Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 22:35, курсовая работа

Описание работы

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту (реабилитация) қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды және қиын міндеттердің бірі.
Мүмкіндіктер санының үзіліссіз өсуі бір жағынан, денелік, психикалық және интеллектуалдық қабілеттеріне тәуелсіз, олардың әрқайсысына көңіл бөлу екінші жағынан, демократиялық, азаматтық қоғамға тән тұлғаның құндылығын көтеру туралы түсінік және оның құқықтарын қорғау қажеттігі, үшінші жағынан осылардың барлығы әлеуметтік оңалту іс - әрекетінің маңыздылығын көрсетеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ
І МҮГЕДЕКТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРЛІ.
1.1. Мүгедектер және олардың сипаттамасы
1.2. Мүгедектерге қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты
II МҮГЕДЕКТЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС
2.1 Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс технологиясы
2.2 Қазақстандағы мүгедекгерді әлеуметтік қолдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

мугедектермен алеуметтик жумыс.doc

— 286.00 Кб (Скачать файл)

Заң, мүгедектер проблемасын шешудің негізгі бағыттарына ерекше назар салады. Атап айтқанда, онда мүгедектердің ақпараттық қамтамасыз етілулері, өмір қызметінің кедергісі жоқ ортасын құрудағы қажеттіліктері туралы айтылған. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесінің өнеркәсіптік базасы ретіндегі реабилитациялыық индустрияны құру, мүгедектердің еңбегі мен тұрмысын жеңілдететін арнайы құралдардың өндірісін, сәйкесінше реабилитациялық қызметтерді беруді және де оларды ішінара жұмыспен қамтуды білдіреді. Заңда медициналық, әлеуметтік және кәсіби аспектілері бар мүгедектердің көп профильді реабилитациясы бар кешенді жүйесін құру жайында айтылған. Сондай - ақ мүгедектермен жұмыс істейтін кәсіби кадрларды дайындау, оның ішінде мүгедектердің өз ішінен дайындау проблемасы да қозғалады /4/.

Әлеуметтік - орталы аспект

 

Әлеуметтік - орталыға, микроәлеуметтік ортамен (жанұя, еңбек ұжымы, үй - жай, жұмыс орны және т.б.) және макроәлеуметтік айналамен (қалақұрушы және ақпараттық орталар, әлеуметтік топтар, еңбек рыногы және т.б.) байланысты мәселелер кіреді.

Әлеуметтік жұмысшылар қызмет көрсететін "объектілердің « ерекше категориясын мүгедек адамы бар, болмаса сыртқы көмекті қажет ететін қарт адамы бар жанұялар құрайды. Ондай жанұя бұл кезде микроорта т.б. Ресейлік ғалымдар жүргізген арнайы зерттеу бойынша /1/ еңбекке жарамсыз жанұя мүшелері бар 200 отбасының әлеуметтік қызмет көрсетуді тиімдірек ұйымдастыру үшін әлеуметтік жұмысшы мүгедектіліктің себептерін білуі қажет, олар:

84,8% - жалпы аурулар,

6,3% - соғыста болғандар (соғыс  мүгедегі),

6,3 % - бала жастан мүгедектер. Мүгедектің қандай да бір топқа жатуы жеңілдіктер мен ерекшеліктерге байланысты. Әлеуметтік жұмысшының басты міндеті осы жөнінде толық мәлімет ала отырып, әрекет етуші заңға сәйкес жеңілдіктердің жасалуына ат салысу болып табылады. Мүгедек адам немесе қарт адамы бар жанұямен жұмысты ұйымдастыру үшін әлеуметтік жұмысшы осы жанұяның әлеуметтік жайын, оның құрылымын (толық, толық емес) анықтауы өте маңызды. Бұл факторлардың болуы сөзсіз, онымен, жанұямен жұмыс әдістемесі және де жанұяның әр түрлі сипаттағы қажеттілігі байланысты. Зерттеу барысында 45,5% - толық, 28,5% - толық емес (әдетте анасы мен балалары) жанұялар, 26% - жалғызбастылар, онда да әйелдер жағы басым болған (84,6%). Айта кететін бір жайт, ұйымдастырушы делдал, атқарушы ретінде әлеуметтік жұмысшының (қызметкердің) рөлі жоғарыдағы жанұялар үшін мына салаларда маңызды; моральды - психологиялық қолдау, медициналық көмек, әлеуметтік - тұрмыстық қамтамасыз ету. Моральды — психологиялық қолдауды бағалаған кезде барлық жанұялар үшін келесілер ең өзекті болып табылған; әлеуметтік қамтамасыздандыру органдарымен байланысты ұйымдастыру (71,5%), қоғамдық ұйымдармен байланыс орнату (17%) және еңбек ұжымдарымен байланысты жандандыру (17%). Толық жанұялардың ішінде әлеуметтік қамсыздандыру органдарымен байланыты ұйымдастыруға 60,4%, толық емес жанұялардан — 84,2% жалғыз бастылардан — 76,9% мұқтаж екен. Қоғамдық ұйымдармен байланысты орнатуға сәйкесінше — 27,5%, 12,3%, 3,8% жанұялар ұмтылады екен. Еңбек ұжымдарымен байланысты жандандыруға 19,8% толық жанұялар, 5,9% толық емес және 26,9% жалғызбастылар мұқтаж болады. Бұл жағдай, мүгедектердің өздеріне көрсетілетін жеңілдіктер туралы толық хабардар болмауымен түсіндірілуі мүмкін.

Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға деген мұқтаждықты талдаған кезде 71% жанұялар учаскелік дәрігердің байқауына қажеттілік туғызса, жанұялардың жартысына жуығы (49,5%) тар мамандық иелерінің кеңестеріне, ал 17,5% диспансерлік бақылауға мұқтаж болған. Толық жанұяларда көрсетілген медициналық көмек түрлеріне деген қажеттіліктің рангілік орындары біраз басқаша: бірінші орында (50,7%) учаскелік дәрігердің байқауына қажеттілік, екінші (40 %) — диспансерлік бақылауға, ал үшінші (30,3%) — тар мамандық иелерінің кеңестеріне деген қажеттіліктер байқалған. Толық емес жанұялар ең басты мұқтаждық (37,4%) диспансерлік бақылауда, 35,4% жанұялар тар мамандық иелерінің кеңесіне және 26,7% - учаскелік дәрігердің байқауына деген қажеттіліктерін білдірген. Жалғызбастыларда тар мамандық иелерінің кеңестеріне деген қажеттілік басым (34,3%) және де тең дәрежеде (22,5%) учаскелік дәрігердің байқауымен диспансерлік бақылауға да қажеттіліктер орын алған.

Зерттеуге алынған жанұялардың ең көп қажеттіліктері әлеуметтік - тұрмыстың қызметтіліктерге екен белгілі болған. Бұл, еңбекке қабілетсіз жанұя мүшелерінің қозғауларының шектеулігімен түсіндіріледі. Әрдайым сыртқы көмекке мұқтаж болады және де өздеріне сау адамдарды байлап қояды, яғни олар азық - түлік дәрі - дәрмектерін сатып алып береді, жеткізіп береді және оларға әр түрлі үйден тысқары шығатын негіздегі тұрмыстық қызметтерді көрсетеді. Сондай - ақ оны қазіргі кездегі әлеуметтік шиеленістермен, азық - түліктерді және тұрмыстық қызметтерді алудағы  қиындықтармен де  түсіндіруге  болады. Осыған орай әлеуметтік қызметкердің ролі бірден жоғарылайды. Жанұялардың әлеуметтік - тұрмыстық қызмет көрсетудегі қажеттіліктерін бағалаған кезде келесілер айқындалған. Барлық зерттелінгендердің ең басты қажеттіліктері кір жуушыларға екен (88,5%), химиялық тазартуға (82,5%) аяқ киім шеберханасына (64,6%). Сонымен қатар, пәтерлерін жуып - жинауға деген қажеттіліктері айқындалған (27% жанұя), үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу (24,5%), тең дәрежеде (20,5% жанұяда) – азық - түлік пен дәрі - дәрмектерді жеткізуте әр түрлі санаттағы жанұялардың салыстырмалы талдауы көрсеткендей, жалғыз бастыларда басқа жанұяларға қарағанда азық - түлікті жеткізуге (50%), пәтерлерін жинауға (46,2%) дәрі – дәрмектерді жеткізуте (40,4%) ең көп мұқтаждық байқалған. Алынған мәлімет, деректер, еңбекке қабілетсіз жанұя мүшелері кіретін жанұялардың қажеттіліктері елдегі әлеуметтік - экономикалық жағдаймен бір жағынан анықталса, екінші жағынан мүгедектердің өзін - өзі қамтуының шектеулі мүмкіндіктерімен анықталуынын көрсетіп отыр.

Сонымен, барлық зерттеуге алынған жанұяның әлеуметтік қорғаудағы ең үлкен қажеттіліктері қазіргі уақытта әлеуметтік - тұрмыстық проблемалар төңірегінде топталып отыр, ал әлеуметтік қорғау тұрғысынан ең көп ығыр көруші топ — жалғызбасты еңбекке қабілетсіз азаматтар азық - түліктерді және дәрі - дәрмектерді жеткізуге, пәтерлерін жинауға әлеуметтік қамсыздандыру орталықтарына тіркеуге алынуға үлкен қажеттілік туғызатындары белгілі болды. Маральды - психологиялық қолдауға деген жанұялардың қажеттіліктерінің қалыптаспағандығымен түсіндірілсе, екінші жағынан елдегі қалыптасқан ұлттық дәстүрлерге екі фактор да өзара тығыз байланысты. Әлеуметтік қызметкерлердің қызмет аясын қалыптастыру қажет болып отыр. Нормативтік құжаттарда, біліктілік сипаттамаларында көрсетілген міндеттерден басқа, қазіргі қалыптасқан жағдайды ескере отырып тек қана ұйымдастырушылық делдалдық қызметтерді атқарумен шектелмеу керек. Осы тұрғыдан басқа да қызмет түрлері белгілі бір өзектілікке ие болуда, олардың ішінде: әлеуметтік жұмысшының қызметін кеңінен пайдалану жөніндегі мүмкіндіктер туралы халықтың хабардар болуы еңбекке қабілетсіз азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы халықтың қажеттерін (рыноктік экономикалық жағдайында) қалыптастыру, отбасын моральды - психологиялық қолдауды жүзеге асыру және т.б. /5/

 

 

Психологиялық аспект

 

Психологиялық аспект мүгедектің өзінің тұлғалық - психологиялық бағдарлығын және қоғамның, мүгедектілік проблемаларын эмоционалдық - психологиялық қабылдауын көрсетеді.

Мүгедектер және зейнеткерлер былайынша айтқанда халықтың аз жұмылдырылған санаттар қатарына жатады және қоғамның аз қорғалатын, әлеуметтік осал белігі болып табылады. Бұл ең алдымен, мүгедектікке әкелген аурудың салдарынан дене бітімі жағдайының дефектілерімен, сондай - ақ салатикалық паталогиямен сипатталынатын комплекстермен, және де үлкен жастағылар үшін тән болатын қозғалыс белсенділігінің төмендігімен байланысты. Сонымен қатар белгілі бір мөлшерде халықтың бұл тобының әлеуметтік қорғалмауы, олардың қоғаммен қатынасын қалыптастыратын және онымен байланысты қиындататын психология факторларының болуымен байланысты.

Психологиялық проблемалар мүгедектердің сыртқы әлемнен оқшауланып қалған кездерінде, кресла - коляскадағы мүгедектер үшін қоршаған ортаның бейімсіздігінде, зейнеткерлікке шыққан кездегі әдеттегі қатынастардың үзілгенінде, жолдасын жоғалтқан кездегі жалғыздық, егде адамдарға тән, склероздық процестің дамуы нәтижесінде болатын мінездеріндегі ерекшеліктер себебінен туындайды. Осының бәрі эмоционалды ерік - жігердің бұзылуына депрессияның өрістеуіне, мінез - құлықтың өзгеруіне әкеледі:

  • қартаю — алысқа серпілген жоспардың мүлде орындалмауы, болмаса олар бірден оқу қажеттілігімен қысыңқыланып және шектелуі болатын адам өміріндегі ерекше кезеңі.
  • қартаю процесін және қартандылыққа деген көзқарастарды қарастырған кезде бұл проблеманың екі жағы қаралады: -ми қызметінің жастық өзгерістермен байланысты психикалық қызметінің ерекшеліктері, яғни қартаюдың биологиялық процестерімен байланысты.
  • биолог және әлеуметтік фактордың әсерінен қалыптасқан осы өзгерістерге немесе жаңа (ішкі және сыртқы) жағдайларға қартайған адамдардың реакциясын көрсететін психологиялық феномендер.

Психологиялық саладағы қартайған кезде болатын өзгерістер әр түрлі деңгей де байқалады: тұлғалық, функционалдық, органикалық. Бұл ерекшеліктерді білу әлеуметтік қызметкер үшін өте маңызды, өйткені ол оларға егде адаммен байланысты бағалауға, өздерінің психологиялық реакцияларын жөнге келтіруге және күтілетін нәтижелерді болжамауға мүмкіндік береді.

Биологиялық қартаюдың белгісі ретінде бағаланатын тұлғалық өзгерістер бір жағынан тұлғаның бұрынғы қасиеттерінің күшеюі мен басымдауымен көрінсе, басқа жағынан жалпы, оның ішінде жастық жою қасиетінің өрістеуімен байланысты. Өзгерістердің бірінші тобы мысалы, құнтты, ұқыпты адам сараң болады, сенімсіздер - күдіктенуші болып өтеді  және т.б. Тұлғалық өзгерістердің екінші тобы өткенді қайта бағалаумен қатар барлық жаңа құбылыстарға шыдамсыздық консерватист болуымен тәртіпке үйретуге, жанының жаралануына ренжуге бейім тұратындығымен сипаталады.

Қартаю процесімен байланысты тұлғалық өзгерістерден басқа психологиялық функцияның өзгеруін де назардан тыс қалдырмау қажет. Оларға есте сақтаудың көңілдің, эмоционалды аяның, психологиялық іс - әрекеттің, жалпы бағдарлылықтың бұзылуы — адаптациялық механизмінің бұзылуы жатады.

Үлкен адаммен қатынасқа түскен кезде әлеуметтік қызметкерлер олардың есте сақтау қабілетінің бұзылу ерекшеліктерін білуі өте маңызды. Салыстырмалы түрде көп жыл бұрынғы жағдайды есте сақтауда қартайған кезде жақында болған жағдайларды еске сақтау ақсайды, қысқа мерзімдік есте сақтау бұзылады. Бұл қарт адамдардың әлеуметтік қызметкермен байланысына кері әсерін тигізуі мүмкін, яғни ол оның қызмет көрсетуіне, оған келуінің ұзақтығы мен санының, жиілігіне тілек - талаптар қою пайда болады және тағы сол сияқты. Қарт жастағы көңіл тұрақсыздықпен, алаңдаушылықпен сипатталынады.

Эмоционалдық жағынан көңіл - күйінің жабырқауына, депрессиялық реакцияға бейімділігімен, жылауға, реніштерін тізіп отыруымен басым болады. Қарт адамға психологиялық қызмет қарқының бәсеңдеді, жайбасарлық және орталардағы бағдарлану қабілетінің төмендеуі тән. Егде жастағы патология процесін байқалтатын психологиялық өзгерістер егде және қарт жасындағы әр түрлі (нозологиялық, ауруларда көрініс береді. Оларға дименцияның, есеңгіреу және аффектілік бұзылудың клиникалық көріністері жатады. Бұл жағдайларды диагностикалау дәрігерлерді міндері. Ал қарт адаммен әрдайым байланыста жүретін әлеуметтік қызметкерлердің ролі бұл жағдайлар туралы кішкене болса да хабардар бола отырып аурудың белгісін айқындап, тиісті маманның көмек көрсетуін ұйымдастыру болып табылады /6/.

 

 

Қоғамдық - идеологиялық аспект

 

Қоғамдық - идеологиялық аспект мемлекеттік институттардың практикалық қызметінің мазмұнын анықтайды және мүгедектер мен мүгедектілікке байланысты мемлекеттің саясаттың қалыптасуын айқындайды. Осы тұрғыдан мүгедектерге, халық денсаулығының көрсеткіші ретіндегі басым болып жүрген көзқарастан бас тарту қажет, керісінше осы әлеуметтік саясаттың тиімділігінің көрсеткіші ретінде қабылдау қажет және де мүгедектілік проблемасын шешу — мүгедектермен қоғамның өзара әрекеттесулерінің құзырында екенін сезіну керек.

Үйде әлеуметтік көмек көрсетуді дамыту еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетудің бір ғана формасы емес. 1986 жылдан зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығы деген қоғамдар құрыла бастады, оның құрамына, үйдегі әлеуметтік көмек көрсету бөлімінен басқа мүлде жаңа құрылымдық бөлімшелер кірген — күндізгі келу бөлімдері. Мұндай бөлімдердің мақсаты, қарт адамдар үшін, олар отбасымен тұра ма немесе жалғызбасты ма, оған байланыссыз, демалыс орталықтарын құру болды. Мұндай бөлімдерге адамдар таңертен келді де, кешке үйлеріне қайтару жағы қарастырылған күні бойы олар ыңғайлы, жайлы жағдай да болуға, адамдармен араласуға, уақыттарын мәнді етіп өткізуге, әртүрлі мәдени - көпшілік шараларға қатысуға бір реттік ыстық тамақ ішуге және қажет болған жағдайда дәрігерге дейінгі медициналық көмекті алуға мүмкіндіктері болады. Мұндай бөлімнің қызметінің негізгі міндеті қарт адамдарға жалғыздықты, оқшаулауға өмір бейнесін жоюға, өмірлерін жаңа бір мән - мазмұнмен толтыруға  белсенді  өмір  бейнесін  қалыптастыруға көмек көрсету болып табылады.

Күндізгі келу мотивтерін реттеу басым көпшілік үшін адамдармен араласу (76,3%) жетекші орында, екінші, мәні жағынан тегін немесе жеңілдік бағасындағы түскі тамақты алу мүмкіндігі (61,3%), үшінші болып мотивтер иерархияда өзінің бос уақытын мазмұнды етіп өткізу (47%) мүмкіндіктері тұрғандығын көрсетті. Ал өзін тамақ дайындаудан арылту (29%) және қанағаттанарлықсыз материалдық қамту (18%) сияқты мотивтер бөлімге келуші негізгі контингенттің ішінде жетекші орынды алмайды. Оған қоса көптеген азаматтарда (46,7%) басқа да мотивтер жағынан күндізгі келуге тартымдылық білдірулері байқалады. Мысалы күнде ол жерге бару оларды әрдайым "тонуста болуға» , "тәртіпке келуте», "өмірді жаңа мән - мазмұнға толтыруға», "босаңсу мүмкіндігіне» ие болуға мәжбүрлейді. Жекелеген азаматтарда бөлімге ұзақ уақыт бойы келулері денсаулықтарың жақсартуына әрекет еткен (бронхалық астма дертінің қозуы, сосудтарының ауруы және т.б.) эмоционалдық аясына ыңғайлы жағдай, бөлім қызметкерінің мейірімділігі, сондай - ақ кез келген уақытта медициналық көмек алулары, емдік дене шынықтыру мен айналысулары оң әсер береді.

Соңғы жылдары бірқатар әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жаңа құрылымның бөлімшелер, қолдауға аса мұқтаж азаматтардың өмірлерін қолдауға бағытталған бір реттік сипаттағы шұғыл көмекті көрсетуге арналған. Қызметтің іс - әрекетінің басты бағыттары болып табылатындар: - әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қажетті ақпараттар мен кеңестер беру; тегін ыстық тамақпен немесе азық - түлік жинағымен қамтамасыз ету (қоғамдық тамақтану кәсіподақтарының бекіткен талоны бойынша; талондар асханаға бір рет кіру үшін, болмаса жәбірленуінің әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын зерттеген соң бір айлық мерзімге берілуі мүмкін).

  • киім, аяқ киім және алғашқы қажеттіліктердің басқа да заттарын  беру;
  • материалдық көмек көрсету;
  • уақытша тұратын жерлерді алуға әрекет ету (кейбір жағдайларда иммиграциялық қызметтермен бірге);
  • мәселенің білікті және толық көлемде шешу үшін азаматтарды сәйкесінше органдарға және қызметтерге бағыттау;
  • жедел түрдегі психологиялық көмекті көрсету, оның ішінде сенім телефоны бойынша — аймақтық ерекшеліктеріне байланысты басқа да көмек түрлерін көрсету (оның ішінде мемлекеттік заң қызметкерлерінің ала алмайтын үлкен жастағы тұлғаларға және мүгедектерге жедел заң көмектерін көрсету) /7/.

 

 

Өндірістік - экономикалық аспект

 

Өндірістік - экономикалық аспект ең алдымен халықты әлеуметтік қорғаудың өнеркәсіптік негіздерін және оңалту (реабилитациялық) бұйымдар мен қызметтердің рыногын құру проблемасымен байланысты. Мұндай көзқарас, ішінара немесе толық өзіндік кәсіби, тұрмыстық және қоғамдық қызметтерге бейім мүгедектер үлесінің ұлғаюына бағдарлануға, олардың оңалту (реаблитациялық) құралдарымен қызметтерге деген қажеттерін адрестік қанағаттандыру жүйесін қүруға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде олардың қоғамға кіріктірілуіне әрекет етеді. Мүгедектерді оңалту (реаблитациялық) бұйымдармен қамтамасыз етуге мемлекеттін монополияны сақтау халықтың "белсендің бөлігін ақталмайтын экономикалық жүктемелеуге әкеледі және де мүгедектердің шынайы қажеттіліктері мен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы диспропорцияның әрдайым өрістеуіне әкелетін "жеңілдікң саясатын жалғастыру үшін негіз болмақ /8/.

Информация о работе Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс