Адамгершілік және азаматтық тәрбие. Жеке адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 18:36, курсовая работа

Описание работы

Адамгершілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет – қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері: 1) ізгілік сана қалыптастыру; 2) инабаттылық сезімдер тәрбиелеу және дамыту; 3) адамгершілік әдет – қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттігін сезіндіру; адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру; тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыру; адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен адамгершілік әдеттерді бекіту.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Мораль – қоғамдық сананың түрі, адамгершілік тәрбиенің күретамыры...................................................................................................5
Адамгершілік тәрбиенің мазмұны мен міндеттері...........................9
2.3. Адамгершіліктің басты белгісі – азаматтық. Азаматтық тәрбиенің негізі – саяси – идеялық тәрбие............................................................... 16
2.4. Жеке адамның адамгершілік тәрбиесінің бағалануы.................... 22
Жеке адамның адамгершілік қасиетін қалыптастыру...................25

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................29

ӘДЕБИЕТТРЕ ТІЗІМІ..........................................................................31

Файлы: 1 файл

адамгершілік психологиясы.doc

— 146.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Психология

 

 КУРСТЫҚ    ЖҰМЫС

 

Тақырыбы:  Адамгершілік және азаматтық тәрбие. Жеке адамның адамгершілік  қасиеттерін қалыптастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:

Қабылдаған:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАР

 

  1. КІРІСПЕ.......................................................................................................3

 

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

2.1.  Мораль – қоғамдық  сананың түрі, адамгершілік тәрбиенің  күретамыры...................................................................................................5

    1.    Адамгершілік тәрбиенің мазмұны мен міндеттері...........................9

2.3.  Адамгершіліктің  басты  белгісі – азаматтық. Азаматтық  тәрбиенің  негізі – саяси – идеялық  тәрбие............................................................... 16

2.4.  Жеке адамның  адамгершілік тәрбиесінің бағалануы.................... 22

    1. Жеке адамның адамгершілік қасиетін қалыптастыру...................25

 

  1. ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................29

 

  1. ӘДЕБИЕТТРЕ ТІЗІМІ..........................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Адамгершілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушінің  қоғамдық мораль талаптарына  сай санасына, сезіміне, әдет – қылығына, мақсат бағытына  жүйелі  түрде ықпал ету. Адамгершілік  тәрбиесінің  негізгі міндеттері: 1) ізгілік сана қалыптастыру; 2) инабаттылық сезімдер тәрбиелеу және  дамыту; 3) адамгершілік әдет – қылықтың  ептіліктері мен  дағдыларын қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің  құрамы: адам және  қоғам  байланысын  қалыптастыру, өз қылығының  қоғаммен  сәйкес болуы қажеттігін сезіндіру; адамгершілік  білімді адамгершілік нанымға ауыстыру; тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыру; адамның басқалармен  қатынасындағы  жоғары мәдениет пен  адамгершілік әдеттерді бекіту.

Адамгершілік жағынан тұрақталған тұлға моральдық нормалардың  шындығына  сенімді болады, оларды орындау қажеттігін мойындайды. Адамгершілік қасиеттерін білу, түсіну оның тек алғышарттары болып есептеледі.

Адамгершілік  білімдер  баланың  өмір  тәжірибесіне  өтіп, ой толғанысына еніп, тәрбиеленушілердің өзіндік  талқы  сарабына  түскен болса  ғана адамгершілік  нанымдар дәрежесіне көтеріледі. Этикалық тәрбиенің ең басты мақсаты – адамгершілік  мінез  құлықтарды  қалыптастыру, тәрбие  күнделікті өмір жағдайындағы адамгершілік іс –

әрекет бірлігінен құралады. Өз қылықтарымен адам  айналамен  байланысып, ондағы жағдайлармен  қарым – қатынас бейнелейді. Адамгершілік әдет – қылық тудыру үшін соған сәйкес жағдай жасау керек.

Жеке тұлғаның адамгершілік  қасиетін қалыптастыру – оның түйсік жүйесіне моральдық нормалар мен принциптерді қабылдау процесі болып табылады.

Адамгершілік тәрбие адам баласы үшін психология тұрғысынан «күреске» айналуы тиіс. Адамгершілік  тәрбие «күрес емес, күнделікті күрделі жұмыстан  тұратын ұзақ маңдай тер ісі. Жеке тұлғаның  ізгілікті, адамгершілік, азаматтық қасиеттері өмір қажетінсіз қалыптаспайды. Тұлғаны жақсылық жасатуға  ынталандыратын жағдайлар туындату керек. Бірнеше әдетті қатар бір мезетте  дамытуға болмайды, оқушының  жаңа әдеттер мен ережелерді қабылдауға  дайындығын  ескерген жөн. Жаман  қылықтары болса, одан арылуы тиіс, олардың жақсы не келеңсі екенін түсіндіру ықтимал.

Адамгершілік тәрбиесі арқылы жаман әдеттерді айыра білу: өте қатты мөйлеу, басқалар сөзін бөлу және тыңдамау, тырнақ тістелеу, қол сілтеу, т.б.

Арнайы мысалдар арқылы  жастарға бір қарағанда  еленбес  әдеттердің  салдарынан болашақ өз өміріне  келетін зиянды түсіндіре  әрі нақты  көрсете білу керек.

Халық даналығы сыйластық адамның жеке дара жақсы қасиеттерінен басталатынын айтады. Әдеп, адамгершілік дегеніміздің түп – төркіні сол сыйластықта жатыр емес пе?!

«Ак көңілдің аты арып, тоны тозбас» деген халық нақылында тамаша адамгершілік қасиетінің нәзік бейнеленгенін байқауға болады. Адалдық, ұяттылық, әдептілік, тәртіптілік, инабаттылық, имандылық, кішіпейілділік, қарапайымдылық, ұстамдылық, белсенділік, т.б. барлығы дерлік адамгершілік қасиетінен бастау алады және олар бір – бірімен тығыз байланыста болады. Осы жақсы да асыл қасиеттерге ие болу үшін де үлкен тер төгу керек, адамгершілік тәрбиесіне өте көп көңіл бөлу керек. Ол үшін ерте заман тізгінін қолына алатын ұрпақтың тәрбиесі үшін күресу керек. Өйткені адамгершілігі мол бүгінгі ұрпақ – сенің сыбағаң...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

______________________

Алдамураторва Ә. Қызықты психология. Алматы, «Қазақстан», 1991

2.1. Мораль – қоғамдық  сананың түрі, адамгершілік тәрбиенің  күретамыры

 

Адамгершілік  тәрбие дегеніміз -  оқушылардың  бойында  мінез – құлықтық  белгілі бір  сипаттарын  қалыптастыру  және олардың өздерінің  де  бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға  деген  қатынасын  анықтайтын  мінез  нормалары мен ережелерін  дарыту  жөніндегі  ұстаздардың  арнаулы мақсат көздеген қызметі. Адамгершілік  тәрбие  әр уақытта, әр қоғамда болып  келген. Кешегі  кеңестік дәуірде  адамгершілік  тәрбие  дұрыс болған жоқ деп айта алмаймыз. Адамгершілік  кейбір бағыттар  замана өзгеруіне  байланысты  өзгеріп  отырады. Себебі  тәрбие – қоғамдық құбылыс.

Адамгершілікті  мемлекет  қайраткерлері, ғалым  ұстаздар, көсемдер, небір  жақсылар уағыздаған. Олар  өз  заманына  сай ізгілікті, парасаттылықты, сананы, сезімді, саналылықты, инабаттылықты, салауаттылықты, адалдықты, шыншылдықты, т.б. насихаттаған.  Адамгершілік тәрбие  біртұтас  оқу-тәрбие  процесінің  негізі болып табылады.  Адамгерлішік қасиет мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады. Мораль, этика, өнеге адамгершіліктің күретамыры болып  табылады. Сондықтан да біз  адамгершілік  тәрбиені осылардан  бастағанды жөн деп отырмыз.

«Мораль ( латынша моралис, қазақша – әдет – ғұрып) – әлеуметтік  шындықтың этикалық  саналарын ( ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез – құлық, әдет – ғұрып, т.б.) бейнелейтін  қоғамдық сананың  бір түрі. Мораль дегеніміз – адамдардың бір – біріне  және қоғамға  деген міндеттері  мен  қарым – қатынастарын  анықтайтын  қауымдық  өмір сүру  ережелерінің, адамдардың  мінез – құлықтары  нормаларының жиынтығы. Моральдың  сипаты экономикалық және қоғамдық құрылыспен анықталады, өйткені оның нормаларынан  белгілі бір таптың, әлеуметтік  топтың, халықтық  мүдделері  байқалады. Ал қоғамда әр түрлі  көзқарас болғандықтан, мүдделер де қарама – қайшы  болады, әр түрлі  моральдар  қатар өмір сүреді».Бүгінгі  жағдайда  бұрынғы  кеңестік  моральдың кейбір  түрлері  өзгерді. Мораль барлық қоғамда  өмірдің  саласында – еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, отбасында, әр түрлі  қатынаста адамның мінезін, іс – әрекетін, қатынасын, санасын реттейді. Мораль этикамен байланысты.

Этика – бұл философиялық  ғылым, қоғамдық сананың  формасы, қоғамдық қатынастардың түрі.«Этика (грекшесі, қазақшасы – әдет, мінез – құлық) – мораль туралы, оның шығуы мен дамуы туралы, адамның өмір сүру  салтының аса мәнді  жақтарының бірі болып табылатын адамгершіліктің  әр түрлі  қоғамдық  құрылыстардағы сан алуан формалары мен нормалары туралы ілімдер жүйесі».

Этикаға  нормативті  этика ( этикалық норма) және мораль  теориясы  кіреді.  Этикалық норма – адамдардың ұқсас қылық – мінездерін жалпы ережелер бойынша немесе тыйым салу арқылы реттеп отыратын  адамгершілік қағидалар формасы.

«Этикалық норма – ешкімнің жарлығымен немесе үкімет  шешімімен болмайды, дәстүр, қоғамдық пікір негізінде стихиялы түрде  қалыптасатын  құбылыс. Этикалық норма  жалпы адамзаттық, таптық сипатта болады. Бұл қоғамдық – экономикалық формацияның ауысу кезінде  ескі  этикалық норма  жаңа этикалық  нормамен күреске түседі».Этикалық  норма және мораль теориясы әрбір азаматты саналылыққа тәрбиелеуде, адамгершілік тәрбиесі  теориясы мен тәжірибесін дамытуда елеулі орын алады. Этикалық  норма мен мораль  теориясының  негізіндегі  моральдың түрлері: ұжымдық, гуманистік, қарекетшіл, белсенді мораль болып бөлінеді.

Кеңес дәуірінде ұжымдық  мораль  бірінші  орында  болатын. Қазір бірінші  орында белсенді, қарекетшіл мораль. Ол жеке адамды еңбектегі және күнделікті  тірліктегі іс – әрекетімен белгіленеді. «Өзімдікі  дегенде өгіз қара  моральдың екі жағы бар: өзім үшін, ұжым үшін. Әрбір өнегелі азамат қоғам өміріне  қайшы  жағымсыз құбылыстармен ( мансапқорлық, алдау, сөзінде тұрмау, кертартпалық, нысапсыздық, әділетсіздік, т.б.) тікелей күресіп, жағымсыз  қылықтарға  тосқауыл қоюы керек.Гуманистік мораль шынайы адамгершілік қарым – қатынастарды, ынтымақтастықты, ізеттілікті, адалдықты, кішіпейілдікті, қарапайымдылықты, қайырымдылықты қуаттап уағыздайды.

Ұжымдық мораль. Моральдың бұл түрі бүгінгі  кішігірім ұйым, қоғам, серіктестік, жеке қожалық, т.б.кездеседі. Шынайы  ұжымдық  моральдың ұраны «У жесең де руыңмен же», немесе «біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін». Мұндай  принцип өзімшілдікпен, менмендікпен, пайдакүнемдікпен сыйыспайды, жалпыхалықтық, ұжымдық мүдделерді  ұштастырады.

Әр қоғамда  бүкіл адам баласына  тән ұзақ  уақыт  өзгермейтін  моральдық этикалық  нормалар бар. Бұл халықтық  ұлттық әдеп – ғұрыптары, қалыптасқан дәстүрлер. Осылар ұрпақтан – ұрпаққа  ауысып отырады, жастарға үлкен әсер етеді, ықпал жасайды.Мораль адамның  мінез – құлқын, сана – сезімін реттейді, қарым – қатынас мәдениетін жасайды. Бірақ өмірде  моральды  бұзушылар  жеткілікті. Әсіресе мына  заманда: нашақорлық, жезөкшелік, алдау, сөзде  тұрмау, жауыздыққа бару, т.б.Мораль – қоғамдық  сананың  бір түрі. Ол адамдардың  ара – қатынасынан туындайды: адамгершілікке жататын  немесе адамгершілікке жатпайтын  қылықтар  арқылы  белгіленеді. Немесе біз оны  өнегелі, өнегесіз қылықтар  дейміз.

Адамгершілік, өнегеліктің өзі: өнегелік сана, өнегелік идеал деп бөлінеді.«Өнегелі немесе адамгершілікті сана – адамның  қарым – қатынасынан, оның  эмоционалдық іс – әрекетінен, мінез- құлқынан көрінеді. Өнегелілік баланың жас күнінен бастап, ата – ананың үлгісінен басталып ағайын – туыстың, жора – жолдастың ықпалымен, мектептің тікелей басшылығымен қалыптасады. Өнеге – адамдардың бір – біріне, қоғамға деген міндеттері мен қарым – қатынастарын анықтағанда көрінетін, олардың тәлім – тәрбиелілігі, үлгілігі, саналылығы, ережелердің  жиынтығы».

Өнегелілік сезімінен, ұяттан, ардан  басталады. Сезімі, ар – ұяты бар адам  адамгершілігін  жоғалтпайды, қашан да өнегелі  болуға  тырысады. Ондай адамның  өнегелі  идеалы (мұраты, мақсаты) болады. Сол идеалға жетуге тырысады. Жақсы адамға еліктейді. Ол үшін сезім, ар – ұяттан  басқа  адамда  жігер, ерік болуы керек. Сол ерікті, жігерді  дұрыс басқара ( сезім арқылы) білуі керек.Өнегесіздікке жігерсіздік, еріксіздікке, өзін- өзі ұстай алмайтын, басқара алмайтын адам барады. Өнегелі сананы, мінез – құлықты қалыптастыру үшін сезім, ар – ұят, ерік, жігерден басқа  өнегелі дағды керек. Өнегелікке  дағдылану керек.Сонымен, адамгершілік тәрбиенің  күретамыры – мораль, этика, өнеге. Осы қасиеттерді  баланың  жас кезінен  бастап  санасына  құя беру  керек. Бірақ, мораль, этика, өнеге заман өзгерісіне ұшырап  отырады. Сондықтан да ұстаздар, ата -  аналар сол өзгерістерді балаға  уақытысында  түсіндіріп отырғаны жөн.

______________________

Қазақ Совет энциклопедиясы. 12 томдық. – Алматы, 1973-1975

2.2. Адамгершілік тәрбиенің  мазмұны мен міндеттері

 

Адамгершілік  тәрбиенің  негізі отбасынан басталып, балабақша, бастауыш сыныпта  өзінің  жалғасын тауып, жоғары  сыныптарда  күрделене береді.

«Адамгершілік  тәрбиесі – тәлім – тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы  қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара  жолы. Ол жанұя, мектеп, ұстаз, еңбек, қоғам, жеке ықпал арқылы іске асырылады. Жас баланың адамгершілігін  қалыптастыруда  мектепке дейінгі  балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз, әсерлі өлең, сурет, әңгімелер пайдаланылады, үлгілі, өнегелі ойын, еңбек үстінде  этикалы  қатынас жағдайында  әдепкі адамгершілік  әдет – дағдылары қалыптасады. Мектеп  жасындағылар үшін олардың саяси – әлеуметтік  саналылығын (гуманизм, ұлтжандылық, отансүйгіштік), дүниетанымын, этикалық талғамын, ішкі рухани байлығын  молайтатын  жүйелі  жұмыстар өткізіледі. Этикалық  әңгіме, пікірсайыс, лекиця өткізу және  көркемөнердің түрлі салалары мен әдебиетті кеңінен пайдалану адамгершілік тәрбиесіндегі істер болып табылады».

Адамгершілік  тәрбиенің  мақсаты – жеке адамды  дамытудың  негізгі бөлігі. Ұстаз  шәкірттерге  жан – жақты  тәрбиені  осы адамгершілік  тәрбиеден бастайды. Оның  адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа  жетелеу, іс – әрекетін ұйымдастыру осы адамгершілік тәрбиеден басталады. Ұстаз шәкірттердің  ізгі  ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілдігін, ілтипаттылығын, жауапкершілігін қалыптастырады.Әр қоғамда, өмірде, еңбекте, тұрмыста, отбасында, тап аралық, халықаралық қатынастарда  мораль  адамның  сана – сезімін  реттейді,  қалыптастырады. Мораль принциптері  барлық  адамдарға  тарайды, олардың  өзара – қатынас формаларын қуаттайды, бекітеді немесе керісінше өмір талаптарына  байланысты  олардың  өзгеруін  талап етеді.

Адамгершілік  тәрбиеге  тән міндеттер бар. Олар:

  • Шәкірттерді өмір талабына  сай қоғамдық моральдық  нормасын  орындауға  қатыстыру;
  • Шәкірттердің  адамгершілік  тәжірибесін қалыптастыру;
  • Шәкірттердің  санасына  және мінезіне  ұстаздық  ықпал жасау;

Республикаға, оның  Президентіне, Әнұранына, Рәміздеріне  шәкірттердің  сүйіспеншілік  сезімін тәрбиелеу.

Бұл міндеттерді іске асыра оңай емес. Ол үшін тәрбие шаралары  ұтымды  болу керек, балалардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн, объектіге – шәкіртке ықпал етушілер бірауызды болғаны керек. Адамгершілік тәрбиенің мазмұны  тәрбие  бағдарламаларында, соның ішінде «Атамекенде» де бар.

Информация о работе Адамгершілік және азаматтық тәрбие. Жеке адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру