Адамгершілік және азаматтық тәрбие. Жеке адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 18:36, курсовая работа

Описание работы

Адамгершілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет – қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері: 1) ізгілік сана қалыптастыру; 2) инабаттылық сезімдер тәрбиелеу және дамыту; 3) адамгершілік әдет – қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттігін сезіндіру; адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру; тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыру; адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен адамгершілік әдеттерді бекіту.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Мораль – қоғамдық сананың түрі, адамгершілік тәрбиенің күретамыры...................................................................................................5
Адамгершілік тәрбиенің мазмұны мен міндеттері...........................9
2.3. Адамгершіліктің басты белгісі – азаматтық. Азаматтық тәрбиенің негізі – саяси – идеялық тәрбие............................................................... 16
2.4. Жеке адамның адамгершілік тәрбиесінің бағалануы.................... 22
Жеке адамның адамгершілік қасиетін қалыптастыру...................25

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................29

ӘДЕБИЕТТРЕ ТІЗІМІ..........................................................................31

Файлы: 1 файл

адамгершілік психологиясы.doc

— 146.00 Кб (Скачать файл)

Бастауыш сыныпта  оқушылардың  адамгершілік, достық, жолдастық, Қазақстан туралы  ұғымдары  қалыптасады, кеңиді. Ұстаздарды, үлкендерді, туыстарды, ата – аналарды  құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік  нормасын  сақтауға үйренеді. Бұл жаста  балалар  тәртіпке, жолдастық өзара көмек беруге, түсінуге дағдыланады. Олар оқу  еңбегіне  өзінің  қатынасын, мектептегі,жанұядағы, қоғамдық орындардағы мінез- құлқының қандай болу керектігін біледі. Осы сыныптың оқушылары оқу – тәрбие процесінде өздерінің  дербес  және қоғамдық мінез – құлқы  туралы  адамгершілік  тәрбиенің  мазмұнын  кеңейтеді.

Жас жеткіншектер 5 – 9 сынып оқушылары  өздерін  ересектер  қатарына санап  өз бетімен  тіршілік  етемін деп мөлдір қиялға кетеді. Сондықтан  олар өзінің мүмкіншіліктеріне сын көзімен  қарамайды, қате түсініктер жібереді. Олар еріктік қасиеттер жөнінде  дұрыс түсінбейді. Шешімділік  пен шапшаңдықты, табандылық пен қайсарлықты, жезөкшелік пен батылдықты  шатастыра береді. Бұл жастағы  шәкірттердің  адамгершілік  дамуына ұйымшылдық, тәртіптілік, инициативтік, қамқорлық, құнттылық, т.б. қасиеттер әсер етеді.

Жасөспірімдер немесе 10 – 11 сынып оқушылары  ғылымға, мамандық  таңдауға  ынталары өседі. Олар әділеттік, борыш, ұят, адалдық, ерлік, намыс, т.б. моральдық категорияларға ерекше көңіл бөледі. Олар  үлкендермен  қарым – қатынас жасауды, өзін – өзі тәрбиелеуді қажет етеді. Бұл жастағыларға ерік берген жөн. Әрине, бүгінгі  жағдайда мұның  бәрін дұрыс  орындауға  болады деуге  де қиын. Бірақ ізеттілік, ұстамдылық сияқты  әдеттерді қалыптастыру қажет.

Оқушылардың  адамгершілік  тәрбиесін  оқыту  процесінде  ғылыми – материалистік  дүниеге  көзқарасты  қалыптастыруға  болады. Адамгершілік  сезімін тәрбиелеу мен гуманизм  үшін ана тілі, әдеби  шығармалардың, көркем фильмдердің, ертегілердің  маңызы зор. Ауыз әдебиетінен  балалар  ертегілердің  басты  кейіпкерлеріне, эпостық  жырлар  батырларының  ерліктеріне  еліктеп  өседі. Ертеректе  біздің  оқушыларымыз  негізінде  орыс  әдебиетінің үлгісінде  тәрбиеленген. Қазір  қазақ немесе  қазақстандық әдебиеттің, солардың  кейіпкерлерінің  үлгісінде  тәрбиелеуге  мүмкіндік бар. Мұнда  біз орыс  әдебиетіндегі  үлгілері  Павел Корчагин, Олег Кошевой, Алексей  Мересьевті, т.б.  жоққа  шығарып  отырғанымыз жоқ. Олардың  бойынан  адалдық,  отансүйгіштік, жігерлік, қайраттылық, т.б. қасиеттерді  табамыз. Бірақ  жас   ұрпақ  негізінен  өз ұлтының  үлгісінен  адамгершілік  қасиетті  танып  білгені  жөн. Жалпы  оқушыларымызды  алыс-жақын  шетел  әдебиеттерімен  де  сусындатқанымыз дұрыс. Абай, Пушкин, Шекспир, Шиллер, Гюголерді  қатар оқыса,  ол өте  жақсы нәтиже  береді.

Оқу  процесінде  адамгершілікке  тәрбиелейтін  пәннің  бірі – ана тілі,  тарихи  оқиғалар. Ол шәкірттерде  отансүйгіштік,  ұлтжандылық, идеялық  сенімді  қалыптастырады. Әсіресе қазіргі  кезде қазақ  халқының  тарихын  қайта  жазуда, хандарымыз бен билерімізді, шешендеріміз  бен жырауларымызды  тірілтіп  дәріптеуде  қазақ  халқы  тарихының  орны бөлек. Тәуке, Жәнібек, Абылай, Кенесары  сынды  хандарымыз, Қабанбай, Бөгембай, Сәмен, Рысбек, Райымбектей  қолбасшылармыз, Аңырақайдағы  шайқас, Төле би, Қазбек би, Әйтеке би, т.б.  туралы  тарихи  деректер  жас  адамның  рухани  көкжиегін  кеңейтеді, өзінің  қоғамдағы  орнын  түсінуге  көмектеседі, күреспен, құрбандықпен және  ұрпақтардың  батырлығымен  жасалғандардың  бәріне  құрмет  көрсетуді  тудырады, ізгі   талап – тілектерді оятады.Тарих пен  әдебиеттен  басқа  пәндер  әсіресе, қазақтың  ұлттық  педагогикасы, география, ән – күй, т.б.  балаларды  адамгершілік  тәрбиеге  үйретеді. Осы  пәндер  арқылы  оқушыларымыздың  бойына  еңбексүйгіштік,  тәртіптілік,  ұқыптылық, дәлдік  сияқты  моральдық  қасиеттерді  сіңіруге  болады.Оқушыларды  тек  пәндер  арқылы емес, басқа  сыныптан тыс, үйрме  жұмыстарында  да адамгершілік  тәрбиеге  баулуға  болады. Оған  бастауыш  сынып  оқытушысының,  сынып жетекшісінің этикалық  әңгімесі,  моральдық – этикалық  жиындар, пікір – сайыстар т.б. жатады.

____________________________

Мұсаева С.А., Зейдалиева Ж.Қысқаша педагогика – психологиялық сөздік. – Тараз, 2001.

Жасөспірімдердің  адамгершілік  тәрбиесінің  мазмұны  мектептегі пәндер, мектептен , сыныптан тыс өткізілетін  іс-шаралар  арқылы қалыптасады. Осы өткізілетін сабақтар, іс-шаралар  неғұрлым  маңызды, оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сай  қонымды болса,  олар  соғұрлым  баланы  адамгершілікке  тәрбиелеуде  зор ықпал  жасайды.

Адамгершілік тәрбиенің  өзіне тән  міндеттері  бар. Олар:

  • шәкірттерді  өмір талабына  сай қоғамдық  моральдық  нормасын  орындауға  қалыптастыру;
  • шәкірттердің  адамгершілік  тәжірибесін  қалыптастыру;
  • шәкірттердің  санасына  және  мінезіне  ұстаздық  ықпал жасау, ұлттық  қасиеттерді  дарыту;
  • Республикаға, оның  Президентіне, Әнұранына, Рәміздеріне  шәкірттердің  сүйіспеншілік  сезімін  тәрбиелеу.

Адамгерлішікті  әр  балаға  өзінше  түсіндіреді. Ұстаз, ата-ана  жасөспірімдерді  адамгершілікке  тәрбиелеуде өмірдің  көптеген қарама – қайшылықтарына  кездеседі.

Осылардың  арасында  әсіресе  екі мәселе  күрделі. Олар: жезөкшелік  немесе  ерте  басталған  жыныстық қатынас, ал екіншісі, нашақорлық пен қиын    балалар  мәселелері.

Бұл екеуінде  де отбасының  ролі  ерекше, себебі  тәрбие  отбасынан  басталады. Отбасы – мәдениет ошағы, тәрбие  мектебі. Отбасы  мүшелерінің  бірлігі,  ерлі – зайыптылардың  сүйіспеншілігі, бір – біріне  жылы қамқорлығы, әже – аталармен қатынас, бауырлар  арасындағы  жылылық,  жардың  адал болуы  адамгершілік  қарым – қатынасын  байытады. Мұндай  отбасы  балаларға  өнеге  көрсетеді. Осындай  отбасынан  жақсы  азаматтар  шығады.

Отбасындағы  бірінші  мәселе – балаларды болашақ үй  иесі,  болашақ  жар болуға  дайындау. Жыныстық  тәрбие  дегеніміз – жоғарғы  адамгершілік сезім үміті, бір – біріне  сенушілік, өзара  махаббат  тәрбиесі. Жыныстық  тәрбиенің  басты  факторы – ата – аналар  өнегесі. Ана  мен әкенің  арасындағы  шынайы  махаббатты, достықты, сыйластықты және  олардың бір-біріне  деген  қамқорлығын  бала сезіп өссе,  ол отбасынан  болашақ  жақсы  азамат шығады.

Отбасы тәрбиесіндегі  адамгершілікке, жыныстық  қатынасқа  байланысты  тәрбиедегі  басты мәселе  отбасындағы  орныққан  тәртіп,  яғни  баланың  таңертең  орнынан  тұруынан  тамақтануы,  сабаққа дайындалуы,  мектепке  баруы, бос  уақытын  қалай  өькізуі, кешке  қай мезгілде  жатуына  дейін  күн тәртібінде  болуы тиіс.

Физиолог, психологтардың  айтуы  бойынша  жыныстық толысу  кезеңі  қыздарда 12 жастан, ер  балаларда 14  жастан басталады.

Бұл кезең 3-4 жылға  созылады, сүйектері бекіп, бұлшық еттері  өседі. Сондықтан ата-аналар  қыздарын 12-15 жастан, ұлдарын 14-16 жастан

жыныстық  жетілуіне  даярлау  керек. Болашақ әке мен  шеше  осы кезеңнен 

басталады. Отбасылық  тірлікке даярлау,  әке-шешенің  міндетін үйрету – ата – атаның  борышы.

Балаларды адамгершілікке  тәрбиелеудің  тағы  бір  мәселесі, ол өмір ағымының  кемшілігінен, ұстаздар мен  ата-аналардың  тәрбие процесінде  жіберген  қателіктерінің  нәтижесінде  қиын  балалар  мәселесі пайда  болады. Психологиялық  тәрбиесі  қиын  балалар – бұлар оқуға,  еңбекке, қоғамдық  өмірге  ықыласы жоқ балалар. Олар  дөрекі, әдепсіз, барлық  жарамсыз  әдеттерге  еліктеуге  бейім келеді.

Баланың  қиын  болып өсуінің  көптеген  себептері бар.

Бірінші себеп – отбасы  тәрбиесіндегі  кемшілік,  ата – аналарының  баланы  тым еркелетіп  жіберуінен  немесе  әке-шешелердің  өздерінің  қатігездігі, дөрекілігі, өзімшілдігінен туындайды.

Екінші себеп – ата-ананың  балаға  үлгі – өнеге  көрсете  алмауынан, өздерінің  некедегі  тұрақсыздығы, маскүнемдігін, ұлрық – қарлық, өтірік – өсекпен айналысуы. Қысқасы әке – шешенің  мінез – құлқы  бұл  мәселеде  шешуші  фактор  болып  табылады.

Үшінші себеп – ол балаға  үнемі  жеткіліксіз  көңіл бөлу. Көп жағдайда  ата – ана  баланың жан  дүниесін  түсінбейді.

Отбасы  - бала  үшін  өмір мектебі,  онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, т.б.адамгершілік  қасиеттері  дамып  қалыптасады. Бала білімнен  сенімге, сенімнен  әрекет етуге  ұзақ, күрделі  жолдан  өтеді. Сонымен отбасы – жеке адамның  адамгершілік  негізін  қалайтын  орта.

Төртінші  себеп – мұғалімнің, сынып жетекшілерінің  тәрбие  жұмыстарындағы, ұстаздық  қызметіндегі  кейбір  кемшіліктері.

Қиын  балаларды  ата-ана да, ұстаздар да, сынып  жетекшісі де,  мектеп  басшылары да тәуір көрмейді. Ондай  балалардың  өн бойына  мін тағу, кемшіліктерді  табу, ұрсу, өсиет айту – ересектердің  бойында  баршылық.

Неге ол бала  қиын болды деген  сұраққа  жауап іздеу жоқ.

Қиын  балалардың  мінез – құлқын , себебін  жете білген  жөн. Ол үшін  балалардың  диагноздық белгілерін анықтау  керек. Ондай  белгілер:

  • жалпы заңдылықтан  ауытқушылық – маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық;
  • жаман  қасиеттер  жиынтығы – мейірімсіздік, жалақорлық, жалғандық, өзімшілдік;
  • ұстаздармен, ата-налармен  жасан сөзге келу;
  • өзін – өзі түзетуге  еріксіздігі.

Қиын  балалардың  кемшіліктерін  түзету  де қиын. Қиын балалрмен  жұмысты  мұғалімнің, сынып  жетекшісінің  басшылығымен  ұстаздар, ата-аналар  бірігіп жүргізуі  керек.Жалпы  адамгершілік  тәрбиенің  басқа тәрбие  салаларына  қарағанда  өзіндік  ерекшеліктері бар.

Біріншіден, ол қоршаған  ортаға  қоғамдық  қары – қатынасқа, рухани  байлыққа  байланысты. «Әр елдің салты басқа, иттері  қара қасқа» деген қазақтың  мақалы  осыны  көрсетеді. Адамгершілік  тәрбиесі  ортамен  тығыз  байланыста. Әр қоғам, әр ұлт, әр отбасы  ұрпағымның  адамгершілігі мықты  болса екен деп тілейді.

Екіншіден, адамгершілік  тәрбиенің  ерекшелігі  қоғамдық  моральды, жеке  адамның  санасына  сыйғызу, қалыптастыру, сөйтіп қоғамдық  моральды  жеке  адамның мінез – құлқына, тәрбиесіне, тәртібіне  аламастыру.

Адамгершіліктің  жоғары  деңгейі  ол оқушылардың  екі жүзді болмай, сана – сезімі мен ой – өрісі  қатар дамып,  сезімі, еркі, мінез – құлқы  дұрыс  бағыт  алуында.Адамгершілік тәрбие  әр кезде  ұстаздың, ата-ананың, сынып  жетекшісінің  бақылауында, сондай – ақ  бұл тәрбиенің  саласы  диагностикалы жүйені қажет етеді. Ол үшін  ұстаз адамгершілік  тәрбиенің  кері  ақпаратымен  қаруланғаны жөн.

 

__________________________

Төлеубаева Р.К. Адамгершілік тәрбиесінің  негіздері. 10-лекция. – Алматы, 1991.

Кері ақпарат  адамгершілік  тәрбиені әрі  қарай  қалай дамытуға  болатыны  жөнінде  құнды мәлімет  береді.

Адамгершілік  тәрбие ақыл – ой, еңбек, азаматтық, эстетикалық, дене, экономикалық, құқықтық, экологиялық, т.б. тәрбие  салаларына  тікелей  ықпал жасайды.

Сонымен, мектеп  оқушыларын  адамгершілікке  тәрбиелеуде  өмірдің  көптеген  қарама – қайшылықтарына  кездесуге болады. Сол қарама – қайшылықтардың  ең күрделілері: некеге тұрақсыздық, тастанды балар, жезөкшелік, алдап – арбау, нашақорлық, арақ құмарлық, балалардың  сотқар  болып өсуі. Міне, осылардың барлығы  қоғамымыздың  дұрыс  дамуына  кері  әсер етеді. Сондықтан да бастауыш  сынып  ұстаздары, сынып жетекшілері  баланың  жас кезінен  адамгершілікке  тәрбиелеуді  қолға алғаны жөн. Себебі  адамгершілігі  мол қоғам  мүшелері  бастауыш сынып  оқушыларынан  басталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Адамгершіліктің  басты  белгісі – азаматтық.

Азаматтық  тәрбиенің  негізі – саяси – идеялық  тәрбие

 

Көптеген  әдебиеттерде  азаматтық  тәрбие  бөлек  беріледі де, кей  жағдайда  азаматтық  тәрбиені «саяси – идеялық», «патриоттық», «интернационалдық» және «құқықтық тәрбие» деп  әрқайсысын жеке  даралап  береді.Оның еш  қатесі жоқ. Негізінде  азаматтық  тәрбие  адамгершілік    тәрбиенің  жалғасы  ретінде  де қолданылады. Оған себеп  адамгершіліктің  басты белгісі, мақсаты -  жасөспірімнен елінің  адал,  мемлекет  саясатын  түсінетін, Отанын, ұлтын сүйетін, мемлекет заңын  сыйлайтын  азаматын тәрбиелеп  шығару.

Сонымен  азаматтық  тәрбие – тәрбие  салаларының  бір тбы. Оны жеке  қарауға болмайды.

 Ол тәрбиенің басқа  салаларымен, баланың  өз басымен, ұстазбен, т.б. жағдаймен  байланыста  қарау керек.

Азаматтық тәрбие  мемлекеттік  саясаттан  басталады.

«Саясат – таптардың,  ұлттардың,  әлеуметтік  топтардың  араларындағы  қарым – қатынасты  қамтитын  әрекет  өрісі. Ол мемлекеттік  өкіметті  жеңіп алу, оны қорғау және пайдаланумен  байланысты. Саясат дегеніміз – мемлекеттік  қызметке араласу, оның бағытын  белгілеу, мемлекеттің формасын, міндетін, қызметінің  мазмұнын анықтау. Саясаттың мазмұны  үстемдік  етіп  отырған  таптың  алдына қойған  мүддесіне  байланысты».

Елдің  азаматы болу үшін,  сол елдің  саясатын  санаға  енгізу керек. Саяси – экономикалық  қатынастарға, саяси идеологияларға байланысты. Қазіргі таңда Егемен  Қазақстан  жағдайында  саясатсыз, идеясыз өмір сүруіміз  мүмкін емес. Сондықтан  саясаттың, саяси  сананың не екенін  айта отырып, саяси – идеялық  тәрбиеге  көңіл  бұрып,  оны азаматтық  тәрбиенің  бастауы  ретінде  қарау  керек.

Информация о работе Адамгершілік және азаматтық тәрбие. Жеке адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру