Адамгершілік және азаматтық тәрбие. Жеке адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 18:36, курсовая работа

Описание работы

Адамгершілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет – қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері: 1) ізгілік сана қалыптастыру; 2) инабаттылық сезімдер тәрбиелеу және дамыту; 3) адамгершілік әдет – қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттігін сезіндіру; адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру; тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыру; адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен адамгершілік әдеттерді бекіту.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Мораль – қоғамдық сананың түрі, адамгершілік тәрбиенің күретамыры...................................................................................................5
Адамгершілік тәрбиенің мазмұны мен міндеттері...........................9
2.3. Адамгершіліктің басты белгісі – азаматтық. Азаматтық тәрбиенің негізі – саяси – идеялық тәрбие............................................................... 16
2.4. Жеке адамның адамгершілік тәрбиесінің бағалануы.................... 22
Жеке адамның адамгершілік қасиетін қалыптастыру...................25

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................29

ӘДЕБИЕТТРЕ ТІЗІМІ..........................................................................31

Файлы: 1 файл

адамгершілік психологиясы.doc

— 146.00 Кб (Скачать файл)

Саяси – идеялық тәрбие – азаматтық тәрбиенің негізі. Оның  мақсаты – оқушыларға  жан – жақты  тәрбие беру  жүйесінің  іргетасын  қалау,  жалпы  ғылыми  дүниетаныммен байланыстыру. Тәрбиенің  басқа  салалары  осы саяси  тәрбиеден, саяси  санадан  тарайды. Бұл мемлекетіміздің  идеологяисы. Ондай  идеология  әр қоғамда, мемлекетте  болған  және  болады да.«Идея – философиялық  ұғым,  адам  ойының  практикаға  қарсы  бет  алуы,  білімнің  іске  асуын  қамтамасыз  ететін  процесс. Ойлау  алғашқы  объективтік  шындыққа сүйенеді,  бірақ кейін  шындық  творчестволық  түрде  бейнеленетіндіктен ол  шындықты  қалай болса  солай алып  қарамай,  адамның  мақсаты  мен қажеттілігі  қандай  болуы керектігін  ескереді. Сөйтіп, ойда  идеалды  объект  пайда болады. Танымдағы  объектінің, шын  объектінің, адамның өмірлік  қажетін  өтейтін  объектіге  айналуы  осы  идея түсінігі  арқылы  беріліп отырады».Идеялық  - саяси  тәрбие  бағыт – бағдарлы, жүйелі  сипат алады:Біріншіден, оқушылардың  ғылыми және саяси  саналылығына  көзқарас  қалыптастыру;Екіншіден,  оқушылар  осы жоғарыда  көрсетілген  жайттарды  меңгеріп,  толық  сенімдеріне  айналдырады, әрбір іс – әрекеттеріне басшылық  жасайтындай  болуын  қамтамасыз  етеді.

Идеялық – саяси  тәрбиеде  оқушыларға  саяси сауаттылық  берумен қатар,  оларды  идеялық – саяси  сенімдерінің, ерік – жігер  қасиеттерінің  және  саяси  мәдениетінің  қалыптасуына  баса  назар  аударылуы  керек.

Бүгінгі  қазақстандық идеялық – саяси тәрбиеде оқушыларға  мынадай талаптар  қойылады:

  • Дүниеге  ғылыми  материалистік  көзқарасты  қалыптастыру;
  • Қазақстан  халықтарының, әсіресе  қазақ  халқының  егемендік  жолындағы

күресін, қазақстандық  патриотизмді, ұлтаралық  татулықты  насихаттау, соған  тәрбиелеу;

  • Қазақстанның  өсіп  өркендеуіне  ат салысу, үлесін қосу.

Әрине  мұның бәрі  әлі қалыптаспаған іс, бірақ бағыт  бар. Сол  бағытпен  жас ұрпақты тәрбиелеу – мектептің, қоғамның ісі.Жастарымыздың бойында  азаматтық  тәрбиені  қалыптастыруды саяси – мәдениеттен  бастау керек. Себебі, мәдениетті  саясатсыз алыпқашпа  саясат жарға  соқтыруы мүмкін. Ол үшін  саяси саналылық, саналы ой – толғау, сезімді, ерікті билей  білу, саяси сауаттылық, бедсенділік, Қазақстан үшін  жаны ашу, пікірсайысты  дұрыс  жүргізе  білу, т.б. керек.Жалпы азаматтық  тәрбиенің  міндеттері:

  • әлеуметтік;
  • мәдени – ағарту  ісін  жүзеге  асыру;
  • тәрбиелік;
  • психологиялық ( мінез – құлқының себептері).

Осы көрсетілген  міндеттерді  іс жүзінде  жүргізу – мектеп  ұжымының  басты қызметі. Ол үшін  әрбір мектеп  оқушысын еңбекке араластырып, саяси сауатын ашып, Қазақстанның бағыт – бағдарымен  таныстырып еркін  саяси  пікірталасқа  үйрету.

Азаматтық  тәрбиенің  жүйесіне:

  • оқушылардың  санасын  қалыптастыратын,  жалпы  азаматтық, адам  баласына  тән саяси  идеялар;
  • мектептегі, мектептен тыс оқу  орындарында, қоғамдық , еңбек ұймдарында, бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  жүргізілетін  азаматтық  тәрбиенің  мазмұны мен түрлері  жатады.

Азаматтьық  тәрбиенің мақсаттарын  білім беру, тәрбиелеу, дамыту арқылы  орындау керек.

а) Саяси – идеялық  білім  дегеніміз – шәкірттерге  қоғамдағы  өзгерісті  түсіндіру. Егемендік, еркіндік  деген не? Қазақстан  басқа  мемлекеттермен  қандай  қатынаста  болу керек, т.б. ойларды пікірталас  арқылы  жеткізу керек.

б) Тәрбиелік  мақсат  дегеніміз – ұрпақтарымызды жаңа  заманға бейімдеу,  еңбекке үйрету,  ілкімділікті  санасына  енгізу,  қоғамдық – азаматтық  іске араластыру.

в) Дамудағы  мақсат  білім мен тәрбиеден туындайды, жаңа дәуірдің  жаңа  азаматын дамыту.

Әрине  бұл жерде  жалпы сөзбен емес, әрбір шәкірттің  жас және  дербес  ерекшеліктерін, географиялық  жағдайын ескеріп  пәрменді  жұмыс жасау керек. Гуманитарлық  пәндер, ана тілі, жаратылыстану және  сымбаттылықты, еңбекті, күш – жігерді  дамытуға  арналған пәндер бар. Солардың әрқайсысы  өз мүмкіндігінше  балаларға  азаматтық, саяси – идеялық  білім, тәрбие, даму  бере алады.

Азаматтық  тәрбиенің  ең  биік сатысы, құндылығы, пайдалылығы  оқушылардың  азаматтық  жетілуімен айқындалады.

Сонымен, адамгершілік  тәрбиесінің  күретамыры – мораль, этика,

өнеге болса,  адамгершіліктің  басты белгісі – азаматтық, ал негізі – саяси –

идеялық  тәрбие. Бұл қасиеттерді оқушылардың  бойына  пән сабақтары, сыныптан  тыс  жұмыстар  арқылы  дарытуымыз керек.

Адамгершілік  қасиеттің  ең жоғарғы  түрі – ұят, ар – ожданды  сақтау, Отанын сүю. Жастарды «Кішіпейілдіктен  кішіреймейсің», «Сіз, біз деген – сыйпайылық белгісі», «Өз елімнің басы болмаса да,  сайының тасы  болайын», «Ел қамын жеген ер» - деген сияқты  халық мақалдары  арқылы әдептілікке, кішіпейілділікке,  қарапайымдылыққа, сыпайылылыққа  және Отанын  сүюге  тәрбиелеген жөн.

Адамгершіліктің  ең жоғары түрі – бауырмалдық, бүкіл  адам баласын  бауыр,  дос тұту, көпшіл  болу, ұлтжандылық  қасиетті қастерлеу. Азаматтық  тәрбие  сана – сезімді, дүниетанымды қалыптастырудан  басталып саяси – идеялық  тәрбие  арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа әкеледі.

Отансүйгіштік, ұлтжандылық  екеуі – егіз ұғым.

Мектеп оқушыларына  адамгершілік тәрбие беруде  оларды  отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа  тәрбиелеу қажет. Қазақстан жағдайында  отансүйгіштіктің, ұлтжандылықтың  мұрындығы  қазақ болуы керек. Қазақ басқа  ұлт өкілдеріне  үлгі болып Қазақстанда  қорғап, көркеюіне өз үлесін қосуы тиіс, бабаларымызды осыған тәрбиелеген жөн.

Адамгершілік тәрбиесінің  шеңбері өте ауқымды, ол азаматтықпен толығып жатыр. Бүкіл тәрбие  салалары  осы адамгершіліктің, азаматтықтың төңірегінде топтасып жатады. Ал отансүйгіштік, ұлтжандылық тәрбиелердің  шеңбері жалпы адам баласына  тән азаматтық  тәрбиеден  тарлау. Отансүйгіштік, ұлтжандылық тәрбие азаматтық  тәрбиенің құрамды  бөлігі  ғана болып табылады.

Қазақстандық  жас  жеткіншектерді мемлекетте  атқарылып  жатқан істермен таныстырып, қазақстандықтардың  осыған  қатысы  барын баса айтып, жалпы  адамзатқа тән  адамгершілікке, азаматтықа тәрбиелеу.

Ол үшін  алдымен Отанын, ұлтын сүю, сол Отанда өмір сүріп  жатқан 

халықтарға  мейірімділікпен  қарауды түсіндіру. Бұл  мәселеде  қазақ  азаматтарының  атқаратын ісінде шек жоқ.

Құқықтық тәрбие – азаматтық тәрбиенің  бір бөлігі,  адамгершілік, азаматтық  тәрбиесінің  шектеуші, реттеуші түрі.

_______________________

Түктібаева А.Ә. Идеялық – саяси тәрбие негіздері. 9-лекция. – Алматы, 1991.

Құқықтық  тәрбиенің  мазмұнын  белгілеуде  оның  азаматтық, адамгершілік, құқықтық  аспектілерін айқындауда А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский идеяларын  айтуға болады. Азаматтық  тәрбие төңірегінде, әсіресе қиын балалармен  жұмыс жүргізгенде еңбек жазып, ізденіс  жасаған азаматтар, оның ішінде  мәскеуліктер Л.Ю.Гордин, Ю.В.Гербеев, Г.П.Давыдов, қазақстандықтар: С.Сартаев, Ә.С.Сапарғалиев, К.Б.Бегалиев, Г.А. Уманов, В.В.Трифонов, В.Г.Баженов, Л.К.Керімов,  
И.Шыныбекова, Т.Б.Бегалиев,Л.Ә.Байсеркеев, т.б.

Қазіргі таңда  мектептің, мұғалімдердің, ұстаздардың, ата – аналардың, көрші – туыстардың  алдында  тұрған  міндеттерінің  бірі – оқу-тәрбие  жұмысының  барлық  құрамды салаларында  азаматтық, адамгершілік  тәрбие  беруге  қызмет ету.

Құқықтық тәрбие – азаматтық, адамгершілік тәрбиенің  бір саласы. Құқық арқылы мораль, этика, өнегенің  шектен шыққан  жерлері реттеледі. Адамгершілік  тәрбиесінің  қоғамның  талабына  сай дамуына  өз үлесін қосады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

____________________

Төлеубекова Р.К. Адамгерлішік тәрбиесінің негіздері. 10-лекция. – Алматы, 1991

2.4.   Жеке  адамның адамгершілік  тәрбиесінің  бағалануы 

Адамгершілікті әр  отбасы  өзінше  бағалауы  мүмкін. Бірақ жалпы  әлеуетке  сай  адамгершілік  қатынас  деңгейі бар. Адамгершілік  тәрбиенің  бағалану  деңгейі  шәкірттердің  күнделікті  іс – әрекетімен, іс пен сөз  арасындағы  жақындық  пен  алшақтықтан көрінеді. Ондай баға қоғамдлық  моральдың  деңгейімен өлшенеді, белгіленеді. Күнделікті  оқушыларға  қойып  жүрген  бағалар – ол тәрбие, тәртіп, мінез – құлық көрінісі.

Шәкірттердің  көптеген ортасы бар: отбасы, мектеп, сынып, аула, т.б. Сондықтан  шәкірттердің  адамгершілігін  бағаларда  осы ортаның  бәрінде  бірдей  көріне  ме  деген  сұраққа жауап іздеу керек.

Адамгершілік  деген ұғым өте қомақты. Кішкентай баланың бойынан жақсы қасиеттердің барлығын  таба алмаймыз. Себебі адамгерішілік  деген  қасиетті  біртіндеп  бала  есейе  келе қабылдайды. Адамгершілікке  тәрбиелеу  баланың  жас  және  дербес  ерекшеліктерін  байланысты. Адамгершілік тәрбие құқықтық, азаматтық  тәрбиелерге жақын. Кей  жағдайда  адамгершілікті  құқықтық  тәрбие, құқықтық  талап  арқылы  баланың  санасына  енгіземіз. Мысалы, әр мектептің  ішкі  ережелері  бар. Сол ережелерді  орындау  барысында  адамгершілікке  итермелейміз.

Қазіргі таңда  адамгершілік тәрбиесінің  мазмұны  жалпы адам құндылығын жоғарылату қажеттігінен көптеген өзгерістеге бет бұрды. Осыдан әрбір оқушыға төмендегі  проблемалардың маңыздылығын түсіндіру керек: 1)адамға ең қымбат – өмір; 2) бабалар – өмір жалғасы; 3) тәртіптілікпен  байланысқан  еркіндік; 4) отансүйгіштік; 5) ұлтжандылық; 6) интернационализм; 7) борыш, ар, намыс, ождан, тәртіп сақтау, кішіпейілдік және т.б.Адамгершілік қасиет  қарапайым, жәй нәрселерге  негізделеді.Балалардың алғашқы адамгершілік туралы түсігінін қалыптастыру – жаман мен жақсы, әсемдік пен көріксіздік, сыпайылық пен дөрекілік сияқты,  т.б. қарама – қарсылықтағы түсініктері мен іс – әрекет, қарым – қатынасты  ажырата алудан басталуы керек. Психологиялық тұрғыда  балаларға ересектер өз ішінен баға беруі немесе баланың өз ісіне , жолдастарының өзіне деген көзқарасын біліп, олардың баға беруі арқылы адамгершілік қасиетті қалыптастыра алады. Балалардың  адамгершілік  түсінігі  тәртіптілікпен, мәдени қатынас, сыпайылық, жүрек жылуынан басталып қалыптасады. Адамгершілік қасиетті дамыту – сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірбандықты, шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді дамыту деп түсінемін. Осы жақсы да асыл қасиеттерлі қалыптастыру барысында мұғалім жан – тәнімен оқушыны тәрбиелеуге, бала жанына әсер ететін рухани – адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды тәрбиеші де ата – ана да заң деп санауы қажет. Сонда ғана оқушы болашақ қоғам қайраткері, үлкен өмір жолына аяқ басушы өзі белсенділік танытып, кейін өзі басқаға тәрбие бере алады.

Адамдар қарым – қатынасының өзегін  адамгершілікпен  нәрлендіріп тұрған бұл керметтің аты – әдеп деп аталады.Халқымыздың өте бай әрі көркем фольклоры, ұлы жырауларымыздың толғаулары, ғажайып аңыздарымыз тұнып тұрған өнегенің қайнар көздері болып табылады. Одан берітіндідегі дана Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Ахмет сияқты кемеңгерлер туындылары – адамгершілік тағылым мектептеріміз емес пе?! Жеке адам  үлкен өмір жолына аяқ басарда ең алдымен «абыройым төгілмесін» деген ұстаныммен  алға ұмтылуы қажет және оны өмір бойына көңіліне берік түйіп алғаны жөн. Жеке адам  – адамгершілік мінез – құлықтан бастау алатын әдептілік нормаларына әрқашан да ықтиятты болуы керек.Әдеп – адам өміріндегі ең басты адамгершілік қасиеттің бірі деп білемін. Әдептің негізі – адамға жамандықтың зияндылығын түсіндіріп, одан бойын аулақ салуға үйретіп, тура жолды,яғни әдептілік, адамгершілік жолын сітлеу.Өйткені қоғамдағы ең бағалы адам – ол әдепті адам деп түсінемін. Әдепті адамдар – қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі.

Сондықтан жас өскелең болашықты тәрбиелеуде мұғалім, ата – аналар әдептілікке басты назар аударуы қажет.

Гуманизм, сыйластық, қылық мәдениеті дағдыларын  дамытпай, адамды  мейірімділікке тәрбиелеуге болмайды: сыпайылық, есіркеушілік, сөйлеу мәнері, мейір белгілері. Ұжымдық, азаматтық тәртіпті түсіну сияқты  адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу  үшін арнайы  әдеттерді ұғыну керек: басқаларға қамқорлық, адамды түсіну, өзінің эгоистік сезімін тежеу, ұжым талабын орындау, қауым алдындағы  міндеттер, өз ісі мен сөзіне жауап беру, т.б. келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігін ғана емес, ең алдымен адамгершілігінің белгісі деп түсіну керек.Имандылық – ар-ождан тазалығын, обал – сауап талаптарын сақтауды, қылдай қиянат жасамауды, қайрымдылықты, адалдықты жинақты түрде көрсететін адамгершілік ұғымы.

Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның   

Баланың  алдына мынадай тоғыз талап  қойылады: білу, үйрену, сүю, дос бола білу, еңбек ету,  жаманшылықпен күресу, көмек көрсету, арды  сақтай білу, ойлау. Әрине бұл  талаптарды  орындаудың өзінше  қағидалары бар: кімді, қашан, не себепті  деген сияқты.

Сонымен, адамгершілік  тәрбиенің  бағалану деңгейін  қоршаған  орта анықтайды, яғни  ата-ана, ұстаз, дос-жаран, қоғам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

____________________

А.К.Меңжанова. Балаларды адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу – Алматы: Рауан, 1991.

Информация о работе Адамгершілік және азаматтық тәрбие. Жеке адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру