Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 20:18, реферат
Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінін барлык саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде кайта кұрылып жатыр. Жоғары оку орындарында тоталитарлық тәртіп, коммунистік идеология тудырған марксистік тұрғыдағы жасанды пәндердің орнына бүкіл дүние жүзі мойындап, таныған, өркениетті елдерде көптен оқытылып жүрген ерелі, әмір елегінен өткен, біздің бүгінгі заманымыздың талабына сай келетін іргелі ғылымдар енгізіле бастады. Солардың ішінде ерекше орын алатыны — саясаттану негіздері.
Кіріспе..........................................................................................................................2
І-Тарау Саяси билік анықтамалары және теориялық тұжырымдамалары.
Саяси билік ерекшеліктері мен қажеттері ресурстары..................................3
Саяси биліктің жүргізу әдістері мен түрлері билік қызметтері....................7
Билік легитимділігі.......................................................................................15
ІІ-Тарау Қазақстан Республикасындағы саяси биліктің ерекшілігі.
2.1. Қазақстан Республикасындағы саяси билікті демократияландыру...............18
мәселелері.
2.2. Билік легитимділігі мәселері, оның Қазақстандағы ерекшелігі...................21
Қорытынды..............................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................25
Ж О С П А Р:
Кіріспе.......................
І-Тарау Саяси билік анықтамалары және теориялық тұжырымдамалары.
ІІ-Тарау Қазақстан Республикасындағы саяси биліктің ерекшілігі.
2.1. Қазақстан Республикасындағы
саяси билікті
мәселелері.
2.2. Билік легитимділігі мәселері,
оның Қазақстандағы ерекшелігі.
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінін барлык саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде кайта кұрылып жатыр. Жоғары оку орындарында тоталитарлық тәртіп, коммунистік идеология тудырған марксистік тұрғыдағы жасанды пәндердің орнына бүкіл дүние жүзі мойындап, таныған, өркениетті елдерде көптен оқытылып жүрген ерелі, әмір елегінен өткен, біздің бүгінгі заманымыздың талабына сай келетін іргелі ғылымдар енгізіле бастады. Солардың ішінде ерекше орын алатыны — саясаттану негіздері. Ол қазіргі қоғамдык және саяси құрылыстың мән-мағынасын терең түсініп-білуге, адамдардың өмірінде алатын орнын, атқаратын рөлін айкындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымның негіздерін менгеру арқылы әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық-саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс-әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттың сыр-сипатын, қилы құбылыстарын жете ұғынуға, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, оркениетті түрде өзінің мақсат-мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашады, жалпы, халықтық қазыналарға негізделген демократиялык тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді. Саясаттану адамдарға саяси кажеттіктерін мемлекет тарапында іске асырудың жолдары мен әдістерін дұрыс тандап алуға, демократиялық тәртіптерді және қоғамдық институттарды қалыптастыруға көмектеседі. Ол саяси төзімділікті, келісімге, серіктестікке, мәмілеге келе білуді, саяси шиеленіс, дау-жанжалдарды дер кезінде шешуді, ұлтжандылықты, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді. [1].
І-Тарау Саяси билік анықтамалары және теориялық тұжырымдамалары.
1.1.Саяси билік ерекшеліктері мен қажеттері ресурстары.
Саяси зертеулердегі салыстыру обьектісі әрқашан әр түрлі қоғамдағы биліктің бөлінуі болып табылады. Шын мәнінде, билік саясаттағы негізгі нәрсе. Сонда билік дегеніміз не? Күнделікті өмірдің өзінде ұғым әр түрлі мағынада қоладанылады. Билік туралы түсінік күнделікті өмірде ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Билік – адамзат қауымдастығының, адам өмірінің негізгі бастауларының бірі. Саясаттану ғылымында саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың саяси институттары мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп – білуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде билік туралы саяси ғылымдар жүйесіндегі ең ықпалды анықтама Р.Дальдің «Билік анықтамасы» деген мақаласында берілген анықтама.
Р.Даль билікті себептілік үғымында түсіндіреді: А В үстінен билікке ие, А В-нің белгілі бір іс-әрекетіне себепкер, егер А жағынан ықпал болмағанда, онда ол басқаша әрекет жасаған болар еді. Бұл дефинйцияны қолданбалы-саясаттанушылар нақты ахуалды талдау үшін жиі қолданады.
Р.Даль анықтамасындағы ең бірінші маңыздысы- бұл билікті қатынас ретінде түсінуі. Билік туралы ол нақты кімге қолданылатынын білмейінше айтудың маңыздылығы жоқ. Сонымен бірге, әрбір , өзара қарым-қатынасқа тек билік сипатына сай келетін өзіндік ерекшелік тән. Ол билеуші және биленуші индивидтер қолдануларындағы әр түрлі ресурстардың ақша, уақыт, білім, қару, байланыс, әлеуметтік статустың т.б. салыстырмалы тепе-теңдігі нәтижесі ретінде әрекет етеді. А-нің В-ға үстемдік жасау себебі онда бұл ресурстардың біреуін қолдану көлемі жоғары, кейде В-ні бұл ресурстарды қолдану қабілеті күштілігімен басып озады. Сондай-ақ кобінесе бір С-лар болады, билігі А-ға да В-ге де жүретін. Бұл айтылғандарды тек индивидтерге ғана қатысты деп санауға болмайды. Осылай барлық саяси жүйе элементтерін қарау қажет. Мысалы, АҚШ президентінің билігі Конгреске қатысты бір басқа да, ал Жоғары сотқа қатысты билігі- екіншісі, бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты билігі- үшіншісі.
Р.Дальдің екінші анықтамасы билікті жүзеге асыру тәсілдерінен ауытқиды. Олар әр түрлі, бұл күштеу, сатып алу, алдап-арбау, сенім-наным, келіссөз т.б. Бұл жағдайда билік ұғымы шатыр ретінде қолданылады, ол адамдардың көзқарасы мен іс-әрекетін өзгертетін барлық тәсілдерін жауып тұрады. Кейбір авторлар ықпал және билік ұғымдарын ажыратып алуды ұсынады, әрі соңғысына күштеу сипаты тән деп санайды. Р.Дальдің өзі де мұны жоққа шығармаған. Дегенмен билік теккүштеуге ғана емес, сонда-ақ беделге де арқа сүйенетінін атап айтқан жөн. Көбінесе билік күштеу мен беделді қатар қолданады, орнын ауыстырып отырады. Р.Дальдің үшінші анықтамасы бойынша А-нің В-нің көзқарасы мен іс-әрекетіне ықпал етуі жеткіліксіз. Билік бұйрығы орындалатыны туралы негізгі сенімнің болуы, ал ол сөзсіз? бағынуға негізделуі тиіс. Сонымен мұнда билік шешімі орындалуы және орындалмау да мүмкін екенін байқадық. Демек билікке бағыныштылардың бағытын, реакциясын есепке алу да өте маңызды.
Билік
адамзат пайда болғаннан бері
бар дүние. Биліктің
Билікті саяси құрылым, саяси қозғалыс, саясаттың өзін түсінудің кілті деуге болады. Билік түсінгінің анықтамасы, оның мәні мен сипаты мемлекет пен саясаттың табиғатын танудың маңызды шарты. Сонымен бірге ол бүкіл қоғамдық қатынастар ішінен саясат пен саяси қатынастарды бөліп қарастыруға мүмкіңдік беретінін айту керек.
4Г
П.Моррис, А.Гидденс пікірі боиынша билік біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жәй ғана ықпал, осер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет" Американ саясат ойшылдары Г Лассуэлл мен А.Каплан "Билік және қоғам" деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі деп сипаттайды.
Сонымен, билік дегеніміз топ, әлеуметтік топ, мемлекет жеке адам т.б. тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттілік пен мүмкіндіктерді пайдалана отырып адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету. Қысқаша айтқанда, билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.
Биліктің бірнеше түрлері бар, олардың ішіндегі ең маңыздысы саяси билік болып табылады. Саяси билік дегеніміз белгілі бір топтар мен таптардың мемлекеттік органдар жүйесі арқылы қоғамдағы саяси үстемділігі. Саяси биліктің кеңістігі негізінен мынадай үш нәрседен тұрады:
1) саяси субьектілер мен оның мүддесін қорғайтын қауымның арасындағы қатынастан;
2) саяси субьектілер мен қоғамның әлеуметтік институттары мен билік жүргізуші элита арасындағы көпжақтылы қатынастардан;
3) саяси басшылардың
қоғамдық мәселелерді шешу "
Билікті жіктеудің негізгі белгілері мыналар:
1.Қызметі саласы жөнінен: саяси, идеологиялық, әлеуметтік, эконо микалық, заңдық, діни;
Саяси билік биліктің
өзіндік бір үлгісі болып табылады.
Мемлекеттік билік саяси
1.2.Саяси биліктің жүргізу әдістері мен түрлері билік қызметтері.
Саяси биліктің ерекшеліктері мен қасиеттері. Саяси биліктің ерекшеліктері мына төмендегідей:
•ол адамдардың үлкен тобының
мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам
экономикасындағы рөлі басым болады, өзі
қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады;
•қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет, арқылы, қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси жетекшілер арқылы жүргізіледі;
•биліктің иерархия болған жерде қызметті, құқық пен міндеттерді жоғарыдан төмен қарай бөлісуі;
Билік ресурстары.
Билік түрлері, ол әр түрлі
мемлекеттердің субьект, обьект
, ресурстары процесі
1. Экономикалық билік, бұл экономикалық ресурстарды бақылау, әртүрлі материалдық құндылықтарға меншік. Қоғамның дамуы біршама тұрақты кезеңінде экономикалық билік басқа биліктерден жоғары тұрады, экономиқальық бақылау адам өмірінің бір ғажап саласын бақылау емес, ол басқа мақсаттардың барлығына жету құралдарын бақылау"- деп жазады Ф.Хайек "Құлдыққа барар жол" еңбегіңде.
Мәжбүр ету билігі күштеу ресурстарына арқа сүйейді немесе адамдарды денелік күштеу көмегімен бақылауда ұстауға негізделінеді. Мәжбүр ету билігі саяси билікке тән, оның негізгі ерекшелігінің бірі күштеу. А.Этциони билік ресурстарын- утилитарлы, мәжбүр ету, нормативті деп бөледі. Утилитарлы ресурсы- бұл материалдық және әлеуметтік игілік, адамдардың күнделікті мүдделерімен тығыз байланысты. Оның көмегімен билік, әсіресе мемлекет жекелеген саясаткерлерді ғана емес, бүкіл түрғындарды сатып алуға қабілетті. Бұл ресурс мадақтау немесе жазалау формасында қолданылады (мысалы, жалақыны қысқарту, көтеру). Мәжбүр ету ресурсы- ретінде әкімшілік шаралар, жазалау, күштеу қолданылады. Нормативті ресурс өзіне сыртқы әлемге ықпал ету құралдарын, құндылықтық бағдарды, адам әрекетінің нормаларын қамтиды.
Биліктің мәнін жете түсіну үшін оның негізгі қағидаларын нақгылау қажет. Биліктің мәнін ашуда екі мәселеге ерекше назар аударған жөн. Біріншіден, билікке көрсету жолы, екіншіден, билікті сақтау мен қолдану әдістері. Демек, биліктің қағидаларын ажыратып көрсету маңызды. Билікті сақгау, әрекеттілік, легитимдік, күштеуге қарсылық, көруінің төзімділік, жауапкершілік сияқты қағидалары бар. Биліктің тармақтарға бөлінуі. Демократиялық қоғамдарда билікті тармақтарға бөлу қолданылады. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Дж.Локк 1632-1704 ж.ж. және француз ғалымы Ш.Л.Монтескье /1689-1753 ж.ж./ болды. Билік-заңшығарушы, атқарушы және сот билігі болып үш тармаққа бөлінеді. Заңшығарушы билік /парламент/ заңшығарумен, оны бекіту, өзгерту жөне жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып, әскерді қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, қалықаралық келісім шарттарды қабылдайды, маңызды ішкі және сыртқы саясатты анықтайды. Оның жұмысын конституция атынан ерекнте органдар /конституциялық бақылау/ бақылау жасайды. [6].