтауды үйренеді.
    • Комуникативті қаблеттері- өзінің көзқарасын этикет нормаларына сәйкес жеткізуді, жалпы нәтиджеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым – қатынас орнатуды үйренеді.

Жобалау-зерттеу әрекеттері баланың қаблеттерін дамытуда маңызды рөл атқаратыны белгілі. Ендігі кезекте бізге мынадай сұрақ туындайды. Біз кез- келген баламен жобалауды, не болмаса, зерттеуді жүргізе аламыз ба? Әрине, ол үшін өзімізге әуелгі кезекте зерттеу жүргізу қажет. Яғни, оқушылар арасынан қаблетті баланы таңдауымыз керек.

Ал, қаблетті бала қандай болмақ?

 


Екінші сөзбен айтқанда, осы қасиетті бойына сіңірген қаблетті бала- дарынды бала.

Дарынды оқушыларды таңдау

  1. Дарынды баланың ойлау қаблеті- өзгеше және шапшаң. Меңгерген тақырыптарды ұмытпайды, үнемі ізденушілік танытады.  Түсінік- танымы өте жоғары.
  2. Дарынды оқушылардың ішкі сезімі , түйісігі, қабылдауы, өзгеше болады. Олар өте сезімтал. Алға қойған мақсаттарына жетеді. өздері ниет етіп, ықылас танытқан мәселелерді негізгі етіп қояды.
  3. Дарынды оқушының физикалық тұрғыдан ерекшелігі: дамуындағы шапшаңдылық, жиі- жиі ойға шомуы, қиял- күшінің басымдығы.
  4. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғары моралдыққасиеттерге ие болу, достық әзілдік сезімнің басым түсуі.

Жұмыс жүргізілетін оқушыларды таңдап алдық делік, келесі кезекті  мәселе- жұмыс реттілігі. Кез- келген жұмыс нәтижелі болу үшін, тиімді, жан- жақты қарастырылған жұмыс жоспары, яғни жұмыстың реттілігі болу қажет.

 

ІІ. Бастауыш сынып оқушысымен жобалау- зерттеушілік жұмысының орындалу реттілігі және әдістемесі

Жобалау- зертеушілік  іс- әрекетін баланың төбесінен тік  түсіргендей қылмай, біз оны сабақ  барысында да қолдана отырып, қалыптастыруымыз қажет. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың білуге деген құштарлығы бәрімізге мәлім. Тіпті, сабақ барысында өзімізге тосыннан сұрақтар қойып жатады. Мысалы: «Қар неге ақ?», «Жапырақтар неге сарғаяды?», т.б.

Осындай проблемалық сұрақтарды балалардың өзіне қайтара қою арқылы,оған ізденушілік жұмыс тапсырылады. Ал, ол оқушы үлкен қызығушылық танытқан жағдайда бұл сұрақ соңы зерттеушілік- жобалау іс- әрекетіне үйлесе жатады. Сонымен, жұмыс реттілігіне тоқтала кетсек:

 

І. Зерттеу тақырыбын таңдау керек

Тақырып таңдамас бұрың  біз оқушы алдына проблемалық сұрақ туындатуымыз қажет. Не болмаса, оқушылар сабақ барысында өздерін толғандыратын сұрақтар қоя бастайды. Әрине, бұл проблеммалық сұрақтардың шегіне жету үшін ол зерттеу жүргізуді бастайды. Зерттеу үшін тақырып таңдау қажет.  Зерттеу тақырыптары түрліше болады.

 

Зерттеу тақырыптары  қандай болуы мүмкін?

Зерттеу тақырыптарын үш топқа бөліп қарауға болады:

    • фантастикалық тақырыптар- фантастикалық нысандар мен құбылыстарды зерттеуге бағдарланған;
    • эмпририкалық тақырыптар-өзіндік байқаулар мен эксперименттерді жүргізуді талап ететін практикамен байланысты;
    • теориялық тақырыптар- түрлі теориялық қайнаркөздерден, кітаптардан, адамдардың әңгімелерінен алынған материалдарды, деректерді зерттеуді және жинақтауды талап ететін тақырыптар.

Егер оқушы тарапынан толғандыратын проблемалық сұрақ қойылған болса, тақырып таңдау қиынға түспейді. Ондай жағдай тумаған жағдайда оқушыға мынадай сұрақтар қою қажет. 

1. Сені не көбірек қызықтырады?

2. Сен ең алдымен немен шұғылданғың келеді?

3. Бос уақытыңда немен айналысқанды ұнатасың?

4.  Қай пәндерден жақсы баға аласың?

5.  Қандай пәндерді терең зерделеуді қажет етесің?

6.  Мақтан ететін қандай тұстарың бар?

Зерттеу немес жоба тақырыбын  таңдағаннан кейін, зерттеу барысында оқушы біршама қиындыққа тап болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім оларды классификациялауды үйретіп отыруы тиіс. Классификацияның көмегімен ғана оқушылар нақты бақылау жүргізе алады. Классификациялау арқылы оқушы қарастырып отырған нысанды топқа бөле алады. Классификациялауға бөлінетін ұғым, бөлу негізі мен бөлу мүшесі ұғымдары кіреді. Мысалы, оқушы адамдардың бір- бірімен ақпарат алмасуында қолданатын белгілерді классификациялайды: әріптерді, цифрларды, символдарды топтарға бөледі. Осы жұмыстар жиі қолданылса, бала жаттығады.

 



 

 


 


 

 

 

 

Тақырып таңдау ережесі

Информация о работе Зерттеушілік технологичсы