Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 22:35, курсовая работа

Описание работы

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту (реабилитация) қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды және қиын міндеттердің бірі.
Мүмкіндіктер санының үзіліссіз өсуі бір жағынан, денелік, психикалық және интеллектуалдық қабілеттеріне тәуелсіз, олардың әрқайсысына көңіл бөлу екінші жағынан, демократиялық, азаматтық қоғамға тән тұлғаның құндылығын көтеру туралы түсінік және оның құқықтарын қорғау қажеттігі, үшінші жағынан осылардың барлығы әлеуметтік оңалту іс - әрекетінің маңыздылығын көрсетеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ
І МҮГЕДЕКТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРЛІ.
1.1. Мүгедектер және олардың сипаттамасы
1.2. Мүгедектерге қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты
II МҮГЕДЕКТЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС
2.1 Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс технологиясы
2.2 Қазақстандағы мүгедекгерді әлеуметтік қолдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

мугедектермен алеуметтик жумыс.doc

— 286.00 Кб (Скачать файл)

 


 


 

                                        ЖОСПАРЫ

 

 

 

                                         КІРІСПЕ

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту (реабилитация) қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды және қиын міндеттердің бірі.

Мүмкіндіктер санының үзіліссіз өсуі бір жағынан, денелік, психикалық және интеллектуалдық қабілеттеріне тәуелсіз, олардың әрқайсысына көңіл бөлу екінші жағынан, демократиялық, азаматтық қоғамға тән тұлғаның құндылығын көтеру туралы түсінік және оның құқықтарын қорғау қажеттігі, үшінші жағынан осылардың барлығы әлеуметтік оңалту іс - әрекетінің маңыздылығын көрсетеді.

Мүгедектер құқығы туралы Декларацияға сәйкес (БҰҰ, 1975 ж.) мүгедек — туғаннан болсын немесе оған қатыссыз, денелік және ақыл - ой мүмкіндіктеріндегі кемшіліктеріне қарай өз бетінше толығымен немесе жартылай қалыпты жеке және әлеуметтік өмірдегі қажеттіліктердің өздігінше қамтамасыз ете алмайтын әрбір адам.

1992 ж. 5 мамырдағы Европа кеңесі Ассамблеясының 44 сессиясының реабилитациялық бағдарламасына сәйкес мүгедектік - денелік, психологиялық, әлеуметтік, мәдени, заңдық және басқа кедергілерге сәйкес мүгедектігі бар адамға қоғамға араласып, қоғамның басқа мүшелері сияқты қоғамның өмірінде, отбасының өмірінде солар сияқты болуға мүмкіндік бермейтін шектеулердің болуы ретінде анықталады.

 

Зерттеудің өзектілігі: Кез-келген қоғамда адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндіктер туғызылғанда ғана, сол қоғамның дамуы орнықты сипатқа ие болмақ.

Бұдан шығар қорытынды, өз елінің тұрақты дамуы мен өркениетті елдер қатарына қосқысы келетін мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағдайын ең алдыңғы кезектегі іс ретінде қарауы заңдылық. Халықтың әлеуметтік жағдайы қазіргі таңдағы кезек күттірмес өзекті мәселе ретінде танылуда.

Кез-келген елде, қай уақытта болмасын бұл мәселе ең алдымен шешілуді талап етеді.

Осы ретте әлеуметтік жұмыстың теориясына тоқтала келіп, негізгі концепциялары мен категорияларына түсінік береді. Сондай - ақ әлеуметтік қызмет көрсетудің дамуының тарихи кезеңдерін, ондағы қабылданған заңдар жүйесі мен қалыптасқан әлеуметтік қайырымдылық ұйымдарын және олардың бағдарламаларын атап өтеді. Ал, әлеуметтік жұмыстың негізгі айналысатын проблемалары және көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлерімен таныстырып өтеді.

Әлеуметтік жұмыс саласы бойынша енді ғана дамып келе жатқан біздің еліміз үшін, қажетті тұстары мен тәжірибелік көрсеткіштері бар екендігін айтуымыз керек.

 

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында және басқа да Европа елдеріндегі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің даму тарихы мен ондағы негізгі ұйымдарды және олардың бағдарламаларын таныстыруға, сонымен бірге, кедейлік, жұмыссыздық деген сияқты шешілу түйіні қиын проблемаларды жан - жақты талқылап, баяндайды. Бәрінен бұрын мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен жұмыс жүргізу, әлеуметтік қызметкерлердің профессионалды заңдылықтары мен жауапкершіліктері жөнінде маңызды проблемалар көтеріледі.

 

Зерттеу объектісі: әлеуметтік қызмет көрсету. Пәні: әлеуметтік қызмет көрсету проблемалары және Қазақстан Республикасындағы ерекшеліктері.

Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру, төмендегідей міндеттерді шешуді талап етті:

 

 

 

 

 

 

 

       І МҮГЕДКТЕРДІ  ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРЛІ.

1.1 Мүгедектер және олардың сипаттамасы

 

Қоғам өзінің стандартын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына сәйкес, олардың тәуелсіз өмірімен тұруына мүмкіндік беру мақсатында бейімдеуі қажет.

1989 ж. БҰҰ заң күшіне  ие болып табылатын баланың  құқығы туралы конвенцияның тексін  қабылдады. Мұнда дамуында кемістіктері бар балалар өздеріне толық сенімдерін сақтап, қоғамның өміріне белсенді араласып, толық және салауатты өмірі сүруі үшін олардың құқықтарын бектілген. Мұнда мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалардың жақсы дем алуы, білім алуы, еңбек етуі, медициналық көмек алуы т.б. үшін ақысыз көмек алуы (ата - анасының, жақын, қамқорын адамдардың финансттық ресурстарын есепке алу арқылы) жүзеге асырылады.

1971 жылы БҰҰ бас Ассамблясы ойлау мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтары туралы Декларацияны қабылдады. Мүмкіндігінше мүгедек балалар оқуға, білім алуға, емделуге, жұмыс істеуге деген қажеттіліктерін максималды қамтамасыз ету, өз қабілеттерін дамытуға жағдай жасау туралы айтылады. Оның ішінде нәтижелі еңбек ету, пайдалы іс - әрекетпен айналысу, мүмкіндіктерін толық пайдалану, материалдық қамтамасыз етілуте және қанағаттанарлық өмірлік дәрежеге қол жеткізу туралы айтылады.

Мүгедек - балалар үшін үлкен маңызға не талап бойынша, мүмкіндігіне ойлау мүмкіндігі шектеулі бала өзінің отбасында, немесе қабылдап алған ата - анасының отбасында тұруы қажет деп айтылады. Мұндай отбасы мемлекет тарапынан көмек алуы тиіс делінген. Ал қажет болған жағдайда олар арнаулы мекемелерде болуы тиіс және жаңа орта оның әдеттегі өмірінен өзгеше болмауы тиіс.

БҰҰ экономикалық, әлеуметтік және мәдени ережелер туралы халықаралық пактінде әрбір мүгедектің (ересек немесе бала) өзінің денелік және психикалық денсаулықтың мүмкін болатын дәрежесіне жетуге құқығы атап көрсетілген.

Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын тұтас құжат БҰҰ қабылдаған "Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережесі" болып табылады.

1993 жылы әлемдік даму  туралы есеп беруде әлемдік банктің тапсырысы бойынша дүние жүзі халықтарының денсаулықтарына арналған халықтың денсаулығын бағалаудың жаңа өлшемдері, ұлттық денсаулық сақтау салаларының тиімді жақтарына құралдар бөлу туралы айтылады /1/.

Ана мен баланы қорғау, отбасыны жоспарлау мекемелері, балалар мен жеткіншектерге тән ауруларды емдеуді т.б. финанстық инвестициялау бөлу статистикасы төмендетіп қана қоймай, көп жылдар бойы денсаулығынан айрылып, аяқ астынан уақытынан бұрын өлуді қысқартады.

Өмір ғана құндылық ретінде қарастырылып қоймай, аурусыз, қыйналусыз өмір сүру, әлеуметтік қалыптасып, даму да өмірдің сапасы ретінде қарастырады.

Мүгедектік балалардың өмір сүру қабілеттерін төмендетіп, даму мен өсудің тоқтауына байланысты әлеуметтік бейімдей алмауға болашақта, өз мінезін бақылай алмауға, бағдарын, басқалармен аралсуын, оқуын, еңбек етуін тежеуге алып келеді.

Мүгедектік мәселесін адамның әлеуметтік мәдени ортасынсыз — отбасы, үй - интернат түсіндіру мүмкін емес. Мүгедектік, адамның мүмкіндігінің шектеулілігі таза медициналық құбылысқа жатпайды. 
 Бұл мәселені тереңірек түсінуге, оның салдарларына болдырмауға әлеуметтік - медициналық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық т.б. факторлар көмектеседі. Сондықтан да мүгедектерге көмектесу технологиясы - үлкендер мен балаларға әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік - экологиялық моделіне негізделеді. Бұл модельге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдар қиыншылықтарды ауруына сәйкес немесе дамымауына сәйкес емес, сонымен бірге оны қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның олардың арнайы қажеттіліктеріне сай келмеуінен, қоғамдағы кері түсініктерден, адамдардың жақтырмай қарауларынан да болды.

Мысалы: Церебральный паралич диагнозын қойған бала оған арнайы бейімдеу техникаларын қалдыру, жаттығу жасату, емдеу т.б. көрсетілмесе ол қозғалуға да мүмкіндігі төмендейді. Адамның араласқысы келмеуі, кішкене кездерінен бастап олардың дағдылану қабілеттерін төмендетіп, интеллектуалдық дамуын тежеуі мүмкін.

Отбасы баланы қорғайтын ең негізгі әлеуметтік орта. Бірақ балаға қатысты отбасы мүшелері кейде қатыгездік көрсетулері мүмкін. Өйткені, отбасының финанстың қамтамасыз етілуіне, демалуына, әлеуметтік белсенділік көрсетулеріне көп шектеулер болады. Сонымен олар өз көңіл - күйлеріндегі қиналыстарды балаға көрсетулері (мүтедек балаға) мүмкін.

Әрбір отбасының құрылымы мен қызметі уақыт барысында өзгеріске ұшырап, отбасының қарым - қатынастық тәсілдеріне әсер етіп отырады.

Отбасының өмірлік циклі түрлі даму деңгейлерінен тұрады:

Неке құру, бала туу, олардың мектептегі кезеңі, жеткіншектік кезең, үйден кету кезеңі, ересектік кезең, қартаю т.б.

Мүгедек балалары бар отбасының олардың даму кезеңдеріндегі өзгешеліктерге дайын болулары тиіс.

Мысалы: мүгедек - баласы бар отбасының өмірлік циклі:

    1. бала туу — балада патология бар екендігі туралы хабар алу, эмоцианалдық дағдылану, отбасының басқа мүшелерін хабардар ету;
    2. мектептегі кезең - баланың оқу түрі туралы шешім қабылдау, құрдастар тобының реакциясын уайымдау, оның оқуын ұйымдастыру және оқудан тыс әрекетін ұйымдастыру;
    3. жеткіншектік кезең - баланың ауруының ұдайлық табиғатына дағдырлану, сексуалдық мәселелердің пайда болуына байланысты мәселелер, құрдастардың оны жақындасуы (олар тарапынан), баланың болашақ өмірін жоспарлау;
    4. "бітіру, шығару" кезеңі — отбасылық жауапкершіліктің жалғауына дағдырлану, есейген баланың тұратын жері туралы шешім қабылдау, әлеуметтену мүмкіндігінің шектеулігіне (мүгедек баланың) отбасы мүшелерінің қайғыруы;
    5. ата - аналардан кейінгі кезең – ерлі - зайыптың өзара қарым - қатынасының қайтадан құрылуы (мысалы: егер бала отбасынан шыққан соң дұрыс жерге орналастырылса) және баланың тұрғылықты жеріндегі мамандармен өзара қарым - қатынас жасау /2/.

Тарихи тұрғыдан "мүгедектілік" және "мүгедек» түсініктері "еңбекке жарамсыз» және "ауру" түсініктерімен байланысты болған. Сондықтан да мүгедектілікті талдаудың әдістемелік көзқарастары денсаулықты сақтау саласынан алынып жүрді. Мамандар көп жылдар бойы "мүгедектікті" , шарттын мойындамай, оны дұрыс емдемеудің салдары деп қарастырып келді. Сол себептен де бұл проблеманың әлеуметтік жағы еңбекке жарамсыз дегенге дейін оның басты көрсеткіші ретінде алынған. Осыған орай дәрігерлік еңбектік сараптамалық комиссияның басты міндеті, кәуаландырып отырған адам қандай кәсіби қызметті атқара алатындығын субъективтілік, дәлірек айтқанда биологиялық негізде анықтау болған, әлеуметтік - биологиялық критерий; алынбаған. Мүгедек түсінігі жазылмайтын ауру түсінігіне теңдестірілген. Сонымен, құқықтың аясында және нақты экономикалық жағдайлардағы адамның әлеуметтік рөлі екінші орынға ығыстырылған, және де мүгедек түсінігі, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық білім беру және басқа да қажетті технологияларды қолданатын көп профильді реабилитация тұрғысынан мүлде қарастырылмаған /3/.

Қазіргі кезде мүгедек, өмірлік қызметінің шектелуіне әкелетін және оның әлеуметтік қажеттілігін тудыратын, зақымдану немесе дефектілердің салдарынан ауруынан организм функцияларының қатты бұлінуі бар, денсаулығында ауытқуы бар тұлға ретінде сипатталынады. Мүгедектілік, халықтың әлеуметтік жайсыз жағдайының басты көрсеткіші болып табылады. Ол қоғамның әлеуметтік жетілгендігін, экономикалық толыққанды жағдайын, адамгершілік ондылығын көрсетеді және мүгедек — адам мен қоғамның өзара іс - әрекетінің бұзылуын сипаттайды.

Жалпы, таңдаудың шектеулі екендігі жағдайындағы адам қызметінің проблемасы ретінде қаралатын мүгедектіліктің бірнеше негіздегі аспектілері бар: құқықтық; әлеуметтік – орталы; психологиялық; қоғамдық-идеологиялық; өндірістік - экономикалық, анатомиялы – функционалдық; медициналы - әлеуметтік; басқарушылық.

Мүгедектер проблемасын шешудегі құқықтық аспект

 

Құқықтық аспект; мүгедектердің құқығын, еркіндігін және міндеттерін қамтамасыз етуді білдіреді.

Қазақстан   Республикасының  Президенті 1999  жылы  21 маусымда Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалымдығы туралы заңға қол қойған. Осы арқылы қоғамымыздағы ерекше әлсіз бөлігіне әлеуметтік қорғау кепілдемесі берілген.

Заңның негізін құрайтын үш принципалдық ережені айтып өту керек:

  • Бірінші — бұл мүгедектерде, білім алу үшін белгілі бір жағдайларға ерекше құқықтың болуы; қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуі; арнайы тұрғын - үй жағдайларына; жеке үй құрылысына, қосалқы шаруашылық және саяжай шаруашылығын жүргізуге жер учаскелерін бірінші кезекте алулары, және тағы басқа. Мысалы, тұратын жерлер қазір денсаулығын және басқа да жағдайларын есепке ала отырып, мүгедек - балалары бар жанұяларға, мүгедектерге берілетін болады. Мүгедектер, Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген аурулар тізіміне сәйкес, жеке бөлме түрінде қосымша тұратын жер алуға құқылары бар. Ол артық деп саналмайды және де бір реттік мөлшердегі төлеммен төленеді. Тағы бір мысал, мүгедектерді жұмыспен қамту үшін ерекше жағдайлар енгізілуде. Меншік формасына байланыссыз 30 адамнан көп жұмысшысы бар кәсіпорын, мекеме, ұйымдар үшін мүгедектерді жұмысқа қабылдауына квота белгіленеді — жұмысшылардың орташа тізімді санына пайыз, ретінде (бірақ үш пайыздан кем емес);
  • Екінші бір маңызды ереже — бұл мүгедектердің, өмір қызметіне, мәртебесіне және т.б. қатысты шешім қабылданатын барлық процестерге белсенді қатысушы болуға құқықтары. Бұл норманы бұзып қабылданған шешімдер соттық тәртіпте жарамсыз деп танылады;
  • Үшінші ереже, арнайы мемлекеттік қызметтерді құруды білдіреді; медициналы - әлеуметтік экспертиза және реабилитация. Олар мүгедектердің тәуелсіз өмір қызметін қамтамасыз ететін жүйені құрады. Сонымен қатар, медициналы - әлеуметтік экспертиза мемлекеттік қызметіне жүктелген функциялардың арасында — мүгедектердің әлеуметтік қорғаудың әр түріне деген қажеттілігін анықтау; кәсіби ауру алған тұлғалардың кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалтуының дәрежесін анықтау; халықтың мүгедектілік деңгейін және себептерін анықтау және т.б.

Информация о работе Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс