Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 11:25, реферат

Описание работы

Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру гана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанган" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.
Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұгылады (қабылданады).

Содержание работы

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері.............................................3-4
2. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі...........5-7
3. Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие.................................................7-8
4. Музыка, бейнелеу өнері сабақтары.........................................................8
5. Эстетикалық тәрбиедегі сыныптан тыс жұмыстар.............................8-9
6. Күнделіктегі өмірдегі адамның жеке басы эстетикасы....................9-10
7. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру............................................10-13
8. Педагогика тарихында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жайлы ой-пікірлер........................................................................................................13-17
9. Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбиенің негізі..........................17-20
10. Оқушыларға эстетикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу педагогтардың басты мақсаты.......................................................................20-23

III. Қорытынды.................................................................................................24-25

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................26

Файлы: 1 файл

Эстетикалық тәрбие.docx

— 63.87 Кб (Скачать файл)

Эстетикалық  тәрбие  жеке  адамды жан-жақты  дамытудың  бөлінбейтін   бөлігі  болып   есептеледі.   Ол  балалардың  көркемдік – эмоционалдық  сезімін  дамытып  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  оның  адамгершілік,  интелектуалдық,  дене  жағынан  да  жетілдіреді Оқушылардың  үй  жағдайын  өзгертуіне  байланысты  жұмыстарға  қатыстырып  отыру  мысалы,  бөлме  қабырғаларына  жабыстырылатын  түсқағаздарын,  терезе   перделерін  қалай  таңдап  алу  керек,  бөлмелерде  жиһазды  қалай  әдемі  етіп  орналастыруға  болады,  бөлме  өсімдіктерін  өсіру,  оларды  күту,  яғни  осы  сияқты  жұмыстарды  өз  бетімен  орындауға  үйрету,  дағдыландыру  балалардың  эстетикалық  сезімін,  танымын  тәрбиелейді  және  эстетикалық  ұғымын  қалыптастырады.

Адамның  сырқы  көрінісі,  киімі,  жүріс- тұрысы,  оның  эстетикалық  мәдениетіне  байланысты.  Киім  эстетикасы  сән  (мода ) қазіргі  өмір  талабына  сәйкес  болуды  қажет  етеді.  Ескірген  сән  бойынша  киіну  адамды  ұсқынсыз  етеді,  оның  сүйкімділігін  жояды.  Сәнді  дұрыс  пайдалану  - бұл  әдемілікті  сезу,  өмірге,  адамның  бейнесіне  сергітуші   жаңалықтар  енгізу. Артық  сәндену,  түрлі  формаларға,  түстерге  еліктеу  адамға  абырой  бермейді.  Сырт  киімді,  аяқ  киімді,  шашты  сәндеуді  өскелең  өмір  талабына,  жас  ерекшелігіне  сәйкес  таңдап  алу  керек.   Киім- кешек  эстетикасында  сұлулықтың  өлшемін  есепке  алу  керек .

Қорыта келе  эстетикалық  талғамын қалыптастырудың күрделі  мәселелерін  айқындауда  қазақ  халық  педагогикасының құралдары  арқылы тәрбие  тәжірибе берудің  теориялық мәні мен мазмұнын аша  түстік.  Эстетикалық  тәрбие  деген  ұғымды   көркемдікке, сұлулыққа  тәрбиелеу  деген  ұғыммен  бір  мағынада  қарастырыды. Ол  өнердегі  табиғатта  және  бүкіл  қоршаған  өмірдегі  сұлулық  құралдары  арқылы  тәрбиелейтінін айқындай түстік. Осылайша осы мәселенің психологиялық тұрғыдағы маңызды жақтарына тоқталу керектігіне көз жеткіздік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Эстетикалық тәрбие – жаратылыс  дүниесіндегі немесе өнер туындысындағы  сұлулық пен әсемдікті қабылдап, ғибраттануға баулитын, адамның эстетикалық  сезімін, талғамын қалыптастыратын  тәрбие. Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Эстетикалық тәрбие арқылы бала қоршаған ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті көре білуге, алған әсерін шығарм. жұмысында  көрсетуге, бейнелей білуге үйренеді. Мектепте Эстетикалық тәрбие барлық оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Баланы тәрбиелеуде әдебиет, музыка, бейнелеу өнері сабақтарының, сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың маңызы зор. Эстетикалық тәрбие ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиелерімен тығыз байланысты. Ол адамды рухани байытып, көркем-шығарм. қабілетін дамытуға ықпал етуге  тиісті. Эстетикалық тәрбие берудегі негізгі бастау қайнар көз дәстүрлі қазақ қоғамында ғасырлар бойы қордаланған  құндылықтар жүйесі, рухани мұралары, халық ауыз әдебиеті болуы, жаїандану  дәуіріндегі рухани азғындау қаупінен сақтанатын бірден-бір жол.

Эстетикалық тәрбие дегеніміз  балалардың бойында өз өмірін сұлулық  заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және, енбекте, коғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауды сұлулық идеалдарын негіздеу.

Эстетикалық тәрбиенің мақсататы  – балалардың шығармашылық қабілеттерін, әлемді сұлулық заңдары арқылы тануға қызығушылықтары мен талпыныстарын  дамыту.

Эстетикалық тәрбиенің міндетері:

- эстетикалық білімдерді  қалыптастыру;

- эстетикалық мәдентиетке  тәрбиелеу;

- ата-бабаларымыздан қалған  асыл мәдени мұраны игеру;

- шынайы қоршаған ортаға  эстетикалық қатынасты орнату;

- эстетикалық сезімдерді  қалыптастыру;

- адамды өмірдегі, табиғаттағы,  еңбектегі әсемдікке баулу;

- өз өмірін және іс-әрекеттерін  сұлулық заңдарына сай құру  қажеттіліктерін дамыту;

Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру процессінде оқушылар бойында өнердегі, өмірдегі, табиғаттағы, тұрмыстағы, еңбектегі, мінез-құлық және іс-әрекеттегі әсемдік  пен әдемілікке деген әсерлі сезімталдық  дамиды. Осыған орай А.П.Чеховтың: «Адам  бойында бәрі де әдемі болуы керек: денесі де, киімі де, жаны да, ойлары да» деген сөздерін еске сақтау абзал.

Әлемді эстетика тұрғысынан танудың субъективті қыры ретінде  эстетикалық сезімдер, әсемдікке  деген көзқарас, бағалау, ой-толғаныстар, идеялар, яғни адамның эстетикалық  саналылығы қарастырылады.

Әр баланың өз қолымен  әсемдікті тудыруға катысуы бейнелеу өнері, ән-күй, хореография сабақтары, шығармашылық бірлестіктер мен студияларда  жұмыс істеуі арқылы іске асады.

Жоғарыда аталған тәрбиенің  барлық бағыттары тұтас педагогикалық  процессте орын алып, өзара тығыз  байланыста болады. Тәрбиенің әр бір  түрі басқа түрлерімен қатар жүргізіліл, бірін бірі толықтырады, педагогикалық  процесс барысында өзара тәуелді  болады. Мысалы, ақыл-ой мен дене шынықтыру  тәрбиесінің байланысы денсаулық  пен оқытудың өзара тәуелді ұғымдар  екенін көрсетеді. Өйткені оқушының денсаулығы неғұрлым мықты болса, соғұрлым оның оқуы мен дамуы тиімді сапалы болады.

Жеке тұлғаның тұтас қалыптасуында  тәрбиенің бағыттарының барлығы  жеке процесстердің қосындысы ретінде  емес, бірлескен, өзара байланыскан, тұтас процесс ретінде қарастырылады, себебі баладағы үйлесімділікті тек  қана үйлесімді әсер етумен қалыптастыруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. В.Сухомлинский, «Балаға жүрек жылуы» - Алматы, 1976 ж.

2. Р.Қоянбаев, «Тәрбие теориясы» - Алматы, 1990 ж.

3. С.Ұзақбаева, «Тамыры терең тәрбие» - Алматы, 1995 ж.

4. Қ.Жарыңбаев, С.Қалиев. «Қазақтың тәлім тәрбиесі» - Алма-п.1, 1995 ж.

5. К.Оразбекова, «Отбасы психологиясы» - Алматы, 1997 ж.

6. Б.Мекішев, «Әлемнің жеті кереметі» - А., 1992 ж.

7. И.Можейко, «Әлемнің жеті және З7 кереметі»  - Алматы, 1988 ж.

8. Прасолова Е.Е. «В союзе с красотой» - М, 1987 ж.

9. Кутаева Н. «Основы эстетического воспитания» - М, 1986 ж.

10. Наурыз. «Жаңарған салт-дәстүрлер», Құрастырған М.Оразбеков. - Алматы, 1991 ж.

11. М.Жұмабаев, «Педагогика» - Алматы, 1992 ж.

12. Е.Әкімқұлов, «Білгенге маржан» — Алматы, 1988 ж.

13. Қазақстан өнері. - Алматы, 1982 ж.

14.  С.Қалиев, т.б., Қазақ халқының салт-дәстүрі. - Алматы, 1994 ж.

15. Әбдалаева Ш. Халық қолөнері. Алматы. Рауан. 1992 ж.

16. Әбдуәлиева Ш. "Қазақтың қолөнері" - әдістемелік құрал.

17. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы. А., 1998 ж.

18. Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. - А., 1997 ж.

19. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. А., 2004 ж.

20. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы. — А., 1997 ж.

20. Ш.Құдайбердіұлы. Үш анық. Алматы «Қазақстан» және «Ғақлия» ғылыми-әдеби орталығы, 1991ж., 80 б.

 


Информация о работе Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері