Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 13:36, курсовая работа
Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік- экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.
Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндіік туған заманда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай- ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.
II. Зерттеудің мақсаты
Зерттеу мақсатын анықтау өзіне және өзгеге қойылатын сұраққа жауап болып табылады.
Мәселен, үшінші сынып оқушысы- «Кактус» тақырыбын таңдады делік. Онда оқушының анықтауы бойынша зерттеу мақсаты «кактустың ерекшелігін зерттеу» болып табылады.
III. Зерттеудің міндеттері
Зерттеудің міндеттері мақсатты нақтылауды көздейді. Мақсат іс-қимылдың жалпы бағытын нұсқайды, ал міндеттер негізгі қадамдарды бейнелейді.
Мысалы: оқушы кактустың ерекшелігін зерттей отырып, өзіне мынадай міндеттерді қояды:
ІV. Зерттеудің болжамы
Проблеманы айқындап, тақырыпты анықтап алған соң, оны шешудің ойша ізденісі басталады. Айқындалған проблемаға болжам жасай отырып жауап беруге болады.
Болжам-бұл тәжірибеде бекітілмеген, қисынды түрде дәлелденбеген жорамал. Болжам «айталық», «мүмкін», «егер, онда» деген сөздермен басталады.
Болжам жасауды балаға түсіндіру үшін бір- екі рет жаттығу жүргізуге болады.
Жаттығу
Құстар оңтүстікті қалай табады, бірге ойланайықшы?
Қандай болжам жасай аласыңдар?
Болжам мысалдары: «Құстар жолды күнге немесе жұлдыздарға қарап білуі мүмкін», «Құстар жылы ауаны сезіп, солай қарай ұшуы мүмкін», «Оларда табиғи компас болуы мүмкін».
V. Зерттеуді ұйымдастыру және әдістеме
Зерттеудің тақырыбын, мақсатын, міндеттерін анықтап алған соң, жүйелі жұмыс жүргізілуі қажет. Көздеген мақсат, міндеттерге жету үшін жоспар құрып алу қажет.
Зерттеу жұмысының жоспары қалай жасалады?
Ол үшін оқушы «Зерттегелі отырған зат немесе құбылыс жөніндегі жаңа ақпаратты қайдан аламын?» деген сұраққа жауап іздеу керек. Содан кейін қандай құралдар мен әдістерді қолдана алатының анықтаған жөн.
Зерттеудің қол жетімді әдістерінің қатары төмендегідей:
1. Дербес ойлау.
Кез-келген зерттеу жұмысы осыдан басталады. Яғни оқушы тақырып анықтаған соң, мына сұрақтарға жауап іздейді?
2. Зерттеу тақырыбы жөнінде кітаптан оқып білу.
Онда оқушы анықтамалықтардың, энциклопедиялардың көмегіне жүгінеді. Олар анық және нақты ақпарат береді. Егер ол жеткіліксіз болса, толық сипаттама беретін кітаптарды оқу керек.
3. Осы проблемаға байланысты кинофильмдермен, теле бағдар-ламалармен танысу.
Ғылыми, ғылыми-көпшілік, көркем фильмдер- зерттеуші үшін нағыз қазына. Зерттеу тақырыбы бойынша көрген фильмдерден керектілерін бөліп алу қажет.
4. Ақпаратты Интернет желісінен іздеу.
Қазіргі зерттеушілер үшін компьютер таптырмайтын құрал. Оның көмегімен қажетті материалды табумен қатар, зерттелген нысандар бойынша түрлі есептеулерді, сызбаларды, модельдерді құруға болады. Ал Интернет қажетті ақпараттың барлығымен қамтамасыз ете алады.
5. Басқа адамдардан сұрау.
Зерттеуің жөнінде пікір алысқан адамдарды екі топқа бөлуге болады: мамандар, маман еместер.
1.Мамандар деп мен
зерттейтін тақырыппен кәсіби
түрде айналысатындарды
2.Қалғандары маман еместер,
6. Бақылау жүргізу.
Бақылау- практикалық, танымдық мәселеде байқалатын, мақсаттылықты сипаттайтын бақылау түрі. Ол- кең тараған және қол жеткізетін зерттеу әдістерінің бірі, алғашқы ақпарат жинау тәсілі. Оқушы бақылау кезінде алдымен сезім органдарына сүйенеді, одан кейін арнайы құралдарды пайдаланады. Бақылау үшін адамдар көптеген құралдар ойлап тапты: сағат, компас, лупа, бинокль, телескоп, микроскоп, перископ, түнде көретін құралдар. Бақылау қысқа мерзімді, одан кейін ұзақ мерзімді бақылау жүргізуі мүмкін. Оқушы өзінің бастамасымен заттың өзіне тән ерекшеліктерін белгілейді. өйткені қабылдау үшін интеллектуалдық әрекет қажет болады. Объектіні талдай отырып, оқушы салыстырады, бағалайды, басқа объектілірмен ұқсастарын табады. Ол қасиеттерді оқушы бойына сіңіру үшін де оқушымен алдын- ала жүйелі түрде жұмыс жүргізу қажет.
Жаттығулар:
Көңілді Мұңды Ұқыпты Ұқыпсыз
Ақкөңіл Ашулы Көңілсіз Ақымақ
Бұл жаттығуларды мұғалім жекелей, топпен де ұйымдастыра алады. Оқушыларға алма, тұз, қалам, ойыншық машина, т.б тәрізді бірнеше заттарды ұсынуға болады. Оқушылар мұқият бақылау жасаған соң, олардың қандай сезім органдары арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі болғанын талдауға болады. Сондай- ақ олардың есінде сақталған заттары бойынша сурет салу жұмыстарын ұйымдастыруға болады.
7. Эксперимент жүргізу
Балалар үшін ең қызықты эксперимент- нақты заттарға және олардың қасиеттеріне жасалған тәжірибелер. «Эксперимент» сөзі латын тілінен аударғанда «байқап көру, тәжірибе» дегенді білдіреді. Эксперимент жүргізбестен бұрын, оқушыға ол туралы түсінік беруіміз қажет. Ол үшін түрлі тақырыптарды алуға болады. Бірақ зерттеу мүмкінлдігіне қолдары жетік болуын ескеру қажет.
Эксперимент – «Судың қасиеті»
Балаларға судық сіңіп кететінін немесе буға айналатыны белгілі. Сондықтан олар суға эксперимент жүргізе алады.
Түрлі заттар аламыз: газет, губка, мата, ағаштың бөлшегі. Оларға қасықпен аздап су себу қажет. Одан кейін суды сіңірулеріне қарай бақылаймыз. Эксперименттің де жеке жоспары жасалу керек. Яғни, керекті құралдар, қолайлы уақыт, т.б.
Оқушылар бақылау, экперимент жүргізген кезде байқаған құбылыстарын, заттардың қасиеттерін, қажетті материалдарды жинақтап тіркеп алу қажет. Тіркеп алу- бақылаған айналасынан өзіне қажетті ақпараттарды бөіп алып оған сараптама жүргізе білу. Әрбір затқа мән беріп, зейін қойып оны зерттеушілік- жобалау іс- әрекетінде жүзеге асыра алу. Өз ойын ауызша да, жазбаша да жеткізе білу, жалпыдан жекені бөліп алуға дағдыландыру қажет. Балалардың бойында қажетті дағдылардың қалыптастыру мұғалімнің міндетіне жүктеледі. Ол үшін сынып оқушыларымен арнайы жаттығулар жүргізу керек. Мысалға, «Ойды гарфикалық сызбаға түсіріп жеткізу». Бұл жаттығу арқылы біз оқушылардың қызығушылықтарын арттыра отырып, оның танысдық қаблеттерін арттырамыз.
Оқушыларды паркке экскурсия жасатып, айналасындағыларға бақылау жүргізуді тапсыруға болады. Сыныпқа келген соң, бір-біріне пиктографиялық хат жазғызуға болады. Хатты тек хатты алушыға ғана оқытқан қызықты. Ал хат жіберуші оның мазмұнын алдын ала айтуына болмайды.
Пиктографиялық хат жазу және оқу жаттығуларын сынып бойынша да, әр оқушымен жекелей де жүргізуге болады.
Олардың пиктографиялық хаттарын жинап алып, араластырып, кез келген бір оқушыға оқыту арқылы талдау жасауға болады. Оқу кезінде қызығушылық, тапқырлық танытқан оқушыларды мадақтауға болады.
Кодтау мысалы
Оқушы зерттеуді бастамас бұрын зерттеуге түрткі болған прблеманы анықтап, одан кейін оған тақырып таңдап, мақсат қойып, міндеттер жүктеп, бақылау және эксперимент жасап зерттеу жүргізді делік. Бастауыш сынып оқушысы бір зерттеу жүргізіп, зерттеуші болып кетпейді. Тек оның кейбір элементтерін үйреніп, өз бойында шығармашылық қаблетін арттырады. Алайда, бастауыш сынып оқушысымен зерттеушілік- жобалау іс- әрекетін ұйымдастыруға түрткі басты себеп- баланың табиғатынан білуге деген құштарлығының жоғарлылығы. Соның арқасында, зерттеушілік- жобалау іс- әрекетіне қажетті дағдыларды меңгерген қаблетті бала бастаған жұмысын соңына дейін зерттеп, бақылауың да үлкен қызығушылықпен жүргізеді. Бұл жұмыс реттіліктерін орындап болған балалар, сұрағына жауап, шешім тапқан балалар білгендерін, түйгендерін басқамен бөлісуге дайын тұратыны да бәрімізге мәлім. Осыған орай, бастауыш сынып арасында қалалық, мектепішілік сайыстар өтіп тұрады. Өз жұмысын жария ету үшін, жұмыс нәтижесін көру үшін, салыстырулар арқылы даму үшін, бала өз жұмысын қорғайды. Ал, қорғауға дайындық қалай жүйелі жүргізіледі?
VI. Зерттеуді қорғауға дайындық.
Сонымен, оқушы салмақты зерттеу жұмысын жүргізді, қажетті байқаулар жасады, эксперимент жүргізіді. Енді осының бәрін қағаз бетіне түсіріп, басқа адамдарға айтып жеткізу керек.
Ол үшін мыналар қажет:
Бұны қалай жасауға болады?
Түсінік-заттың қысқа және нақты сипаттамасы. Онда зат пен құбылыстың ең маңызды және тұрақты қасиеттері мен белгілері белгіленеді. Түсініктерге анықтама беруді қалай үйретуге болады? Оқушының зерттеуіңде қолданылған түсініктеді анықтауға көмектесетін тәсілдер бар. Олар: сипаттау, мінездеме, мысал келтіре отырып түсіндіру, салыстыру, ажырату.
Енді, әр тәсілге жеке тоқтала кетсек:
Сипаттау- заттың ұқсастықтарын ажырату мақсатында сыртқы белгілеріне қарай атау тәсілі. Нысанды сипаттау мына сұрақтарға жауап беруді білдіреді: «Бұл не?», « Басқа нысандардан қандай айырмашылығы бар?», «Басқа нысандарға қандай ұқсастығы бар?». Оқушы сипаттау кезінде тілдің көмегімен, белгілерді, сызбаларды қарай отырып, өзіндік бақылау мен экспериментінің нәтижесін пайдаланады.
Мінездеме - бұл адамның, жануардың, құбылыстың бірнеше ішкі және сыртқы қасиеттерін атау тәсілі. Мәселен, бірінші сынып оқушысы ботаны былайша сипаттайды: «Ботақан- кең жүректі жануар, ол ешкімге қиянат жасамайды».
Мысал келтіре отырып, түсіндіру берілген түсінікке қатаң түсінік бергенше оны суреттейтін мысалдар келтіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы, ойыншықтар-бұл қуыршақтар, машиналар, доптар және т.б.; пайдалы қазбалар-бұл көмір, мұнай, газ және т.б.
Салыстырутүсінікті анықтаудың бұл тәсілі заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Айырмашылығы Ұқсастығы Айырмашылығы
Ажырату- бұл тәсіл кез-келген ұқсас заттардың айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, алма мен қызанақ өте ұқсас; бірақ алма- жеміс, ал қызанақ- көкөніс, алманың дәмі басқа, ал қызанақтың дәмі мүлде басқа және т.б.
Топтастыру заттар мен құбылыстарды жалпы мәнді белгілеріне қарап бөлу. Топтастыру қарастырылатын нысандарды топтарға бөледі. Оларды реттейді.
Зерттеу барысында анықталған кездейсоқ, таңданарлық ой, пікірлер парадокс делінеді. Парадокс- жалпыға бірдей ойлар және байқауларға тосыннан тап болған таным. Зерттеу барысында ойламаған жерден бұрын естіп, біліп көрмеген таңқаларлық жағдайларға тап болуы мүмкін.Оларды анықтап және белгілеп алу қажет.