Жеміс-жидек пайдасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 07:27, лекция

Описание работы

Лимон. Катарактаның қалыптасу қаупін азай-тады, кіші қан тамырлардың қабырғаларын қа-тайтады. Анемияны және ревматизмді емдеуге жәрдемдеседі. Құрамында С дәрумені 100 грамда 48 мг.

Мандарин. Теріні тазартады. Микробтарды жойып, асқазанды жұқпалы аурулардан сақтайды. Құрамында С дәрумені 100 грамда – 50 мг.

Файлы: 1 файл

жеміс жидектер.docx

— 412.99 Кб (Скачать файл)

Басқа діндердің көбінде де анар жайлы сөз қозғалған. «Әр-Рахман» сүресінде Алла тағала жұмақты сипаттай келіп, анар жемісінің атын атайды. «Әр-Рахман» сүресінің 68-аятында былай делінген: «Ол екі бақшада түрлі жемістер және құрма, анар бар».Анар жемісінің бірнеше түрі бар. Олар дәм, түс, дәнінің үлкен немесе кіші болуы тұрғысынан бір-бірінен ажыратылады. Анардың үш түрлі дәмі бар - қышқыл, қышқылтым және тәтті. АҚШ ауылшаруашылығы ұйымының зерттеулері бойынша, анар құрамында  А, Е, С, В дәрумендері, антиоксиданттар, калий және фибра талшығы бар. Бұлар адам денесін обыр, жүрек және қантамырлары аурулары, қан қысымының жоғарылығынан сақтайды.

ВВС телеарнасының хабарлауы бойынша,  Лос-Анжелестегі Калифорния университеті зерттеушілерінің бір тобы 65-70 жас арасындағы простат ауруына шалдыққан ер адамдардың бір тобын бақылауға алған екен. Бұл адамдар хирургиялық жолмен немесе лазерлік терапия арқылы простат ауруынан емделуге тырысыпты. Бірақ тексеру кезінде байқалған белгілерге қарағанда бұл адамдардың ауруы одан ары өршіп кеткен. Зерттеушілер ауруға шалдыққан осы адамдардың бірнешеуін таңдап алып, оларға күніне белгілі бір мөлшерде анар шырынын беріп тұрды. Бұл шараның нәтижесінде осы адамдардағы простат ауруының өршу жылдамдығы анар шырынын ішкеннен кейін айтарлықтай бәсеңдеді.

Ислам рауаяттарында анар толыққанды және өте пайдалы жеміс ретінде аталып өтілген.  Имам Казем (ғ.) былай дейді: «Адам Атаның өз балаларына тапсырған дүниесінің бірі мынау: «Анар жемісін же; Өйткені егер аш болғанда жесең, саған жеткілікті болады, егер тоқ болып тұрғанда жесең, тамақты қорытуға көмектеседі.»

Анардың рауаяттарда аталып өтілген тағы бір қасиеті бар: ол адамның жүрегі мен жанына ерекше әсер етеді.  Мұхаммад пайғамбар (с.) былай дейді: «Алла тағала анарды толық жеген әр адамның жүрегін нұрландырады және қырық күнге дейін шайтанның арбауы мен қам-қайғыдан сақтайды».

Доктор Реза Пакнежад өзінің «Алғашқы университет және соңғы пайғамбар» атты кітабында анардың қан тазарту мен жүректі нұрландырудағы әсеріне тоқтала келіп: «Анардың құрамында калий мен магний элементтері көп болғандықан,  бауыр  жасушаларының қызметін арттырады,  май, холестерин және басқа да улы заттарды ыдыратады, қан құрамында тепе-теңдік орнатады және жүректің тазаруына себеп болады».

Анар құрамында калийдің мөлшері өте көп болғандықтан, ол қан қысымын төмендету үшін өте тиімді болып табылады.  Соңғы кезде зерттеушілер анар ағашы құрамынан қан қысымын төмендетуге көмектесетін затты тауып алу үшін оның әр түрлі бөліктерінен әр алуан элементтерді алып, оларды фармацевтикалық сынақтан өткізді.

АҚШ-тың Case Western Reserve университеті медицина факультетінің зерттеушілері анарды зерттеу барысында мынадай нәтижеге қол жеткізді: Анардың құрамында қабынуға қарсы тұратын зат бар және ол буын ауруларына шалдыққан адамдардың шеміршектері ыдырауының алдын алуда маңызды рөл атқарады. Анар шырыны, сондай-ақ, адамды буын қабынуына шалдықтыратын ферменттердің артуына кедергі жасайды және шеміршектердің бұзылуының алдын алады. Анар құрамында өте көп мөлшерді эстроген элементі бар. Бұл элемент  әйел адамдардың сүйектерінің қаусап кетуінің алдын алады.

Иранның тамақтану саласындағы маманы Әлиреза Әбулфазли: «Анар дәндерін жеу анар шырынын ішкеннен жақсырақ. Өйткені анар шырыны өзі жалғыз қосушы зат болып табылады»,-дейді. Бұл маманның айтуы бойынша, анар іш қатуы ауруына шалдыққан адамдар үшін зиянды.

Інжір - Құранда аты аталған жемістердің бірі. Бұл пайдалы жеміс адамның денсаулығы мен өсуіне айтарлықтай әсер етеді және аурулардың алдын алатын  маңызды фактор болып табылады.

Інжір - өте тәтті жеміс. Оның құрамында минералды заттар көп. Оның тағамдық құндылығы жоғары, өйткені онда талшықтар жоқ. Аурудан кейін қайта қалпына келу кезеңінде інжір жеу насихат етіледі. Інжір сүйектердің өсуі мен қатаю үрдісінде айтарлықтай рөл атқаратын болғандықтан,  балалар үшін өте пайдалы.  Имам Реза (ғ.) інжір жайлы былай дейді: «Інжір сүйекті қатайтып, шаштың өсуіне ықпал етеді. Сондай-ақ ауру мен дертті жояды». Ғалымдар інжірді зерттегеннен кейін оның сүйектерді қатайтуға, адам денесінің өсуі мен денсаулығына  тікелей ықпал ететіндігін анықтады.  Тин - інжірдің арабша аты. Бұл Құран сүрелерінің бірінің аты. Құранда тек қана бір рет тин (інжір) атауы аталған. Тин (інжір) сүресінде Алла тағала былай дейді: «Інжірге және зәйтүнге, Тұр Сина тауына, Осы бейбіт қалаға серт. Расында адамзатты көркем бейнеде жараттық».

Бұл әдемі аятта Алла тағала інжір және зәйтүнмен ант етіп, адамның ең жақсы қалыпта жаралғанын сөз етеді.  Інжір мен зәйтүн  тағамдық және фармацевтикалық құндылыққа ие болғандықтан, адам денсаулығында ерекше рөл атқарады.

Інжір жаз және күз мезгілінің тағамдық құндылығы ең жоғары жемістерінің бірі. Інжірдің екі түсті - сары және қою күлгін түсті болып келеді.

Бұл нәрлі да тәтті жеміс калий, магний, фосфор және А мен В дәрумендерінің таптырмас көзі болып табылады. Інжір оңай қортылады. Дәрігерлер дене тұрғысынан әлсіз болып келетін адамдарға, әсіресе балаларға інжір жеуді насихат етеді.

Інжір әр түрлі күйде – шикі, піскен және кептірілген күйде пайдаланылады. Сондықтан да оны жылдың әр мезгілінде қолдана аламыз. Інжірдің тағы да басқа қасиеттері бар: құрамында фибра талшықтары болғандықтан, ол обырға қарсы қолданылады және ішектің қызметін жақсартады.

Бұл жеміс диабет ауруына шалдыққан адамдар үшін зиянды болып келеді, өйткені оның құрамында қант мөлшері өте жоғары. Сондай-ақ інжір жеу бауыры әлсіз адамдарға және ас қорыту жүйесі ауыратын адамдарға насихат етілмейді.

Алма.

Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 – бөлігі – алмалар. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы.

Алмұрт.

Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуық-қа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол. Алмаға қарағанда алмұртта жасуық мөлшері көбірек, сол себепті тәнге баяу сіңеді.

Өрік.

Оны «денсаулық жемісі» деп атайды. Құрамында органикалық қышқылдар, нектин, хош иісті заттар, минералды тұздар (калий,) натрий, кальций, т.б. және коротин бар.

Жүзім.

Оның жас тамырын (30 г) 2 литр суға салып қайнатып, шашты жуса, қайызғақты кетіреді, құйқа терісі тазарады, шаш жақсы өседі. Көктемде сабағын кесіп, шырынын бетке жағып, ондағы қара дақтар мен секпілді кетіреді. Шырынын мол етіп жинап, күніне 3 рет ішсе (бір шай қасықпен), бауырды жазады, оның күіп, сыздағанын басады. Ұзынша келген ақ жүзім бауыр, көк бауырды жазып, қан қысымын төмендетеді. Буынына суық тигенде қара жүзімді жиі жеген жөн. Жүзім қатерлі ісіктен қорғау қасиетіне ие. Онымен қан азаю сырқатын да емдейді. Қара жүзім шырыны қан бөгелуін болдырмауға шипалы. Жүрек шаншып ауырғанда сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға араластырып, күніне 3 рет шай қасықтан жейді. Жүзімнің шырынына алма сірке суын қосып ішу еркектің ұрық безінің жұмысын жақсартады. Жарты литр шырынға бір ас қасық сірке суы қосылады. Түстен кейін қос уыс жүзім жеу немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да жақсы әсер етеді. Қара жүзім шырынының жүрек ауруларына қарсы анти – кансерогендік ықпалы күшті.

Лимон.

Шіру процесіне қарсы шипа. Басқа әдістермен тәннен уытты заттардың шөгінділерін шығара алмағанында, оны лимонмен шығарады. Австралия оқымыстыларының ойынша, «лимон шырыны СПИД –ке қарсы күресте арзан және әсері күшті дәрі». Орта ғасырларда халық медицинасында лимонның шырынын ұрықтануға қарсы қолданған.

Қант диабетімен ауыратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп, ауруынан жазады. Лимонның шырынын сығып алып бетке жақса, ондағы қара дақ пен секпілді тазартады. Жаңағы шырынды күн сайын 50 грамнан 3 рет үзбей бір ай ішсе, бүйректегі тас пен құм түседі. Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтері-луі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.

Банан.

Ол денсаулыққа өте пайдалы, көп ауруға шипалы. Қан қысымын реттейді, инсультке шалдығудың алдын алады. Асқазан жарасына да ем. Бананды үй жағдайында сақтау үшін тоңазытқышқа салмайды. Ол он градустан төмен температурада тез бұзылып, тағамдық сапасын жоғалтады.

Құрма.

Ежелгі араб ғұламалары оның 350 – ден астам пайдалы қасиеті бар деп есептейді. Шырынынан сергітетін сусын жасалады. Құрмадан жүзден астам тағам дайындалады. Құран, хадистерде құрма – жұмақ жемісі деп аталады. Дәрігерлер оның құрамында көптеген емдік қасиет барын анықтаған.

Қант қызылшасы.

Қанды көбейту, қақырықты босату, сіңірлерді бекемдеу, денені қуаттандыру үшін пайдаланады.

  1. Көк бауыр ауырғанға: қант қызылшасын сірке суымен, қышамен араластырып ішкізсе, көк бауырда-ғы бөгеттерді ашады.

  1. Бір жақ шеке ауырғанда, қол – аяқтың қалтырауына: қант қызылшасының суық балмен араластырып мұрынға тақса, ауру белгілері жеңілдейді.

  1. Құлақ ауырғанға: қант қызылшасы жапырағының суын сығып алып, балмен қосып қайнатып, жылы күйінде құлаққа тамызады.

  1. Шаштағы битті жоюға, қайызғақты кетіруге: жапырағының суымен шашты жуады.

  1. Іш кернесіне: қант қызылшасын қыша сірке суымен қосып қайнатып ішсе, ауырғанды басады.

  1. Адам ағзасындағы түрлі қоқыс – қалдықтарды, артық тұздарды қуады.

  1. Қызылша тұнбасы сәбіз, қияр шырыны қосылып әзірленеді.

  1. Еркектердің жыныс безін зиянды элементтерден артылту үшін күніне бір мезгіл таңертеңгі астың алдында не соңынан жарты стақан қызылша шырынын ішу қажет.

Сәбіз.

Ол адамзат баласына біздің ғасырымызға дейін 2 мың жыл бұрын белгілі болған. Римдіктер оны дәмді тағам ретінде пай-аланған. Сәбіз авитаминозды (тағамда дәруменнің жетіспеуінен болатын ауру) жояды, ағзаның тұмауға қарсы тұруын күшейтеді, зат алмасуды жақсартады. Шикі сәбіз несепті айдаса, ондағы кобальд тұзы қан қысымын түсіреді, қанның қызыл түйіршіктері (эритроцит) мен гемоглобиннің түзілуіне қатысады. Сәбіздің сары өзе- 
гі жүрек бұлшық етінің шар-шағанын басады, шырынын жүрек инфарктінде ішуге белгілейді. Сәбіздің тор көздемшелері адам бойында Холестериннің шапшаң бөлінуіне мүмкіндік жасайды. Сәбізді оттегі және қуықтағы тасқа қарсы пайдаланады. Дәрігерлер сәбіз шырынын жүкті әйелдерге, ой еңбегімен шұғылдана-тындарға ішуге кеңес береді. Халық медицинасында сәбізді бұрыннан несеп айдау мен ішек құртына қарсы, қан аздыққа, әлсіреуге, ішек-қарын қызметінің бұзылуына, балалы әйелдің емшек сүтінің жетіспеуіне, құрт ауруының (туберкулез) алғашқы кезеңдерінде, белсіздікке қарсы ішу ұсынылады. Осы мағсатта сәбізді сүтке қайнатып та жейді.

Қырыққабат.

Оны қалай жесе де пайдалы. Ашыған қырыққабат (капуста) тәбетті, асқазанның сөл бөлуін күшейтеді, ас қорытуды жақсартады. Ашыған қырыққабатты ас қорыту жүйесінің бұзылуына (қыжылдау, құсу, кекіру, жүрек айну, ықылық ат) алдын алу үшін пайдаланылады. Ашыған қырыққабат семіруге, шыжыңдыққа да қарсы ем. Қырыққабат сөлі (бұзылмаған) асқазанның әлсіреуін, қарын, ұлтабар жарасын, өт қабының, бауырдың әртүрлі ауруларын, асқазан қабынуын, тоқ ішек жарасының қабынуын емдейді. Сары ауру мен көк бауыр ауруларына да қырыққабат сөлін ішу қажет.

Қырыққабат шырыны асқазан сөліндегі қышқылдың көбейген кезінде, қарын ауырғанда қолданылады. Сапа болғанда, ауыз қолдырап, қабынып ауырғанда қырыққабат сөлін сумен араластырып, ауызды, тамақты шаяды. Бас ауырғанда, буын сырқырағанда ауырған жерге 
қырыққабаттың жас жапырағын жапсырса, ауруды басады. Қырыққабаттың құрамында асқазан жарасына ем болатын заттар бар. Шырыны бауыр ауруына ем. Оны ішкеннен кейін аурудың жанға батқаны азайып, бауыр қалпына келеді. Қырыққабат шырынының құрамындағы күкірт пен хлор, иод асқазан мен ішектің шырышты қабығын тазартады. Ол ұлтабар жарасын да жазады. Бұл үшін қырыққабат шырынын 100 грамнан күніне 3 рет ішу қажет. Оған сәбіз шырынын қосып ішсе, әсері одан да жақсы. Бұл үшін 100 грамм қырыққабат шырынына 200-300 грамм сәбіз шырынын қосады.

Қияр.

3 қасық  ұсақтап туралған жас қиярға 1 стақан қайнаған суды ыстықтай  құйып, 2-3 сағат қойып, тұнбасын сүзіп алып, қалдығын сығады да 1 шай қасық балмен араластырады. Сосын бұл тұнбамен мақтаны шылап алып, таза жуылған бетті сүртсе, ол безеуден арылтады.

Қызанақ.

Ол біріншіден, тағам ретінде өте пайдалы.оның құрамында қант, пектиндік, азоттық заттар, алкалоид, минералды тұздар мол. Екіншіден, қызанақта А, В, В әсіресе, С дәрумені өте көп. Үшіншіден, жас қызанақ пен томат шырынының шипалық  қасиеті жақсы. Асқазан 
жарасы бар адамдар жас томат шырынын ішуге тиіс. Томат шырыны ағзадағы тастарды да ерітеді. Қызанақ бауыр ауыратындар үшін де өте пайдалы. Ол каротин, калийге де бай. 
(Жалғасы бар).

Қызыл бұрыш.

Ол адамның ғұмыр жасын ұзарта алады. Бұл ғалымдар ашқан жаңалық. Қызыл бұрыш линидтік алмасуды қалпына келтіріп, дұрыстайды, артериялық қысымды төмендетеді, ішек жолдарының микрофлорасын сауықтырады, жастың ұлғаюына байланысты болатын өзгерістерді тежейді.

Қара қарақат (смородина).

Информация о работе Жеміс-жидек пайдасы