Шетел тілін оқытудың әдістемесі курсына кіріспе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2014 в 20:04, реферат

Описание работы

Шет тілін оқытудың әдістемесі өзі жеке ғылым бола тұрып басқа да ғылымдармен тығыз байланысты. Соның ішінде әдістеме үшін негізгі пәндер: тіл білімі, педагогика, психология, әлеуметтану, елтану. Оларды әдістемеге ұқсас ғылымдар деп атайды.
Әдістеме педагогиканың бөлімі жеке дидактиканың бірі болғандықтан педагогикамен тығыз байланысты. Егер педагогика кез-келген пәнді оқытудың теориясы болса, жеке дидактика педагогиканың нақты пәнді оқытудың (мысалы: шетел тілі) ережелерін пайдаланды. Педагогикадан әдістеме көптеген ұғымдарды және ережелерді алған. Мысалы: принциптер, оқу процесі және оның заңдылықтары, әдістері мен ұйымдастыру формалары туралы ұғымдар.

Файлы: 1 файл

реф.docx

— 57.25 Кб (Скачать файл)

Қазіргі кезеңде негізгі әдістемелік принцип ретінде коммуникативтік принцип саналады. Шет тілін оқытудың негізгі әдістемелік принципі – коммуникативтік принцип. Бұл принцип бойынша оқыту процесі қарым-қатынастың табиғи немесе соған жақын жағдайда ұйымдастырылады. Бұл принципті іске асыру оқу процесін шынайы коммуникация процесіне жақындату және ол оқушының белсенді шығармашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады.  Коммуникативті принцепті ұстанған кезде сабақтың бағытында оқытудың мақсаты (тілді қарым қатынас құралы ретінде меңгеру) және мақсатқа жету құралы тығыз байланысты.

Сонымен қатар бұл принцип оқушылардың шығармашылық әрекетінің белсенділігін талап етеді. Мысалы: ұжымдық жұмыстарды кеңінен пайдалану, қарым қатынас құралы ретінде тілге әрдайым айналу, проблемды ситуацияларға деген көңіл, шығармашылық тапсырмалар т.б.

Ерекшеліктері: мотивированность, мақсаттылық, жеке мәні, индивидуалды қарым-қатынас, сөздік ойлау белсенділігі, өзара әрекет, ұласу(контактность), ситуациялық, ақпараттық, жаңашыл, функционалдылық, тапқырлық, проблемалық.

Қазіргі ШТ оқыту әдістемесінде әдістің тура, саналы, құрама, интенсивті әдістер бар. Тура әдістер ХІХ-ХХ ғасырда пайда болды. Оның өкілдері М.Берлиц (Германия), Ф.Туэн (Франция), Г.Суит (Англия), О.Есперсон (Дания) және т.б. Бұл әдіс тура (табиғи) деп аталу себебі оның өкілдері тілдік бірлік пен оның мағынасының арасында тура байланыс жасау және ана тілін қолданбауды, тілді меңгеруді интуитивті деңгейде жүргізуді қолдайды. Тура әдістерге табиғи, аудиовизуалды, аудиолинвалды, әскери, гувернантка т.б. әдістер кіреді. Саналы әдістер – тілдің фактілерін оқыту процесінде оқушының саналылығы және оның тілдік қарым-қатынаста қолданылу жолдары. Ол саналылық принципке негізделеді. Бұл принцип интуитивтілікке қарама-қарсы қойылады. Саналы әдістерге грамматикалық-аудармалық, саналылық-практикалық, саналылық-салыстырмалық әдістер жатады. Құрама (аралас) әдістер тобы тура және саналы әдістердің белгілерінің болуымен сипатталады. Оның негізінде мынадай принциптер жатады: оқытудың сөйлеуге бағытталуы, жүйелілік, интуитивтілік пен саналылық, ауызшаны алға шығару, жазбаша мәтінге сүйену т.б. Құрама әдістерге: коммуникативтік, тандем әдістер жатады. Интенсивтік әдістер – 1960-1970 жылдары шетел тілін аз уақыт ішінде үйреніп алу қажеттілігі туғанда пайда болады. Барлық интенсивтік әдістер мен тұлғаның психологиялық резервін белсендіруді көздейді. Сонымен қатар ол дәстүрлі әдістерден сабақты жүргізу, ұйымдастыру жағынан өзгешеленеді: педагогикалық қарым-қатынастың әр түрлі формаларына көңіл аудару, топта әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыру, мотивацияны қолдау, псхологиялық кедегіні жою т.б. Интенсивтік әдістерге суггестопедия (болгар ғалымы Г.Лозанов, лат. suggestum- сыбырлау, әсерін ету), эмоцияналдық-мағыналық (И.Ю.Шехтер), белсендендіру (активизация) (Г.А.Китайгородская), гипонопедия, ритмопедия, экспресс-әдіс (И.Давыдова), Интел-әдіс т.б. жатады.  
      Оқытудың құралдары –оқу құралдары мен техникалық құралдар кешені. Бұл құралдардың көмегімен оқытушының тілді оқыту мен оқушының тілді меңгеру жұмысы жүзеге асырылады. Оқыту құралдары әдістеменің негізгі категорияларының біріне жатады және тілді оқыту мен меңгеру процесін жеңілдетеді, нәтижелі етуге ықпалын тигізеді.

Құрылымына қарай оқыту құралдары оқытушыға арналған, оқушыға арналған, аудио-визуалды және техникалық құралдар болып бөлінеді.

Оқытудың аудиовизуалдық құралдары - көру, есту немесе көріп-есту сияқты қабылдау арқылы ақпарат алу. Олар есту (фонограммалар), есту-көру (видеофонограммалар).

 Бұл құралдар білімдік және білімдік емес болуы, сонымен қатар табиғи құралдардың да (Бұқаралық ақпарат құралдары) қолданылуы мүмкін. Оқытудың аудиовизуалдық құралдары шетел тілін оқытудың сапасын көтеруде нәтижелі құрал болып табылады, яғни сабақта дидактикалық көрнекілік принципі орындалады, оқытудың мотивациясы көтеріледі және тілдік ортаның жетіспеушілігінің орнын толтырады.

Оқытудың аудиовизуалдық құралдары (ОАВҚ )

 

Фонограммалар

Видеограммалар

Видеофонограммалар

- Грамжажазба

- Магниттік  жазба

- Радиохабар 

  • Табиғи заттар мен іс-әрекет;
  • Көркемөнер: суреттер, өнер туындылары, репродукция, слайдтар, диафильмдер, фотосуреттер, геогр. Карталар.

- Кинофильмдер

- Видеофильмдер

- Телехабарлар

- Компьтерлік бағдарламалар


 

 

 

 


Информация о работе Шетел тілін оқытудың әдістемесі курсына кіріспе