Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2014 в 22:07, реферат
Бұл қасиеттердің бірі - тітіркенушілік, яғни сыртқы тітіркенуден ағзаның әсер алуы. Мәселен, мимоза өсімдігін алатын болсақ, оған қол тигізгенде, ол жапырақтарын жиырып алады. Бұдан тіршіліктің бар екенін білуге болады. Жер үстінде жануарлар пайда бола бастады. Бұл - сезімталдық жануарлардың жүйке жүйесінің психикалық қасиеті. Жануарлардың нерв жүйесі мен миы күштірек дамыған сайын, олардың психикасының дәрежесі де соғұрлым жоғары болады. Ол адамда неғұрлым күшті дамыған. Материяның бірте-бірте дамуы тірі организмнің өмір сүруіне қажет жоғары қасиеттің -психиканың тууына әкеліп жеткізді.
КІРІСПЕ
1.1. Психика мен сананың дамуы
2.1. Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы.
2. Жануарлар психикасының негізгі түрлері
2.1. Жануарлардың инстинкті.
2.2. Жануарлардың дағдылары.
2.3. Жануарлардың интеллекті.
3. Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
Әдебиеттер тізімі
Инстинктер жануарларды қоршаған ортаға бейімделуді және өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Ақтиін инстинктіге бағына отырып, өзіне ұя жасайды және тамақ жинайды. Құс та әртүрлі күрделі әрекеттерді жасай отырып, ұя салады, сондай дәлдікпен, бірақ алдын-ала үйретілмеген болса да бал арасы омарта жасайды, көптеген бақылаулар мен зерттеулер көрсеткендей, өзгертілген өмір жағдайында жануарлардың инстинктивтік іс-әрекеті өте қажеттіден мағынасыз әрекетке айналады. Егер де жұмыртқа басып жатқан гагарлардың жоқ кезінде ұяда жұмыртқаларын басқа жаққа ауыстырып, орнына дөңгелек тастарды қойса, ол тастың үстіне отыра береді, өз жұмыртқаларының жоқтығына мән бермейді.
Мәселен, жұмысшы құмырсқамен мынадай бақылау жүргізіп қарайық, олар тамақтарды бүкіл жаз бойы өз індеріне жинақтайды. Алып келген тамағын інге кіргізбестен бұрын сыртқа қойып, іннің ішіне кіріп шығады, содан кейін кіргізеді. Ішке кіріп кеткенлі әлгі тамағының орнын басқа жерге ауыстырып қойсақ, оны сол жерге алып келіп, қойып, тағы да інге кіріп шығады, оны тағы басқа жерге ауыстырсақ, сол әрекетті қайталай береді. Бұл құмырсқанынң іс-әрекеті, соқыр сезім арқылы орындалғанын аңғару қиын емес.
Мәселен, жаңа туған малдың төлі (қойдың) немесе иттің күшіктері туған бойда анасының баурына ұмтылады, енесінің емшегін іздей бастайды, тауып алып емеді. Малдың жас төлінің іс-әрекеті белгілі бір сигналға байланысты. Осының бәрі шартсыз рефлекстің нәтижесінде іске асып отыр.
Тұқым қалдыру инстинктері өте күрделі, сонымен қатар жыныстық, тамақ, қорғаныс инстинктерін көптеген омыртқалыларда кездестіруге болады. Ұя салу және өзінің тұқымын күту құстарда және бауырымен жорғалаушыларда белгілі бір мақсатта іске асады. Бірақ бұл мақсаттылық таза сыртқы факторларға байланысты. Жануарлардың қылықтары ортаның өзгеруіне байланысты аз-кем өзгерістерге ұшырайды. Жағдайлардың өзгеруіне байланысты кейбір құстар мен бауырымен жорғалаушыларда инстинктілік іс-әрекеттің салдарынан дұрыс дамып келе жатқан іс-әрекеті бұзылады. Мәселен, құстар өз балапандарын тастап кетуі мүмкін, сүтқоректілер өз тұқымын шайнап тастайды.
Жануарлардың қорғаныс қылықтары инстинктілік сипатта болса, өзіндік ерекшелігі бар. Оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Мәселен, Америкада түсі қара кішкентай аң өмір сүреді, оның бір ерекшелігі барлық аңдардың шабуылынан қорғануын сақтандырған, аңдар оны алыстан арқасындағы ақ сызықтан біледі. Бұл – скунс деген аң. Табиғат оны ерекше қорғану қасиетімен ерекшеленген. Ол өз жауларынан қорғану үшін улы, иісі ащы сұйық затты шығарып отырады. Қауіп төнген жағдайда өз жауына арқасын беріп, қанатын жайып, сұйық улы затты ауаға жібереді. Бірнеше сағат бойы ең ірі жыртқыштар «есінен айырылып қалады». Америкада барлық аңдар скунсқа тимейді. Бұл жануарларда туа біткен инстинктілік іс-әрекеттер болып табылады. Осыған байланысты жануарлардың туа біткен қылықтарының түрлерін зеттеген этологтардың еңбектері ерекше қызығушылық туғызады. Осы бағыттағы ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, инстинктілік іс-әрекет белгілі сигналдардың нәтижесінде болатындығын атап өткен жөн.
2.2. Жануарлардың дағдылары.
Жануарлардың мінез-құлықтарының көптеген формалары тұқым қуалаған емес өз өмірінен, өзінің тәжірибесінен алғаны. Бір әрекеттің қайталана беруінің нәтижесінде бірте-бірте жасалған іс-әрекеттер - дағдылар деп аталады.
Дағды инстинктерге қарағанда өзгермелі, мінез-құлықтың икемді түрі. Сондықтан да, хайуан ортаға тез бейімделіп, көндігіп кете алады. Орыстың атақты аң үйретушісі В.Д. Дуров өз аңдарына кітап оқытты, үй сыпыртты, есеп шығартты, тіпті орамалмен мұрнын сүртуге дейін үйретті. 1919 жылы ұйымдастырылған аңдар бұрышын В.Д. Дуров "шартты рефлекстердің фабрикасы" деп атады. В.Д. Дуров осындай табысқа И.П. Павлов ілімінің нәтижесінде жетті. Өйткені, В.Д. Дуров жануларды жаттықтырып, үйрету үшін әр түрлі сигналдарды шартты рефлекстерді жасады. Мәселен, цирк алаңына келтірілген поезға тышқандар жапа-тармағай міне бастайды. Кішкене көк вагондарға сұр тышқандар, қызыл вагондарға ақ тышқандар кіріп орын алады. Тышқандарды осылайша жаттықтырып, үйрету ісі оларды тамақтандыру арқылы жүргізіледі (сұр тышқандар көк вагонда, ақ тышқандар қызыл вагонда тамақтандырылды). Тамақтандыруды сан рет қайталағаннан кейін вагондардын, бөлгілі бір түрі мен түсіне қарап қоректендіру тышқандарда шартты рефлекстерді қалыптастырады.
Дағдының физиологиялық негізі - шартты рефлекстер. Дағдының жасалуының арқасында жануарлардың туғандағы инстинктері кейде өзгереді. Мәселен, балықты дағдыға үйрету үшін, мынадай тәжірибе жасалған. Аквариумды шынымен екіге бөліп бір бөлігіне екі алабұға, екінші бөліміне тірі шабақ жіберілді. Шабақ – алабәғаның жемі. Сондықтан шабақты көре салысымен алабәғалар оған ұмтылады. Бірақ басы шыныға соғылып жей алмайды. Эксперимент екі ай бойы жүргізілді. Көп уақыт өткен соң алабүғалардың жеміне қарай үмтылу бәсендеп, мүлдем жойылды. Осыдан кейін аквариумды бөліп тұрған шыныны алып тастасақ, шабақ алабұғалардың бөлмесіне жүзіп, араласып кете барады. Бірақ алабұғылар шабаққа тимейді. Себебі шыны түрған кезде тауы шағылған алабұғалардың олармен бірге тұруға бойы үйрене бастайды да, ұмтылу инстинктісін жоғалтып алады. Сондықтан екінші бөлмеге ауыспайды. Алабұғаның мінезіңдегі мұндай шабуыл жасамау сипаты бірнеше күн қайталаудың яғни шартты рефлекс жасаудың арқасында пайда болады. Бұдан инстинктінің өзгеретіндігін байқаймыз. Инстинктінің өзгеруінде дағдының үлкен себебі бар.
Дағдылар жануарлардың өмірін бақылау көрсеткендей, тек туа біткен қылықтарының түрлері – инстинктеріне негізделе отырып, олар өзгерген ортаға бейімделе алмайды. Жануарлар қылықтарының туа біткен түрлері өмірге жаңа келгеннен кейін қалыптасқан дағдылармен толықтырылады.
Дағдылар дегеніміз көптеген қайталаудың және бекітудің нәтижесінде жануарлардың жеке тәжірибесінде қалыптасқан іс-әрекетін айтады.
Жануарларда дағдыны қалыптастыру күнделікті өмірдің табиғи жағдайында, сонымен қатар арнаулы, үйрету арқылы іске асады. Бақылаулар көрсеткендей, дағдыны қалыптастыруға қабілеттілігі жоғары сатыдағы жануарларда ғана емес, төменгі сатыдағы жануарларда да болады. Бірақ, неғұрлым ағза күрделі болып келсе, соғұрлым жануарлардың жүйке жүйесі дағдыны қалыптастыруға жоғары деңгейде қабілетті дамығанын аңғаруға болады.
Мәселен, үйретілген ит адамға аяғын береді, есікті табанымен немесе тұмсығымен ашады, билейді, артқы аяғымен жүреді т.б. Жануарлардың осындай іс-әрекеті дағдылар деп аталады.
Дағдының жүйке – физиологиялық қызметі шартты рефлекс болып табылады. Дағдыны қалыптастыру жануарларда шартты рефлекс немесе шартты рефлекстердің жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Жануарларда дағдылар соқыр сезімнің негізінде, жаңа іс-әрекетті бірнеше рет қайталау (инстинктерден айырмашылығы) арқылы қалыптасады, оның көмегімен жануарлар белгілі бір қажеттілігін қанағаттандырады.
Жаңа
іс-әрекетті қалыптастыру және
бекіту ең алдымен жануарлар
өмір сүрген барлық
Мәселен, итке ас беретін ыдысы ішіндегі тамағымен есігі жабық бөлмеде орналасқан. Оны көрген ит, итаяқтағы тамақты ішу үшін аяғымен, тұмсығымен есікті ашудың әрекетіне кіріседі, ол бұл орайда бірнеше кездейсоқ қозғалыстар жасайды. Осы кездейсоқ қозғалыстардың нәтижесінде ит есікті ашады. Осы іс-әрекет бірнеше рет қайталанады. Содан кейін ит қателеспей ылғи аяғымен, тұмсығымен есікті ашатын болады.
Жануарларда дағдылардың қалыптасуы ата-енелерінің «үйретуі» арқылы іске асады. Мәселен, қасқырлар өз балаларына аң аулауды былай үйретеді: кәрі жануар қалай аулаудың тәсілін іс-әрекет үстінде көрсетеді, ал балалары сол әрекетті қайталайды. Бұл жерде «үйрету» еліктеу инстинкті негізде іске асады.
Адамдар үй жануарларын қолға үйретіп, көптеген дағдыларды қалыптастырады. Адамдардың жануарларға дағдыны қалыптастыруды дрессировка немесе қолға үйрету деп аталады.
Қалыптасқан дағдылар жекелеген инстинктердің байқалуын жойып жіберуі мүмкін. Мәселен, тышқанды қолға үйреткенде мысық тышқаннан қашады, ал тышқан мысықтың артынан қуады. Ал, әуелден тышқан мысықты көргенде қашатын болған, ал үйретудің нәтижесінде тышқаннан мысықтың қашатындай етіп дағдыны қалыптастырған.
Жануарларда дағдылар байқап көру және қателесу әдісімен қалыптасады. Мәселен, аквариумды әйнекпен ортасын екіге бөліп, аквариумның бір бөліміне шортанды орналастырып, ал екінші бөліміне кішкентай шабақтарды салып, байқар қарағанда, шортан бірнеше рет шабақтарды жеуге ұмтыла береді, ұмтыла береді, бірақ тұмсығын әйнекке соғып, әбден шаршайды, уақыт өте шортанда белгілі дағды қалыптасады: ол шабақтарға ұмтылуын әбден қояды. Бұл дағды ортадағы әйнекті алап тастағанда да сақталады, шортан кішкентай шабақтарға тимей, бірге жүре береді, бірақ біраз уақыттан кейін дағды жойылып, шортан өз әдетінше өмір сүре бастайды.
Дағды – жануарлардың қылықтарының өзгертілген түрі, сондықтан да әбден орнықпайынша ол бірте-бірте жойылуы мүмкін. Сонымен қатар дағдының өзгеруі ауысуынан аңғарылады. Маймылда бананы бар жәшіктің тесігін алдыңғы оң аяғымен ашу дағдысы қалыптасқан. Оны денесіне тақап қойған кезде ол жәшік тесігін алдыңғы сол аяғымен ашқан, бұл аяғы да таңылып тасталғанда жәшікті артқы аяғымен ашып, бананды алуға әрекеттенген. Енді ол арқылы ештеңе болмайтынын білген ол тіспен ашуға тырысады. Дағдының ауысуы негізінен жоғары сатыда дамыған жануарларға тән.
Дағдыларды қалыптастыру мүмкіншіліктері жануарлардың жалпы даму деңгейіне және қалыптасқан дағдының жануарлар мінезінің инстинктілік түріне сәйкестік дәрежесіне байланысты. Тәжірибелі үйретушілер әр уақытта да осыны ескеріп отырады. Оны цирк аренасының білгірі Р.А. Дуров орынды пайдаланды.
2.3. Жануарлардың интеллекті.
Жоғары сатыдағы жануарлардан (маймыл, дельфиндер) ақылды деп айтуға тұрарлықтай мінез-құлық көріністерін байқауға болады. Мінез-құлықтың осындай түрі маймылдарға жасалған тәжірибеден сан рет байқалған. Мәселен: маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді. Енді ол жәшіктің біреуін әкеліп, үстіне шығып көреді де, әлдеде қолы жетпейтіндігін байқайды. Сонан соң бірнеше жәшікті әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып, биіктеткеннен кейін қара тер болып бананды алуға шамасы келеді. Мұндай әдіспен маймылдың осы қылығында қандай болмасын бір мәселені шешуге ұқсас көрініс бар. Жануарлардың интеллектік амалы алда тұрған бөгетті жеңе білуге байланысты туып отырады. Интеллекті хайуанның жеке өзіне ғана тән, оның ғана тапқан әдісі.
Интеллект - "интеллектус" деген латынның сөзі, қазақша "ақыл" деген мағынаны білдіреді.
Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы (интеллект)
Интеллектуалдық мінез-құлық – бұл жануарлардың мінез-құлқының жоғары түрі. Ол көбіне маймылдар мен дельфиндерде аңғарылады. Жоғары сатыда дамыған жануарларды (мәселен, маймылдарды, дельфиндерді, иттерді) бақылай отырып, біз кей жағдайда олардың «ойлағыштық». «тапқырлық», «байқағыштық» сияқты қасиеттерін байқаймыз.
Жануарлардың мінез-құлқында алдына мақсат қою, бір міндетті шешу сияқты іс-әрекетті байқауға болады. Одан мынандай сауал туындайды: жануарлар қарапайым ойлау әрекетіне қабілетті ме, жануарлар ойлай ала ма?
Жануарлардың кейбір ескі іс-әрекеті туралы айта отырып, олардың да іс-әрекеті адамның ойлау үдерісін еске түсіретіндігін немесе соған жақындайтындығын аңғарамыз. Осындай іс-әрекетті жануарлар соқыр сезіммен орындайды (мәселен, маймылдардың жаңғақты шағуы).
Соңғы жылдары жануарлардың ойлауы туралы мәселе әртүрлі маймылға жүргізілген көптеген эксперименталдық зерттеулер көрсеткеніндей, шимпанзе алғашқы абстракциялық қабілеттерді меңгерген: маймылдар қабылданатын заттардың түсін түрінен және көлемінен немесе түрін түсінен және көлемінен ажырата біледі.
Жоғары сатыдағы жануарлардың (маймылдардың) интеллектуалдық мінез-құлқын бір жүйелі зерттеу белгілі неміс психологы В. Келлерден басталды. Мінез-құлықтың осы түрін зерттеу үшін Келлер белгілі мақсатқа жету мүмкін болмаған кезде маймылды өте қиын жағдайда сынады, өзінің тамағын алуға маймыл айналып баратын жол немесе арнайы құрал пайдаланды.
Мәселен, маймылды үлкен темір торға орналастырады, қатарына оның қолы жетпейтін қашықтықққа тамағын қояды. Тек тордың артқы қабырғасында орналасқан есік арқылы айналып өтетін жолды пайдаланғанда ғана маймылдың оған қолы жетеді.
Келлердің жүргізген зерттеулері төменгі жағдайды бақылауға мүмкіншілік жасады. Алдымен маймыл тамақты алу үшін сәтсіз әрекеттер жасап көрді: аяғын созып та, секіріп те көрді, бірақ ештеңе шықпады, енді ол сәтсіз әрекеттерді тоқтатып, қозғалмай отырып, белгілі бір шешім алғанша тынышталды.
Жануарлар міндеттерді интеллектуалдық тұрғыдан шешуге қалай келді, түсіндіру өте қиын, бұл үрдісті әртүрлі зерттеулер әр алуан түсіндіреді. Кейбіреулер маймылдың мінез-құлқын адам интеллектісімен жақындату мүмкіншілігіне тоқталады, оны шығырмашылық көрегендіктің белгісі ретінде қарастырады.
Австрияның психологы К.Вюлердің түсіндіруінше, маймылдардың құралдарды пайдалануы бұрынғы тәжірибенің ауысуының нәтижесі ретінде көрінеді.
Қазіргі зерттеушілердің көзқарасы бойынша, интеллектуалдық мінез-құлықтың негізін жеке заттардың арасындағы күрделі қатынастардың бейнеленуі құрайды. И.П. Павлов маймылдардың мінез-құлқына жүргізген бақылаулары бойынша олардың интеллектуалдық мінез-құлқын «қолмен ойлау» деп атады.
Сонымен, жоғары сатыдағы сүтқоректілерде және одам тәріздес маймылдарда интеллектуалдық мінез-құлық ерекше жоғары дамыған.
Мәселен, алма ағашының баындағы алманы көріп, алып жемек болып ұмтылып, секіріп көреді,содан кейін қасында жатқан жәшіктерді бірінің үстіне бірін қоыйп, қолын созып көреді, бірақ алмаға жете алмайды, жерден таяқ алып, жәшіктің үстіне шығып, әрекет жасап көреді, алманы алып жейді, осында маймылдың істеген әрекеттері адамның интеллектілік іс-әрекетіне жуықтайды, оларда көргенін есте сақтау қасиеттерінің бар екенін аңғаруға болады.
Демек, жануарлардың өте күрделі ортаға бейімделуі олардың қарапайым жүйке жүйесі мен арнайы сезім органдарының даралануына, жіктелуіне алып келеді. Осының негізінде қарапайым сенсорлық психика ортаның жекелеген қасиеттерін бейнелеу қабілеттелігі пайда болады. Жануарлардың жерде өмір сүрүге көшуіне және бас ми қыртысының дамуына байланысты тұтас құбылыстарды психикалық бейнелеу – перцептивтік психика пайда болды.