Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 11:25, реферат

Описание работы

Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру гана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанган" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.
Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұгылады (қабылданады).

Содержание работы

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері.............................................3-4
2. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі...........5-7
3. Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие.................................................7-8
4. Музыка, бейнелеу өнері сабақтары.........................................................8
5. Эстетикалық тәрбиедегі сыныптан тыс жұмыстар.............................8-9
6. Күнделіктегі өмірдегі адамның жеке басы эстетикасы....................9-10
7. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру............................................10-13
8. Педагогика тарихында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жайлы ой-пікірлер........................................................................................................13-17
9. Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбиенің негізі..........................17-20
10. Оқушыларға эстетикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу педагогтардың басты мақсаты.......................................................................20-23

III. Қорытынды.................................................................................................24-25

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................26

Файлы: 1 файл

Эстетикалық тәрбие.docx

— 63.87 Кб (Скачать файл)

Мектепте музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары  және әндерімен таныстырады, пікір  алмасады, ұсыныстар айтылады.

Шығармашылық конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары  туралы баяндамалары, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары жөнінде құнды  пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі.

Мектеп және сынып бойынша  алдын-ала жасалған жоспарларға  эстетикалық саяхат өткізіледі. Саяхаттың  негізгі объектілері көркем галерея, мұражай, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер.

Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен роль атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық  және мектеп бойынша ұйымдастырылады. Үйірмеге ән салуға, билеуге машық, музыка аспаптарында ойнай білетін  қабілетті оқушылар қабылданады.

Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде мектеп кітапханасының көп мүмкіншіліктері бар. Кітапхана  бейнелеу өнері, кескіндеме, музыка және өнердің басқа түрлеріне байланысты кітаптар көрмесін ұйымдастырады, әдебит тізімдерін дайындайды, әңгімелер өткізеді, мұ,алімдермен бірігіп, сыныптан тыс  оқулықтарды, оқырмандар конференциясын өткізеді, басшылық жасайды.

Сыныптан тыс эстетикалық  жұмыстың барлық түрлері оқушылардың  еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері  негізінде іске асырылады.

Мектепте оқушылардың  эстетикалық мәдениетіне басқа  факторлар әсер етеді. Мысалы, жарық  сынып бөлмесі, әдемі мектеп мебельдері, демалыс бөлмелері, қолайлы жұмыс  орны оқушылардың эстетикалық танымын, белсенділігін көтереді.

Көп түрлі эстетикалық  жұмыстарды тиімді ұйымдастыру оқушылардың  эстетикалық дүниетанымының негізгі  көзі болады.

Басты мәселе, күнделікті өмірдегі әсемдіктің адам мен табиғаттың бірлескен  әрекетінің күшімен пайда болғанын ұғындыру. Осының негізінде ғана оқушы  өз еңбегінің пайдалы екенін және оның сұлулығын көре білетін, осыдан өмір сұлулығын жасайтын адам екенін түсінеді. Мұны жүзеге асыруда көпшілікке хабар тарату құралдарын және баспасөз материалдарын кең пайдалануға  болады.

Қазіргі кездегі эстетикалық  тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі  тәжірибесін меңгеру қажет.

Халық әрдайым әсемдікті  іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.

Халықтық эстетикалық  тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектің және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық  тәрбиенің құралдары ретінде  қызмет етеді. Халқымыздың әндері жанры  және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытылады.

Қазақ халқының музыкалық  аспаптарының түрлілігі таң қаларлықтай (домбыра, шертер, асатаяқ, шаң қобыз, ұран, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, қамыс сырнай, дабыл т.б.). Олар бос  уақытта пайдаланылып жас ұрпаққа  эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.

Эстетикалық тәрбиенің күрделі  мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімі мен  тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.

Жеке адамның жалпы  мәдениеті үйелменде, қжымда, жұртшылық  арасында байқалады. Сондықтан күнделікті өмірдегі оқушының жеке басының эстетикасына ерекше көңіл аудару мұғалімдер мен  ата-аналар алдындағы кезек күттірмейтін басты мәселелердің бірі болып саналады.

Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды  жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты  сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек  эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манера (өзін ұстай білу), дене қимылы т.б. А.С.Макаренко  еңбектерінде бұл проблемаға зор  мән берілген.

Қатынас эстетикасы. Үйелменде  ата-аналармен, мектепте оқушылар мен  мұғалімдермен, басқа адамдармен қатынас  жасау эстетикалық тәрбиенің  іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасады, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді. А.С.макаренконың айтуы бойынша: адамдармен жылы шырайлы қарым-қатынас, көршілерге қайырымды, сенімді дос  және өнегелі болу – осының бәрі моральды эстетиканың басты салалары.

Үй-жағдай эстетикасы. Әрбір  үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Әр түрлі үй дүние-мүліктерінің өз орнына әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Жұмыс істейтін және демалатын бөлмелерді өте қолайлы жабдықтайды. Үйелменде  балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нәрселерін ретке келтіріп ұстауға, кетуге, үйді жинауға, тазалықты сақтауға үйретеді. Осындай жұмыстардың барлық түрлеріне балаларды қатыстыру  әке мен шешенің, ересек үйелмен  мүшелерінің басты міндеттері.

Тәрбиенің қай саласы болса  да негізінен ол балаларға, жасөспірімдерге  арналады. Ал оларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық  тәрбие жүргізу арқылы іске асырылады.

Эстетикалық тәрбие болмыстығы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті  дұрыс қабылдау және өнердегі сұлулықпен әсемдікті эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өмірдегі сұлулықтыжасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастыратын тәрбиенің ең басты салаларының бірі.

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:

-  Әр түрлі өнер адамдарының  іс-әрекеті арқылы баланың тәртібіне,  өмірге көзқарасына, түсінік-  құлықтарына игі әсер ету.

-  Қоғамды, табиғаттағы,  өнердегі әсемдікті түсіне, байқай  білу қабілеттерін дамыту.

-  Эстетикалық талғамын  дамыту, дұрыс пікір айта білуге, бағалай білуге тәрбиелеу, оның  дамуына көмектесу.

-  Баланың көркем өнерге  деген қабілетінің шығармашылықпен  ұштасуына көмектесу. Ал, адам  өмірі мен табиғаттағы әдемілікті  түсіну, бақылау, пайдалану үшін  жастардың сауатты терң білімді  болуы қажет, тіпті көркемөнер  салалар: әдебиетті, музыканы, сәулет  өнерін, живописьті, кино мен театр  түсініп, олардан жанға рухани  азық, ляззат ала білу үшін  де сезім –түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы  алғыр білімді адам болуы керек.

Балалардың эстетикалық  сезімдері олардың өміріне зор  рөл атқарады. Әседікті көре, түсіне жасай білу олардың рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді. Біз әр адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты  дамытуға ұмтыламыз, сондықтан да, әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдігін, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек.

Әдебиет сабағында оқушылардың  қиялын дамытуға үлкен мүмкіндік  бар. Егер біз әдебиетті көркем өнермен, музыкамен, табиғаттың тікелей өзімен интеграциялау арқылы бере білсек, бала олардың оқиғасын, кейіпкерлердің тағдырына ортақтасады, көркемдігін  терең сезініп, жүрек тебірентер әсерін бойынан өткізіп отырады, ал бұның өзі – бала қиялының шарықтауына негіз болмақ. Осы  жөнінде М.Жұмабаевтың пікірімен  де келісеміз. «Жанындағы ойды, әсерді жарыққа шығаруға ынталы бала не жарытылыстан алады, не искусстводан алады. Әр бала бір жерге қамалмай, еркін жаратылыстың құшағында болады. Эскурсцияға бір  план бойынша барып, белгілі бір  заттарды, яки көріністерді бақылау  үшін. Мысалы, көктің түсін, бұлттың  түрін, құмырсқаның ұясын, құстардың  ұшуын, жапырақ, көлдердің түр-түстерін бақылау сықылды. Мұндай бақылау  уақыттарында әсерлерін сөзбен жарыққа  шығаруға ұмтылуы, һәм баланың аузына дәл, терең, сұлу сөздердің түсуі  анық нәрсе» дей келіп ғалым-жазушы ойын әрі қарай жалғастырады.

«Искусство. Бала искусстводан көп нәрсе алсын. Күй, ән тыңдасын, сұлу картиналарды көрсін, театр сахнасымен таныс болсын, кестелі әдебиет  түрлерін тыңдасын. Осылай жалаңаш  әсер алып, дағдыланған соң мұғалім  фәлсафа соқпай, қарапайым, жұмсақ әңгімемен  балалардың алған жалаңаш әсерін анық ұқтырсын. Сонда бала жалаңаш  әсерлерін киіндіру үшін сұлу сөзді  өзі-ақ іздейді»,- деді М.Жұмабаев.  қиял процесін дұрыс қолдану арқылы табиғат  пен көркем сөз байланысын, тұтастығын, олардың туу жағдайын ашып берді.

Оқушыларға эстетикалық  мәдениеттілікке тәрбиелеу         педагогтардың  басты мақсаты

 

Қазақстан Республикасының  білім беру жүйесінің дамуының маңызды  факторы болып оқушыларға берілетін  тәрбиенің бір түрі эстетикалық  тәрбиенің орны ерекше екенің атап өтуге болады. Мұндай мүмкіндіктердің жаңа кешенін дамыту көкейкесті мәселеге айналып барады. Бұл жағдайда халық педагогикасының құралдарын этникалық әдістерді (халықтық қолданбалы безендіру өнері феномені) бейнелеу өнері әдістемесі саласындығы әртүрлі, кейде тым бөлек жағдайлардағы  зерттеулерді қолданудың маңызы артуда.

Уақыт талабына сай әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы оқу-тәрбие талабы жаңғырып, өзгеріп, дамып отыруына әсер етіп отыр. Бұл тұрғыда философиялық, психологиялық және педагогикалық   тақырыптағы ғылыми зерттеулер  кеңінен арналған.        

Дегенмен қазақ халық  педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып оқушылардың эстетикалық  талғамын қалыптастыруда педагогикалық-психологиялық, ғылыми-теориялық жағынан негізделген  әдістемелік мазмұны әлі де тапшы. 

Демек, қазақ халық педагогикасының  құралдары арқылы бастауыш сынып  оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыру қажеттілігі мен оның теориялық негізделуінің және әдістемелік  жабдықталуының жеткіліксіз деңгейде қарастырылуы арасында қарама-қайшылық анық байқалады.

Осы тұрғыда қалыптасқан  Қазақстан Республикасындағы эстетикалық  тәрбие беру әдістемесі мәселесі өзінің күрделілігімен, өзектілігімен ерекшелінеді. Соңғы уақытта Қазақстанда қолданбалы өнерге үйрету туралы әдістемелер саны көбейіп және жалпы алғанда бұлардың көбісі кәсіптік мамандығы жоқ педагогтармен жеке тәжірибесін ұштастыруға, немесе тәжірибеден өткізілмеген, зерттелмеген жеке болжамдар түрінде қолданылып жүрген әдістемелер болып табылады. Мұның барлығы тәрбие барысындағы дамып жатқан өнердің әртүрлі салаларын кеңінен қолдану мен таратудың шұғыл даму жұмыстарының проблемасын туғызып отыр.

Қазақ этноэстетикасы халықтың көркемдік әрекетінің алуан түрлерінен көрініс тапқан. Қазақ халқының қалыптасуы барысындағы этноэстетикалық ой-пікірлердің  дамуы бірнеше кезеңдерден өткен. Халықтың эстетикалық құндылықтары алдымен  фольклорда – тұрмыс-салт жырларында, аңыздар мен мифтерде, батырлық және лирикалық эпоста көркем түрде баяндалған. Халықтың дәстүрлі тұрмысы мен бүкіл тұрмыс-тіршілігіне  ежелден бастап-ақ сұлулық, эстетикалық  көркемдік тән болды. Эстетикалық  бастама дәстүрлі тұрмыста, күнделікті іс-әрекетте көрініс тауып, ондағы сұлулық  пен мейірімділік ұғымдары қатар  қойылды.

Оқушылардың эстетикалық  талғамын қалыптастыру  көбінесе  жұмыс істеудің формалары мен  әдістерін дұрыс таңдауға байланысты. Басты әдістер: мектеп оқушыларын мәдениет ережелерін орындауға үйретуге және оларға соған сәйкес мораль нормаларын түсіндіру болып қала береді. Бұл екі әдіс өзара байланысты. Іс жүзінде балаларды ережелерді орындауға үйрету (жеткіншектердің өмірін ұйымдастыру, арнаулы жаттығулар, т.б.) үнемі болып тұрады, қажет болғанда ол түсіндірудің түрлі формаларымен қатар жүргізіледі. Бұдан басқа сынып жетекшісі оқушыларды этикалық білімдер жүйесімен қаруландырады. Бұл білімдерді жинақтаудың бірден-бір көзі жеткіншектердің жеке тәжірибесі болып табылады.

Мұғалім баланың мінез-құлық  себептерін эстетикалық, әдептілік, ілтипаттық, кешірімділік сияқты неғұрлым нәзік  қасиеттерін жетілдіру     бойынша әрекететді. Бала бойындағы дөрекілікті турашылдықтан, сыпайылықты мәймөңкелетіп, ілтипатты жарамсақтықтан ажырата білуі тиіс.

Баланың сұлулыққа  ұмтылуын түсіндіру және оны орындауға   үйрету бүкіл тәрбие жұмысы процесінде: сабақтардың үстінде де, жиындарда, жеке әңгімелесу кезінде де бола береді. Сонымен, әрбір ұстаздың оқушыны мәдениеттілікке тәрбиелеудегі салар күш-жігері өте зор. Осы жерде В.А.Сухомлинскийдің мынадай сөзі тілге оралады: “Менің пікірімше, тәрбиешінің ең қиын міндеті мынада: әрбір адамның бойында берік, мызғымас моральдық негіз қалыптастыру, мұратты нығайту, мамандық беру, өмірдің күрделі жағдайында өз бетімен бағдарлай білуге әзірлеу”.  Олай боса мектеп қабырғасында сапалы білім мен жақсы тәрбие алған бала өмірде тура жолдан таймай, өз мақсатына жетіп, орнын таба алады. Сондықтан жас ұрпаққа  адамгершілік, әдептілік, имандылық, ізгілік тәрбие беріп, оны мәдениеттілікке тәрбиелеу- адамзаттық парыз.

Эстетикалық тәрбие оқушылардың сыныптан  тыс  жұмысының  жүйесінде кеңінен пайдалынуды керек етеді. Эстетикалық талғамның өмір  елегінен  өткен  көптеген  формалары  бар: шығармашылық үйірмелер,  әдебиет, музыка, хареография, бейнелеу  өнері, тағы  басқалар. Эстетикалық талғамын тәрбие жұмысында мектеп  кітпапханасының маңызы өте  зор. Эстетикалық тәрбие  берумен айналысқан, тәрбиенің бұл түріне  ерекше көңіл бөлген Ш.Уалиханов болды. Ол ауызекі шығармашылық арқылы халықтың болмысқа деген көзқарасын, талғамын, эстетикалық  сезімін  көрсете  білді. Ш.Уалихановтың орыс  мәдениеті мен ғылымының атақты  қайраткерімен  достығы және олармен жақын араласуы оның ағартушылық  қызметі мен қоғамдық, эстетикалық көзқарасына дұрыс  баға береді. Қазақтың халықтық педагогикасында  эстетикалық тәрбие үлкендердің, ата-аналарының жеке  басының жақсы  істерін үйрету жүзеге  асырылатының ескерді.

Информация о работе Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері