Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2014 в 22:07, реферат
Бұл қасиеттердің бірі - тітіркенушілік, яғни сыртқы тітіркенуден ағзаның әсер алуы. Мәселен, мимоза өсімдігін алатын болсақ, оған қол тигізгенде, ол жапырақтарын жиырып алады. Бұдан тіршіліктің бар екенін білуге болады. Жер үстінде жануарлар пайда бола бастады. Бұл - сезімталдық жануарлардың жүйке жүйесінің психикалық қасиеті. Жануарлардың нерв жүйесі мен миы күштірек дамыған сайын, олардың психикасының дәрежесі де соғұрлым жоғары болады. Ол адамда неғұрлым күшті дамыған. Материяның бірте-бірте дамуы тірі организмнің өмір сүруіне қажет жоғары қасиеттің -психиканың тууына әкеліп жеткізді.
КІРІСПЕ
1.1. Психика мен сананың дамуы
2.1. Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы.
2. Жануарлар психикасының негізгі түрлері
2.1. Жануарлардың инстинкті.
2.2. Жануарлардың дағдылары.
2.3. Жануарлардың интеллекті.
3. Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
Әдебиеттер тізімі
Арқалық педагогикалық колледжі
Реферат
Тақырыбы: Жануарлар интеллектісінің мәселесі
Дайындаған: Едресоыва А.Ш
Арқалық қаласы
2014-2015 оқу жылы
Мазмұны
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1.1. Психика мен сананың дамуы
2.1. Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы.
2. Жануарлар психикасының негізгі түрлері
2.1. Жануарлардың инстинкті.
2.2. Жануарлардың дағдылары.
2.3. Жануарлардың интеллекті.
3. Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Бұдан миллиондаған жыл бұрын біздің жерде тек өлі табиғат қана болған, ешқандай жанды ағза болмаған. Одан кейін тіршілік туды, өсімдіктер мен жануарлар пайда болды. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы - материя дамуының жаңа сатысы. Материя ерекше қасиеттерге ие болды.
Бұл қасиеттердің бірі - тітіркенушілік, яғни сыртқы тітіркенуден ағзаның әсер алуы. Мәселен, мимоза өсімдігін алатын болсақ, оған қол тигізгенде, ол жапырақтарын жиырып алады. Бұдан тіршіліктің бар екенін білуге болады. Жер үстінде жануарлар пайда бола бастады. Бұл - сезімталдық жануарлардың жүйке жүйесінің психикалық қасиеті. Жануарлардың нерв жүйесі мен миы күштірек дамыған сайын, олардың психикасының дәрежесі де соғұрлым жоғары болады. Ол адамда неғұрлым күшті дамыған. Материяның бірте-бірте дамуы тірі организмнің өмір сүруіне қажет жоғары қасиеттің -психиканың тууына әкеліп жеткізді.
Тірі организмнің психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі үлкен екі кезеңнен түрады:
1. Жануарлардың психикасының дамуы (ол биология заңдарына, тұқым қуалаушылық, құбылмалылық, табиғи сұрыпталу заңдарына бағынады)
2.
Адам санасының дамуы қоғамдық-
Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.
Адамзат жер бетінде пайда бола бастағаннан бастап өмір сүріп отырған табиғи ортаны өзінің сезім мүшелері арқылы қабылдап, одан әрі ақыл-ой арқылы талдап, сараптап, жүйелейтін жағдайға көтерілген де, болып жатқан құбылыстардағы белгілі бір қайталанушылық, тұрақтылықты жадында сақтап, логикалық ой қорытындылар жасауға дейін жетілген. Өмір сүріп отырған ортаны сезініп тану бар. Ол таным процесінің негізі болып табылады.
Психика органикалық дүниенің даму үрдісінде пайда болғандығы туралы айтқан болатынбыз. Органикалық дүниенің органикалық емес дүниеден айырмашылығы оның негізгі қасиеттернің бірі тітіркендіргіштік, демек, сыртқы әсерлерге жауап беру қабілеттілігі. Қарапайым механизмдерде психика болмайды. Оларға тән сипат бейнелеудің қарапайым түрі – тітіркендіргіш қасиет.
Тітіркендіргіш – бұл тірі организмнің сыртқы әсерге өзінің жағдайы мен қозғалысының өзгерістерімен жауап беру қасиеті.
Кері жауап беру реакциясының күші мен сипаты сыртқы әсер етудің күші мен ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен қатар тірі ағзаның ішкі жағдайына да байланысты. Мәселен, тойып алған амеба тамаққа ешқандай реакция бермейді. Жәндіктер дыбысты, иісті, түсті бағдарлай отырып, тамағын тауып алады немесе қауіп-қатерден қорғанады. Заттар мен құбылыстардың дыбысы, иісі немесе түсі құрт-құмырсқаларға қауіпті емес, әрі олардың тамаққа қажеттіген қанағаттандыру мүмкіндіктері туралы ескерту сигналдары болып табылады.
Материяның ерекше қасиеті ретінде бейнелеудің психикалық түрінің шығуы қарапайым жүйке жүйесімен байланысты. Осындай жүйке жүйесі жәндіктерде алғаш рет пайда болды(гидра, медуза, актиния). Бұл жүйке жүйесі өзара бір-бірімен байланысты денеден өсіп тұрған жекелеген жүйке жасушаларын қарастырады, оны диффуззия деп атайды.
Осындай жүйке жүйесінде әртүрлі тітіркендіргіштерге барлық ағзаның сараланбаған реакциясы аңғарылады. Онда қандай да болса басқару орталығы жоқ. Басқару орталығы жүйке жүйесінің дамуының келесі кезеңінде пайда болады. Ол ганглиоздық (түйіскен, тізбектелген) жүйке жүйесі деп аталады. Құрттарда барлық түйіскен (ганглия) жерлері денесінің әрбір сегментінде орналасқан. Бүкіл түйіскен жерлер өзара байланысқан және ағза біртұтас әрекет етеді. Басқаларға қарағанда басты түйіскен жер біршама күрделірек және сыртқы тітіркендіргіштерге ерекше сараланып жауап береді.
Жәндіктерге тән жүйке жүйесі ганглиоздық жүйесі одан әрі дамыту және күрделендіру болып табылады. Жоғары сатыдағы(бал аралары, құмырсқалар) жәндіктерде дәм, сипай сезу, иіс, көру т.б. түйсіктері болады. Сонымен, тірі ағзалар өсімдік және жануарлар түрлері дамуының барлық кезеңдерінде бейнелеудің ерекше биологиялық түрі – тітіркендіргіштікті меңгереді.
Тітіркендіргіштік дегеніміз тірі ағзаның биологиялық(биотикалық) ықпалдарға жауап беру қабілеттілігі.
Элементарлық тітіркендіргіштік ортаның әсеріне қозғалыспен жауап беретін қарапайымдыларда, бір клеткалы тірі ағзаларда байқалады. Ортаға биотикалық ықпал етеді, соның нәтижесінде тірі ағзаның протоплазмаларының қасиеттері өзгереді. Биотикалық факторларға ерекше қозғалыстармен жауап беру тәсілдері тропизмдер немесе таксис деп аталады.
Қазіргі ағзалардың ұзақ эволюциясы нәтижесінде біз тітіркендіргіштен бастап, бейнелеудің ерекше жоғары түрлері – түйсікиермен, қабылдаумен, еспен, ойлаумен аяқтай отырып, бейнелеудің әртүрлі түрлерін кездестіреміз.
Органикалыфқ материяның кейінгі даму сатылырында жаңа қасиет – сезгіштік пайда болды. Сезгіштік дегеніміз ағзаның түйсіне білу қабілеті, яғни, ағзаға әсер еткен заттар мен құбылыстарды бейнелей білу қасиеті. Алғашқы түрінде бұл түйсіне білу қабілеті жануарлардың жүйке жүйесінің алғашқы қалыптаса бастаған кезінде, тіпті одан да ерте кезде пайда болуы мүмкін.
Түйсіне білу қабілеті психика дамуының бастапқы сатысы болып табылады. Жануарлардың жүйке жүйесінің дамуына, оның ішінде, сезім органдарының дамуына байланысты, одан әрі бейнелеу қызметі дамып, өте күрделене бастайды. Мәселен, арнаулы сезім органдары жоқ қарапайымдыларда, жануарларда тек қана жалпы сараланбаған сезгіштік болады.
Дамудың жоғары сатысында сезім органдары, жүйке жүйесінің талдау дами бастайды. Биологиялық дамудың жоғары сатысында кейбір жануарлардың түрлерінде жекелеген сезім органдары ерекше сезгіштікке, сезімталдыққа жетеді, мәселен, қыранның көруі, иттердің иіс сезуі және т.б.
Осыған байланысты жүйке жүйесінің, сезім органдарының дамуы, жануарлар психикалары олардың өмір тіршілігіне, яғни жануарлар қайда тұрады, қалай өмір сүреді, қалай тамақтанады, қалай тамақ табады, кімдермен жауласады және т.б. жағдайларға тікелей қатысты. Құстар, мәселен, өмірінің көпшілігін ауада ұшып өткізеді. Осындай өмір салты, тіршілігі үлкен кеңістікте бағдарлай білуді қажет етеді. Сондықтан да құстарда, соның ішінде ерекше жыртқыш, жылы жақтарға ұшып барып, келетін құстарда көру сезімі және кө
1.2 Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы.
Тірі организмнің психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі үлкен екі кезеңнен тұрады:
1. Жануарлардың психикасының дамуы (ол биология заңдарына, тұқым қуалаушылық, құбылмалылық, табиғи сұрыпталу заңдарына бағынады).
2.
Адам санасының дамуы қоғамдық-
Жануарлардың психикасының дамуы қоршаған дүниені бейнелеудің және оның өзгеруіне бейімделу, күрделі психикалық процестердің пайда болуымен байланысты болды. Жануарлардың түйсіктерінің дамуының нәтижесінде оларда қабылдау туады. Сонымен қатар жануарлардың есі жетіле түседі. Мәселен, маймыл тығып қойған нананды іздей бастайды.
Омыртқалы жануарларда ойлау нышаны бар, бірақ ол адам ойлауынан әлдеқайда шамалы келеді. Психиканың дамуы үшін жануарлардың тұрмысының, қоршаған ортасының маңызы зор. Басқа жануарларға қарағанда ұшатын құстар мен балықтардың психикасы нашар дамыған. Бұл жағдай олардың тіршілік ететін ортасына байланысты, бірақ та құстың көзі жақсы көреді. Жемін алыстан көруіне көп көмек көрсетеді. Маймылдардың психикасының басқа жануарлармен салыстырғаңда жоғары дәрежеде дамуының себебі орманда өмір сүруіге бейімделуінен. Ағаш арасындағы тіршілік жағдайында иіс айырудың қажеті азайып, көру рөлі арта түседі. Ағаш бұтақтарында отырып теңселу, ағаштан-ағашқа секіру, көзбен мөлшерлеуге жаттықтырады, дененің сезімталдығын жетілдіреді, әрі жылдам қозғалуды талап етеді. Маймыл жаңғақтың ішіндегі дәнін, түрлі миуа атауылыны, шөптің сабағын тауып жейді. Ол үшін ептілік керек. Маймыл қолын жүру қызметіне де, ұстау қызметіне де қолдана алады. Маймылдардың психикасының даму сатысын аңғаруға негіз болатын маңызды бір факт - көз бақылауы мен ептіліктің пайда болуы. Бұл бейімділік бұтақтан-бұтаққа секіріп, тамақ тауып жеуіне көмектеседі. Жануарлар дүниесінің дамуында үш түрлі әрекет бар. Олар: 1.Инстинкт 2.Дағды 3. Интеллект
2. Жануарлар психикасының негізгі түрлері
2.1. Жануарлардың инстинкті.
Инстинкт деп жануарлардың биологиялық өмірінде түқым қуалай отырып, бойына біткен мінезінің пайдалы тума түрін айтады.
Инстинктің мынадай өзіне тән ерекщеліктері бар:
1)Амалдық-тұтастық егерде қарапайым рефлекс организмнің жеке мүшелерінің аз уақыт ішінде бір рет қана жауап қайыруы болса, инстинкт ұзаққа созылып жануар үшін биояогиялық мәні зор, күрделі әрекет түрінде өтеді (ін қазу, үя салу, аң аулау, ұясына, ініне тамақ жинау).
2)Туа пайда болу. Бүл жануардың нерв жүйесінің бойына біткен тұқым қуу арқылы берілген қасиеті. Бүл инстинкт қайталап отыруды тілемейді.
3)Санасыздық.
Сырт қарағанда саналы сияқты
болып жануарлардың "ақылына"
байланысты көрінгенімен, жануарлар
ісінде саналылық деген
Мәселен, бал арасының балауызын тесіп қойсаң да бал арасы оған бұрынғысынша бал келтіре береді. Ұяда жұмыртқа басып отырған қасқалдақ жем іздеп ұшып кеткен кезде, оның жұмыртқаларын басқа орынға көрсетіп ауыстырып қойсақ, қасқалдақ оны байқамай үйреншікті орнына отыра кетеді. Жұмыртқаның жоқ екендігінде қасқалдақтың жұмысы болмайды, қасында көрініп жатқан жұмыртқаларының үстіне қонуға ақылы жетпейді, Өйткені оның бұл атқарып отырған іс-қимылдары тек қана инстинкт.
Сонымен инстинкт - жануарлар мінезінің бейімделу қасиетінің өте жай өзгеретін түрі. Инстинкт - «инстинк-тус» деген латын сөзі, қазақша «санасыз ұмтылу» деген мағынаны білдіреді.
Инстинкт - омыртқасыздардың, құстардың, балықтардың сондай-ақ т.б. жануарлардың мінез-құлық іс-әрекетінің негізі болып табылады. Инстинкт адамда да болады. Бірақ адамның іс-әрекеті әдетте интеллектіге, ақыл-ойға бағынады. Инстинктер – бұл жанурлардың күрделі туа біткен іс-әрекеті, оның көмегімен өз қажеттіліктерін қанағаттандырады. «Инстинкт» деген гректің сөзі, қазақшалағанда «соқыр сезім» деген мағынаны білдіреді. Мәселен, өрмекшілер ерекше шеберлікпен өзінің өрмегін тоқиды, бірақ та олар алдын-ала бұл өнерге үйренген емес. Бал арасы орасан зор математикалық дәлдікпен омартасының құрылысын салады. Кейбір жануарлардың түрлері, әсіресе, жәндіктер өз ұрпақтарын көрмейді, бірақ алдын-ала жұмыртқа саларда өз тұқымы үшін ыңғайлы үй және тамақ дайындайды, ол дүниеге келген тұқымы жеткілікті дамуы мен өз бетімен жетілуі үшін істеледі.
Мәселен, жазғытұрым жол бойында немесе жанында қара қоңыздың жұбы тамағын шар түрінде домалатып, бара жатқанын аңғарамыз. Бұл шар – болашақ дүниеге келетін тұқымы үшін істеліп жатқан қарекеттер. Шарды белгілі көлемде домалатады. Аналық қара қоңыз шардың ішіне жұмыртқа салады, содан кейін оның аузын жауып, бітегеннен кейін, осы шарды қауіпсіз апарып қояды. Біршама уақыт өткеннен кейін, шардың ішіндегі жұмыртқадан кішкентай құрттар шығады. Құрт шардың өзімен қоректенеді де өсіп отырады. Шардың ішін кеміріп, кішкентай қоңыз кеңшілікке шығады.
Инстинктер қалыптаспайды, әрі күнделікті өмір барысында оларды жаттығулар арқылы қалыптастыруға болмайды, туа біткен қасиет, тұқым арқылы ата-аналарынан беріледі. И.П. Павловтың ілімі бойынша, инстинктер – бұл сол шартсыз рефлекстер, оларға қарағанда табиғаты күрделірек. «Қазіргі кезде,- деп жазды И.П.Павлов, - толықтай анықталды деуге болады, демек, инстинктер дегеніміз – сол рефлекстер, тек бірнеше жиі күрделі құрамнан ғана тұрады».
Инстинктер – бұл әртүрлі шартсыз рефлекстерден тұратын тізбекті рефлекстер, әрбір рефлекстің қозғаушы бөлігі кейінгі рефлекстер үшін тітіркендіргіш болып табылады. Жануарлар инстинктерінде біздің таң қалдыратыны олардың органикалық мақсаттылығы болып есептеледі.
Бірақ жануарлар инстинктерінің мақсаттылығы ерекше шектеулі. Жануарлар инстинктері таптаурынды түрде іске асады. Мәселен, өрмекші тоқыған торына түскен шыбынды бас салып, оны жеп қояды. Бірақ өрмекші мен шыбынды торда емес, стаканға бірге салып қойса, онда өрмекші шыбыннан қаша бастайды.
Инстинктердің шығуын алғаш рет түсіндірген Ч.Дарвин болды. Оның ілімі бойынша, инстинктер жануарлардың ұзақ эволюциялық даму үрдісінде, сыртқы ортаға бейімделуде өмір жағдайларына байланысты қалыптасады.