Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 19:10, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі: ұғымы, қағидаттары, сайлау органдары.Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi. Казакстан Республикасы сайлау жүйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжлiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз. Сайлау жүйесiнiң тепе-тең және мажоритарлы сияқты екi түрi бар.

Содержание работы

I. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі

II. Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихы

1. Сайлау комиссияларының құқықтары мен міндеттері

2. Сайлау округтері

3. Сайлау учаскелері

III. Қазіргі сайлау жүйесі

Файлы: 1 файл

Мәнжазба.doc

— 248.50 Кб (Скачать файл)

Мажоритарлық  жүйенің 2 түрі бар: абсолютті және салыстырмалы. Абсолютті жүйеде сайланды деп басым  көпшілік дауысты (50 пайыз және 1 дауыс) алған талапкер саналады.Мұнша дауысты  үміткердің көбі бірінші кезекте  ала бермиді. Сондықтан сайлаудың  екінші туры өткізіледі. Мұнда бірінші турда көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып есептеледі.    Мажоритарлық жүйенің салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50 пайыздан артық дауыс алу шарт емес. Мажоритарлық жүйенің абсолютті және салыстырмалы түрлерінде сайлау округтері бір мандатты келеді, яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады. Мәселен, мұндай мажоритарлық жүйе АҚШ, Англия, Франция, Жапонияда дамыған. Сайлаудың мажоритарлық жүйесі қарапайым және онай сияқты көрінеді. Оның үстіне парламентте көш бастаушы партия тұрақты үкімет  қалыптастыра алады. Сондықтан ол жүйе кеңірек тараған. Алайда оның   кемшілікетері де бар. Оның ең бастысы – сайлаушылардың қалған 49 пайызының ( ал салыстырмалы көпшілік жүйесінде одан да көп азаматтардың) еркі, ықтияры ескерілмейді.

        Пропоционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы- ол көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың  (депутаттық орынның) арасындағы пропоционалдықты басшылыққа алады.  Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді. Сайлау кезінде қай партия көп дауыс алса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Бұл жүйеде сайлау округінен  бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады. Сайлаушылар партиялық тізімге, нақтырақ айтқанда бағдарламаға дауыс береді. Мұндай сайлау жүйесі Еуропа елдерінде (Ұлыбритания мен Франциядан басқа) кең дамыған. Сайлаудың пропоционалдық жүйесінің кемшілігі- айлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.   Мажоритарлық және пропоционалдық жүйелердің кемшіліктерін жою үшін аралас айлау жүйелері қолданылады. Онда депутаттық мандаттың бәр бөлігі мажоритарлық жүйе принципі арқылы жеңіп алынады, екінші бөлігі партия тізімі бойынша сайлауға байланысты бөлінеді. Ұсақ партиялардың кілдерін шектеу үшін мұндайда төменгі шек қойылады. Мысалы, Германияда 5 пайыздан кем дауыс алған партияның өкілеттігі шектеледі, яғни парламентте орын ала алмайды. Бұл жүйе тұрақты үкімет құруға мүмкіндік береді. Еліміздің сайлау жүйесіне келсек ҚР-сы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жкргілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға қатысуғақұқығы бар. Сайлау жалпыға бәрдей, тең және сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс жағдайында өткізіледі. Жалпыға бәрдей белсенді сайлау құқығы- ҚР-ның он сегіз жасқа толған азаматарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, және мүліктік жағдайында, жынысына, нәсіліне,ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатыса алады.

         Бәсен сайлау құқығы- Республика азаматтарының Конституцияда белгіленген шектеулермен Президент, Парламент және мәслихаттың депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болып  сайлану құқығы. Мәселен, 1999 жылдың 10 қантарында мажоритарлық ждүйенің абсолютті түрі бойынша Н.Ә. Назарбаев мезгіленген бұрын жетіжылдық мерзімге ҚР-ның Президенті болып сайланады. (Бұған дейін 1990 жылғы сәуірінде Жоғарғы КеңесПрезидент етіп сайлаған. 1991 жылдың желтоқсанынан ҚР-ның Президенті. 1995 жылғы референдумда Президенттің өкілеттігі ұзартылған). 

Елімізздің кәсіби Парламенті тұнғы рет 1994 жылғы 7 наурызда сайланған. Бірақ 1995 жылғы наурызда жаңа Конституия бойынша екі палаталы Парламент сайланды. Жоғарғы палата (Сенат) 47 депутаттан тұрды, оның 7 сенаторын Президент тағайындады. Төменгі палата (Мәжіліс) 67 депутаттан тұрды. 1999 жылы Жаңа парламенттік сайлау болды. Парламент мүщелерінің бір бөлігі партиялық тізім бойынша сайланды.

Конституцияда Президентікке және Парламент депутаттарына  үміткерлер үшін жас шегі және сол  лауазымда болу шегі белгіленген. ҚР-ның  Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Мәжіліс депутаты болып 25 жасқа толған ҚР-ның азаматы сайлана алады. Сенат жепутаты болып азаматтықта екм дегенде 5 жыл тұрған, 30 жасқа толған, жоғарғы білімі және кем дегенде 3 жыл тұрақты тұратын азамат сайлана алады. Мәслихат дупутаты болып ҚР-ның 20-ға толған азаматы сайлана алады.  

Атқарушы органдардың  қызметін Үкімет басқарды. Ал оның құрылуына  Президент тікелей қатысады. Өз қызметінде Үкімет Елбасы алдында жауапты әрі Парламентке есеп беріп отырады. Тікелей және өздері сайлаған өкілдер арқылы халық ел басқару ісіне қатыса алады. Қазақстандағы сайлау республика азаматының өзінің сайлау және сайлану құқыктарын еркін жүзеге асыруга негізделген. Президентті, мәжіліс және мәслихат депутаттарын, жергілікті езін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау дауыс берудің құпиялылығы сақталып, жалпыға бірдей төте сайлау қүқыгы нсгізімдо өткізіледі. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті.

Қазақстанда жаңа сайлау жүйесінің еңгізілуі қоғамның саяси жүйесін одан әрі демократияландыруға  едәуір ықпалын тигізді. Парламент сайлауы мен оны қалыптастыруда саяси партиялардың белсенділігі арта түсті. Партиялық тізіммен дауыс беруге рұқсат етілген 2000 жылғы соңғы сайлау кезінде бұл анық байқалды. Бұл жағдай өз кезегінде елдің саяси өмірін одан сайын жандандыра түсті. Мұны мынадан көруге болады: 1998 жылдың соңы мен 2000 жылдың басында Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде «Қазақстан азаматтық партиясы», «Қазақстан халықтық республикалық партиясы», «Отан» республикалық саяси партиясы, «Қазақстан аграрлық партиясы» жөне басқа да партиялар тіркеуден өтіп, өмірге жолдама алды.

Алдыңғы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дүниеге келуі халықтың қалың көпшілігінің саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, ұлттық-мәдени орталықтар мен діни бірлестіктер қоғамдық сананың түрліше тұстарын қамтыды. Өйткенмен, бұлардың ішінде саяси партиялар ғана қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекерлеуші буын қызметін атқара алады. Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде қалың көпшіліктің мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.

Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген соңғы өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, ел аумағында пропорционалды сайлау жүйесі кіріктіріледі.

Қазақстан Республикасындағы  саяси партиялар. Қазақстанның социалистік партиясы (ҚСП) бұрынғы Коммунистік партияның тікелей мүрагері ретінде 1991 жылы 7 қыркүйек күні ҚКП-ның кезектен тыс XVIII съезінің шешімдері нәтижесінде саяси сахнаға шықты. 1991—1993 жылдары ҚСП ымырашыл саясат үстанып, солшыл-орталықшыл көзқараста болып, ықпалды болғанмен үкімет жүргізіп отырған саясатқа ашық келіспеушілік көрсете қоймады. 1994 жылдан бастап оппозициялық көңіл күйге ауысып, солға ығыса түсті.

1995 жылы партияішілік  мәселелердің асқынуынан партия  басшылығы мен облыстық үйымдардың  саяси бағытында келіспеушіліктер  туып, тұтас үйымдар коммунистер жағына шығып кетті. ҚСП қазіргі кезде нақты күші мен ықпалының жоқтығынан іске қабілетсіздігін байқатуда.

«Алаш» Қазақстанның ұлттық партиясы (ҚҰП) қоғамдық ұйымы алғашқыда 1991 жылы 4 қыркүйекте өткен құрылтай конференциясында Қазақстанның Республикалық партиясы(ҚРП) болып құрылды.

1999 жылы 29 мамырда Астана қаласында ҚРП-ның III съезі болып өтті, онда ҚРП «Алаш» ҚҰП болып өзгертілді. Съезде партияның жаңа Жарғысы мен бағдарламасы қабылданды, сайланбалы органның құрамы жаңартылды.

«Алаш» ҚҰП 1991—1992 жылдары айрықша белсенділік  көрсетті. 1993—1994 жылдары республикамыз  мемлекеттік егемендік алуына орай бірқатар саяси ұрандары көкейкестілігін жоғалтуына және басшылығы арасында алауыздык пайда болуына байланысты партияның көзқарасы едөуір өлсіреді. Ол 1995 жылғы Парламент, 1999 жылғы Елбасы сайлауларына қатыспады.

Қазақстан Халық Конгресі партиясы (ҚХКП) 1989 жылы құрылып, іле-шала Қазақстан аумағында басталып, Қазақстанның халқы және шетелдер құлшына қолдаған «Невада—Семей» антиядролық қозғалысының базасында дүниеге келді. ҚХКП 1991 жылы 5 қазан ісүні өткен I (құрылтай) съезінде бекітілді. Республикалық статусы бар Невада—Семей қозғалысының көпшілікке танымалдығына байланысты партия алғашқы кезде өз жақтастарын тауып, республиканың қоғамдық өмірінде аса зор белсенділікке ие болды. Алайда 1995 жылдың соңына карай О.Сүлейменовтың партиялық белсенділіктен қол үзуіне байланысты, ҚХКП партияішілік өзінің идеологиялық көзқарасын анықтау кезінде күрделі жағдайларды бастан кешірді.

Қазақстанның коммунистік партиясы (ҚКП) 1991 жылы қазан айында XVIII кезектен тыс (төтенше) съезден кейін құрылды. ҚКП мүшелері бұл датаны «өзін-өзі таратқан партияның қайта бірігуі» деп, ал өздерін 1903 жылы құрылған большевиктер партиясының заңды мұрагері деп есептейді. ҚКП-ны қайта біріктіру шешімі партияның XIX съезінде коммунистердің бір тобының коммунистік партияны социалистік деп өзгертуіне қарсылық білдіруінен келіп шықты.

ҚКП-ның республикалық  статусы бар. Қолданыстағы заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты 1997 жылы 17 ақпанда қайта тіркеуден етті. Өз қызметінің басынан-ақ ҚКП елдің қоғамдық-саяси өмірінебелсене қатысып келеді. Әсіресе 1998-1999 жылдары Елбасын сайлау және Қазақстан Республикасының өкілетті органдарына депутаттар сайлау кезінде елсулі де тиімді кызмотімен көзге түсті.

Қазақстанның  азаматтық партиясы (ҚАП) республикалың қоғамдық бірлестігінің 1998 жылы 17 қарашада Ақтөбе қаласында І(құрылтай) жиналысы болып өтті. Республикалық статусы бар. Өз қызметінің алғашқы күнінен бастан ҚАП саяси белсенді өмір сүруде. Саяси сахнада өз бетінше еенімді өрекет етеді. Партияның негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін нығайтуға және дамытуға үлес қосу.

««Отан» республикалық саяси партиясы» қоғамдын бірлестігі — «Отан» РСП 1999 жылы 19 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатН.Ә.Назарбаевты қолдайтын республикалық қоғамдық штаб қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысының шешімімен «Отан» республикалық партиясы қоғамдык бірлестігі болып өзгертілді. Республикалық статусы бар. Алғашқы күннен бастап партия елдің саяси өміріне белсене араласты. Дүниеге келген күнінен бастап «Отан» РСП, өзінің ойынша, өз алдына қойған екі басты саяси міндеттерді орындаған: қатаң ұйымдық структура құрылды және 1999 жылы елдің өкілетті органдарына парламенттік және мәслихаттық орындардың көпшілігін иемденді.

«Қазақстанның аграрлық партиясы» (ҚАП) қоғамдық ұйымы — 1999 жылы Астана қаласында өткен құрылтай съезінің шешімімен құрылды. Съезд делегаттары ауыл шаруашылығын реформалауды қолдау туралы ойларын білдірді. Республикалық статусы бар. Ол ауыл еңбеккерлерінің мүддесін қорғау, бағдарламалық және жарғылық мақсат-міндеттерін жүзеге асыру, өзін-өзі басқару принципінде әрекет етеді. Бүкіл Қазақстан қоғамының жағдайыи жақсартуға мүдделі.

Қазақстанның демократиялық  партиясы (ҚДП) қоғамдық бірлесті.і 1995 жылы зиялылар тобы құрған «Азамат» қоғамдық қозғалысының тікелей мұрагері. 1999 жылы 27 наурызда Құрылтай съезі болды Республикалық статусы бар. Елдің қоғамдық, өмірінде партия белсенді бағыт ұстанып, көптеген баспасөз конференцияларында билік құрылымдарының қызметіне байланысты кез келген мәселеге партия басшылығының пікірін білдіреді, тығырықтан шығудың өзекті мәселелері мен шаралары туралы өз ойын ортаға салады. 2004 жылм.і сайлауға катысқан жок.

''«Ауыл» шаруа социал-демократиялық  партиясы» («Ауыл» ШСДП) цогамдық бірлестігі — 2000 жылы 30 қаңтарда I съезі (құрылтай) болды. Республикалық статусы бар. Партия аграрлық партиямен шынайы идеологиялық келіспеушіліктер негізінде құрылды, аграрлық партия ауыл тұрғындарының емес, «делдал капитал» мүддесін қорғайды.

Қазақстан патриоттары партиясы (ҚПП) — 2000 жылы құрылған, негізгі мақсаты — Қазақстан халықтарының ұлттық қайта өрлеуі мен қалыптасуын, еліміздің тұрақты дамуын көздейді.

Қазақстанның демократиялық  «Ақжол» партиясы (ҚДП) — 2002 жылы құрылған, Қазақстанды одан әрі демократияландыру мәселелерін талқылауға белсене атсалысуда. 2004 жылғы сайлауда Мәжіліске 1 мандатқа ие болған.

«Руханият» партиясы — 2003 жылдың қазан айында тіркелген. Партияның әлеуметтік негізі — білім және денсаулық сақтау, ғылым мен мәдениет салаларының қызметкерлерінен құрылған. Парти» жоғары адамгершілікті, рухани бай қоғам құру міндетін алға койыи отыр.

Республикалық «Асар» партиясы — 2003 жылдың қазан айында құрылды. Идеялық түғырнамасы «Қазақстан—2030» стратегиялық даму бағдарламасына сәйкес келеді, негізінен, ол билік орындары меп қоғамның назарын халықтың әлеуметтік мөселелері мен өмірлік мұқтаждарына аударады.

1991 жылдан 2004 жылға  дейінгі кезеңде Қазақстанда көппартиялық жүйе қалынтасты. Оның жолға койылуында Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев үлкен рөл атқарды. Оның қолдауымен көптеген демократиялық партиялар құрылып, елде саяси жағдайдың дамуы қоғамды нығайтуға негіз салды.

Көппартиялық  жүйенің құрылуы Қазақстан Республикасында  сайлау жүйесінің дамуына өсер етті. Қазақстанда депутаттыққа кандидаттар ұсыну құқығына сайлау ұжымдары ғана ие емес, өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтардың өздері де ұсына алады.

2006 жылғы 22 желтоқсанда Астанада өткен Республикалық саяси «Отан» партиясының кезектен тыс X съезінде жаңа саяси үйым — «Нұр-Отан» Халыктық демократиялық партиясықұрылып, оның құрамына «Қазақстанның азаматтық партиясы» мен «Қазақстанның аграрлық партиясы» жөне «Асар» партиясы кірді.

2005 жылы 4 желтоқсанында  өткен Қазақстан Республикасы  Президентін сайлау. 2005 жылғы 25 казан күні сайлау алды үгіт насихат жұмыстары басталды. Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ретінде 5 адам: Ерасыл Әбілқасымов, Әлихан Мухамедұлы Бәйменов, Мэлс Хамзаұлы Елеусізов, Нурсултан Әбішұлы Назарбаев, Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай дауысқа түсті.

Орталық Сайлау комиссиясы сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілу Ережесін жөне сайлаудың ақпаратпен қамтамасыз етілуін анықтап, кандидаттарға мемлекет есебінен берілетін басылым аумағы мен эфирден берілетін уақыт бөліп отыратын.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі