Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2015 в 19:46, реферат
Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі және денсаулығымен бағаланады.Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары екендігін айта отырып, балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуына аса көңіл бөлді.
Кіріспе.................................................................................................................3
І тарау Аномальды балалардың педагогикалық - психологиялықерекшеліктері.
1 Аномальды балалардың даму тарихы.................................................. 7
2Аномальды балалардың негізгі категориялары және оның ерекшеліктері........................................................................................17
ІІ тарау Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларға арналған мекемелер
3 Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері........................................................39
Аномальды балаларға көрсетілетін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметі.........................42
Қорытынды.......................................................................................................48
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................50
Аномальды балалар
психологиялық, медициналық, педагогикалық
және әлеуметтік жағынан тексеріледі.
^ Психологиялық тексеру – кемтар балалардың
психикалық жағдайының ерекшеліктері
мен психикалық дамуындағы әлеуметтік
мүмкіндіктер анықталады.
Медициналық
тексеру – балалардың тіршілік
әрекетінің шектелуіне себеп болатын
жекелеген ағза немесе организм функциясының
бұзылу түрін, ауырлығын анықтайды.
^ Педагогикалық тексеру – тиісті жастағы балаларға
арналған жас ерекшеліктерін ескере отырып,
балалардың ақыл-ой жағынан даму ерекшеліктерін
және олардың ойын ойнауға, білім алу мен
қарым-қатынас жасауға әлеуметтік мүмкіндіктерін
анықтайды.
Әлеуметтік тексеру
– тиісті жастағы балаларға арналған
жас ерекшеліктерін ескере отырып, дене
кіріптарлығына, жинақылығы, әдеттегі
қызметпен айналысу қабілеті, экономикаға
дербестігі мен қоғамға кірігу қабілеті
шектелуіне байланысты болуы мүмкін әлеуметтік
кемістіктер дәрежесін анықтайды.
Аномальды балаларды
оңалтудың жеке бағдарламасы бар. Бұл
баланың соматикалық жай-күйі деңгейінің
болжамы, психикалық дене төзімділігін,
отбасының әлеуметтік мәртебесі мен мүмкіндіктерін
ескере отырып, оның қажеттіліктерінің
құрылымына ден қоятын мәселелерінің
шеңберіне, құштарлықтарының деңгейіне
сәйкес баланың тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби
қызметке қабілетін қалпына келтіруге
бағытталған медициналық, психологиялық,
педагогикалық және әлеуметтік іс-шаралар
тізбесі болып табылады.
Қорытынды
Дефектология – бала
дамуындағы әр түрлі ауытқулар мен денсаулықтың
бұзылу себептерін зерттейтін ғылым. Бұл
пәннің мақсаты – әр түрлі дәрежедегі
дамуында ауытқуы бар балалардың психофизикалық
дамуындағы ерекшеліктерін қалыптастыру,
осы тұрғыдағы балаларға коррекциялық
тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуінің бағыты
мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру.
Дефектология ғылым ретінде әлі де кеңінен
мәлім бола қоймағанымен, ғалымдар және
әр түрлі ғылым саласындағы мамандар оған
аса зор мән беріп отыр.
Ақыл-ойы кем, өсуі
нашар (аномальды) бала тәрбие ісінде,
оқытуда көптеген қиындықтар келтіретіні
белгілі. Әдетте, кемістігі бар бала ақыл-ойы
мен өсуінің бұзылуы оның организмін жаңадан
қалыптаса бастаған кезде пайда болады.
Балалардың көпшілігінде ондай бұзылу
1-2 жас шамасында, яғни организм әлі қалыптасып,
жетілмеген мезгілде болады.
Балалардың өсіп-дамуы
бұзылған кезде алуан түрлі ауытқушылық
болғандықтан, аномальды балаларды зерттеу
қиындай түседі. Мысалы, есту мүшелері,
көзі зақымданады, балаланың қимылында,
жүріс-тұрысында иекемсіздік байқалады,
орталық жүйке жүйесі және т.б. қызметі
бұзылады. Ондай бұзылудың қайсысы да
баланың өсіп-дамуына өз тарапынан әсер
етеді.
Аномальды балалар
біздің елімізде жылдан-жылға азаюда.
Жұқпалы ауруларды профилактикалық емдеу
әдістерімен жолға қою арқылы елімізде
балалардың денсаулығы жақсарып келеді.
Дефектология көптеген
ғылымдармен байланысты. Дефектология
аномальды балалардың психологиялық ерекшеліктерін
білу мақсатында жалпы психологияға сүйенеді.
Дефектология мен педагогиканың алдына
қойған мақсаттары бір бағытқа негізделген,
сондықтан олар мына мәселелерді шешеді:
білім беру әдісінің мазмұны, бағдарлама
түзу принципі, арнаулы мектептерге арналып
шығарылған оқулықтар, бағдарлама мазмұны,
қабылдау ерекшеліктері. Дефектология
ғылымы жалпы педагогикадағы білімнің
мазмұнына сүйене отырып, аномальды балалардың
әр категориядағы мүмкіндіктеріне қарай
өздерінің білім беру жүйесін ендіреді.
Дефектология ғылымы
медицина, ортопедия, спорттық емдеу, массаж
атты салалармен байланысты. Бұл сала
қозғалыс аппарат функциясының бұзылуын
емдейтін профилактикалық емдеу түрлері.
Дефектология өздерінің әдістемелік,
әлеуметтік және ғылыми жетістіктері
жағынан аномальды балалар дамуындағы
теориялық және практикалық жағынан жаңа
кезең болып табылады. Өзінің даму кезеңінде
дефектология үнемі жаңа ғылыми ізденістермен,
жаңалықтармен байыпталып отыр.
Біздің елімізде аномальды
балаларды тәрбиелеп, оқытудың мемлекеттік
негізі құрылған, арнаулы мекемелердің
жүйесі бар. Бұл жүйе бойынша бастауыш
білім беретін сыныптар ғана жұмыс істеп
қана қоймайды, сонымен қатар орталау
және орта білім беретін сыныптар да жұмыс
істейді. Дефектологияның зерттеу аймағындағы
негізгі мақсаты – аномальды балаларға
жалпы білім беру болып табылады.
^ Пайдаланған әдебиеттер
М., 1995 г.
Информация о работе Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері