Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2015 в 17:48, курсовая работа
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлар рухани қажеттіліктің өзектілігі жастардың қарым-қатынас жасау мәдениетін игеруін алға қойып отыр. Студент жастардың болашағы, білімі, мәдениеті кәсіби білім беру жүйесіндегі іс әрекеттерге тікелей байланысты. Сондықтан жоғарғы оқу орны болашақ мамандарды мәдениетті, жан-жақты етіп жетілдіруге міндетті. Қазіргі кезде бұл мәселе әлемдік деңгейде қаралуда.
КІРІСПЕ
1 ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ МӘДЕНИЕТ ТҰРҒЫСЫ
1.1 Қарым-қатынастың психологиялық сипаттамасы
1.2 Студенттердің қарым-қатынасының этно-мәдени негіздері
1.3 Педагогикалық қарым-қатынастың сипаттамасы
2 ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҰСТАНУЫ ЖӘНЕ ИГЕРУІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ.
2.1 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы
2.2 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу нәтижелері
2.3 Ұсыныстар
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кесте 2.2.1 жалғасы
Терең өзара қатынас құраймын |
Терең өзара қатынасқа түсемін | ||||
ойлағым да келмейді. |
керектігін білмеймін. |
рат болмаса іске асыра алмаймын. |
ды яғни оның үнемі болуына қажеттілік жоќ. |
н, ма- ған же-ңіл жә-не еркін |
Төменгі жолда балл саны көрсетілген, мұнда әр қарым – қатынастың тереңдігі өлшенеді. Көрсетілген шкала бойынша адамның қарым – қатынасының бөлек серіктеспен сондай-ақ, бүкіл топпен қарым – қатынасын бағалауға болады.
Көрсетілген қарым – қатынастағы серіктестердің позициялары және олардың өзара қатынастарының тереңдік деңгейі коммуникативтік бағдар зерттеу әдістемесінің негізіне алынған.
Әдістеменің экспериментальды – диагностикалық материалы – қарым-қатынастың негізгі позицияларының қысқаша мазмұны берілген 12 карточка мен өзара қатынас тереңдік шкаласы бар бланкілер.
Зерттелінуші зерттеу процедурасы мына кезеңдерден тұрады:
1 Карточкаларды мазмұны жағынан өзіңе ұқсастығын алу. Зерттелінушіге нұсқау: «Карточкада адамдардың әртүрлі мінез-құлық ерекшеліктері берілген». Әрине осылардың бірі сізге жақын, ал кейбіреуі жат екені даусыз. Сіздің ойыңызша өзіңізге жақын деген, сізді бейнелейді деген карточканы тауып, сол жаққа қойыңыз. Ал оң жаққа сізді дәл осылай тура , нақ бірақ аз мөлшерде бейнелейтін карточканы қойыңыз т.б. Яғни сізді тура, нақ бейнелейтінінен бастап, аз мөлшерде бейнелейтінге дейін карточкаларды бір қатарға тізіп қойыңыз. Зерттеуші 1 – кестеге сәйкес 1-ден – 12-ге дейін нөмірлеп, нәтижесін хаттамаға жазады.
Кейбір жағдайларда басқа мәселені шешуге байланысты, коммуникативті бағдарды зерттеуде, зерттеу процедурасы басқа қосымша этаптарды қарастырады: карточкаларды «бақытты», «табысты», «тамаша отбасы иесі» тағы басқа Е.Т. Соколованың бағалау жүйесін өлшеудің қосымша әдістемесін пайдаланады. Бұл жерде зерттелушінің өзін-өзі бағалауын оның жеке санасы бойынша қарастырады.
«Коммуникативті деңгейін анықтау» әдістемесі. Жеке тұлғаның коммуникативтік дағдылары мен іскерліктерін, қарым – қатынас мәдениетін зерттеуге арналған бұл әдістемені В.Ф. Ряковский ұсынағн. Бұл әдістеме 16 сұрақтан тұрады, әр сұраққа «ия», «кейде», «жоқ» деп жауап беру қажет.
Бүгінгі күн жағдайында кез келген адам екінші біреумен пікір алысып, қарым-қатынас жасағанда онымен тіл табыса алуы қажет. Жалпы қарым – қатынас жасау мәдениеттілігін меңгеру үшін, ең алдымен, әркім өзінің екінші біреумен қарым – қатынас жасай алатыны көз жеткізуі қажет.
Берілген сұрақтардың әрқайсысының тұсына: «ия» дегеннің орнына «2» ұпай, «кейде - 1» ұпай, жоқ «0» ұпай түрінде таңбаланады. Одан соң таңбаланған ұпайларды қосып, өзіңіздің адамдарға, көпшілікке жақындық деңгейін анықтайды. Ұпай саны 4 тен 32 ұпай аралығында. Қосылаған қорытынды бойынша адам қарым – қатынасының 6 түріне сипаттама берілді.
«Ортаға тез бейімделе аласыз ба?» мақсаты: коммуникативтідеңгейді анықтау. Нұсқау: Берілген 16 сұрақтың әрқайсысына «ия», «жоқ» немесе «кейде» деп нақты жауапты беріңіз.
Жоғарыдағы берілген сұрақтардың жауаптарының әрқайсысының тұсына «ия» дегеннің орнына «2» ұпай, «кейде» - «1» ұпай, «жоқ» - «0» ұпай түрлерінде таңбалаңыз. Одан соң таңбаланған ұпайларды қосып, өзіңіздің адамдарға, көпшілікке жақындық деңгейіңізді анықтаңыз.
Егер қосылған қорытынды:
30-32 ұпай шықса, онда өзіңіздің басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсе алмайтыныңызды, жатырқағыштығыңызды, адамдарға үйір еместігіңізді сөзсіз білдіреді. Одан сіз азап шегесіз. Сондықтан өзіңізбен бірге тұрған жақын дос, туыс адамдардың араласуына қиындық жасайсыз. Топтасып орындалатын іс-әрекетте сізге сену өте қиын. Сондықтан сізге адамдармен жатырқамай үйір болуды қарқынды түрде үдетіп, қарым-қатынасқа түсуді жиілетіп отыру қажет.
25-29 ұпай. Сіз тұйық мінезді, көп сөйлемейтін, аулақтануды, оңашалануды жақсы көретін адамсыз. Дос адамдарыңыз өте аз. Жаңа жұмыс немесе адамдармен жаңадан қарым-қатынасқа түсу сізге ауырлық туғызады. Оны сіз білесіз, сондықтан өзіңізге риза емессіз. Өз мінезіңізді түзетіп, өзгертіп алу өзіңіздің ғана қолыңызда. Бір жағдайға өте еліккен кезіңізде сіз адамдармен еркін түрде қарым-қатынасқа түсіп кеткен жағдайыңыз болады.
14-18 ұпай. Сіздің адамдармен араласуыңыз байырғы түрде жақсы. Сіз көп білгіңіз келеді, әңгімелесуші адамды қуана қалап тыңдайсыз, өз көзқарасыңызды ешбір ашусыз-ақ дәлелдейсіз. Жаңа адмдармен кездесуге ешбір қиналмай-ақ барасыз. Солай бола тұрса да шулы, дуылдаған ортаны ұнатпайсыз, шамадан тыс аса көп сөйлейтін адамдардың сөзін көтере алмайсыз, ұнатпайсыз.
9-13 ұпай. Сіз адамдармен араласқышсыз, кейде тіптен шамадан тыс араласасыз. Қызық құмар, әуесқой, сөзшең адамсыз, әр түрлі мәселелерге көп араласып өз пікіріңізді айтқышсыз, бұл жағдай кейде айналаңыздағы адамдарды запы қылады, ызаландырады. Жаңа адамдармен қуана-қуана танысасыз. Өзіңізге жұрттың көңілін әрдайым аудартып отыруды ұнатасыз. Біреудің айтқан өтінішін орындауға кейде жағдайыңыз келмесе де қайтармайсыз. Күйгелектеніп ашуланғышсыз, бірақ тез қайтасыз. Маңызды, түйінді мәселеге кездескенде оны шешуге сіздің шыдамдылығыңыз, ынталығыңыз, төзімділігіңіз, ерлігіңіз жетпейді. Бұл сіздің кемшілігіңіз. Бірақ егер ол мәселені шешуді өте қаласаңыз, өзіңізді мәжбүр етіп орындай аласыз.
3 ұпай және одан төмен. Сіздің араласып қарым – қатынас жасауыңыз өзіңіз жүрген ортаға ауырлық жасайды. Сіз өте сөйлегішсіз, көп сөздісіз, өзіңізге ешбір қатысы жоқ іс, жағдайларға араласа бересіз. Өзіңіз мүлде түсінбесеңіз де, қиын мәселені талқылап шешуге кірісіп жүресіз. Сондықтан өзіңіз жүрген ортада әрдайым түрлі дау-дамайдың негізгі себебі болып жүресіз. Ашушаңсыз, өкпелегішсіз, кейде көбінесе әділесізсіз. Өзіңіздің айналаңыздағы адамдарға сіз әрдайым қиындық туғызып отырасыз. Сондықтан өзіңіздің мінез-құлқыңызды түзетуге көп ойланып әрекеттенуіңіз қажет. Ең алдымен шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттерін игеруге тырысыңыз, адамдарға сыйлы, қадірлі қатынас көрсетіп жүріңіз. Мұндай айтылған мінез-құлық жағдайының қалыптасқан түрі өмірде ізсіз өтіп кете бермейді - сондықтан өзіңіздің денсаулығыңыз жөнінде көбірек ойлануыңыз қажет.
2.2 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу нәтижелері
Қазақ студенттерінің қарым – қатынасындағы бағдар ерекшеліктерін анықтау мақсатында студент жастарға Эрик Берннің «Бала, Ата-ана және Ересек», В.Д. Ряковскийдің «коммуникативті деңгейді бағалау», В.И. Кабриннің «Өзара қарым – қатынас тереңдігін зерттеу» әдістемелерін жүргіздік.
«Бала, Ата – ана және Ересек» әдістемесі мен В.И. Кабриннің «өзара қарым – қатынас тереңдігін зерттеу» әдістемелері бір-біріне байланыстырыла жүргізілді.
Қажет материалдар дайын болған кезде коммуникативті бағдардың әртүрлі аспектілерін сипаттайтын келесі негізгі көрсеткіштер ерекшеленеді:
а) позицияларды өзіне ұқсастығынан бастап тізбектеу;
б) өзіне көбірек ұқсайтын үш позиция, оның біреуі алғы орында болуы керек.
а) Спирменнің «идеал адам» мен «маған ұқсас адам» арасын саралау ранг корреляциясының коэффиценті ретінде:
Р = 1 -
n – позиция саны (12),
Д - әр позициясының екі рангысының арасындағы айырмашылық квадратының суммасы; Р – жалпы сумма.
б) алғашқы үш шынайы өзінің позицияларының орташа ранг көрсеткіші.
4. Адамның нақ осы шақта өзі үшін терең өзара қатынас жасап отырған, серіктес позициялары (өзара қатынас тереңдігі шкаласы бойынша жоғары баға алған 2-3 таныстың позициясы);
5. Болашақта терең өзара қатынас орнатқысы келетін адамның серіктерінің позициялары (2-3–ке дейін);
а) «идеал адам» көрсеткішіндегі орта ранг және
б) оның қатынасының шынайы және қалау тереңдігінің орташа айырым көрсеткіші;
а) барлық белгіленген тұлғалардың тереңдігінің орташа балы;
б) 5 және 6 балл қатынас тереңдігін көрсеткен тұлғалар саны;
Алынған коммуникативті бағдар сипаттамасы өз бетінше мағынаға ие болуы мүмкін, сондай-ақ зерттелген топтардың орташа көрсеткішімен салыстырылады.
Зерттеу жұмысында жалпы жасы 18 бен 29 жас аралығындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік Университетінің 50 студенті зерттелінді. Оның 25-сі бозбала, 25-сі бойжеткен. Бірінші нұсқау бойынша 1-ші кестеге сай қарым -қатынас позицияларын 1-ден 12-ге дейін белгілеу қажет, осы негізде студенттердің қарым – қатынастағы шынайы позициясы анықталды. Мысалы: 1 позиция «Бала - эго-жағдай», қарым – қатынас түрі гармониялы, ал 6 позиция «Ата – ана эго-жағдай» қарым – қатынас түрі формальді. Қарым – қатынас позициясын анықтауға арналған бозбалаларға және бойжеткендерге жүргізілген тест нәтижелері 2.2.1 – кестеде және 2.2.2 – кестеде көрсетілген. Әдістеме нәтижелерін көріп отырғанымыздай, бозбалалар қарым – қатынасында да бойжеткендер қарым – қатынасында да негізгі ұстанымдары «Ата – ана эго-жағдай». Бірақ бозбалалар қарым – қатынасында «Ата – ана эго – жағдай», қарым – қатынас түрі шиеленісті және ығыстырылған басым, ал бойжеткендер қарым – қатынасында «Ата – ана эго-жағдай, қарым – қатынас түрі гармониялы және формальді басым. Нәтижелердің графикалық көрсеткішін 2.2.1, 2.2.2 – суреттен көресіздер. Яғни бозбала және бойжеткен эго – жағдайы мен қарым – қатынас түрінің аралық айырмашылықтарын көруге болады.