Зерттеушілік технологичсы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 13:36, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік- экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.
Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндіік туған заманда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай- ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.

Файлы: 1 файл

ЗЕРТТЕУ ТЕХ.doc

— 713.00 Кб (Скачать файл)

 

  1. Негізгі идеяларды мәні мен маңызына қарай  белгілеу (рангілеу).

«Рангілеу» сөзі «ранг» сөзінен шыққан. Неміс тілінен аударғанда «атақ, шен, санат» дегенді білдіреді. Рангілеу- оларды маңыздылығы бойынша орналастыру, яғни қай идея ең маңызды, қайсысы екінші орында, қайсысы үшініші және т.б. Негізі идеяларды жанама ойлардан бөліп алу – ойлау дағдысының  ерекшелігі.

 

  1. Салыстырулар мен метафоралар ұсыну.

Зерттеу кезінде алынған  материалдар басқаларға түсінікті  болу үшін салыстыру мен метафораны ұсыну қажет. Салыстыру-заттардың, құбылыстардың  бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығын анықтауға мүмкіндік беретін  ұғымды анықтау тәсілі. Ал метафора- қасиеті ұқсас заттар мен құбылыстарды алмастырып айтатын сөздер.

Бастауыш сынып оқушыларына  метафора сөзі әрине таныс емес. Сондықтан мұғалім былайша түсіндіруі тиіс: метафора адамдардың бір- біріне айтайын деген ойын бейнелеп жеткізу. Мәселен, «Екі езеуі құлағына жетті» деген сөз қатты күлген адамның бейнесін білдірсе, «төбе шашым тік тұрды» деген сөз шошып кеткенін білдіреді. Сондықтан оқушы метафораны өз деңгейінде қолдана алмағанмен,ондай сөздерді түсіне білуі тиіс. Ол үшін қарапайым мақал- мәтелдерді жаттап үйренгені жөн.

 

  1. Қорытындылау немесе тұжырым жасау

Бұл адамдардың білімі мен тәжірибесі негізінде жаңа білімді шығаратын ойлау формасы. Ол үшін тұжырым жасап,  пікірлесу қажет.Пікірлесу, пікіралысу – заттар мен құбылыстар туралы түрлі пікірлерді ортаға салу. Оқушы өз пікірін ортаға салса, ойлана білу қабілетің көрсетеді. Зерттеуі бойынша өз пікірің білдіру керек.

  1. Зерттеуді жалғастырудың мүмкін болатын жолдарын көрсету қажет.

 Егер жүргізілген жұмыс нәтижесінде жаңа сұрақтар болып жатса, онда оқушы- нағыз зерттеуші. Осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастырудың міндеттерін белгілеп алу қажет.

 

  1. Баяндаманың мәтінін әзірлеу және зертту нәтижелері бойынша сұрақтарға жауап беруге дайындалу.

Баяндаманың мәтіні қысқа  және жүйелі болуы тиіс және оны мынадай жоспар бойынша құруға болады:

  • Бұл тақырып неге таңдалды?
  • Зерттеудің мақсаты қандай болды?
  • Қандай міндеттер қойылды?
  • Қандай болжам тексерілді?
  • Зерттеудің қандай әдістері мен құралдары қолданылды?
  • Зерттеудің жоспары қандай еді?
  • Қандай нәтижелер алынды?
  • Зерттеудің нәтижесі бойынша қандай қорытындылар жасалды?
  • Бұл бағыт бойынша келешекте қандай жұмыстар жалғасын табады?

 

  1. Зерттеудің нәтижелерін көрсету үшін мәтін, макет, сызбалар, сызулар дайындау.

Баяндама жақсы қабылдануы үшін зерттеуіңнің эскизін, схемасын, немесе суретін сал.

Жобаны, зерттеуді қорғауға дайындық жүйелі жүргізілсе, қажетті  нұсқаулар дұрыс берілсе, жобаның  тұсау кесері сәтті өтеді. Яғни, жобаны қорғау оң нәтиже бермек.

Осы орайда, ең соңғы оқушыға  жүктелетін жұмысқа тоқтала  кетсек.

Ол- тұсау кесер.

 

VIІ.  Жобаның тұсау кесері

Тұсау кесер ( презентация) – бұл өзіндік зерттеу әрекетінің нәтижелерін қорғау, жария ету.

Практика көрсеткендей, белгілі бір нәрсеге бақылау  жасаумен айналысқан оқушы көрген –  білгенін басқалармен бөліскісі келіп тұратын әдеті. Сондықтан, оқушы орындалған жұмыс жөнінде көрермен ретінде отырған мұғалімдерді, ата – аналарды, құрбыларын қызықтыратындай етіп айтуы тиіс. Презентацияны әділқазылар алқасын құрып, ата – аналарды мұғалімдерді шақырып, мерекелік іс – шара ретінде өткізуге болады.

Мұғалім оқушы сөзінің  анық, дәйектемелері нақты және сөйлеу мәнері тартымды болуына , аудиторияны игеруіне, сұрақтарға жауап беруіне баса назар аудару қажет. Педагог - жетекші оқушыға сөйлеу алдында қандай сөздерді дұрыс қолдану қажеттігі жөнінде бағдар беруі тиіс.

 

Сөйлеу кезеңдері  мен олардың міндеттері

 

Кезең

Міндеттер

Тәсілдер

Қателер

Кіріспе

аудиторияны игеру, қызықтыру

-қызықты оқиғаны әңгімелеу,

-цитатадан немесе  иллюстрациядан бастау керек,

-таңқаларлық деректер қолдану,

Тақырыпты тыңдаушылардың қызығушылығымен байланыстыру

-күлкілі оқиғадан  бастауға болмайды,

-«Мен қобалжып тұрмын»,  «Мен сенімді емеспін» деген  сөздерді айтуға болмайды,

-көп сөйлеуге болмайды

Негізгі бөлік

Мақсатқа байланысты негізгі мәселені тыңдаушыларға жеткізу қажет

-тыңдаушыға қаратпа  сөзді қолдану,

-негізгі дәйектерді  қолдану,

-нақты мысалдар келтіру

-негізделмеген тұжырымды  беруге болмайды,

-дәйектемелерді шатастыруға  болмайды,

-ұсақ – түйек мысалдарға  тоқталудың қажеті жоқ

Бекіту

Тақырыпқа қызығушылық  пен өзіндік нәтижелерді бекіту

-цитатаны қолдану,

-эмоционалды жағдайларға  көңіл аудару,

-тыңдаушыларға ризашылығын  білдіру

-сөйлеуін негізсіз  тоқтатпау,

-артық сөздерді қолданбау


 

Бастауыш сыныптарда жобаны ұсынуға 4-5 минут жеткілікті. Сондай-ақ сұрақтар саны шектеулі болуы тиіс. Жоғары сыныптарда 10-15 минутқа созуға болады. Өйткені қорғау тақырыбының ғылыми құндылығы мен өзектілігі айқындалады, зерттеу шеберлігі, жинақталған материалдың құндылығы, құрылымы, жеткізу стилі т.б. бағаланады.

 

 

Тақырыпты анықтау  мен зерттеу жұмысының нәтижесін  рәсімдеуге арналған ұсынымдар

Кезеңдер

Іс-қимылдар

1.Зерттеу тақырыбын  таңдау

Сұрақтарға  жауап бер

Мені не көбірек қызықтырады?

Мен ең алдымен немен  шұғылданғым келеді?

Бос уақытымда немен айналысқанды ұнатамын?

Қай пәндерден жақсы  баға аламын?

Қандай пәндерді терең  зерделеуді қажет етемін?

Мақтан ететін қандай тұстарым бар?

 

Көмек

Зерттеу тақырыптары:

-фантастикалық

-эксперименттік

-теориялық

2.Зерттеудің  мақсат, міндеттері

Зерттеудің мақсатын анықтау деген оны не үшін жүргіземіз деген сұраққа жауап беру.

Зерттеудің міндеттері мақсатты нақтылайды.Мақсат іс-қимылдың жалпы бағытын нұсқайды, ал міндеттер  негізгі қадамдарды бейнелейді.

3.Зерттеудің  болжамы

Болжамды құру үшін мына сөздерді қолдан:

-айталық

-мүмкін

-егер,онда

4.Зерттеуді  ұйымдастыру

-Ойлан

Мен бұл жөнінде не білемін?

Не айта аламын?

Білетіндеріме сүйене отырып қандай қорытынды жасауға болады?

 

-Тақырыпқа  сай кітаптарды оқу

Кітаптан алған ақпараттарыңды жазып қой

-Басқа адамдардан сұрау

Басқадан алған қызық  ақпараттарды жаз

-Телематериалдарды  көру

Кино, телебағдарламалардан білгендеріңді жаз

-Интернетті  қолдан

Компьютер көмегі арқылы білгеніңді жазып қой

-Байқау

Байқау барысында алған  таңқаларлық фактілер мен оқыс жәйттерді  жаз

-Эксперимент  жүргіз

Эксперименттің жоспары  мен нәтижесін

5.Зерттеу жұмысын  қорғауға дайындық

Дайындық кезеңдері

1.Мәтіннен негізгі  ұғымдарды бөліп алып, оларға  анықтама беру:

2.Негізгі құбылыстар  мен оқиғаларды, прооцестерді топтастыру.

3.Өзің байқаған оқыс дүниелерді анықтау, белгілеу.

4.Негізгі идеяларды  маңыздылығы бойынша орналастыру.

5.Салыстырулар мен  метафоралар ұсыну.

6.Қорытындылар жасау.

7.Проблеманы әрі қарай  зерделеудің жоспарын көрсету.

8.Баяндаманың мәтінін  әзірлеу.

9.Баяндаманы көрнекі  түрде ұсынудың құралдарын дайындау.


 

 

Бастауыш сынып оқушыларымен жобалау- зерттеушілік іс- әрекеттерін  жүргізген бойда олар зерттеуші  болып шыға келмейді. Оларда тек  зерттеушілік- жобалау іс- әрекеттерінің  кейбір дағдылары қалыптасады. Олардың құзреттіліктері дами бастайды, шығармашылық қаблеттері артады.  Табиғатынан зерттеуге құмартатын кішкентай мектеп жасындағы балаларды – жас зерттеуші деуге болады. Олар, жоғарыда айтылғандай, қалалық және мектепішілік сайыстарға, яғни жобаға қорғауға атсалысады. Әрине, жұмыс нәтижесін әуелгіде ұстазы, нұсқаулық бойынша, шарттары бойынша өзі бағалайды. Ең бастысы-  тиесілі критерийлер бойынша, зерттеушілік- жобалаушылық жұмыстарының мамандары тәжірбиелі ұстаздар бағалайды.

Ал, ол қалай бағаланбақ? Осы сұраққа жауап іздер болсақ ...

 

ІІІ. Оқушының зерттеушілік әрекетінің нәтижесін бағалау.

 

Негізгі құзреттіліктердің  қалыптасу деңгейін бағалау критерийлер  мен көрсеткіштер жүйесінде нақтыланған  талаптар негізінде жүзеге асырылады.

Негізгі құзыреттіліктерді игеру оқушының өзіндік әрекетіндегі алдыңғы деңгеймен салыстырғандағы сапалық өзгерістерді көрсетеді. Бастауыш мектепте оқушылар алғашқы деңгейді игереді, 5-7 сыныптарда  - екінші, 8-9 сыныптарда  - үшінші және жоғары сыныптармен кәсіби білім беру кезеңдерінде төртінші деңгейді игереді.

Сондай – ақ құрайтын белгілі бір құзіреттілігіне  сәйкес оқушы біршама жоғары деңгейде болуы мүмкін.

Оқушының зерттеушілік әрекетін бағалау критерийлері мен  оны сапалық бағалауды оларға түсіндіру ұсынылады. Критерийлермен, көрсеткіштермен танысқан оқушы өзінің іс - әрекетін бағалай алады. Баға қою кезінде жалпы баллға назар аударылады және деңгейге сәйкес орташа балл негізге алынады. Мұндайда оқушы бір позиция бойынша ең төменгі балл, ал осы деңгейге жоғары талап қоятын басқа позиция бойынша баллдар санын жинауы мүмкін.

Есте сақтайтын жағдай, зерттеушілік әрекет екі нәтиже көрсетеді:

1. Педагогикалық нәтиже, бұл оқушының жаңа білім, білік, дағдылар мен зерттеушілік әрекетінің тәсілдерін, шығармашылық қаблеттерін дамыту процесі.

2. Оқушының нәтижесі бұл ақыл – ой еңбегінің нәтижесінде құрылған, қолмен – макет, жоба, баяндама т.б.

Оқушының зерттеушілік әрекеті нәтижесінде игерген  негізгі құзіреттіліктерінің қалыптасуын  бағалау жүйесін ұсынамыз. Кез  келген жағдайда мұғалім ұсынылған  талаптар мен туындаған жағдайларға байланысты көрсеткіштерді өз бетінше анықтауына болады.  ( Қосымша №1,2,3)

 

 

Оқушылардың ғылыми - зерттеу  жобаларын

                                           бағалаудың өлшемдері (критерий )

 

Бағаланатын параметр

Мүмкін бағалар

Бағалаудың негіздемелері

1. Шығармашылық  қабілет

Жеке жоба үшін 30 балл Командалық жоба үшін 25 балл

1. Егерде жобаның   авторы (лары ) мәселені шешуде, жаңа  ғылыми тұрғы жасауда  шығармашылық  қабілет көрсетсе, онда жеке жоба  үшін 25-30 балл, командалық жобаға 20-25 балл қойылады.

2. Егерде жобаныңавтор (лары) мәліметтерді талдауда немесе  жабдықты жаңаша қолдануда жаңа  тұрғыларды қолдануға шығармашылық  қабілет көрсетсе,ондай жеке жоба  үшін 20-25 балл командалық жобаға 15-20 балл қойылады.

3. Егерде жоба рефереративті сипатта болса, 10 баллға дейін қойылады.

 

Жеке жоба үшін 30 балл. Командалық жобаға 25 балл.

1.жұмыстың мақсаты  қаншама анық қойылған;

2. жасап шығарғанға  тұтынушылар бар ма;

3.нәтиже өмір шындығында  жүзеге аса ма;

4.үнемі орындалған  ба;

5.мүмкін болатын тұтынушыға қажеті бола ма;

6.соңғы мәселені шешуде  нәтиже қолдануға келе ме;

7.бұрынғыларға қарағанда  қазіргі технологиялық шешудің  артықшылығы бар ма;

8.өмірде нәтиже тексерілді  ме;

9.мәселені толық шешуге  мүмкіншілікберетін зерттеудің  кезеңдеріне байланысты авторларда идея бар ма;

10.автор(лар)сілтеме жасалғанда  көпшілік немесе ғылыми әдебиетті  пайдаланған ба;

3.Зерттеу әдістерін  қолдану тимділігі

Жеке жоба үшін 15балл,командалық жоба үшін12 балл

1. Егер авторы(лар)  осы білім аясында жаңа нәтиже алуға көмектескен қазіргі тиімді жабдықты немесе қазіргі теориялық әдістерді қолданса,онда жеке жобаға 10-15 балл,командылық жобаға 10-12 балл беріледі.

   

2.Егер жаңа нәтиже  алуда дәстүрлі әдістерді қолданса,онда  жеке жобаға 5-10 балл,командалық жобаға 5-10 балл беріледі.

4.Тақырыптың ашылу  дәрежесі

Жобаға 15 балл,командылық жобаға 2 балл.

Әрбір жекелеген өлшемге (критерий)жеке жобаға 2,5 балдан, ал командалық жобаға 2 балдан артық қойылмайды.Параметрге бағаны жекеленген өлшемдерді бағаны жекелеген өлшемдерді бағалау негізінде қойылады:

1.жұмыс жоспарланған  сәтіне дейін орындалған ба;

2.шешіліп жатқан мәселе  қанша лықты қамтылған;

3.қортынды жекленген  экспериментке әлде қайталанған  экспериментке негізделген бе;

4.жобада материял қаншалықты  анық және толық баяндалған;

5.мәселен шешудің басқа  жолдарын автор(лар)біле ме;

6.зерттеп жатқан тақырып  бойынша автор(лар) ғылыми әдебиетпен  қаншалықты таныс;

5.шешендік шеберлігі,көрсетушілік  жадырғаттардың сапасы

Жеке жоба үшін 10 балл командалық жоьа үшін 10 балл

Параметрге бағаны жекеленген өлшемдерді бағалау негізінде қойылады;

1.автор(лар) жұмысты  қаншалықты анық және түсінікті  баяндайды-3 балл;

2.баяндамада жобаның  жабдықтары қаншама толық берілген-2балл;

3.автор(лар)жобаның негізгі  моменттерін  қаншалықты жақсы бөліп көрсетуде-15балл;

4.эксперименталдық мәліметтер  қаншалықты анық және толық  көрсетілген-1 балл;

5.жобаның нәтижелері  қаншалықты анық түсінікті бөлініп  көрсетілген-1 балл;

6.стендінің материалдары  жобаның нәтижесін қаншалықты  жақсы корсетеді-2 балл;

Информация о работе Зерттеушілік технологичсы