Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2015 в 19:46, реферат
Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі және денсаулығымен бағаланады.Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары екендігін айта отырып, балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуына аса көңіл бөлді.
Кіріспе.................................................................................................................3
І тарау Аномальды балалардың педагогикалық - психологиялықерекшеліктері.
1 Аномальды балалардың даму тарихы.................................................. 7
2Аномальды балалардың негізгі категориялары және оның ерекшеліктері........................................................................................17
ІІ тарау Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларға арналған мекемелер
3 Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері........................................................39
Аномальды балаларға көрсетілетін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметі.........................42
Қорытынды.......................................................................................................48
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................50
1.2. Аномальды балалардың
негізгі категориялары және
Балалар дамуындағы
аномальды балаларды арнаулы мектептерге
жібереді. Аномальды балалар – физикалық
немесе психикалық дамуы ауытқыған балалар.
Кемістік немесе дефект балаларда іштен
туа және жүре пайда болуы мүмкін. Іштен
туа пайда болған кемістіктің болуы әр
түрлі себептерге байланысты:
Жүре пайда болған
кемістік – бұл баланың нәресте кезінде
жұқпалы аурулармен науқастануы. Мысалы:
эпидемиялық менингит, полиомелит, қызылша,
скарлатина, т.б. аурулар.
«Аномальды балалар»
- термині бұл арнаулы мектептерде оқытылатын
балаларға арналған. Аномальды балалардың
негізгі топтары:
Аномальды балаларды
тәрбиелеу және оқыту олардың физикалық
дамуына және ақыл-ой дамуына қарай ұйымдастырылады.
Кейбір балалардың кемістіктерін түзегеннен
кейін, оларды кәдімгі мектептерде оқытуға
болады. Ал кейбіреулері арнаулы мектептерде
оқытылады және сонда тәрбиеленеді. Аномальды
балалардың білім алу қабілеті әр түрлі
болады. Кейбір балалардың білімді меңгеру
дәрежесі кәдімгі жалпы білім беретін
мектептердің жай ғана оқу бағдарламасын
игерумен шектеледі. Ал кейбіреулердің
мүмкіндіктері шексіз болады. Әрбір категориядағы
балаларға біздің елімізде белгілі оқу
орындары белгіленген:
Аномальды балаларды
тәрбиелеу және оқыту бұл күрделі педагогикалық
жұмыс болып есептелінеді.
^ Ақыл-ойы кем балалардың
ерекшелігі
Ақыл-ой кемістігін
халықаралық ғылыми тілде олигофрения деп
атайды, грек сөзі, қазақша аудармасы «ақылы
таяз» деген ұғымды білдіреді. Бұл терминді
ғылымға Э.Кренлин енгізген.
Олигофрения негізінен
баланың орталық жүйке жүйесінің, әсіресе
бас миының зақымдалуынан болатын кемістік.
Бас миының зақымдалуына әр түрлі сыртқы
және ішкі жағдайлар себеп болады. Сыртқы
факторларға - ананың жүкті кезіндегі
гриппке, сүзекке, қызылшаға, сары ауруға
және басқа да әр түрлі жұқпалы дерттерге
шалдығыуы, ананың организміне жайылған
уытты заттардан құрсақтағы нәрестенің
улануы және босану кезіндегі болатын
әр түрлі зақымдар жатады.
Ішкі факторлардың
зардаптарынан олигофрения іштей туа
пайда болады.
Қан құрамында резус-фактордың
«бар» немесе «жоқ» болуына қарай адамдардың
қанын оң-резусты және теріс-резусты деп
бөледі. Адамдардың 85%-нің қаны оң резусты,
ал 15%-нің қаны теріс-резусты деп есептеледі.
Егер екіқабат әйелдің қаны теріс резусты
болса, онда құрсақтағы нәресте жұбайының
оң резусты қанын мұраланады.
Демек, резус фактор
бойынша ананың қаны құрсақтағы нәрестенің
қанымен сәйкес келмеуінен оның физикалық
және психикалық дамуының ауытқуы бұзылатындығы
байқалады. Даму процесінің бұл сияқты
бұзылуы олигофренияның пайда болуына
мүмкіндік туғызады.
4. Баланың ақыл-ойының
жетілмеуіне ата-ананың маскүнемдікке,
нашақорлыққа және есірткіге салынуы
да себеп болады.
Олигофрен балалардың
бас миының үлкен жарты шарының қыртысы
түгелімен жайылып зақымданатындығы арнайы
клиникалық зерттеулердің нәтижесінде
анықталған. Сонымен бірге олигофренияда
бас миының үлкен шарының барлық қыртысының
жайылып зақымдануымен қатар оның қыртысындағы
жүйке жүйелерінің даму барысының сапалық
жағы да бұзылатындығы байқалады.
Ақыл-ой кемістігінің
даму барысындағы деңгейіне және сапалық
дәрежесінің өзіне тән өзгешелігіне қарай
олигофрения: идиотия, имбецильдік және
дебильдік болып үш топқа бөлінеді.
Идиотия – гректің сөзі, қазақ
тілінде «нақұрыс» деген мағына береді.
Демек идиотия туа біткен психикалық бұзылудың
нәтижесінен болатын ақыл-ой кемістігінің
ең ауыр түрі.
Физикалық кемістіктің
мұндай зардабынан идиот балалардың кейбіреулері
тіпті өздігінен емін-еркін отырып тұрып,
түзу жүре де алмайды. Сондай-ақ идиот
балалардың көпшілігінің алақандарын
шапаттайтын, бастарын шайқайтын немесе
изейтін, қолдарының немесе аяқтарының
саусақтарын немесе бармақтарын ауыздарына
салып үздіксіз шолпылдататын, сорып отыратын
ритмикалық жасанды қылықтарын да жиі
байқауға болады.
Қорыта келгенде, жоғары
жүйке қызметі іс-әрекетінің мұндай ерекшеліктері
идиот кемістігіне шалдыққан балалардың
психикалық дамуының қатты күйзеліп, бұзылғандығын
көрсетеді.
Дебильділік – латынның сөзі, қазақ
тіліндегі аудармасы «деліқұл» деген
ұғымға тура келеді.
Баланың іштей жетілмей
туатын физикалық және психикалық дамуындағы
патологиялық кемістігін «дебильділік»
- деп атайды. Дебиль балалардың ақыл-ой
қабілеттерінің таяздығы идиот пен имбецильге
қарағанда әлде қайда жеңіл болады. Сондықтан
да олар өздеріне арналған арнайы мектептің
жеңілдетілген оқу бағдарламасын ойдағыдай
меңгереді және сонымен қатар қарапайым
қол жұмыстарымен атқарылатын еңбектің
түрлерімен шұғылдануға бейімделеді.
Алайда бұл кемістік
патологиялық процестің негізінде пайда
болғандықтан дебиль балалардың физикалық
дамуында да болмашы жеңіл ауытқулар байқалып
тұрады. Бірақ бұл ауытқулар жайшылықта
көп біліне бермейді. Тек кейбір иіліп-бүгілуі,
қайырылып-бұрылуы қиын күрделі қимыл
қозғалыстарды орындағанда ғана байқалады.
Мысалы, футбол, волейбол, баскетбол, ұзындық
пен биіктіктен жүгіре секіру сияқты және
басқа да спорт ойындары. Дегенмен де,
педагогикалық тәсілдердің қағидасымен
жүргізілетін түзету, тәрбие жұмыстарының
нәтижесінде дебиль балалардың физикалық
дамуындағы патологиялық кемістіктерінің
тіпті де білінбей кететіндері соншалықты,
олардың кез келген қарапайым қол еңбегінің
түрлерімен айналысуына мүлде кедергісі
болмайды.
Дебиль балалар күнделікті
қарым-қатынаста қолданылатын дағдылы
қарапайым сөздерді ауызекі сөйлеу тілдерінде
еркін меңгеріп, оңай түсінеді. Ал, мазмұны
күрделі, мағынасы астарлы болып айтылатын
сөздерді байыптап түсінуге ақыл-ойларының
зерделілігі жетпейді.
Олигофренияның дебиль
тобына жататындардың өздері ауыр және
жеңіл дәрежелі болып екіге бөлінеді.
Өйткені олардың ақыл-ойларының даму процестері
мен сөйлеу тілдерінің бұзылулары біркелкі
болмайды. Сөйлеу тілі ақыл-ойдың ең негізгі
құралы ретінде оның даму процесіне байланысты
бірыңғай жетіледі.
Ақыл-ойларының патологиялы
кемістері жаңадан нышан көрсетіп, енді-енді
байқала бастаған мектеп жасына дейінгі
ересек топтағы балалардың сөйлеу тілдеріндегі
мүкістердің түрлері мен олардың айтылуындағы
ерекшеліктері әр алуан болып келеді.
Мұндай балалардың сөйлеу тілдердегі
мүкістері, әсіресе олардың мектептің
бірінші және екінші сыныбында жүрген
кездерінде анық байқалады.
Ақыл-ойы кем балалардың
арасында оқығанын түсінбейтін кемістіктері
бар балалар да кездеседі. Олар берілген
мәтінді қатесіз оқығанымен оның мағынасын
түсінбейді. Себебі, мәтінді оқыған кезде
не бастапқы, не соңғы сөз тіркесін ұмытып
қалады. Соның салдарынан мәтіннің мазмұнына
сәйкес қойылған сұраққа дұрыс жауап бере
алмайды. Егер сол мәтінді басқа біреу
дауыс ырғағымен мәнерлеп оқып берсе оны
жақсы түсінеді. Демек, дебильдің жеңіл
дәрежесіндегі балалар мәтіннің немесе
сөйлемнің құрамындағы тіркескен сөздердің
бір-бірімен грамматикалық синтаксистік
жолымен байланысып, белгілі бір мазмұнды
тудырып тұрғандарын ұқпайды және өздерінің
оқығандарын түсініп, естерінде сақтай
алмайды.
Имбециль – латын сөзі, қазақша
аудармасы «әлсіз, дәрменсіз» деген мағынаны
білдіреді. Имбециль идиотқа қарағанда
ақыл-ой кемістігінің жеңілдеу тобына
жатады. Олардың патологиялық кемістіктеріне
зерттеу жүргізген кезде жүйке жүйелерінің,
әсіресе оң жағының құрылысы мен оның
қызметіне залалын тигізетін әр түрлі
аурулар жиынтығының бытыраңқы қалдықтарының
болатындығы анықталды.
Имбециль балалардың
ақыл-ой кемістіктері идиоттарға қарағанда
біршама жеңілдеу болғанымен, бірақ олардың
да қимыл-қозғалыстарының толық жетілмегендігі
айтарлықтай толық білініп тұрады. Демек
мұндай балалардың да қимыл-қозғалыстарының
толық жетілмегендігі айтарлықтай айқын
білініп тұрады. Мұндай балалардың қимыл-қозғалыстары
жеткілікті дамымай қалған. Соның салдарынан
дене бітімдерінің құрылыстары да қисайып
майысып бұзылған. Олар өздерінің дене
мүшелерін кез келген нысаналы бағытқа
бұрып және бір-бірінен айырып қимылдатып,
қозғалтуға шамалары келмейді. Мысалы,
бір көзіңді қыс десең, ол бүкіл бетін
тыржитып жиырып екі көзін де қысады, кейде
қолымен жабады.
Толық жетілмей кем
болып қалған дене мүшелері баланың көздеген
мақсатына қарай емін еркін қимылдап,
қозғала бермейді. Сондықтан да олардың
дене мүшелері әсіресе, қолдары ешқандай
бағыт-бағдарсыз бет алды салдыр-салақ
сілтеніп қимылдайтындары жиі байқалады.
Қолдарының, аяқтарының және саусақтарының
қимылдары өте әлсіз және ебедейсіз шалажансар
болады, емін-еркін иіліп-бүгіліп, ашылып
жазылмайды. Сондықтан да мұндай балалар
өздерінің үсті-басына қарап, күтінуге
шамалары келмейді. Қолдары мен саусақтарының
кемістігі олардың жазуды үйренулеріне
де қиындық туғызады.
Имбециль балалардың
мінез-құлықтары идиоттардікіне қарағанда
біршама тыныштау болғанымен, бірақ олардың
да өздеріне тән тағылық қылықтары жиі-жиі
көрініп тұрады.
Мысалы, олар көп уақытқа
дейін өздерін мектептің шәкірттері болғанын,
онда дәріс алып оқу керек екенін мойындамайды,
өйткені «мектеп, шәкірт, оқу, мұғалім»
деген сөздерді ұқпайды. Мұғалімнің қойған
талап-өтініштеріне құлақ аспайды, демек,
мұғалім сөйлеген сөздерінің мағыналарын
түсінбейді. Олар сабақ жүріп жатқан кезде
рұқсатсыз орындарынан тұрып, парталарды
жағалап, бет-алды ары-бері сандалып жүреді,
мұғалім ескертпелеріне құлақ аспайды.
Имбециль балалардың
көпшілігінде мінез-құлықтарында еліктеушілік
қасиеттері басым болады. Олар не көрсе
соны дәл сол қалпында айнытпай салады,
тіпті әлдеқашан бұрынғы көргендерін
де ұмытпай қайталап сала береді.
Іштен туа бітетін
ақыл-ой кемістігінің имбециль тобына
кіретіндердің ішіндегі айтарлықтай көп
тараған түрі – ^ Дауна синдромы. Бұл кемістіктің дауна
деп аталу себебі, 1866 жылы ағылшын дәрігері
Лэнгдон Даун аурудың өз алдына жеке бір
түрі ретінде ақыл-ой кемістіктерінің
басқа түрлерінен бөліп алып арнайы зерттеген.
Дауна синдромы ақыл-ойдың хромосомды
кемістіктеріне жатады.
«Дауна» балалардың
психикасында ақыл-ой кемістіктерінің
басқа түрлерінен ерекшеленіп тұратын,
өздеріне тән өзгеше белгілері болады.
Алайда ақыл-ойларының
өте таяздығы жағынан олар имбециль балаларға
көбірек ұқсас келеді. Тек кейбір сирек
кездесетін жеңілдеу түрлерін ғана дебиль
дәрежесіндегі ақыл-ой кемістігіне жатқызуға
болады.
Мұндай балалардыың
мінез-құлықтары әр түрлі және құбылмалы
болады. Олардың кейбіреулері ашуланшақ,
ызақор, кекшіл; екіншілері байқағыш, еліктегіш;
үшіншілері мейірімді, ақкөңіл, кішіпейіл,
ал төртіншілері өкпелегіш, жәбірленгіш,
кінәмшіл болып келеді. Олар өздеріне
күліп қарайтын адамға тез бауыр басып
кетеді.
Дауна синдромы бар
балалардың психикалық қимыл-қозғалыстарының
жетілмей қалатындығы дүниеге келгеннен
кейінгі алғашқы айларында-ақ көріне бастайды.
Бұл кемістікке шалдыққан
балаларда ынталы ұмтылыстың, қуанышты
шаттықтың, еркелік наздың, мазасыз көңілдің,
мұқтаждық талаптың ерекшеліктері тән,
қимыл-қозғалыстары өте енжар, сүреңсіз,
солғын болады. Демек, олардың барлық қимыл-қозғалыстарының,
әсіресе психикалық жұмыс істеу қызметінің
қалыптасып жетілуі кешеуілдеп тоқыраған
немесе бұзылған.
Алайда, 3-4 жастан асқаннан
кейін айналасындағы өзі қатарлы дені
сау балалармен тікелей қатынасып араласудың
және отбасындағылардың, әсіресе ата-анасының
ерекше көңіл аударып түзету тәрбиесімен
айналысудың нәтижесінде олардың қимыл-қозғалыстарының
біршама ширайтындығын, психикалық дамуының
белсенділік қызметінің артатындығын
және сөйлеу тілінің сөз құрастыруға қалыптаса
бастайтындығын көруге болады. Әрине,
бұған қарап, бұл кемістік толық түзеліп
кетеді деген ұғым тумайды.
Гидроцефалия – қазақ тілінде «өте
үлкейіп кеткен, қазан бас» деген ұғымды
білдіреді. Гидроцефалия дегеніміз –
жұлын сұйығының шамадан тыс қатты тасып,
басқа құйылып жиналуынан пайда болатын
ауру.
Жұлын сұйығының тасуына
ананың жүкті кезінде әр түрлі азық-түлік
тағамадарынан ағзаға уытты заттардың
жайылуы, әр түрлі жұқпалы аурулардың
залалдары және әр түрлі зақымдардың зардаптары
немесе мидағы қанның жүру жолын реттеп
тұратын жұлын сұйығының жүйелеріне тікелей
әсерін тигізіп, олардың жұмыс істеу қызметін
бұзатын ми қабықтарының қабыну процестерімен
мидың іріндеп ісініуі себеп болуы мүмкін
деген жорамал бар.
Іштен туа бітетін
гидроцефалия кемістігі баланың дүниеге
келгеннен кейінгі алғашқы күндерінде
немесе айларында-ақ білінуі мүмкін. Бұл
кезде баланың басы шарланып, әсіресе
маңдайы дөңестеніп тез өсе бастайды.
Гидроцефалия кемістігіне
шалдыққан балалардың психикасында өздеріне
тән ерекшеліктері бар бірқатар өзгерістердің
орын алатындығы байқалады. Мұндай балалардың
кейбіреулері естігенін немесе көргенін
мағынасы мен мазмұнын түсінбесе де есінде
жақсы сақтайды. Мысалы, олар бірнеше шумақты
өлең жолдарын бір естігенде-ақ жаттап
алады. Ал, екінші біреулерінің музыкалық
әуенге және көркем өнерге деген қабілеттері
жақсы жетілген. Алайда, бұлардың жұмыс
істеу қабілеттері бірқалыпты жетілмеген.
Олардың белгілі бір мақсатқа талаптанып
ұмтылу нысаны бұзылған. Демек, еш нәрсеге
қызықпайды. Олар бір нәрсеге ден қойып
көңіл аудара алмайтын алаңғасар келеді.
Көңіл-күйлері тұрақсыз, құбылмалы келеді.
Гидроцефалияға шалдыққан
балалардың ақыл-ойларының кемістіктері
идиоттың ең ауыр түріндегісінен дебильдің
жеңіл түріндегісіне дейінгі дәрежелерінде
кездесе береді.
Ақыл-ой кемістіктерінің
бұл сияқты әр түрлі дәрежеде көріну себебі,
көбінесе аурудың даму барысының өзгешелігіне
және мидың зақымдану дәрежесіне байланысты
олардың ағзаларының әлсіреу шамаларына
қарай болады. Алайда, гидроцефалияның
бірқалыпты дамуында баланың ақыл-ойы
дұрыс жетілуі де мүмкін және ол жалпы
мектепте де оқуы ықтимал.
Гидроцефалияның дебиль
дәрежесіндегі ақыл-ойы кем балаларға
арналған арнайы мектепте, ал имбециль
дәрежесіндегілердің тек жеңілдеу түрлерін
ғана осы мектептің имбециль сыныбында
оқытуға болады.
Микроцефалия – гректің «микро»
- «кішкентай» және «цефаль» - «бас» сөздерінен
бірігіп, бас сүйегі мен миы жетілмей қалған
деген ұғымды білдіреді. Микроцефалия
ақыл-ой кемістігінің ең ауыр түріне жатады.
Мұндай ауруға шалдыққан балалардың басы
дұрыс өсіп жетілетін әдеттегі көлемінен
әлдеқайда кішкентай, шақша бас болып
келеді де, соған орай милары да толық
жетілмей қалады.
Сонымен қатар олардың
қимыл қозғалыстары да бұзылған және құрысып-тырысудың,
қалшылдап, дірілдеудің, сіңірі тартылудың
синдромдары болады және қоршаған ортада
болып жатқан тіршілік болмысының шындығын
сезініп түсінуі, ұғынып әсерленуі, ойланып
елестетуі арқылы көңіл күйдің реңімен
бейнелеп көрсететін ми торабының жұмыс
істеу қызметінің (психикасының) даму
барысы да кешеуілдеп қалатындығы анық
байқалады.
Микроцефалияның пайда
болуына баланың миы бірқалыпты жетіліп
келе жатқан шағында тыныс мүшелері мен
жүрек тамырларының ауруынан тіндердегі
оттегінің азайып кетуі (гипоксия), ағзаның
әр түрлі улы заттармен улануы (интоксикация),
ауру қоздырғыш әр түрлі жұқпалы микробтардың
залалды зардаптарынан ағзаның дертке
шалдығуы (инфекция) және витамин теңдігінің
бұзылуы сияқты факторлардың әсер етуі
ықтимал деген жорамал бар.
Микроцефал баланың
миының салмағы дені сау балаға қарағанда
әлдеқайда жеңіл болатыны, мидың үлкен
жарты шарының, әсіресе маңдай бөлігінің
қыртысы толық жетілмегендігі, оның үстіртіндегі
иір-иір болып келетін қатпарлы арықтары
мен жіңішке бұтақты иірімдері жетілмегендіктен
ми біркелкі тегіс күйінде қалатындығы
арнайы тексерудің нәтижесінде анықталды.
Микроцефалияның алғашқы белгілері бала
туғаннан кейін-ақ біліне бастайды.
Ал, кейбір жағдайларда
бұл аурудың белгілері нәрестенің дүниеге
келгеннен кейінгі алғашқы айларында
білінеді. Баланың микроцефалия ауруына
шалдыққанын тек қана осы ауруға тән кейбір
сыртқы белгілерінен байқауға болады.
Біріншіден, баланың
бас сүйегі туылған кездегі көлемінен
әрі қарай үлкейіп өспейді немесе болар-болмас
қана өседі, бас сүйегінің ми орналасқан
жоғары бөлігі мен бет сүйегінің түзілісі
бір-бірімен сайма-сай келіп үйлесіп тұрмайды,
маңдайы кейін қарай шалқайып, тайпайған,
құлағы қалқайған үлкен және етегі салпиып
төмен орналасқан.
Екіншіден, жүйке жүйелерінің
зақымданып бұзылуынан бұлшық еттерінің
жұмыс істеу қызметтері әлсірейді немесе
мүлдем жұмыс істемей сал болып қалады,
сіңірлері түйіліп, тартылады немесе құрысып-тырысады,
дене мүшелерінің қозғалыстары жақсы
жетілмегендіктен қимылдарының икемдері
ауытқып бір-бірімен байланыстары бұзылады
және көздері де қылиланып бітеді.
Микроцефаль балалардың
басым көпшілігінің ақыл-ойларының кемістік
дәрежелері негізінен идиоттарға немесе
имбецильдерге жақын келеді. Ал, психикасының
жетілмей қалуынан болатын кемістіктері
басқалармен байланысып, араласқан түрде
байқалады.
Қорыта келгенде, жүкті
кезінде ағзаны әр түрлі зиянды заттардың
уландырып, зақымдауынан құрсақтағы ұрықтың
жаңадан қалыптасып келе жатқан орталық
жүйке жүйесі дертке шалдығады да, оның
бірқалыпты даму дәрежесі бұзылады. Нәтижесінде,
баланың дүниеге келгеннен кейінгі алты
айында-ақ іштен кеміс болып туылатындығы
біліне бастайды.
Ал бұл кемістік баланың
мектеп жасына таяған уақытында тіпті
анық білінеді. Сонымен қатар, нәрестенің
құрсақта жатқан кезінде мидың дертке
шалдығып зақымдануынан оның ақыл-ойының
бірқалыпты жұмыс істеу қызметінің қабілеті
бұзылып, жетілмей қалады.
Ақыл-ойы кем балалар
қосалқы мектептерде оқытылады. Қосалқы
мектепте оқушыларға жалпы және арнайы
еңбек тәрбиесі беріледі.
Жалпы – әр адамға
тән еңбектің негізгі түрлері бойынша
бағыт беріледі.
Арнайы – оқушыларды
кәсіптік жағынан дайындауға бағытталады.
Арнайы кәсіптік еңбекке баулу 3 кезеңнен
тұрады:
^ Сөйлеу қабілеті
бұзылған балалардың ерекшелігі
Сөйлеу тіліндегі мүкістердің
патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір
мүшелерінің атқаратын қызметтерінің
бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты
кемістіктердің ықпалынан пайда болатын
екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты
олардың бір-бірінен айырмашылықтары
да әр алуан болып келеді. Олар әрқайсысының
өзіне тән симптоматикалық және динамикалық
ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға
бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының
бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының
бұзылуы, тұтықпа, дислалия, ринолалия,
дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен
оқу тілінің бұзылуы жатады.
Тіл бұзылуының себептері
органикалық және функциональдық болып
бөлінеді.
Органикалық – түрлі
зақымдардың нәтижесінде тіл аппараты
мен жүйке жүйесінің бөлімдерінің бұзылуы.
Функциональдық –
мұнда органикалық зақымдану болмайды,
тек сөйлеу механизмдерінің функциясы
бұзылады.
Тілдің бұзылуы түрлі
жаста, әсіресе жас балаларда көп кездеседі.
Енді сөйлеу тілі мүкістеріне
жеке-жеке тоқталып, олардың ерекшеліктерін
сипаттайық.
Дислалаия – сөйлеу тілі мүшелерінің
анатомиялық кемістіктерінен дыбыстардың
бұзылып айтылуын сипаттайды. Дислалия
сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер.Пайда
болу себептеріне қарай дислалия механикалық
және функционалдық болып бөлінеді.
Органикалық дислалияға
сөйлеу тілі аппаратының сыртқы сүйек
құрылысының және бұлшық ет түзілісінің
органикалық кемістігінен дыбыстардың
бұзылып айтылуы жатады. Органикалық дислалияның
ерекшеліктері: тіл асты желбезегінің
тым қысқа болып бітуінен, тілдің ұшы жоғары
қарай емін еркін көтеріліп қимылдай алмайды
да, таңдай арқылы айтылатын дыбыстар
бұзылады. Сонымен қатар тілдің ауыздың
ішіне зорға сиып тұратын өте етжеңді
үлкен немесе өте кішкентай жіңішке болуы
да дыбыстардың дұрыс айтылуын қиындатады.
Соныменен, органикалық
дислалия бұл перифериялық аппараттың
сүйегі мен бұлшық етіне зақым келуінен
дыбыстардың дұрыс айтылмауы.
Перифериялық сөйлеу
аппаратының бұзылуы туа пайда және жүре
пайда болуы мүмкін.
Туа пайда болатын
кемістікке жататындар:
Жүре пайда болатын
кемістікке жататындар:
Дұрыс тістеу – бұл
астыңғы алғы тістер үстіңгі тістермен
сәл жабылып тұрады.
Органикалық дислалияға
жататын кемістік бұл ринолалия.
Ринолалия – ауыз бен мұрын қуыстарының
дұрыс қызмет етпеу нәтижесінде дауыс
құбылысының өзгеруі мен сөйлеген уақытта
дыбыстың бүлінуі.
Ринолалияның түрлері:
Ашық ринолалияның
себептері: таңдайдың бөлінуі, жұқа таңдайдың
қысқалығы, таңдайдың параличі.
Жабық ринолалияның
себептері: мұрын қуысының бітелуі, мұрын
қуысындағы ісіктер, мұрын қалқасының
қисайып қалуы.
Ринолалик балалар
өте әлсіз болады. Осының өзі олардың сөйлеуінің
дамуына әсер етеді. Туылғаннан кейін
олар өте кеш отыра бастыйды, сөйлей бастағанда
көптеген қиыншылықтарға кездеседі. Олар
мектепке барған уақытта түрлі қиыншылықтарға
кездеседі. Мұғалімдер оны түсінбеуі мүмкін,
айналасындағы балалар да мазақтауы мүмкін.
Бұның бәрі оның психикасының дамуына
әсерін тигізеді. Кейбір ринолалик балалар
өздерінің осындай кемістіктерінен мектепті
тастап кетеді де көп сөйлемейтін жұмыс,
мамандық іздей бастайды. Міне, сондықтан
ринолалик балаларға ерте кезден бастап
жәрдем көрсету керек. Бұл жәрдемді хирург
пен логопед мамандары көрсете алады.
Мысалы, «хейлопластика»
- бұл туғаннан кейінгі бірінші аптада
баланың жоғары ерніне жасалатын операция.
«Уранопластика» -
жасанды таңдай жасау. Бұл операция 5-6
жасында жасалады. Қазіргі мәліметтерге
қарағанда жыл сайын 5000-нан астам балалар
таңдай кемістіктерімен туылады. Бұның
себебі: сөйлеу аппаратының жетілмеуі,
түрлі инфекциялық, вирустық аурулар,
тұқымқуалаушылық.
Дислалия сөйлеу тіліндегі бұзылған
дыбыстардың санына қарай қарапайым және
күрделі болып бөлінеді. Егер баланың
сөйлеу тілінде мүкістердің саны төрт
дыбысқа дейін байқалатын болса – оны
қарапайым дислалия деп атайды, ал егер
бесеу және одан да көп болса – оны күрделі
дислалия деп атайды.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың
мүкістік ерекшеліктеріне қарай бөлінетін
дислалияның түрлері:
Информация о работе Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері