Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 19:10, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі: ұғымы, қағидаттары, сайлау органдары.Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi. Казакстан Республикасы сайлау жүйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжлiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз. Сайлау жүйесiнiң тепе-тең және мажоритарлы сияқты екi түрi бар.

Содержание работы

I. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі

II. Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихы

1. Сайлау комиссияларының құқықтары мен міндеттері

2. Сайлау округтері

3. Сайлау учаскелері

III. Қазіргі сайлау жүйесі

Файлы: 1 файл

Мәнжазба.doc

— 248.50 Кб (Скачать файл)

Сайланған парламентшілердің жалпы санынан 59 депутатты саяси партиялар ұсынды:  «Отан» республикалық саяси партиясынан – 42, «АИСТ» сайлау блогынан - 11, «Асар» республикалық партиясынан – 4,  «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 1, Қазақстан Демократиялық партиясынан - 1. Өзін өзі ұсынғандар – 18 депутат.

Палатаның депутаттық құрамында 69 ер адам және 8 әйел бар. Үшінші сайланған  Мәжілістің депутаттық құрамының орташа жас мөлшері – 53 жас, ең жасы – 28 жаста, ең егдесі – 73 жаста.

Барлық депутаттар жоғары білімді. 37 парламентші екі жоғары оқу орнын бітірген.

28 депутаттың  ғылыми дәрежесі мен атағы  бар, олардың ішінде 13 ғылым кандидаты  мен 15 ғылым докторы бар.

Парламентшілер  арасында әртүрлі мамандықтағы инженерлердің  саны едәуір, олар – 21, заңгерлер – 14, экономистер – 16.

Бұдан басқа, үшінші сайланған Мәжілісте ауыл шаруашылығы, халықаралық қатынастар мамандарының кәсіби біліктілігін иеленгендер, менеджерлер, дәрігерлер, педагогтар, әскери қызметшілер, журналистер, мәдениет қайраткерлері  және т.б. бар.

Соңғы жылдар ішінде Палатада парламенттік стажы бар депутаттар саны өсті. Мәжілістің 29 депутаты осының алдындағы сайланымда жұмыс істеген, 3 – бірінші және екінші сайланымда, екеуі -  Сенатта, 12 депутат бұрын әртүрлі сайланған Жоғарғы Кеңестің депутаттары болған.  

Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Орал Байғонысұлы МҰХАМЕДЖАНОВ сайланды  

«Үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің  Мәжілісін тарату және Қазақстан  Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы»  Қазақстан Президенті Жарлығының қабылдауына байланысты 2007 жылғы 20 маусымда үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі өз қызметін аяқтады. 

 

ТӨРТІНШІ САЙЛАНҒАН  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 2007-2011 жылдар

Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес төртінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау 2007 жылғы тамызда болып өтті. 

Парламент Сенатында  Президент тағайындайтын депутаттар санының 15 адамға дейін ұлғаюын көздейтін өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Мемлекет басшысы 2007 жылғы 28 тамызда қосымша 8 сенаторды тағайындады.  

Жаңартылған Конституцияға  сәйкес Мәжіліс 107 парламентшіден тұрады.  Олардың 98 депутаты   біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы партиялық тізімдер бойынша сайланды. Қалған депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды.

Жеті саяси  партия қатысқан 2007 жылғы 18 тамызда өткен сайлауда    «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы ғана 7 пайыздық кедергіні еңсерді, оның қатарындағы депутаттар Парламент Мәжілісіндегі барлық 98 орынды иеленді. Палатадағы 9 орын 2007 жылғы 20 тамызда Қазақстан Халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттарға берілді.

Мәжілістің  құрамына өткен сайланымдағы депутаттық корпустың  
39 депутаты, мемлекеттік басқару органдарынан – 24 адам, жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан – 19 адам, бизнес құрылымдарынан –  
8 адам, білім, ғылым және мәдениет саласынан – 8 адам және басқа салалардан 9 адам кірді.

Палатада білімі бойынша әртүрлі мамандықтағы инженерлердің саны едәуір, олар – 42 депутат, заңгерлер – 34, педагогтар – 23, олардың бірқатары басқа мамандық бойынша екінші жоғары білім алған. 21 депутаттың экономикалық білімі бар, ауыл шаруашылығы мамандары  - 9. Бұдан басқа, депутаттық корпуста дәрігерлер, халықаралық қатынастар мамандары, журналистер, мәдениет  және өнер қайраткерлері мен басқа да мамандықтың иелері бар.

Мәжілісте 15 ғылым  докторы және 27 ғылым кандидаты бар,  
35 парламентші екі жоғары білім алған.  

Палатада түрлі  ұлттар өкілдерінің саны артты. Депутаттық корпустың құрамына 82 қазақ, 17 орыс, 2 неміс және бір-бірден белорус, балкар, кәріс, украин, өзбек және ұйғыр кірді. Әйелдердің саны екі еседен астам артты, олар  – 17 депутат.

Төртінші сайланған  Мәжілістің депутаттық корпусының орташа жасы – 52 жас, бұл үшінші сайланымға қарағанда бір жасқа төмен. Жас  шамасы бойынша ең көп топты 50 мен 59 жас аралығындағы депутаттар құрайды, олардың саны – 44, одан кейінгі орында 40 пен 50 жас аралығындағылар –  
36 депутат, 60 жастан асқан депутаттар – 23 адам және ең аз топ 30 бен 40 жас аралығындағылар – 4 депутат.

Төртінші сайланған  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Аслан Есболайұлы МУСИН сайланды. Өкілеттігін 2008 жылғы қазанда тоқтатты.

2008 жылғы қазанда  төртінші сайланған Қазақстан  Республикасы Парламенті Мәжілісінің  Төрағасы болып Орал Байғонысұлы  МҰХАМЕДЖАНОВ сайланды.

Төртінші сайланған  Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлық шығаруына байланысты  2011 жылғы 16 қарашада тоқтатты. 

 

БЕСІНШІ САЙЛАНҒАН  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 2012 жыл -

Бесінші сайланған  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы 2012 жылғы  қаңтарда қалыптастырылды.

Бесінші шақырылымда  конституциялық нормаларға сәйкес 2008 және 2011 жылдары сайланған, 2007 және 2011 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған Сенат депутаттарының өкілеттіктері жалғастырылды.

Парламент Мәжілісінің  сайлауына жеті саяси партия қатысты, олардың үшеуі қорытынды нәтижелер бойынша  сайлаушылар даусының 7%-дан  астамын жинады  және Парламент Мәжілісіне: «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы (80,99%), Қазақстанның «Ақ жол»  Демократиялық партиясы (7,47%), Қазақстанның Коммунистік халық партиясы (7,19 %) өтті.

Парламент Мәжілісінде  «Нұр Отан» партиясынан 83 депутат, «Ақ  жол» партиясынан – 8 депутат, ҚКХП-нан  – 7 депутат жұмыс істейді. Қазақстан  халқы Ассамблеясынан – 9 депутат. Мәжіліс  құрамында барлығы 107 депутат бар.

Мәжілістің құрамына өткен  сайланымдағы депутаттық корпустың 43 депутаты кірді.

Палатада  білімі бойынша біліктілігі әртүрлі инженерлер бар, олар – 30 депутат, педагогтар – 21, заңгерлер – 13 депутат. 21 депутаттың экономикалық білімі бар, ауыл шаруашылығы мамандары  - 10.  

Бұдан басқа, депутаттық корпуста дәрігерлер, философтар, тарихшылар, саясаттанушылар, әскерилер, журналистер, мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері және басқа да мамандық иелері бар.

Мәжілісте 2 академик,  17 ғылым докторы мен  27 ғылым кандидаты бар, 60 парламентші екі жоғары білім алған. 

Палатада түрлі  ұлттар өкілдерінің саны артты. Депутаттық корпустың құрамына 76 қазақ, 21 орыс, 3 украин, 2 неміс және бір-бірден татар, шешен, кәріс,  өзбек және ұйғыр кірді.  26 депутат - әйел адам.

Бесінші сайланған  Мәжілістің депутаттық корпусының орташа жасы – 56 жас, бұл төртінші сайланымға қарағанда төрт жасқа жоғары. Жас шамасы бойынша ең көп топты 50 жастан  59 жасқа дейінгі депутаттар құрайды, олардың саны – 47, 60 жастан асқан депутаттар – 34 адам, одан кейін  40 жастан 49 жасқа дейінгі депутаттар  – 22 адам және ең аз топ 30 бен 39 жас аралығындағылар – 4 депутат.

Бесінші сайланған Қазақстан  Республикасы Парламенті Мәжілісінің  Төрағасы  болып Нұрлан Зайроллаұлы НЫҒМАТУЛИН сайланды.

 Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар, сайлау комиссиялары болып табылады. Олардың біртұтас жүйесін мыналар құрайды:

  • республикалық Орталық сайлау комиссиясы;
  • аумақтық сайлау комиссиялары;
  • округтік сайлау комиссиялары;
  • учаскелік сайлау комиссиялары.

Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі — бес жыл. ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесіне басшылық етеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайды және қызметтен босатады. Орталық сайлау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін және еліміздің барлық аумағында сайлау туралы заңнамалардың орындалуына басшылық етуді жүзеге асыратын орган болып табылады. ОСК Президент және Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық жасайды, Президент және Парламент сайлауының еліміздегі қорытындыларын шығарады, сайланған Президентті және Парламент депутаттарын тіркейді, заңда керсетілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар құратын, облыстық, аудандык, калалық, каладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары деп аталады. Олар Президентті, Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссиялары саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар сайлайтын орган, ол сайлау округтерінде Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді камтамасыз етеді, сайлау округтерінде Мәжіліс депутаттары мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізуді тікелей ұйымдастырады. Учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырып, үйлестіріп отырады, учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамаларды алады, солардың негізінде округ бойынша сайлау нәтижелерін аныктайды, бұл туралы БАҚ хабар жариялайды. Учаскелік сайлау комиссияларын аудандық мәслихаттар саяси партияларды ұсынысы негізінде сайлайды. Олар сайлау учаскелерінде Президент, Парламент Мәжілісінің, мәслихаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі шараларды жүргізеді (сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімін анықтайды, сайлау күні сайлау учаскесінде дауыс беруді ұйымдастырады).

Сайлау комиссияларының  мүшелері мемлекеттік органдардың  өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіліктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады. Сайлау комиссиясының басқа мүшелерін сайлау өткізу кезеңінде олардың келісімінсіз жұмыс берушінің ұйғарымы бойынша жұмыстан шығаруға немесе басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді. Сайлау комиссиясының мүшесі сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге, комиссия құжаттарымен танысуға құқылы. Заңда сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттері нақты көрсетілген. Олар:

ҚР-ның Конституциясы  мен заңнамаларын сақтау;

жалпы жұрт таныған әдеп нормаларын сақтау;

азаматтардың  сайлау құқықтары мен занды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;

шешімдер қабылдау кезінде әділ және тәуелсіз болу;

кандидаттар мен  партияның тізімі ұсынған саяси  партиялардың қызметіне жария баға беруден аулақ болу;

аталған комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға міндетті.

Сайлауды өткізу үшін еліміздін әкімшілік аумақтық бөлінісі және сайлаушылардың мөлшері  шамамен бірдей деңгейлес сайлау округтері құрылады. Сайлау округтерінің — бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық деп аталатын үш түрі бар. Сайлау нәтижесі бойынша тек бір ғана депутат сайланатын округ — бір мандатты сайлау округі деп аталады. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 67 депутаты осы жүйе бойынша сайланады. Осыған сәйкес Қазақстанның барлық аумағы 67 округке бөлінеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органының бірнеше мүшесі сайланатын округ — көп мандатты округ деп аталады. Мұндай округтер қалалық. және селолық кауымдастықтардың аумақтарын қамтиды. Қазақстан Республикасының барлық аумағын қамтитын, Президент, сонымен қатар партиялық тізімдер негізінде 10 Мәжіліс депутатын сайлайтын округ — біртутас жалпыұлттық сайлау округі деп аталады.

Аудандар мен  қалаларда дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін тиісті өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдеріне сай сайлау учаскелері құрылады. Олар сайлаушыларға барынша қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында, жергілікті және өзге де мән-жайларды ескере отырып құрылады (әскери бөлімшелерде, емханаларда, емдеу-сауықтыру орындарында, соттарда, тергеу изоляторларында, ҚР-ның шетелдердегі өкілдіктерінде (елшіліктерде), т.б. Сонымен, еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар — сайлау комиссиялары болып табылады. Олар біртұтас жүйе құрайды. Бірыңғай сайлау комиссиясының жүйесіне ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы басшылық етеді. Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде ОСК және аумақтық сайлау комиссиясы сайлау округтерін құрады. Сайлау округтерінің: бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық сайлау округі деп аталатын үш түрі болады. Аудандар мен қалаларда дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін тиісті өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдерге сай сайлау учаскелері құрылады. [1]       

Өркениетті, демократиялы қоғамда  саяси процеске қатысудың негізгі түріне айлау жүйесі жатады. Сайлау арқылы азаматтар мемлекеттің өкілетті, заң, сот, атқару органдарын қалыптастыруға қатысады. Ол азаматтардың саяси құқығының жүзеге асырылуын білдіреді. Сайлау барысында халықтың қалауы бойынша басқарушы элита алмасады., билік бір қолдан екіншілерге бейбіт жолмен беріледі. Сонымен қатар ол халықтың басқарушы элита өз жұмысын қалай атқарып отырғандығына бақылау жасау мүмкіндігін де береді.Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке келтірілген нормалар, ережелер жиынтығын айтады. Жалпы алғандасайлау жүйесіне мемлекеттік қызмет орнына үміткерлерді (кандидаттарды) ұсынудың тәртібі, процесі және негізгі принциптері, оны ұйымдастыру, материалдық жағынан қамтамасыз ету, майлаушылармен жұмыс жүргізу және т.б. шаралар кіреді. Сайлау жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда анықталады және арнайы занда нақтыланады. Мұндай құқықтық нормалардың жиынтығын сайлау құқығы дейді. Онын 2 түрі бар: 1)белсенді түрі, 2) бәсең түрі. Белсенді түрі азаматтардың сайлау құқығын білдіреді. Бәсең (енжар) түрі олардың сайлану құқығын қамтиды. Сайлау құқығында солар реттеледі. Берілген дауысты есептеу тәсілімен соның нәтижесінде орындарды бөлу принципіне қарай сайлау жүйелері мажоритарлық, пропоционалдық және аралас түрі болып бөлінеді. Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары билік органдарына кіре алмайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі