Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 20:18, реферат
Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінін барлык саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде кайта кұрылып жатыр. Жоғары оку орындарында тоталитарлық тәртіп, коммунистік идеология тудырған марксистік тұрғыдағы жасанды пәндердің орнына бүкіл дүние жүзі мойындап, таныған, өркениетті елдерде көптен оқытылып жүрген ерелі, әмір елегінен өткен, біздің бүгінгі заманымыздың талабына сай келетін іргелі ғылымдар енгізіле бастады. Солардың ішінде ерекше орын алатыны — саясаттану негіздері.
Кіріспе..........................................................................................................................2
І-Тарау Саяси билік анықтамалары және теориялық тұжырымдамалары.
Саяси билік ерекшеліктері мен қажеттері ресурстары..................................3
Саяси биліктің жүргізу әдістері мен түрлері билік қызметтері....................7
Билік легитимділігі.......................................................................................15
ІІ-Тарау Қазақстан Республикасындағы саяси биліктің ерекшілігі.
2.1. Қазақстан Республикасындағы саяси билікті демократияландыру...............18
мәселелері.
2.2. Билік легитимділігі мәселері, оның Қазақстандағы ерекшелігі...................21
Қорытынды..............................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................25
Демократиялық қоғамда жеке адамның құқы және міндеттері, сонымен қатар оларды жүзеге асырудың кепілі парламентте қабылдайтын заңдар арқылы қамтамасыз етіледі. [11]. Ал, заң актілерін нақтылы жүзеге асыру атқарушы органдарға жүктеледі. Бұған дейінгі режимдерде керісінше көптеген шаралар бұйрық арқылы іске асырыл-ған. Жеке адамдардың сайлау және сайлану құқықтары негізгі заң жинақтарына енгізілмеген, ол атқарушы биліктің үлесін қалдырылып отырған. Осындай жағдай әлеуметтік сала мен енбек ету, денсаулық сақтау және білім беру салаларында орын алған. [12]. Бұрыңғы авторитарлы саяси жүйелерде боямалау орын алған: бюрократтық басқару халықтық деп аталған жұмысшы табы өзінің күнкөрісі жолында кіріптар болған жеке адамның толық азғыңдауы оның түпкілікті еркіндігі деп саналған; қоғамдық сананы биліктің уландыру ісін қоғамдық бақылау деп есептеген; мәдениеттің құлдырауын оның дамуы деп атаған; еркін сайлаудың жоқтығы демократияның жоғарғы түрі деп есептелінген тәуелсіз пікірге тыйым салу өмірге ғылыми көзқарас деп есептелінген, әскери басқыншылық туысқандық көмек делінген. Сөйтіп, осындай режим өтіріктің батпағына бата түскен. Не болса соны фальсификацияланған. Ал, сөйте тұра адам құқын қорғайтын түр білдірілген. Демократияға айналған авторитарлық схемасы бойынша жоғарыдан кенеттен авторитарлық схемасы бойынша жоғарыдан кенеттен либералдандыруды, яғни саяси элитаны радикалды өзгерту, бұрыңғы режимді тас-талқан ету жолымен жүзеге асырылады. [13].
2.2. Билік легитмиділігі мәселері, оның Қазақстандағы ерекшелігі.
Бұрынғы кезеңдерде, мәселен, орта ғасырларда үкіметтің легитимділігіне онша мән берілмейтін. Билік қолына тиген герцогтар мен корольдар халыққа көз қырын да салмастан оларды өз қалауларынша басқарды. Ал, бүгінгі таңда барлық елде, барлық жерде биліктің легитимділік мәні оның өркениеттілігін аңғартатын бірден-бір белгі ретінде қажеттілікке айналып отыр. Үкімет легитимділігі дегеніміз оның саяси және әлеуметтік институттарының бірқалыпты қызметін қамтамасыз ету кабілеті болып табылады. Сонымен катар, халық мүддесі мен қоғам ахуалына мейлінше сәйкес келетін осы институттар екеніне қалың бұқараның көзін жеткізу ерекше актуальды болып табылады. Үкіметтің легитимділігі мәселелері кең ауқымды, әрі сан қырлы болып келеді. [14]. Мәселе белгілі бір үкіметтің жан-жақты сипатын аша білуде:
3)қоғамдағы
тәртіп жене бөлісу
4)қоғамдық
емірдің нақты бір саласындағы
билікті жүзеге асырудың
Талдау көрсеткендей, бұл мәселе ежелгі Грецияның классикалық философиясыңда үлгілі мемлекет пен үлгілі басқару тұжырымдамасын жасауда күш пен зорлық, құқық пен мораль арасындағы қайшылықты жою мақсатындағы саясаттың нормативтік негіздерін іздестіру мағынасында қарастырылған болатын. Соңғы жүз жылдың аумағыңда үкімет легитимділігі мәселесі европалык саяси ой - талғамдарда тұрақты түрде сөз болып келеді. Бұл ой-талғам орта ғасырда Батыс Европада шіркеулік және зайырлық биліктерге карсы күресте бой көрсетті. Үкімет легитимділігінің теологиялық бастаулары билік адамдарын құдай дарынды етіп жаратқан деп дәлелдеген Ф.Аквинскийдің еңбектерінде негізделген. Жаңа уақыт аясында және зайырлы саяси ғылымның қалыптасу дәуірінде бүл тақырыпқа қалам тартқан Т. Гоббс, Д. Локк үкімет легитимділігінің әлеуметтік -құқықтық негіздері мен бастауларын ашып көрсетті.
Ойшыл Д.Локк "Мемлекеттік басқару туралы трактаттарында" былай деген: "...мемлекетті құдай емес, өз ( өмір, бостандық, меншік) құқығын қорғау үшін адам жасаған, сондықтан да саяси үкіметтің қайнар көзі түбінде халық болып табылады. Адамдар жаратылысынан еркін болған, ал мемлекет жер бетінде бейбіт жолмен пайда болған, оның түп негізі содан бастау алған және адамдардың келісімімен жүзеге асқан... Саяси қоғамның пайда болуы жекелеген тұлғалардың бірігіп бір қоғам құруына байланысты пайда болған. Міне, сол тұлғалар осылайша келісімге келген кезде, олардың пікірінше, басқарудың ең оңтайлы формасын бекіткен. Монарх халыққа белгілі және халық сайлаған өз үкіметінің легитимділігін қабылдап алады, аяқ астынан шығарылған жарлықтар арқылы емес, зандар арқылы дауларды шешуге тиіс әділетті де, ыждағатты төрешілердің көмегімен басқарады" Билік қатынастарды өзінің мазмұны мен формасы жағынан әрқашан күрделі болған. Саяси үкіметтің маңызды бір қасиеті ретінде легитимділік несімен ерекшеленеді: біріншіден, бекітілу тәсіліне қарай, мысалы, дәстүр негізінде мұрагерлік бойынша немесе демократиялық басқару аясындағы жалпыға бірдей сайлау негізінде. Екіншіден, легитимділік биліктің нақты бір ахуалы болып табылады, яғни , азаматтар билік құқығын саналы және ерікті түрде қабылдап алады. [16].
Легитимділік
мәселелерін теориялық
Қорытынды
Қорыта айтқанда биліктің негізгі қасиеті - өзінің өсуі мен кеңеюіне тырысуда екенін анықтадық. Сондықтан да азамат қоғамы саналы түрде биліктің орталықтануы мен шоғырлануынан бас тартуын, сонымен бірге қатардағы азаматтардың өкімет шешімдерін алуына қатысуын қажет санайтын болып отыр. Демек, билік абсолюттік және шексіз болмауы тиіс. Билікті - заң, азаматтардың жеке өмірі, мәдениеті мен біліктілігі шектейді. Саяси билік конституциясы белгілеген заңнан шектеулер аясынан шықпауы керек. Ол адамның жеке өміріне араласпауы керек. Сондықтан азаматтық еркіндігі –бәрінен бұрын жеке адамның саяси бақылаудан тәуелсіздігі болып табылады, ал азаматтық қоғам дегеніміз - мемлекетке қатыссыз, тәуелсіз экономикалық, рухани адамгершілік, діни, ұлттық қарым-қатынастар жиынтығы. Бірақ өмірде ең жақсы деген, ең дұрыс деген зандардың өзі де саясат субъектісі мәдени дәрежесі мен біліктілігі жеткіліксіз болса саяси билікті шектей алмайды. Олардың дамуы жең ұшынан жалғасып жымысқылануға, билік басындағылардың азып тозына әкеледі. Азаматтардың мүдделері негізінде қалыптасатын мемлекеттік стратегия жүзеге асырылатын болады. Сөйтіп, демократияландыру процестері мен міндеттері қоғамдық консенсус негізінде әрбір әлеуметтік топтардың қарсылығын бәсеңдетіп, өзара ұштастырады. Тоталитарлы, авторитарлы режимдерде бюрократиялық басқару халықтық деп атала беретін. Ал, жеке адамның кіріптарлығы оның еркіндігі деп түсіндірілетін. Биліктің қоғамдық пікірді ойыншыкқа айналдыруы оған қоғамдық бақылау деп дәлелденетін. Еркін сайлаудын жоқтығы демократияның жоғарғы түрі делінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі