Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 20:18, реферат
Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінін барлык саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде кайта кұрылып жатыр. Жоғары оку орындарында тоталитарлық тәртіп, коммунистік идеология тудырған марксистік тұрғыдағы жасанды пәндердің орнына бүкіл дүние жүзі мойындап, таныған, өркениетті елдерде көптен оқытылып жүрген ерелі, әмір елегінен өткен, біздің бүгінгі заманымыздың талабына сай келетін іргелі ғылымдар енгізіле бастады. Солардың ішінде ерекше орын алатыны — саясаттану негіздері.
Кіріспе..........................................................................................................................2
І-Тарау Саяси билік анықтамалары және теориялық тұжырымдамалары.
Саяси билік ерекшеліктері мен қажеттері ресурстары..................................3
Саяси биліктің жүргізу әдістері мен түрлері билік қызметтері....................7
Билік легитимділігі.......................................................................................15
ІІ-Тарау Қазақстан Республикасындағы саяси биліктің ерекшілігі.
2.1. Қазақстан Республикасындағы саяси билікті демократияландыру...............18
мәселелері.
2.2. Билік легитимділігі мәселері, оның Қазақстандағы ерекшелігі...................21
Қорытынды..............................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................25
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдыңда есеп береді, Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберіңде әрекеттесуі тиіс. Үкімет заңы шешімдер қабылдайды /конституция шеңберіңде/, ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады. Соттың билігі адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған зандардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық не өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заңшығарушы не атқарушы билікке тәуелсіз. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды қағидаларына жариялылық, айыпкерлік, өзін қорғау жөне сот үкімін бұзуға шағым беру құқығы жатады. Билік жүргізу әдістері мен түрлері. Билікті жүргізу әдістері рухани және материалдық болып бөлінеді. Рухани әдістер саяси идеялар мен теориялар, саяси сана, заң, норма, ереже, білім, саяси сөз, саяси әдістер, саяси тәжірибе, саяси өнер; материалдык әдістер саяси жобалау, есеп, бақылаудың техникалық әдістері, күштеу тәсілдері, билік жүргізу кадрлары, саяси институттар, органдар, аппараттар, билік ұйымдары.
Мемлекеттіх билік пен саясат билікті салыстыратын болса, саяси билік мемлекеттік билікке қарағанда кең ұғым. Саяси билік тек мемлекеттік көлемде ғана емес, сонымен бірге халықаралық ұйымдар көлемінде де жүргізіледі. Кез келген мемлекеттік билік ол саяси билікі, ал кез келген саяси билік мемлекеттік бола алмайды. Мысалы: алғашқы қауымдық құрылыста саяси билік болған (ақсақаддар кеңесі), ал билік апараты, мемлекет болмады. Демек, мемлекеттік билік — саяси биліктің бір түрі. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:
•Саяси билік саясаттануда өзінің билік жүргізу ауқымына, билік субьектісіне, басқару әдісіне қарай жіктеледі:
♦Қызметіне қарай
саяси билік: саяси идеологиялық,
әлеуметтік,
экономикалық, заң, банк, діни т.б.;
Саяси биліктің субьектісі- халық. Ал халықтың атынан билікті қолдаушылар ол қолына билік беріліп арнайы құрылған органдар, ұйымдар, мекемелер. Саяси билік субьектілері өз билігін жаңағы билікті қолдаушылар арқылы жүргізеді. Бірақ, тәжірибеде, тұрмыстық санада, кейде теориялық денгейде саяси билікті қолдаушылардың ролі жоғары қойылады. Мұның себебі, билік субьектілері әлеуметтік қатынастарға тікелей ықпал жасай алмайда, ықпал тек нақтылы әдіс-құрал арқылы жасалады. Осыдан биліктің түрі, құралы, әдісі бірігіп, оларды халық ажырата алмай жатады. Осыдан келіп саяси билікті қолданушы, жүргізуші адамға басқаның табынуы келіп шығады, оны саясаттану тілінде билік фитишизмі деп атайды. Одан адамның әлеуметтік мәні төмендейді, саяси нигилизм туады, саяси енжарлық адамның биліктен аластауы пайда болады. Методологиялық тұрғыдан қарасақ, билік көзі халық т.б. Демек, саяси билік халық үшін, халық арқылы жүргізілуі тиіс. Саяси билік халық мүддесін үйлестіріп отыруы қажет, ал саяси институттар сол үшін қызмет етуі тиіс. Биліктің тікелей алып жүрушілері, агенттері— субьект және обьекті болып табылады. Субьект /актор/ билікті иеленеді, бағыт беруші бастамасы болып келеді. Ол жекелеген адам, ұйым, адамдар қауымдастығы, мысалы, халық, әлемдік бірлестік, БҰҰ бірлестігі т.б. болуы мүмкін. [7].
Билік қатынасы пайда болуы үшін субьект сапаларға ие болуы тиіс. Ең алдымен ол билеуге деген құмарлық билікке ұмтылуы, оны бұйрық, жарлық түрінде пайдалану. Көпшілік адамдар билікті иеленуден ешқандай психологиялық қанағаттанбайды. Олар үшін билік негізгі құндылық емес. Көптеген адамдар үшін билік тек үлкен табыс, бедел, пайдалы байланыс, артықшылықтар үшін қажет. Яғни олар үшін билік қүралдық сипатқа ие, яғни мақсатқа жету тәсілі.
Билеуге деген құмарлықпен
Саяси билік субьектілері күрделі, көп деңгейлі сипатка ие. Оның алғашқы субьектілері — индивидтер, әлеуметтік топтар, екінші субьектілері — саяси ұйымдар, жоғары сатылы субьектілері — саяси элиталар, жетекшілер /лидер/. Бұл сатылар арасындағы байланыс бұзылуы мүмкін. Мысалы, субектінің рөлінің алғашқы көрінісі билік қатынасында онда билік пен оны алып жүруші біріктіріледі. Яғни билік шешімі, билік әрекеті т.б. билеуші ұйымдар билігі ретінде айтылады.
Субьект билікті өзара әрекет мазмұнын жарлықтар арқылы /бұйрық, команда/ анықтайды, билік субьектісінің әрекеті бекітіледі. Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық жэне республикалық болып бөлінеді. Монархия - (грек. Мопагсһіа - дара өкімет) жоғары мемлекеттік билік бір мемлекет басшысы монархтың қолында шоғырланған және мұрагерлікпен берілетін басқарудың түрі. Монархия өз кезегінде абсолюттік жэне конституциялық болып бөлінеді. Ертеде басқарудың мүндай түрі кең тараған. Мысалы, Ресейде де Романовтар династиясы басқарған шақта болған. Қазіргі дамыған елдердің ешқайсысында басқарудың мұндай түрі жоқ. Конституциялық монархия монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік - парламентпен шектеледі. Қазіргі кезде конституциялық-монархиялық құрылыс Белгия, Ұлыбритания, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия. Швеция, Сауд Аравиясы, Жапония, Люксембург, Марокко сияқты елдерде сақталған. Республика - мемлекетік биліктің барлық жогарғы органдары' белгілі- бір уақытқа сайланатын немесе өкілділік мекемелер арқылы қалыптасқан мемлекеттік басқарудың түрін айтады. [8]. Демократиялық және антидемократиялық режимнің өзінің ішкі бөлінуі және нақты түрі бар.
Демократиялық режим - мемлекеттік биліктің халық алдында есеп беру мен сайлау негізінде қалыптасқан саяси құрылым болып табылады. Саяси биліктің демократиялық режиміне мыналар жатады:
1. Баламалы және белгілі мерзімде
өткізілетін ашық сайлаулар.
Үкімет сайлау нэтижесінде қалыптасады.
Және көпшіліктің
үкіметі болып табылады.
2. Жеке адамның құқығы мен еркіндігі заң жүзінде қорғалады.
Президент тағайындаған
атқару орындарының басшылары
ретінде бұл кандидатураларды қолдауы
да қолдамауы да
мүмкін. Парламент жоғарғы заң шығару
функциясын жузеге асыратын республиканың
ең жоғарғы өкілді органы. Басқару тетігіне
ие болған партияның көсемі - мемлекет
басшысы болады. Үкімет басшыларының ауысуы
үкімет қүрамын өзгерту немесе парламенттің
кірісуін қажет етпей іске аса береді.
Мысалы, Англияда М.Тэтчердің орнына Д.Мэйджердың
келуі консервативтік партия басшыларының
ауысуы байланысты болды. Парламенттік
басқару жүйесіндегі бір партиялық үкімет
Великобритания, Жапония, Канада, Австралия
сияқты елдерге тән.Коалициялық немесе
одақтық үкімет формасы - үкіметті қалып-тастырда
бірде-бір партияның басшылыққа ие болмауы.
Сондықтан бірнеше партияның одағы қалыптасады.
Бұл форманың негізгі ерекшелігі - үкіметтің
түрақсыз болуына қарамастан саяси тәртіптің
тұрақты бола бергендігі. Мысалы, Германия,
Италия, Норвегия, Израиль, Нидерландия, Швейцария, Даниядағы саяси
билікті жатқызуга болады. Бүл басқаруда
Премьер-министр парламенттегі ықпалдық
жетекші партияның басшысынан сайланады.
Демократиялық емес тәртіп тоталитарлық
және авторитарлық болып бөлінеді. Демокрахиялық
емес тәртіптің түрлеріне :
1.3.Билік легитимділігі.
Қоғамның әлеуметтік-саяси
Харизматикалық легатимдік мұнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет – қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы ,халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Мысалы, Мұхамед пайғамбар, Ганди, Аятолла Хомени т.б. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Харизма деген сөздің өзі де көсемге мемлекеттік басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді. Ақыл парасаттың, құқықтың легитимділігі. Онда саяси билік салт – дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысы емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталады. [9].
Легитимділіктің алдынғы екі түрі құлдық және феодалдық қоғамдаға тән болса, үшінші түрі қазіргі дамыған елдерге тән. Демокртиялық жағдайда легитимді болу үшін мынандай шарт қажет.
-ол халықтың
қалауы бойынша қалыптасуы
Мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек. Соңғы кезде легитимділіктің идеологиялық түрі туралы да айтылып жүр. Оның мәні билікті халықтың санасына енгізілген идеология арқылы ақтау. Билікті сәйкес келетін идеологиямен негіздей отырып, басқару құқығына ие болады. Бұл идеологияның мазмұнына қарай идеологиялық легитимдік топтық немесе ұлтшыл болуы мүмкін. Кеңес Одағында топтық легитимділік топтық немесе ұлтшыл болуы мүмкін ІІ жартысында ұлтшылдық легитимділік көп елдерде басымдық танытты. Легитимділік саяси сапа ретінде тек саяси салада ғана, емес ол қоғамның әлеуметтік саласында да өз көрінісін береді. Осындай саяси легитимділіктің негізгі аспектілерінің бірі –қауіпсіздік. Саяси билік легитимді болуы үшін қоғамда өмір сүруші адамдардың негізгі өмірлік құндылықтарын сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Сонда ғана ол қоғамдағы адамдар билікті мойындайды. Қауіпсіздіктің негізгі аспектілеріне мыналар жатады:
- әскери қоғам мүшелеріне
сыртқы орта қауіпінен
-құқықтық, мемлекет тарапынан болатын қылмыстық және күштеу қысымдарын жеке адамдарды қорғауға кепілдік беру.
ІІ-Тарау Қазақстан
Республикасындағы саяси
2.1. Қазақстан Республикасындағы саяси билікті демократияландыру мәселелері.
Қазір Қазақстан әлеуметтік-
Алайда қоғамның жедел траисформациялануы жағдайында демократия мәселесінде әр түрлі концепциялар меи көзқарастар орын алып отыр. Сондықтан оның дұрыс және тұрақты мәнін айқындау мәселесі терең ғылыми зерттеуді қажет етеді. [10].
Әдетте демократия идеясын батыстық өркениетке ғана тән нәрсе деп есептейді. Шындығындада, қазіргі кездегі англо-саксондық және американдық саяси мәдениет демократиясы ежелгі өркениетпен тамырлас. Сопымен қатар, демократияның қалыптасуында ағартушылық дәуірі үлкен роль атқарған. Бірақ бұл айтылғандардан демократия мәселесі тек ғана Батыстық өркениет елдеріне ғана тән деген қорытынды жасалмауы керек. Қазіргі заман тарихы көрсетіп отырғанындай теңдік, еркіндік жәпе демократия идеялары универсальді ұғым ретінде әлемдік қауымдастықтың басым бағытына айналып отыр. Оған демократияның ұлттық мәдениетінің мойындалуы да дәлел.
Д.А. Ростоу айтқандай, демократия мынадай кезеңдерден өтуі мүмкін: қарама-қарсы саяси күштердің қақтығысы жағдайындағы дайындық кезең; сапалы түрде демократиялық ережелер мен институттар пегізінде шешім қабылдайтын кезең; жаңа әлеуметтік ортада қайта әлеуметтендірілген дағдылану кезеңі. Демократияның алғы шарттары ретінде Д.А. Ростоу экономикалық дамуды немесе әлеуметтік жұмыл-дыруды атамаған. Оның пікірінше, демократияға дайындайтып нәрсе саяси дау-жанжал болып табылады. Оның ойынша, демократия халыққа диктатордың сыйға тартатын нәрсе емес. Ол саяси және әлеуметтік тартыс жағдайында мүмкін болады. Яғни, демократия жоғарыдан сыйға тартылмайды, Сонымен, дайындық кезеңі либералдандыру мен оппозицияның еркіндігімен байланысты. Демократия бәсекелестік пен саяси компромис өнерімен байланысты. Ол пікірталастар дағдарысы мен мәмілелер негізінде әр түрлі күштердің орын ауыстыруы жағдайында өзгеріске ұшырап отырады. Қазіргі кезде либералдық саяси мүддеге баламалы делиберативті демократия моделі ойластырылуда. (Дж. Коэн, X. Арендт, Ю. Хабермас). Делиберативті демократияның басты идеясы-консенсус пемесе компромис арқылы саяси шешімге қол жеткізу. Осылайша легитимді саяси билік күш қолдануға қарсы қойылады. Бұндай демократия саяси салада күш қолданбау принципін іс жүзіне асыру болып табылады. Билік пен ресурсты тең бөлмейтін кез-келген мәжбүрлеу бұл ретте болмауы тиіс. Халық алдында мәселені ашық талқылау арқылы тар, эгоистік немесе топтық мүдделерді болдырмауға тырысады. Бұндай саяси процесс еркін және тең азаматтардың бірлесіп өмір сүруіне, саяси демократияға сәйкес келеді. Азаматтардың мүдделері негізінде қалыптасатын мемлекеттік стратегия жүзеге асырылатын болады. Сөйтіп, демократияландыру процестері мен міндеттері қоғамдық консенсус негізінде әрбір әлеуметтік топтардың қарсылығын бәсеңдетіп, өзара ұштастырады. Тоталитарлы, авторитарлы режимдерде бюрократиялық басқару халықтық деп атала беретін. Ал, жеке адамның кіріптарлығы оның еркіндігі деп түсіндірілетін. Биліктің қоғамдық пікірді ойыншыкқа айналдыруы оған қоғамдық бақылау деп дәлелденетін. Еркін сайлаудын жоқтығы демократияның жоғарғы түрі делінді. Билік жалған мәліметтер жасауға дағдыланып алатын.