Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2014 в 22:07, реферат
Бұл қасиеттердің бірі - тітіркенушілік, яғни сыртқы тітіркенуден ағзаның әсер алуы. Мәселен, мимоза өсімдігін алатын болсақ, оған қол тигізгенде, ол жапырақтарын жиырып алады. Бұдан тіршіліктің бар екенін білуге болады. Жер үстінде жануарлар пайда бола бастады. Бұл - сезімталдық жануарлардың жүйке жүйесінің психикалық қасиеті. Жануарлардың нерв жүйесі мен миы күштірек дамыған сайын, олардың психикасының дәрежесі де соғұрлым жоғары болады. Ол адамда неғұрлым күшті дамыған. Материяның бірте-бірте дамуы тірі организмнің өмір сүруіне қажет жоғары қасиеттің -психиканың тууына әкеліп жеткізді.
КІРІСПЕ
1.1. Психика мен сананың дамуы
2.1. Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы.
2. Жануарлар психикасының негізгі түрлері
2.1. Жануарлардың инстинкті.
2.2. Жануарлардың дағдылары.
2.3. Жануарлардың интеллекті.
3. Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
Әдебиеттер тізімі
Ақырында, одан әрі өмір сүру жағдайының қиындауы өте жетілген қабылдау органдары мен іс-әрекетке және ерекше жетілген мидың дамуына алып келеді, жануарларда заттар мен құбылыстар түрінде оларды сезгіштік қабылдаудың мүмкіншіліктерінің пайда болуына көмектеседі.
Сонымен, психиканың дамуы жануарлардың ортаға бейімделуінің қажеттілігімен анықталады және психикалық бейнелеу осы бейімделудің барысында қалыптасатын органдарының қызметі болып табылады.
Тіптен басқа түрде ерекше белгілерімен сипатталатын психика дамуының жоғары сатысы – адам санасы болып табылады.
Адам санасының негізгі айырмашылығы, оның пайда болуы психика дамуын басқаратын заңдардың өзгеруімен байланысты. Егер де жануарлар дүниесінің бүкіл даму тарихында психика дамуының бағынған ортақ заңдары – биологиялық эволюция заңдары болды, ал адам психикасының дамуы қоғамдық тарихи даму заңдарына бағынады.
3. Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар
Сонымен, тіршілік дамуы қоршаған болмыс, дүниені бейнелеуді қамтамасыз етуге арналған жануарлардың тән құрылымын пайда етіп, сол қызметке қажетті ағзаларды жікке салды. Бейнелеу қызметінің сипаты неге тәуелді? Неліктен бір жағдайда ол жеке қасиеттерді қабылдайды да, екіншісінде затты тұтастай бейнелейді? Бұл жануарды қоршаған дүниемен байланыстыратын сол жануардың әрекет-қылығының объектив құрылысына тәуелді. Тіршілік жағдайының өзгермелілігіне жауап бере отырып, жануардың дене құрылысы мен әрекеті де өзгеріске келеді, соның салдарынан психикалық бейнелеудің жаңа формаларының туыңдауына себепші тән мүшелері мен олардың қызметі өзгерген (биологиялық талаптарға орай икемдеседі. Жануар психикасы мен әрекетінің және адам іс-әрекеті мен санасының сапалық ерекшеліктері төмендегідей:
1. Жануарлар әрекет-қылығының бәрі адам іс-әретінің өзінің тікелей биологиялық, табиғи сипатымен ажыратылады, яғни жануар әрекеті тек тіршілікке қажет затқа байланысты өрбіп, табиғатта болған инстинктік қатынас шеңберінен аса алмайды. Осыған орай тіршілік иесінің шындықты психикалық бейнелеу мүмкіндігі шектеліп, өзіне биологиялық тараптан қажет болған заттардың қасиеттері мен сапаларын ғана қабылдау қабілеттеріне ие. Сондықтан да жануарларда заттарды сол күйінде тұрақты, объектив бейнелеу тәсіл қалыптасады. Қоршаған ортаның барша заттары олар үшін инстинктік қажет аймағында ғана танылуы мүмкін.
2. Жануарлардың
өзі тектес тіршілік түрлеріне
қатынасы басқа тысқы
3. Жануарлардың өзара қатынас түрлері олардың "тіліндегі" ерекшеліктерді де анықтап отырады. Көбіне жануарлар бір-біріне дыбыстар көмегімен әсер етеді. Мұндай процестің адамдардың тілдесу қатынастарына ұқсастығы қандай? Әлбетте, қандай да бір сыртқы ұқсастық бар. Бірақ олар ішкі мағыналық тарапынан бір бірінен мүлде басқаша. Адам тілдесу барысында объектив мазмұнды білдіріп, өзіне қаратылған ауызша сөзді әншейін бір дыбыс ретінде қабылдап қоймастан, қоршаған болмыс шындығын бейнелеген ақпарат деп таниды. Ал жануарлардың дыбыстық әрекеті белгілі мазмұнға сай сараланбай, барша биологиялық қажеттіліктің бәріне бірдей қолданылады (көректі қажетсіну, үрку, қорғаныс т.б.) да, инстинктік, тума бекіген қылықтар шегінен аса алмайды.
Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры (А. Н. Леонтьев).
Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды. Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар. Олар: 1) адамның саналы іс-әрекеті биологиялық себеп-салдармен байланысы жоқ, Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттікке бойұсынбай, оған қарсы шығады. Мысалы, ерлік пен жан пидалылыққа бару; 2) Адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан-жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстрактық бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысқы бейне формасын ғана емсс, терендегі зандылықтарын тануға ұмтылады да соларға орай өз әрекет-қылығына бағыт таңдайды; 3) Жануар әрекет қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамнын біліктері мен ептіліктері қоғамдық-тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені игеру үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Яғни адам иелігіндегі әрекет-қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттің тарихи-қоғамдық іс әрекетіи игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.
Жануар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар: 1) тіршіліктің әлеуметтік-тарихи сипаты; 2) өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы; 3) еңбек кұралдарын дайындап, пайдалана білу; 4) тілдік катынастың пайда болуы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінің сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі -биологиялық бекіген тәжірибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады.
Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Адамның дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып саналады.
Адамның жоғары формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т. б. белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл кұралдардың пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды. Бүл құралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол - оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады.
Жеке адам талаптар деңгейінің әрекетіні мен мазмүндық сипатын жете танумен түлғаның іс-әрекет, мінез-құлықтарының түрткілерін тереңдей білуге жэне сол арқылы адамда ұнамды сапалар мен қасиеттерді баулудың жолдарын ашып оған нәтижелі ықпал жасауға болады.
Әдебиеттер тізімі:
1.Ілешева Р. Медициналық психология / Көмекші оқу қүралы.- Алматы: Санат, 1994.- 88 б.
2.Әбішев Қ. Философия: Оқулық: Жоғары оқу орындары студенттері мен аспиранттарға арналған / Жауапты ред. Ә.Н.Нысанбаев.- Алматы: Б.ж., 2001.- 264 б.
3. Бап-баба С. Психология негіздері [Мәтін]: оқу анықтамалық қолданба / С. Бап-баба.- Алматы: [Заң әдебиеті], 2007.- 106 б.
4.Бап-Баба С.Б. Жалпы психология: Жантану негіздері.-2002.- 275 б.
5. Бап-Баба С.Б. Жантану негіздері: Жоғарғы оқу Оқу қүралы.- Алматы: Заң әдебиеті, 2004.- 304 б.
6. Бап-Баба С.Б. (Бабаев). Жантану негіздері: Алматы: Данекер, 2001.- 315
7 Гоноболин Ф.Н. Психология.-Алматы: Мектеп, 1976.- 232 6.
8.Есенғүлова М. Н. Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары [Мәтін]: педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты /.- Түркістан, 2007.-30 6.
9 .Жалпы психология: Педагогика институттары студенттеріне арналған оқу қүралы / В.В. Богословский және басқалардың редакциясы,- Толықт., қайта қаралған 2-бас. аударылды.- Алматы: Мектеп, 1980.- 352 б.
10.Жарықбаев Қ. Психология: Пед. училищелерге арн.- Өңд. толық. 2-ші басылуы.- Алматы: Мектеп, 1982.- 280 б.
11. Жұмасова К. С.Психология: оқулық / К. С. Жүмасова.- Астана: Фолиант, 2006.- 292 б
12.Кактаева Г. А. Философия негіздері: оқулық / Г. А. Кактаева.- Астана: Фолиант, 2006,- 180 б.
13. Люблинская А.А. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде: Мұғалімге арналған құрал.- Алматы: Мектеп, 1981.-238 6
14. Мұқанов М. Мый жэне сана.- Алматы: Қазақ мем-т баспасы, 1956.- 100 6.
15. Өмір философиясы/ құраст. М. Сэбит, ғылыми редактор Ә. Н. Нысанбаев, сарапшы М. Изотов.-Алматы: Жазушы, 2006.- 464 б.
16. Психология: адамзат ақыл ойының қазынасы : 10 томдық. Жетекші Ә. Н. Нысанбаев.- Алматы: Таймас, 2005.- 464 б. - Т. 1 : Мэдени-тарихи тұжырымдама. - 2005. - 464 б. -793.93 тен.
17. Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы : 10 томдық. Т. 3.- Алматы: Таймас, 2005.- 464 б.
18. Психология: адамзат ақыл-ойының қазынасы : 10 томдық.
Т. 2. Психология ғылымындағы іс-эрекет теориясы.- Алматы: Таймас, 2005.-480 6.