Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 11:25, реферат

Описание работы

Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру гана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанган" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.
Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұгылады (қабылданады).

Содержание работы

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері.............................................3-4
2. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі...........5-7
3. Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие.................................................7-8
4. Музыка, бейнелеу өнері сабақтары.........................................................8
5. Эстетикалық тәрбиедегі сыныптан тыс жұмыстар.............................8-9
6. Күнделіктегі өмірдегі адамның жеке басы эстетикасы....................9-10
7. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру............................................10-13
8. Педагогика тарихында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жайлы ой-пікірлер........................................................................................................13-17
9. Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбиенің негізі..........................17-20
10. Оқушыларға эстетикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу педагогтардың басты мақсаты.......................................................................20-23

III. Қорытынды.................................................................................................24-25

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................26

Файлы: 1 файл

Эстетикалық тәрбие.docx

— 63.87 Кб (Скачать файл)

Жоспар

 

I. Кіріспе

 

II. Негізгі бөлім

 

1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері.............................................3-4

2. Балаларға эстетикалық  тәрбие берудегі ұлттық өнердің  рөлі...........5-7

3. Оқу процесіндегі эстетикалық  тәрбие.................................................7-8

4. Музыка, бейнелеу өнері  сабақтары.........................................................8

5. Эстетикалық тәрбиедегі  сыныптан тыс жұмыстар.............................8-9

6. Күнделіктегі өмірдегі  адамның жеке басы эстетикасы....................9-10

7. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру............................................10-13

8. Педагогика тарихында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жайлы ой-пікірлер........................................................................................................13-17

9. Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбиенің негізі..........................17-20

10. Оқушыларға эстетикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу         педагогтардың  басты мақсаты.......................................................................20-23

 

III. Қорытынды.................................................................................................24-25

 

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан  Республикасының  2015  жылга дейінгі білім беруді дамыту түжырымдамасында "Жоғары білім  берудің мақсаты - жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын, таңдауға кеңінен мүмкіндік  беру" делінген. Осыған орай болашақ  маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін  терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі - қазақ  қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен  уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық  тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ  маманның игеруі.

Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек  шеберлік пен іскерлікті игеру гана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық  тануының "заттанган" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдарында  эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына  көз жеткіземіз.

Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұгылады (қабылданады).

Екіншіден уақыт арқылы өткенді  зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты  бағдарлайды.

Үшішіден, кеңістік  көріністері  бүгінгі ұрпаққа "Ата жұрт", "Атамекен", "Елім-жерім", "Туған  өлке" ырымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі түсініктері  ұлғаяды, ақыл-ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне  аялы көзқарастары қалыптасады.

Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж.Баласағұни, т.б.), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, т.б.), шетел  психолог-педагогтері (Н.Крупская, А.Луначарский, П.Блонский, Д.Лихачев, С.Шацкий, Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Бакушинский, т.б.) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған.

Бүгінгі таңда педагог  ғалымдардың қазақ қолданбалы өнері  және эстетикалық тәрбие теориясы мен  тәжірибесінің зерттеліп отырған  кезеңдегі жай-күйін, өзіне тән  ерекшеліктері ғалымдар: А.Жүнісбаева, Ө.Қамақов, Б.Әлмұхамбетов, Ж.Балкенов, Е.Асылханов, Қ.Ералин,  Қ.Ижанов, Ү.Ибрагимов, З.Ахметова, Қ.Болатбаев, С.Ұзақбаева еңбектерінде арнайы зерттелген.

Ғалымдар еңбектерінің негізгі  идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының  эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық  тәрбие беру мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады. Эстетикалық  тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.

Алдымен  қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы  оның өмірі мен қызметінің барлық саласынан (әсіресе өнерге деген  көзқарасынан) көрінеді.

Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті  танып, оны сүйе, қастерлей білетін  болады. Ол туралы В.Белинский  былай  деп жазған: "Әсемдікті сезіну - адамгершілік қасиеттің шарты. Тек  осы сезім төңірегінде  сана ақыл-парасат  болуы мүмкін тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады, ...эстетикалық сезім -жақсылықтың  негізі,  адамгершіліктің негізі". Яғни, эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу, ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.

Эстетикалық сезім - адамның  еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қасиеттерінің бірі. Ұлы  ақын  М.Жұмабаев «Жаратылыстың  Һәм  искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады». Үлбіреген гүл, сұлу ай, жұлдызды таң, міне осылар сықылды жаратылыстың  сұлу заттары, көріністері  адам жанына бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды.

Сұлулық сезімдері адамның  дұрыс, сау ләззат  ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан  тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан  баланың сұлулық сезімдері жақсы  тәрбие алуына тиісті..." деп, адамдардың өмірдегі, өнердегі сұлулық пен ұсқынсыздықты  дұрыс қабылдауы, түсінуі мен  сезінуі эстетикалық тәрбиенің  басты міндеті екендігін ескертеді. Демек, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде  эстетикалық тәрбие беру табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу, дүниедегі әдемілік атаулыны бағалауға және өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше  ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Эстетикалық тәрбиенің  мәні, міндеттері

 

Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен өсемдікті  дұрыс қабылдасауды және эстетикалық  сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.

Адамдардық эстетикалық  сезімдері олардың өмірінде зор  рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен

мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке  шынайы көзқарастары мен мұраттары  болуы керек екендігі шығады.

Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді.

Материалистік эстетика - эстетикалық  тәрбиенің методологиялық негізі болып  табылады. Ол өмір мен өнердегі әстетиканың  мәнін ашады, адамның ортаны эстетикалық  тұрғыдан меңгеруіне деген принциптерді зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді.

Ал, тәрбиенің теориясы болса, эстетикалық сезімнің, талғамның  идеялық қалыптасу процесін зерттейді. Материалистік эстстика - болмыста жүзеге асатын нақты сұлулықты нығайта отырып, адамды ойдан шығарған сәулетті арман, қиял әлеміне алып кетпейді. Керісінше өнердегі әдемілік, болмыста әдеміліктің сәулесі деп мәлімдейді.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компонентері:

•  Эстетикалық қабылдау.

•  Эстетикалық сезім.

•  Эстетикалық талғам.

Эстетикалъщ қабылдасау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртңы кгйпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдасаудық объектісі бола алады.

Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары даәр тарапты дамытудың  қажетті шарты. Адам рухани жағынан  бай болып, осомдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті.

Эстетикалық талғам - әсемдікті  дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік  талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі  бір эстетикалық мұратты бейнелейді.

Эстетикалық мұрат дегеніміз - адамдардық көксеп жүрген әсемдік  жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша  құрғысы келетін нерсесі.

Эстетикалық сезімдерді, мұрат, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу  білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге  көзқарасты қалыптастырудық маңызды  құралы болып табылады.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем-эстетикалық  мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып  табылады (№13-14 қосымшаларды қараңыз).

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:

•  Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.

•  Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

•  Эстетикалық сезімді  және эстетикалық қабылдасауды тәрбиелеу.

•  Оқушыларды әсемдікті  көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында білім берудің басты міндеттерінің  бірі оқушының «айналадағы дүниемен дара тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық адамгершілік нормаларын меңгеруін» қамтамасыз ету кендігін атап көрсетілген.

Қазіргі кезеңде оқушылардың  эстетикалық қызығушылықтары мен  қажеттіліктерін дамытудың маңызы ерекше. Эстетикалық қызығу - адамға қажетті эстетикалық құндылықтар  мен құбылыстары танып-білу мақсатымен өз қалауы бойынша өмірде, болмыста жасалатын нысаналы іс-әрекет. Эстетикалық  қызығушылықтың негізі эстетикалық  қажеттілік болып табылады, ал бұл  екеуінің бір-біріне ауысуы кезінде  эстетикалық ляззаттану жатады. Адам ляззатталған соң ол үшін қызығу объектісі  маңызды эстетикалық құндылыққа ие болады да, онымен қайта кездесуге  асығады, қызығушылығы артта түседі.

Тәрбиенің қай саласы болса  да негізінен ол балаларға, жасөспірімдерге  арналады. Ал оларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық  тәрбие жүргізу арқылы іске асырылады.

Эстетикалық тәрбие болмыстығы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті  дұрыс қабылдау және өнердегі сұлулықпен әсемдікті эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастыратын  тәрбиенің ең басты салаларының  бірі.

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:

- Әр түрлі өнер адамдарының іс-әрекеті арқылы баланың тәртібіне, өмірге көзқарасына, түсінік - құлықтарына игі әсер ету.

- Қоғамды, табиғаттағы, өнердегі әсемдікті түсіне, байқай білу қабілеттерін дамыту.

- Эстетикалық талғамын дамыту, дұрыс пікір айта білуге, бағалай білуге тәрбиелеу, оның дамуына көмектесу.

- Баланың көркем өнерге деген қабілетінің шығармашылықпен ұштасуына көмектесу. Ал, адам өмірі мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану үшін жастардың сауатты терің білімді болуы қажет, тіпті көркемөнер салалар: әдебиетті, музыканы, сәулет өнерін, живописьті, кино мен театр түсініп, олардан жанға рухани азық, ляззат ала білу үшін де сезім –түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр білімді адам болуы керек.

Балалардың эстетикалық  сезімдері олардың өміріне зор  рөл атқарады. Әседікті көре, түсіне жасай білу олардың рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді. Біз әр адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты  дамытуға ұмтыламыз, сондықтан да, әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдігін, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсінуге байланысты, оның салалы тәртібі мен мінез-құлқы  айқындалады. Осыдан келіп әсемдікке  шынайы көзқарасты мен мұраттарының болуы керек екендігі шығады.

Қазіргі кезде эстетикалық  көзқарастарды тәрбиелеу - тәрбие барысының  зейін салуды күн санап өсіруді  талап ететін мәселесі. Біздің қоғам  адамның тек қана көзқарасы емес, еңбек, қоғамдық қатыстар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік  жақтары әсер етеді. Эстетикалық  көзқарастар адамның шындыққа көзқарасын анықтайды.

 

Балаларға эстетикалық  тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі

 

Қазақ халқында көшпенділік  өмір жағдайына байланысты табиғи өзгерістерге өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардық күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын ала болжау, өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т.с.с. Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстың, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан бай. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың өшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытады.

Информация о работе Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері