Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2015 в 19:46, реферат

Описание работы

Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі және денсаулығымен бағаланады.Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары екендігін айта отырып, балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуына аса көңіл бөлді.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................................3
І тарау Аномальды балалардың педагогикалық - психологиялықерекшеліктері.

1 Аномальды балалардың даму тарихы.................................................. 7
2Аномальды балалардың негізгі категориялары және оның ерекшеліктері........................................................................................17

ІІ тарау Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларға арналған мекемелер

3 Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері........................................................39
Аномальды балаларға көрсетілетін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметі.........................42

Қорытынды.......................................................................................................48

Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................50

Файлы: 1 файл

аномальды балалар.docx

— 106.23 Кб (Скачать файл)
  1.  
    Сигматизм – ызың дыбыстардың («с», «з», «ц», «ж», «ч», «ш», «щ») айтылуындағы мүкістіктер. Бұлар сөйлеу тіліндегі кемістіктердің ішіндегі ең көп тараған түрі;
  2.  
    Ротацизм – «р» дыбысының айтылуындағы мүкістік;
  3.  
    Ламбдацизм – «л» дыбысының айтылуындағы мүкістік;
  4.  
    Таңдай дыбыстарының айтылуындағы мүкістіктер;
  5.  
    Каппацизм – «к» дыбысы;
  6.  
    Гаммацизм – «г» дыбысы;
  7.  
    Хитизм – «х» дыбысы;
  8.  
    Йотацизм – «й» дыбысы;

 
Алалия грек сөзі, «қолдануға жарамайтын болымсыз тіл» деген мағынаны білдіреді. Демек алалия деген ұғымға баланың құрсақтағы немесе тілі шыққан нәрестелік даму кезеңінде бас миы қабыршағының сөйлеу тілін қалыптастырып жетілдіретін аймағының органикалық зақымдануынан сөйлеу тілінің жүйелі түрде дамымауы немесе мүлде болмауы жатады. Сөйлеу тілінің мұншалықты бұзылуына негізінен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы себеп болады. Органикалық зақымдануға мидың қабынып ісінуі, сырттан болатын қатты соққыдан зақымдануы, босанған кезде миға қан кетуі және нәрестенің құрсақтағы дамуы кезеңінде және толғақ кезінде, сондай-ақ дүниеге келгеннен кейінгі бір айлығынан бір жас аралығындағы дамуында ағзадағы зат алмасу процесінің бұзылуы жатады. Сонымен қатар, алалияның пайда болуына менинго-энцефалит, рахит және қызылшаның асқынған түрі тыныс алу жолдарының қатты сырқаттануы және нәрестенің алғашқы айларындағы ұйқысы мен тәбетінің бұзылуы себеп болуы мүмкін. Бас миының үлкен сыңарының сөйлеу тілі аймағындағы жинақталған зақымдардың өздеріне тән ерекшеліктеріне байланысты алалия моторлы және сенсорлы болып бөлінеді. 
 
Моторлы алалияда сөйлеу тілін қимылдатып қозғалысқа келтіріп тұратын анализатордың қызметі бұзылады. Моторлы алалик балаларда назар аудару, көңіл қою, зер салу, ықыласпен қарау немесе бір нәрсені елеу, ілтипатқа алу, ескеру және есінде сақтау сияқты жоғарғы психикалық функциясының даму деңгейінің төмен екендігі байқалады. Баланың психофизикалық жағдайының әлсіздігінен оның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді және болдырып тез шаршайды. Сонымен қатар мұндай балалардың дене түзілістері және соған орай олардың қимыл-қозғалыстары да бұзылған. Олар ебетейсіз жүреді және жиі-жиі сүрініп кетіп құлай береді, музыканың ырғағымен қимыл жасап жүруді білмейді. Артикуляциялық аппаратының қимыл-қозғалыстарының дамуы айтарлықтай дәрежеде жетілмеген. Мысалы, бала тілін жоғары көтеріп және сол қалпында ұстап тұру, үстіңгі ернін жағалата жалау, таңдайын тақылдатып қағу, тілін екі жағынан қусырып сүйірлеу және т.б. сияқты артикуляциялық аппараттың қарапайым қимылдарын орындай алмайды. Моторлы алалияға шалдыққан балалардың өздеріне қарасты қарап айтылған сөздерді түсінуі біршама сақталған. Олар ересек адамдардың сөйлеген сөздерін ықыласпен тыңдай алады, қарапайым жай тапсырмаларды, өтініштерді орындайды. Қорыта келгенде, олар сөздерді жақсы түсінеді, бірақ сөйлей алмайды.  
 
Сенсорлы алалия. Сөйлеу тілін түсініп ұғынудың және сезіп түсінуінің бұзылуы сенсорлы алалияның ең басты сипаты болып саналады. Алайда сенсорлы алалияда есту қабілеті толық сақталады. Демек, сенсорлы алалия бас миының сол жақ жарты шарының самай аймағының зақымдануынан пайда болады. Мұндай балалар өздеріне қарата айтылған сөздерді мүлде түсінбейді немесе өте нашар түсінеді. Олар дыбыстардың ерекшеліктерін ажырата алмайды, яғни оларға айналасындағы құбылыстардың қимыл қозғалыстарынан шығып жататын әр түрлі дыбыстардың барлығы да бірдей сияқты болып көрінеді. 
 
Тұтығу – нң ауыр кесел. Оның себептері: 

  1.  
    Қорқу;
  2.  
    Баланың түрлі инфекциялық аурулармен жиі ауруы;
  3.  
    Ата-анасының тұтығуы;
  4.  
    Шамадан тыс жазалау әдістерін қолдану.

 
Бұл әдетте, 2-5 жас арасында кездесетін құбылыс. Алдын-ала оларға шара қолданбаса, ол асқынып, кей уақытта бой бермей кетуі мүмкін. Тұтығудың пайда болу себептері көп. Кейде олар жұқпалы аурулардан кейін, дене әбден әлсірегенде пайда болады. Баланың қоршаған ортаның оған көзқарасы, ол туралы әділетсіз баға да, жалтақ сөйлеуге, қорқып сөйлеуге әкеп соғады. Осындай фактілердің жиіленіп қайталануы – баланың тұтығуына әкеп соғады. 
 
Мысалы, кейбір ата-аналар балаларының қабілетін жұртқа мақтаныш ретінде көрсеткісі келгендей, миы әлі қатып үлгермеген жас балаға көлемді өлең, тақпақтар, ертегілер, өлеңдер оқытқызады. Осының өзі баланың орталық нерв жүйесін шаршатып, тілдік сөйлеу анализаторын бұзып, тұтығуға жол береді. 
 
Жасы жетпеген балаға кітапты көп оқуға болмайды. Әсіресе түнге қарай қорқынышты ертегілерді оқу зиянды. Өйткені бала қатты қорқып, түсінде түрлі қорқынышты нәрселерді көруі мүмкін. Бала түсінде қорқып, шошып оянады, ал бұл, орталық нерв жүйесіне әсер етеді, осының өзі тұтығуға әкеледі. 
 
Баланы жазалау мақсатында қорқыту әдісі де көп қолданылады. Бірақ, қорқытудың да жөні бар. Шамадан тыс қорқыту, үйде жалғыз қалдырып кету, осының бәрі баланың үрейленгіш болып өсуіне септігін тигізеді. 
 
Тұтығатын бала күдікшіл болады, өзінің құрдастарының алдында сөйлеуге ұялады. Тұтыққан баланы өзге балалардың мазақтауынан сақтау керек. Мүмкіндігнше, дұрыс күтім жасап, баланың ойнауына, оқуына ыңғайлы жағдай туғызу керек. 
 
Тұтығу асқынбастан арнайы мамандарға көрсетіп, уақытылы кеңесіп отыруы қажет, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылуы мүмкін.  
 
Дисфония – дауыс шығаратын аппараттың патологиялық кінәратқа шалдығуынан дыбыстың мүлдем болмай қалуын немесе әуезділік үннің бұзылуын сипаттайды. 
 
Брадилалия – сөйлеу тілі мүшелерінің қимыл-қозғалыстарының патологиялық сылбырынан дыбыстар созылып шұбалаңқы айтылады. 
 
Тахилалия – сөйлеу тілі мүшелерінің бірқалыпты жылдамдық қимылдарының патологиялық ауытқуынан дыбыстардың қарқындық ырғағы бұзылып, быдықтанып айтылуы. 
 
Афазия – мидың белгілі бір жерінің жинақталып зақымдануынан бұған дейін қалыптасып, дұрыс жетіліп келе жатқан сөйлеу тілінің толық немесе ішін-ара жойылып кетуін сипаттайды. Афазия көбінесе ересек адамдарда кездеседі. 
 
Афазия екіге бөлінеді: моторлы және сенсорлы. 
 
Моторлы афазия – ауру тек қана ымдау арқылы түсінеді. Кейде, бұндай ауруларда 1-2 сөз қалып, осы арқылы қарым-қатынас жасайды. Жеңіл түрінде ауруда 10 шақты сөз қалып, сол арқылы қысқа сөйлемдер құрайды. Сөйлемде сөздердің не әріптердің түсіп қалуы мүмкін немесе орындарын ауыстырып айтуы мүмкін (қала – лақа, стол – скол) . Сөйлемдері телеграфтық стилде болады, тек қана зат есім мен етістіктен тұрады. (Мысалы, Папа барды завод). Оқыған кезде, сөйлемдері түсініксіз, түрлі қателер кездеседі. 
 
Сенсорлық афазия – біреудің айтқанын түсінбейді. Есту органы қалпында. Айтқанды естісе де, оны дұрыс орындамайды. Мысалы, «Орындықты алып, бері әкел, сөйтіп үстелге отырып, оң қолыңды көтер» деген тапсырманы алып, оның тек кейбіреуін ғана түсінеді. Ал, кейбіреуін түсінбей бірден екі қолын көтеріп тұра береді. Өздерінің айтқан сөздерін- де, сөйлемдерінде де түрлі кемістіктер болады. Контаминация – екі сөзді біріктіріп, бір сөз етіп оқу (мысалы, мектепке бару – мекбар). 
 
Дислексия – оқу процесінің ішін-ара бұзылуының өзіне тән ерекшелігін сипаттайды.

 

 

Есту қабілеті нашар дамыған балалардың ерекшелігі 
 
Есту органы адам организмінде өте үлкен рөл атқарады. Адамның есту органы үш бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. Іштен туа біткен сыртқы құлақтың зақымдануы сирек кездеседі. Сыртқы құлақтың толық бітеліп қалуын «атрезия» дейді. Атрезия сыртқы дыбыс тесігінің қабынуынан болады. Сыртқы құлақтың зақымдануына сыртқы дыбыс тесігінде жиналып қалған құлық та жатады. Егер адамның құлағына құлық жиналып қалса, ол маман дәрігерге баруы тиіс.  
 
Ортаңғы құлаққа ауру қоздырғыштар енсе, ол ауыр зардаптарға әкеліп соқтырады. Бұл жағдайда ортаңғы құлақ қабынады. Ол әр түрлі себептерден болады, мысалы, ангина, грипп аурулары.  
 
Ішкі құлақтың зақымдалуы мына себептерге байланысты: қабыну процесінің ортаңғы құлақтан ішкі құлаққа енуі, инфекциялық аурулардың асқынуы, ми қабынуының құлаққа таралуы. 
 
Есту органының күшті бұзылуы бұл – өздігінен немесе емделудің нәтижесінде есту органының жақсармауы. Есту органының күшті бұзылуы іштен туа біткен және жүре пайда болуы мүмкін. Іштен туа біткен есту органының күшті бұзылуы сирек кездеседі. Оның себептері: тұқым қуалаушылық, әйел баласының түрлі дәрі-дәрмектерді қолдануы, оның инфекциялық аурулармен ауруы.  
 
Жүре пайда болған себептер: ортаңғы құлақтың күшті қабынуы, мұрын және жұтқыншақ аурулары, ауыр инфекциялық аурулар (менингит, скарлатина, қызылша) туылу кезіндегі баланың алған жарақаттары.  
 
Есту функциясының бұзылу дәрежесіне қарай есту жетіспеушілігі екіге бөлінеді: кереңдер және құлағының мүкісі бар адамдар. 
 
Кереңдік – есту қабілетінің толық жойылуы. 
 
Құлағының мүкісі бар адамдар – сөз-сөйлемді қабылдаған кезде түрлі қиыншылықтардың кездесуі. Сөз-сөйлемді қабылдағанда түрлі тәсілдер қолданылады (дауысты қатты шығару, дыбыс күшейткіш приборларды қолдану, нашар еститін адамның құлағына жақындап сөйлеу). 
 
Есту жетіспеушілігінің түрлеріне байланысты балаларды екі топқа бөледі: кереңдер және нашар еститіндер.  
 
Кереңдердің өзі екі түрге бөлінеді: 

  1.  
    Сөз сөйлеу қабілетінен айырылған кереңдер (керең-мылқаулар);
  2.  
    Сөз сөйлеу қабілеті бар кереңдер (есту қабілетінен кеш айырылғандар).

 
 
^ Көру қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі 
 
Оқу процесіндегі қиындықтар кейде көру қабілетінің бұзылуымен байланысты болады. Шар тәрізді көз алмасы бас сүйектің көз шарасында орналасқан. Көз алмасы келесі бөліктерден тұрады: ақ қабықша, қасаң қабық, тамырлы қабықша, түсті қабықша. Қасаң қабық пен түсті қабықшаның арасында мөлдір сұйық болады. Жарық сәулесі көздің қарашығы арқылы көздің ішіне өтеді. Қарашықтың артында мөлдір көз бұршағы, шыны тәріздес дене және тор қабықшасы орналасқан. Тор қабықшасында жарық сәулелерінің тітіркенуі әсерінен қозу толқыны пайда болатын жасушалар орналасқан.  
 
Зат анық және нақты қабылданған кезде дұрыс рефракция болады, яғни, заттан келетін сәулелер тор қабықшасында шағылысады, содан заттар анық қабылданады. 
 
Көрудің жақыннан және алыстан көргіштік түрлері жиі кездеседі. 
 
^ Жақыннан көргіштік күшті рефракцияны сипаттайды, яғни, заттан келе жатқан сәулелер тор қабықшасының алдында шағылысады, содан алыстағы заттардың бейнесі анық көрінбейді. 
 
^ Алыстан көргіштік әлсіз рефракцияны сипаттайды, яғни, заттан келе жатқан сәулелер тор қабықшасының артында шағылысады, содан заттардың бейнесі жақыннан бұлыңғыр болып қабылданады. Сондықтан жақыннан орналасқан заттарды қабылдау үшін ынталы зейін қажет. Балаларда алыстан көргіштік жақыннан көргіштікке қарағанда сирек кездеседі. 
 
Астигматизм – заттардың бейнесі тор қабықшада бір нүктеде шағылыспайды, керісінше тор қабықшадан әртүрлі қашықтықта орналасқан бірнеше нүктеде шағылысады, содан заттардың бейнесі қате қабылданады. 
 
Көру қабілеті бұзылуының бұл түрлері рефракцияның ауытқуларымен байланысты, бірақ бұл жағдай көзілдірік кию арқылы орнына келе алады. Мұндай балаларға мектепте және отбасында дұрыс санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасалуы қажет. Таблица, карта, кесте, тақтадағы оқу материалдарын балалар дұрыс қабылдай алулары қажет. 
 
Соқырлар – бұл жарықты түйсіне алмайтын балалар. Егер қалыпты жағдайда біздің көруімізді 1-ге тең деп алсақ, онда қараңғы мен жарықты ажырата алатын адамның көруі 0,03-0,04-ке тең болады. Соқырлар өте әлсіз жарықты түйсіне алады, яғни, жарық пен қараңғыны ажыратады. 
 
Осындай көру қалдықтары соқырларды айналадағы өмірге бейімделуге көмектеседі. 

    1.  
      ^ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері.

 
 
 
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 11 арнайы коррекциялық мектеп-интернаты бар. Бұл мекемелерде жалпы саны 1958 оқушы оқиды. Ақыл-есі кем балаларға арналған мектеп-интернаттар Шымкент, Жетісай, Түркістан, Сайрам және Ленгір қалаларында орналасқан. Шымкент қаласында ақыл-есі кем балаларға арналған қосалқы мектеп және құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернат бар. Ленгір қаласында тіл кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернат, қосалқы мектеп-интернат және құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп интернат орналасқан. Түркістан қаласында қосалқы мектеп және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат орналасқан. 
 
Аномальды балаларға арналған арнайы оқулықтар бар. Бұл оқулықтардың ерекшелігі осы мектептердегі мақсат-міндеттерге негізделген. Оқулықтардың мазмұны қарапайым тілмен сипатталған. Нашар көретін және соқыр балаларға арналған мектептің бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің бағдарламасына негізделген.  
 
Нашар көретін балалар үшін, оқулықтар, олардың ерекшеліктерін ескере отырып ірі шрифтпен басылады. Оқулықтарға қосымша ретінде рельефті суреттер, сызбалар, географиялық карталар қолданылады. Нашар көретін балалар – бұл біраз көру қалдықтары сақталған балалар. Бұл балалар көзілдірікті қолданған уақытта олардың көруі 0,04-0,2 аралығында болуы керек.  
 
Жақыннан көргіштік, алыстан көргіштік және астигматизм атты көздің бұзылуы бар балалар кәдімгі жалпы білім беретін мектептерде оқиды. Соқырлар арнаулы мектептерде Луи Брайль (нүктелі шрифт) жүйесі арқылы оқытылады. Сонымен қатар бұл мектепте түрлі оқу машиналары да қолданылады. Мысалы, типографиялық белгілер белгілі дыбыс сигналдары арқылы беріледі. 
 
Нашар еститін және керең балалар үшін жоғары сыныптарда жалпы білім беретін мектептің оқулықтары қолданылады. Бұл балалар үшін оқу, оқу-әдістемелік құралдар көру қабылдауына бейімделген. Нашар еститін балалар үшін арнаулы мектепке, кәдімгі сөйлемді 2 метр аралығында, ал сыбырлап сөйлегенді 0,5 метр аралығында ести алатын балалар қабылданады. Нашар еститін балалардың сөйлемінде өзіндік ерекшеліктер болады. Олар естімеудің нәтижесінде айтылған сөйлемнің мағынасын толық түсінбейді. Дауысы қатаң, ашық емес, сөздері анық шықпайды. 
 
Нашар еститін балалар үшін түрлі күшейткіш приборлар қолданылады. Бұл приборлар керек уақытысында дауысты күшейтіп тұрады. Нашар еститін балалар үшін арнаулы мектептерде микрофондық сыныптар бар. Нашар еститін және керең балалар еріннен оқу әдісін де қолданады. Бұл әдістің негізінде еліктеу рефлексі жатыр. Керең бала айтылған сөзді естімейді, бірақ ол тіл органдарының қимылын көреді. Сондықтан ол барлық уақытта артикуляция аппаратының қозғалысын байқап, қайталап, оған анализ жасап және сол қозғалыстарды есінде қалдыруға тырысады. Бірте-бірте бала әр әріптің артикуляциясын емес, сөздердің, сөйлемдердің суретін қабылдай бастайды. Мектептегі оқу дактилалогия әдісіне негізделген. Әр әріп дактильдік таңбамен белгіленеді. Сонымен қатар мимика-жест әдісі де қолданылады. Бұл қарым-қатынас жасаудың ең қарапайым, жай формасы.  
 
 
Ақыл-ойы кем балалар қосалқы мектептерде тәрбиеленді. Бастауыш сыныптарда ерекше назар сөз-сөйлемді қалыптастыру ерекшелігіне аударылады, яғни сөз-сөйлемді дұрыс түсініп қабылдау, сұрақты дұрыс түсіну, дұрыс сұрақ бере алу, өзінің іс-әрекеті туралы ойын дұрыс жеткізе білу, тапсыраны дұрыс орындау т.б. Сурет салу, пластилинмен жұмыс орындау, дене шынықтыру, өлең айту сабақтары ақыл - есі кем балаларды дамытуда, олармен коррекциялық жұмыстар өткізуде ерекше рөль атқарады.  
 
Жоғары сыныптарда (5-8 сынып) ақыл есі кем балаларды арнайы мамандықтарға үйрету, оқыту жұмыстары басталады. Оқу шеберханаларында оқушылар жүйелі дайындық арқылы арнайы мамандықтарды игере бастайды (ағаш өңдеу, темір өңдеу, тігін шебері, қағаз-картонды түптеу жұмыстары, ауыл шаруашылық мамандықтардың кейбір түрлері т.б.).  
 
Еңбек тәрбиесі ақыл-ойы кем балалардың жан-жақты, интеллектуалдық жағынан дамуына, сонымен қатар баланың бойында өнегелі қасиеттерді қалыптастыруға ерекше ықпал етеді. Сондықтан ақыл-ойы кем балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысында еңбек-оқытудың ең негізгі әдісі болып саналады. Өнегелі қасиеттерді қалыптастыру, яғни ұжым арқылы, ұжым үшін тәрбиелеу, мадақтау, ұялту, түсіндіру, үйрету әдістерін қолдану ақыл-ойы кем балалар үшін өте қажет. 
 
Қосалқы мектептерде ұйымдастырылған оқыту және тәрбие процестері, ақыл-ой кемістігін дұрыс коррекциялау және емдеу әдістерін қолдану баланың қалыптасуына ерекше әсер етеді. Қосалқы мектептердің тәрбиеленушілері мектепті бітіргеннен кейін, нәтижелі түрде өндірістік еңбекпен айналысып, өздерінің міндеттеріне жауапкершілікпен қарай отырып қоғамға пайда келтіре алады. 
 
 
^ 2.2. Аномальды балаларға көрсетілетін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметі.  
 
 
Психикалық және физикалық кемістігі бар балаларға түрлі коррекциялық жұмыстар ұйымдастырылады. Оларға психологиялық, медициналық және педагогикалық тұрғыдан кеңестер беріледі. Осы кеңес қызметін ұйымдастыруда арнайы ереже бар. Бұл ережелер психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді, даму проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру арқылы халыққа көмек көрсетеді, оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін шешу, кемтар балаларға әлеуметтік және психологиялық-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету құқығын белгілеу үшін құрылады.  
 
Ереженің негізгі міндеттері: 
 
а) Туылғаннан 18-ге дейінгі балалар мен жасөспірімдердің даму ерекшеліктерін анықтау, диагнозын белгілеу және оларды емдеу, оқыту мен тәрбиелеудің лайықты жағдайларын анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру; 
 
б) Балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар әзірлеу, кемтар баланы оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау және оларды арнайы білім беру ұйымдарында емдеуді, тәрбиелеуді, оқытуды ұйымдастыру; 
 
в) Баланың жай-күйінің өзгеруіне байланысты оған бұрын қойылған диагнозды және арнайы қызмет көрсетуге берілген құқығын қажет болған жағдайда растау, нақтылау және өзгерту; 
 
г) Балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету мүмкіндігі, оларды халықтық білім жүйесінде арнайы оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік қорғау және альтернативті білім мекемелеріне ұйымдастыру; 
 
д) Дамуында әр түрлі ауытқушылықтары бар: мектепте үлгермейтін, тәртібі, эмоциялық ерік аясы бұзылған, басқалармен қарым-қатынасы қиындық көретін, оның ішінде арнайы түзеу ұйымдарына жіберуге жатпайтын балаларды емдеу, тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша олардың ата-аналарына, педагогтарға, дәрігерлерге консультациялық көмек көрсету; 
 
е) Дамуында әр түрлі ауытқушылығы бар және мамандандырылған жәрдемді қажет ететін балаларды, оның ішіндегі ерте сәби жастағы балаларды дер кезінде анықтау мәселелері бойынша білім, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеу; 
 
ж) Кемтар балалардың физиологиялық психологиясы жай-күйінің ерекшеліктері туралы халық арасында білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстары. 
 
Психологиялық-медициналық- педагогикалық комиссияның жұмысының негізгі мазмұны балаға медициналық-психологилық-педагогикалық тексеру жүргізу мақсатында медициналық диагнозын қою, ауруының пайда болу ерекшеліктерін анықтау және оған қатысты патологиялық өзгертулер мен оның дамуының психологиялық-педагогикалық дәрежесін анықтап, ақыл-ой және тілінің даму ерекшеліктеріне негізделген бала білімінің ауқымы, оның жасы мен білім дәрежесіне сай келетінін анықтау болып табылады. 
 
 
Балаларды қабылдау және тексеру тәртібі: 
 
 
Балалар мен жасөспірімдерді консультацияға жіберу білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарының бастамасы, сондай-ақ ата-аналардың мынадай құжаттарды көрсетуі бойынша жүзеге асырылады: 

  •  
    Туу туралы куәлік;
  •  
    Маман-дәрігерлердің қорытындылары мен тексеру нәтижелері және баланың даму тарихынан толық көшірме;
  •  
    Мектепке дейінгі білім мекемелері мен жалпы білім беретін мектептердің және өзге де ұйымдардың баланың осы ұйымдарда болған уақытын, оның дамуын талдауды, эмоциялық аясы мен мінез-құлқын, сондай-ақ дамуы мен үлгерімін арттыруды жақсарту мақсатында жүргізілген іс-шаралардың қорытындылары; 
  •  
    Баланың ана-тілі, математика, сурет бойынша жазба жұмыстары мен басқа да қызметінің жемісі.

 
Психологиялық – медициналық - педагогикалық комиссияда тексерілген балалар мен жасөспірімдерге (білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау бөлімдеріне) қарасты мекемелерге қорытынды жолдама беріледі. 
 
 
Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия – мамандарының функциональды міндеттері. 
 
Психологиялық- медициналық- педагогикалық комиссия мамандарының басты міндеттері: дәрігер балаларға дәрігерлік тексеру жүргізіп, ауруының түрін анықтайды, организмдегі қалыптан тыс патологияны тауып, оның жәй-күйіне қарай клиникалық баға береді. 
 
Педагог-психолог, дефектолог, логопед кемістіктің құрылымын (структурасын) тауып, оның сөйлеу тілінің даму дәрежесін және тілдік кемістіктің түрін анықтай отырып, психологиялық-педагогикалық диагноз қояды. 
 
Дамуында ауытқушылығы бар балалардың дұрыс бағдарда білім алуына және тәрбиеленуіне ықпал жасайды. 
 
 
Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия– принциптері: 

  1.  
    Мүмкіншілігі шектеулі балалар мен олардың жанұясына әлеуметтік қолдау көрсетіп оңалту көмегіне кепілдеме беру;
  2.  
    Мүмкіншілігі шектеулі балалардың жанұясымен бірлесе отырып, оларға мекеменің мамандары әлеуметтік медициналық-педагогикалық түзетуге көмек көрсетеді;
  3.  
    Балаларға ерте көмек көрсетуде олардың тең құқылы және қол жеткізу мүмкіншіліктерінің шектеулігіне қарамай жасына және әлеуметтік жағдайына байланысты білім беру;
  4.  
    Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету көмегін көрсету мақсатында әр балаға жеке жағдай жасау;
  5.  
    Мүгедек балалармен айналысатын мұғалімдерді кадрлық жағынан іріктеу;
  6.  
    Мүмкіншілігі шектеулі балалармен тікелей жұмыс істеу үшін жоғарғы оқу орындарында арнайы мамандар дайындайтын факультететер ашу;
  7.  
    Мүмкіншілігі шектеулі балаларды оңалтудың жаңа әдісітерін енгізу;
  8.  
    Мүгедек балаларды оңалту мен әлеуметтік бейімделуге мемелекеттің саясатын жүргізу;
  9.  
    Бүгінгі заман талабына сай мүгедек балалалардың оқуына және келешекте жұмысқа орналасуына мүмкіншілік жасау;
  10.  
    БАҚ-ның көмегімен мүгедек балалардың «толық қанды» өмір сүруі атты тақырыпта- салауатты жағдай жасау туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  11.  
    Толық-қанды өмір сүре алмай, зардап шегуші мүгедек балаларға ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін жеткізу;
  12.  
    Әр балаға жеке жағдай жасау үшін шағын мамандандырылған жаңа оқу орындарын ашу.

Информация о работе Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері