Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 22:35, курсовая работа
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту (реабилитация) қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды және қиын міндеттердің бірі.
Мүмкіндіктер санының үзіліссіз өсуі бір жағынан, денелік, психикалық және интеллектуалдық қабілеттеріне тәуелсіз, олардың әрқайсысына көңіл бөлу екінші жағынан, демократиялық, азаматтық қоғамға тән тұлғаның құндылығын көтеру туралы түсінік және оның құқықтарын қорғау қажеттігі, үшінші жағынан осылардың барлығы әлеуметтік оңалту іс - әрекетінің маңыздылығын көрсетеді.
КІРІСПЕ
І МҮГЕДЕКТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРЛІ.
1.1. Мүгедектер және олардың сипаттамасы
1.2. Мүгедектерге қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты
II МҮГЕДЕКТЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС
2.1 Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс технологиясы
2.2 Қазақстандағы мүгедекгерді әлеуметтік қолдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Анатомиялы - функционалдық аспект
Мүгедектіліктің анатомиялы - функционалдық аспектісі, оңалту (реаблитация) функцияны орындай алатын және мүгедектің оңалту (реаблитациялық) қуатының (потенциалының) дамуына әрекет ететін әлеуметтік ортаның (физикалық және психологиялық тұрғыдан) қалыптасуын білдіреді. Сонымен мүгедектіктің қазіргі түсінігін ескере отырып, бұл проблеманы шешкен кезде мемлекеттің басты назарының пәні адам организміндегі бұзылушылық емес, оның шектеулі еркіндік жағдайындағы әлеуметтік рөлдік функцияның жандануы болуы керек. Мүгедектерді оңалту мәні адамдардың тұрмыстық, қоғамға және кәсіби қызметкерлердің оның дене бітімінің психологиялық және әлеуметтік куатының деңгейіндегі (микроәлеуметтік және макроәлеуметтік ортадағы ерекшеліктерін ескере отырып) қабілеттіліктерін жандандыруға деген кешенді көппрофильдік көзқарастарда жатыр. Процесс және жүйе ретіндегі кешенді көп профильді оңалтудың шешуші мақсаты анатомиялық дефектісі, функционалдық бұзылуы, әлеуметтік ауытқулары бар адамдарға салыстырмалы түрде тәуелсіз өмір қызметін беру мүмкіндігі болып табылады. Осы тұрғыдан оңалту (реаблитация) адамдардың қоршаған әлеммен байланысының бұзылуының алдын алады, болдырмайды және мүгедектіліктің профилактикалық функциясын атқарады. Бұл мақсаттар үшін дене бітімі тұрғысынан жетілмеген балалар үшін интернат - үйлері бар. Бұл мекеме де тірек қорғаушы аппараттардың бұзылуы бар балалардың ең ауыр контингенті шоғырланған. Бұл мекемелердің мақсаты - үздіксіз қарқынды жандандыру терапиясы және протездеу, психологиялық коррекция (түзету), мектептік және еңбектік оқыту, кәсіби дайындық және еңбектік оқыту, кәсіби дайындық және ары қарайғы ұтымды (рационалды) жұмысқа орналастыру арқылы мүгедек - балалардың медициналық - әлеуметтік оңалтуын жүзеге асыру. Грек қорғаушы аппаратының бұзылуы бар мүгедек - балаларды белсендендіруде интернат - үйлерімен ғана шектелінбейтін спорттық - сауықтыру жұмыстары үлкен мәнге ие. Бұл жерде мүгедектердің спортын ұйымдастыратын мекеме мен байланыс орнату қажет. Интернат - үйлерінде дене бітімі толық жетілмеген балалар үшін еңбектік оқулар жүргізіледі.
Интернат - үйлерінен ер жетіп, оқып дайындалып шығатын жасөспірімдер әр түрлі өмірлік - тұрмыстық проблемалар туралы (жұмысқа түру, үй алу және т.б.) толық хабардар болулары керек. Әлеуметтік қызметкердің бұл жердегі рөлі осы жас мүгедектерге қоғамға кіргізу кезіндегі қиыншылықтарын жеңе білуге көмектесуде жатыр. Бұл жерде тек қана ақпарат, кеңестер ғана емес, сондай - ақ іс - әрекеттік көмектер беру, арнайы үй алуына ат салысу, мүгедектер үшін берілетін пәтерлерде қосымша құрылғылар мен құрал - жабдықтардың орнату, жұмысқа тұруда, жеңілдіктер алуда және т.б. көмектесу үлкен маңызды жайттар болып табылады. Әлеуметтік қызметкер ашық қоғамға енуші мүгедектің шынай көмекшісі болады /9/.
Медициналы - әлеуметтік аспект
Әлеуметтік қызметкер мүгедектерге заңдық тұрғыдағы, психологиялық, педагогикалық және өте маңыздысы медициналық - әлеуметтік сипаттағы бірқатар мәселелер бойынша қашан да көмек көрсетуге дайын болуы қажет.
Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек - балалар және бала жасынан мүгедектер медициналы - әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға (реабилитация), дәрі - дәрмектермен протездермен, протезді - ортопедиялық бұйымдармен, жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай - ақ кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар. Еңбекке қабілетсіз мүгедектер тегін медициналық - әлеуметтік көмекті мемлекеттің 4 - есе муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің мекемелерінде алуға, үйде қаралуға, ал негізгі өмірлік қажеттерді қанағаттандыра алмау кезінде - халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелерінде қаралуға құқылы.
Бұл санаттағы азаматтың кепілденген құқылары олардың мүгедектіліктің ресми статусын алған сәттен бастап күшіне енеді, сол себептен де әлеуметтік қызметкер, азаматтық, медициналық - әлеуметтік экспертизаға жіберілу тәртібінің бағыттылығын білу керек, алайда ол мүгедектер үшін көбінде күрделі әрі қиын орындалатын процедура болып табылады.
Медициналық - әлеуметтік экспертиза мүгедектіліктің себебін және тобын, азаматтардың еңбекке жарамсыздығының дәрежесін белгілейді, оларды оңалту түрлерін, көлемін және мерзімін анықтайды және де әлеуметтік қорғау мөлшерін де, азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстар береді.
Әлеуметтік қызметкер бұл салада мүгедектерге қараумен қатар белгілі бір мөлшерде дәрігер болу мәселесінің дәрежесінде болады және де пациенттің өмір бейнесіне әсер етеді, оның психологиялық оңалтылуына әрекет етеді.
Басқарушылық аспект
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың тұрмысын әлеуметтік тұрғыда ойластыру басқарушылық органдарынсыз мүмкін емес. Олар мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде бар. Мемлекеттік тұрғыда әртүрлі комитеттер бар: әлеуметтік қорғау комитеті, зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау және т.с.с.
Республикаларда, өлке, аймақтарда, облыстарда мүгедектер ісімен айналысатын, орталық органдарға сәйкес келетін басқармалар әрекет етеді. Барлық әкімшілік аймақтарында да мүгедектер ісі бойынша комиссиялар, бөлімдер, басқармалар бар.
Мемлекеттік басқару органдарынан басқа мүгедектер ісін қорғайтын ведмоствалық басқару бөлімшелері де болады. Көптеген емханаларда арнайы дәрігерлер жұмыс істейді, әдетте емхананың бас дәрігерінің орынбасары рангісінде ол ауруға негіздеме - қорытынды жазады және азаматтарды әлеуметтік қамту органдарында мүгедектікке ұсынуға қүжаттарды рәсімдейді. Барлық аймақтардың әкімшіліктерінде адамдардың мүгедектілігі туралы қорытында шешім қабылдайтын, органдарда мүгедектікті рәсімдеу үшін заңдық негіз бола алатын құжаттарды (анықтамаларды) жазатын арнайы медициналық - әлеуметтік эксперттік комиссиялар (МӘЭК) құрылған.
Сонымен қатар, әлеуметтік қамту жүйесінде мүгедектілік бойынша зейнетақыны тағайындайтын, сапалық индексациясын, қайта есептелуін қарайтын, зейнетақылардың еңбектік жинақ кітапшаларына немесе байланыс бөлімшелерінің пошталық бөлімдеріне аударылуын қадағалайтын, мүгедектердің үй жағдайында қамтамасыз ететін және т.б. айналысатын басқармалар, бөлімдер, секторлар қызмет етеді /10/.
Басқарушылық аспектінің бір жағы — мүгедектермен ұйымдастырылып жұмыс істеу, яғни әлеуметтік қызметкердің мүгедектерінің жарысқа, фестивальдерге, көрмелерге, жәрмеңкелерге және т.б. іс - шараларға жұмылдырылуын ұйымдастыруы болып табылады.
Мүгедектілік — маңызды әлеуметтік проблема, оны әрбір қоғам шешуіне тура келеді. Мүтедектілік масштабы әрбір елде көптеген факторларға байланысты болады, оның ішінде әлеуметтік - экономикалық, экологиялық, саяси, оның бәрі де мемлекеттің әлеуметтік - саясатының қалыптасуы үшін негіз болады. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдар халықтың 8% құрайды екен. Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша біздің еліміз әлеуметтік мемлекет болып табылады және де әлеуметтік-саясаттың приоритеті — адамдарды, оның ішінде мүгедектерді қорғау болып табылады. Мүгедектерге қатысты саясат олардың экономикалық және қоғамдық өмірге араласу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл адамдардың негізгі құқықтарының мәселесі, және де заң. Ол құқықтарды әрбір азаматтқа кепілдеуі қажет.
Соңғы 30 жылда мүгедектілік проблемасын шешуге деген бірқатар көзқарастар белсенді түрде жүзеге асуда, туындауда. Халықтылық деңгейде бұл жұмыс адам құқығын қорғау бойынша комиссиямен және БҰҰ Декларациясы, мүгедектер қүққығы туралы БҰҰ Декларациясы, мүгедектерді қорғаудың Бүкіл әлемдік іс - әрекеттік бағдарламасы қабылданған.
Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің мәліметтері бойынша республикада 487 мың мүгедектер бар екен, олардың 40 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адамының өзі Алматы қаласында тұрады екен.
Әрбір елде еңбекке қабілетсіз адамдар мемлекеттің қамсыздандыруының пәнін құрайды, олар өз кезегінде өздерінің қызметтерінің басты бұрышына әлеуметтік - саясатты қояды. Қарт адамдармен мүгедектерге қатысты мемлекеттің негізгі қамсыздандыру жұмысы оларды материалдық қолдау болып табылады. Алайда еңбекке қабілетсіз адамдар тек қана материалдық қолдауға мұқтаж болмайды. Оларға әрекеттік физикалық, психологиялық, ұйымдастырушылық және басқа көмек көрсету маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік қызметкердің міндетті осы акдараттарды меңгеру және де өздері қызмет көрсететін тұлғаға жеткізу, оларды хабардар ету және қажет болған жағдайда заң бойынша оларға тиісті жеңілдіктерді пайдалануға көмек көрсету болып табылады. Белгілі бір дәрежеде әлеуметтік қызметкерлер мүгедектер мен қарт адамдарға қатысты құқықтық жүйенің негіздерін меңгеруі қажет.
Негізінен әлеуметтік - саясаттың аясында сөз қозғап отырғандықтан Орта Азиядағы мүгедектілік проблемасының көрінісінен ой толғайық.
1. Ол елдегі мүгедектердің саны жалпы халықтың 2-5 % құрайды (Қазақстан Республикасы туралы жоғарыда келтірілген).
2. Мүгедектер халықтың ең кедей және оқымаған бөлігін құрайды.
3. Ол елдердегі мүгедектердің
жалпы саның ішінде жас
4. Орта Азиядағы мүгедектерге қатысты заңдық базаның негізін бұрынғы кеңес дәуіріндегі "ССРО мүгедектерін әлеуметтік қорғау туралы» заң құрайды.
5. Орта Азиядағы мүгедектердің
бәрін де төмендегідей жалпы
Осы ретте Алматы қалалық мүгедектер қоғамының (АҚМҚ) іс - тәжірибесі қызығарлықтай және де ол бірлестігі болып табылады. Онда әр түрлі санаттағы 45 мың мүгедектің мүдделері сақталады; естуі, көруі, тірек қозғаушы аппаратының бұзылулары бар, жалпы аурулары бар, бала жастағы, еңбектік мүгедектер, қарулы күштер және локалдық әскерлерінің мүгедектері, Чернобылдың , мүгедек - балалар, мүгедек - әйелдер жөне т.б.
АҚМҚ инициативасы бойынша Алматы қаласының Әкімінде мүгедектердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша координаңиялық кең ес құрылған, ол қала әкіміне барлық өмірлік қызмет салаларында мүгедектердің проблемалары бойынша ұсыныстарды жасайды және береді, олар яғни; әлеуметтік қорғау, жұмысқа тұрғызу жұмыспен қамту, білім беру, ғылым, техника, мәдениет , спорт және т.б.
АҚМҚ және координационалдық кеңес инициативасы бойынша 2003 - 2005 ж.ж. Алматы қалалық мүгедектерін оңалтудың (реаблитациялық) кешенді мақсаттың бағдарламасы жасалған.
АҚМҚ қатысуымен Алматы қаласында барлық әлеуметтік мағыналы шаралар жүргізіліп тұрады. Мысалы, жаңа жылды тойлау, 8 Наурыз мерекесі, Наурыз көктем мерекесін атап өту, балалары қорғау күні және т.б., Сондай - ақ көптеген спорттық сайыстар да жүріп тұрады. Алматы қаласының мүгедек - спортсмен командасы Респуликасының чемпионаттар, спортакиадалар, паралимпиялық ойындарының және халықаралық сайыстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері болып табылады.
АҚМҚ - ның белсенді позициялары
Қазақстан Республикасының мүгедектілік проблемасын талдау
Республика бойынша 386,2 мың мүгедек адамдар тұрады, оның ішінде мүгедек әйелдер 24 мың , мүгедек - балалар, 16 жасқа дейінгі — 49,8 мың бала жасынан мүгедектер 58,8 мың және т.б. Бұл сандық деректер, мүгедектіліктің ары қарайғы өсуі дені сау халықтың әлеуметтік өсімінің төмендеуі республиканың еңбек ресурстарының саны мен сапасының төмендеуі сияқты қауіп төндіруі мүмкін деген қорытынды жасауға итермелейді.
Ең алғаш рет 2002 жылы ересек халқтың 46133 адамы мүгедек деп танылған, оның ішінде әйелдер — 18892, олардың 26138 - қалада тұрады, 19995 — ауылда, еңбекке қабілеттілері — 30632. Алғашқы мүгедек деп танылғандардың ішінде:
Еңбекке қабілетті халық арасындағы мүгедектіліктің дамуын әлеуметтік және экономикалық факторлар әсер етеді: жұмыссыздық, медициналық қызметтің жоғарғы құны және т.б.
Мүгедектілік проблемасындағы ең осал жері, ол мүгедек - балалардың және олардың жанұяларының әлеуметтік проблемалары.
Мүгедек - балаларға оқу мен тәрбиенің арнайы жағдай жасалынулары талап етіледі. Республикада көру қабілеті бұзылған балалар үшін 8 мектеп бар, онда 1240 мүгедек - балалар оқиды және есту қабілеті бұзылған балалар үшін 19 мектеп бар, онда 2706 бала оқиды.