Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 19:10, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі: ұғымы, қағидаттары, сайлау органдары.Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi. Казакстан Республикасы сайлау жүйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжлiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз. Сайлау жүйесiнiң тепе-тең және мажоритарлы сияқты екi түрi бар.

Содержание работы

I. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі

II. Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихы

1. Сайлау комиссияларының құқықтары мен міндеттері

2. Сайлау округтері

3. Сайлау учаскелері

III. Қазіргі сайлау жүйесі

Файлы: 1 файл

Мәнжазба.doc

— 248.50 Кб (Скачать файл)

             Қазақстан Республикасы білім  және ғылым министрлігі 

             Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік  университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Мәнжазба

 

 

Тақырыбы:Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                           Орындаған:  

 

                                                                    Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

                                         Ақтөбе - 2013             

Жоспары:                                                                                                     

 

I. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі

 

II. Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихы

 

          1. Сайлау комиссияларының құқықтары мен міндеттері

 

2. Сайлау округтері

 

3. Сайлау учаскелері

 

 III. Қазіргі сайлау жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  сайлау жүйесі: ұғымы, қағидаттары, сайлау органдары.Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi. Казакстан Республикасы сайлау жүйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжлiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз. Сайлау жүйесiнiң тепе-тең және мажоритарлы сияқты екi түрi бар. Тепе-тең сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау барысында берiлген дауыс пен жеңiп алынған мандат арасындағы тепе тендiк қағидасына негiзделедi. Тепе-тең сайлау жүй есiнің әрекет етуi үшiн бiрнеше iрi аумақтық округтер және екiден кем емес калыптасқан саяси партиялар болуы қажет. Мажоритарлы сайлау жуйесi артық басымдыды және салыстырмалы басымдылы деген екi түрге бөлiнедi. Артық басыьдылық мажоритарлы жүйе тусында бiрiншi және екiншi қайта дауыс беру кезiнде, сайлаушылар тiзiмiне енгiзiлген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса, сайлау өттi деп, дауыс берушiлердiң 50 пайыздан артык дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледi. Салыстырмалы басымдылы мажоритарлы жүйе тұсында егер кандидат сайлау тiзiмiне енген сайлаушылардың 25 пайызының дауысына ие болса, дауыс берген сайлаушылардың санына қарамастан, сайланды жене сайлау өттi деп есептеледi. Казақстан Республикасында Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау кезiнде, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) елу пайызынан астамының дауысын алған және қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қараған да дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланып, сайлау өттi деп саналады. Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады. Жергiлiктi озiн-өзi баскару органдарының мушелерiн сайлау кезiнде басқа кандидатарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.

Сайлау құқығы кандидаттары.

A. . Жалпыға бiрдей  белсендi сайлау құқығы қағидаты. Бұл қағида бойынша Қазақстанның он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдайларға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы бар. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы белсендi сайлау құқығы есеп сайлу құқығы болып бөлінеді. Белсендi сайлау құқығы дегенiмiз 18 жасқа толған Қазақстан азаматтарының сайлауда дауыс беру құқығы. 
Бәсең сайлау құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Казакстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы. Сайлауға сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды. Казакстан Республикасының Президентiне, Казакстан Ресгiубликасы Парламентiнiң, соның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат ретiнде, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидат болып тiркелу уакытына қарай сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен етелмеген немесе алып тасталмаған адам тiркеуге жатпайды. 
B. Тең сайлау құқығы. сайлаушылар Республика Президентi, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тен негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысына бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады. Сайлаушылар Респбликаның жергліктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тен негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен катысуша кепiлдiк берiледi. 
C. . Төте сайлау құқығы. Республика Президентiн, Парламентi Межiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды. 2006 жылы 4 желтоқсанда Казакстан Республикасының Президентiн сайлау өткiзiлiп, сайлауға қатынасқандардың 91,15 пайызынын дауысын жинаған Н. Ә. Назарбаев 7 жылға Казакстант Республикасының Президентi болып сайланды. 
D. Жанама сайлау құқығы. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар — мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тен негiздерде катысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаган кезде бiр дауысы болады. 
E. Жасырын дауыс беру. Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мумкiндiгiне жол берiлмейдi. 
F. Сайлау бостандығы. Республикадагы сайлау Республика азаматының сайлау жене сайлану құқығын еркiн жузеге асыруына негiзделедi. Республика азаматтарынын сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ. Сайлаушылардың, сайлаудан, дауыс беруден оз ерiктерiмен бас тартуы абсентеизм деп аталады.

Халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік қазақстандық қоғамға ежелден тән.  Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды.

Қазіргі Қазақстан  Парламенті бір палаталы өкілді органның –  алғаш рет  Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін  Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің  орнына келді.

Жоғарғы Кеңес  өзі жұмыс істеген кезде он үш рет сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы  Кеңесінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Сайлау  жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiлдi.

Ол уақытта  депутаттар корпусын құру баламасыз  негізде Коммунистік партияның  қатаң бақылауымен жүргізілгенін  атап өту керек. Депутаттыққа кандидаттар  партия ұйымдары белгілеген таптық, партиялық, ұлттық, жыныстық-жастық және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Сондықтан заң шығару органының құрамында қанша жұмысшы, колхозшы, қызметші, коммунист, комсомол мүшесі, қазақ, орыс, украин, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері, әйелдер, жастар және т.с.с. болатыны сайлау басталмастан бұрын белгілі болатын. Мемлекеттік органдардың жоғары шенеуніктері, партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызмет лауазымдарына сәйкес депуттатыққа кандидат болып ұсынылатын.

Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы сайлау жүйесіне аз ғана өзгерістер енгізді. Еліміздің  осы Негізгі заңына сәйкес Қазақ  КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік  биліктің жоғары органы болып табылды. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі КСРО Конституциясымен және Қазақ КСР Конституциясымен Қазақ КСР жүргізуіне жатқызылған мәселелердің барлығын шешуге өкілетті болатын. Жоғарғы Кеңестің жұмыс органы – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығында қажет болған жағдайда Қазақ КСР қолданыстағы заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізіп, оларды кейін кезекті сессияның бекітуіне ұсынатын. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі, қажет деп санаған жағдайда, кез келген мәселе бойынша тексеру комиссияларын  және өзге де комиссияларды құратын. Барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар тұрақты және өзге де комиссиялардың талаптарын орындауға, оларға қажетті материалдар мен құжаттарды беруге міндетті болатын. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің жүргізуіне жатқызылған кез келген мәселені қарап, шешуге уәкілетті еді.

1990 жылғы наурызда  он екінші сайланған Қазақ  КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы  өтті.  Бұл әкiмшiл-әмiршiл жүйенің ықпалы әлі де болса жеткілікті болып тұрған жағдайдағы республиканың жоғары заң шығару органының алғашқы неғұрлым  демократиялық  сайлауы болатын. Сайлау алдындағы тартысқа 360 депутаттық мандат үшін екі мыңнан астам үміткер қатысты. Республикалық қоғамдық ұйымдардан 90 адамның сайланғаны да аталған сайлаудың бір ерекшелігі болып табылады. Бұл сайлау толыққанды саяси партиялар болмаған жағдайда өткенімен, тоталитарлық жүйенің  өзгеру процестеріне бұлжымас сипат берді.

Он екінші сайланған  Жоғарғы Кеңес Қазақстан парламентаризмінің қалыптасу тарихында ерекше рөл  атқарды. Бұл бірқатар аса маңызды  құқықтық актілердің қабылдануында, мемлекеттің 90-шы жылдардағы саясатын заңнамалық жағынан қамтамасыз етуде көрініс тапты.

«Қазақ КСР  Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР  Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ КСР-інің Заңымен Қазақ КСР Президентінің қызметі тағайындалып, еліміздің алғашқы Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1990 жылғы 25 қазанда  Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі  «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны қабылдады, онда тұңғыш рет  аумақтың бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмайтындығы бекітіліп, еліміз халықаралық құқық субъектісі ретінде айқындалды, азаматтық институт, сондай-ақ меншік нысандарының тең құқылығы енгізілді.

1991 жылғы тамыз  бен желтоқсандағы оқиғалар – Мәскеуде іске аспай қалған бүлік және Беловежск келісімдері КСРО тарихының соңғы нүктесін қойып, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті.

Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес ымыраға келу жөніндегі екі жылдық ізденістерден кейін 1993 жылғы 28 қаңтарда Республика егемендігінің қалыптасуын заң жүзінде аяқтаған  және шынайы конституционализмнің орнығуын жалғастырған Қазақстанның кеңестен кейінгі алғашқы Конституциясын қабылдады. Соның негізінде республикада ұлттық қауіпсіздікті, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың нақты кепілдіктерін, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды қамтамасыз етудің  жаңа сапалы кезеңіне көшу басталды.

1993 жылғы Конституция, бір партиялық саяси басқарудан, монополиялық экономикалық жүйеден, тарихи күш көрсету идеологиясынан бас тартып, Қазақстан қоғамы дамуының  оң серпіні үшін өріс ашты. 

Әлеуметтік  бағдарланған нарықтық экономикаға  көшудің өтпелі кезеңінде Негізгі Заң Республиканы дүниежүзілік қоғамдастықтағы тәуелсіз мемлекет ретінде заңдастырды.  1993 жылғы Конституция Қазақстан өзін қазіргі заманғы өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде білдіреді, ол тату көршілік пен көптарапты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты қалайды, жалпы адамзаттық құндылықтардың жолын ұстанады деп жария етті. 

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында, бұрынғысындағыдай, Жоғарғы Кеңеске өте көп өкілдік  берілді, бұл биліктің бөліну принципін  жүзеге асыру мен тежемелік әрі  тепе-теңдік жүйесін құруды қиындатып жіберді. Реформалардың одан әрі жүргізілуі республикалық билік органдарының, бірінші кезекте,  өкілді органдардың тиімсіздігін анықтады, өйткені олар жедел өзгеріп жатқан оқиғаларға шұғыл түрде әсер ете алмады және осыған орай баламалы шешімдер қабылдауға дәрменсіз болды. Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің тұрақты негізде істеген жекелеген органдарының жұмыс нәтижелері де кәсіби Парламент құрудың қажеттігін дәлелдеді. Тежемелілік пен тепе-теңдік тетіктерінің жұмыс істемеуі Жоғарғы Кеңеске Үкіметтің қызметіне араласуына немесе оны ауыстыруға дейін баруына мүмкіндік берді, бұл республиканың өкілді органының қызметін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соқты. 

Он екінші сайланған  Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуы  биліктің жергілікті өкілді органдарының өкілеттіктерін   тоқтатуынан басталды. Алдымен Алматы қаласының Алатау аудандық Кеңесі, ал содан кейін республиканың аудандық және облыстық Кеңестері бірінен соң бірі өз сессияларында өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұған қоса, 43 халық депутаты өкілеттіктерін тоқтатқаны туралы мәлімдеме жасап, әріптестерін өздерінің жолына түсуге шақырды.  Он екінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 11-сессиясының  жұмысы аяқталар қарсаңында жергілікті Кеңестердің төрттен бірінен астамы өз жұмысын тоқтатты. Осындай жағдайда халық қалаулылары Парламент қабырғасында өткізген ұзақ пікірсайыстардан кейін Сайлау туралы кодекс, Республика Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiктер беру туралы заң және Жоғарғы Кеңестің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы заң қабылдады. Республиканың жоғары өкілді органының соңғы екі заңнамалық актіні қабылдауының маңызы іс жүзінде Конституцияға түзетулер енгізумен бірдей болды.

1994 жылғы 7 наурызда  өткен сайлау республикада көп партиялылықтың қалыптасуына ықпал етті. Сайлауға сайлаушылардың 73,84 проценті қатысты. Небары 135 бір мандатты округтер бойынша 910 адам ұсынылып, тіркеу шарттарына 692 адам лайық болды, орташа алғанда – 5 үміткер бір депутаттық мандат үшін күресті.

Уақытша регламентке  сәйкес партиялар өкілдіктері негізінде  Жоғарғы Кеңесте мынадай фракциялар құрылды: Қазақстан Халық Бірлігі  Одағы (ҚХБО – 32 адам), Қазақстан Халық  Конгресі партиясы (ҚХК – 22 адам), Социалистік  партия (12 адам) және Кәсіподақтар федерациясы (12 адам), сондай-ақ, негізінен кәсіби белгісі бойынша қалыптасқан 14 депутаттық топ болды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің нақты тұтқаларына қол жеткізіп, мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуына және қабылдануына ықпал ету мүмкіндігін алды.

1994-1995 жылдар  кезеңі қазақстандық парламентаризмнің  қалыптасуындағы төтенше маңызды  кезең болып табылады. 1994 жылғы  сәуір – 1995 жылғы наурыз аралығында  жұмыс істеген он үшінші сайланған  Жоғарғы Кеңес депутаттар тұрақты негізде жұмыс істеген Қазақстанның тұңғыш кәсіби парламенті болды.

Алайда он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің тағдыры  өте қиындау болып шықты. Ол өз құқығына билік тармақтарын бөлу тетігі логикалық тұрғыдан аяқталуға  дейін жеткізілмеген, биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік жүйесі нақты мазмұнмен толықтырылмаған, Жоғарғы Кеңестің, Президенттің және Үкіметтің мәртебесі аяғына дейін айқындалмаған мемлекеттік құрылыстың ең бір күрделі кезеңінде кіріскен еді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі