Жеміс-жидек пайдасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 07:27, лекция

Описание работы

Лимон. Катарактаның қалыптасу қаупін азай-тады, кіші қан тамырлардың қабырғаларын қа-тайтады. Анемияны және ревматизмді емдеуге жәрдемдеседі. Құрамында С дәрумені 100 грамда 48 мг.

Мандарин. Теріні тазартады. Микробтарды жойып, асқазанды жұқпалы аурулардан сақтайды. Құрамында С дәрумені 100 грамда – 50 мг.

Файлы: 1 файл

жеміс жидектер.docx

— 412.99 Кб (Скачать файл)

Қуыққа тас жиналып несеп жолдары зақымданса, оның 100 грамм жапырағына 60 грамм қой бүлдіргені- нің (земляника) жапырағын, 40 грамм жөке гүлін, 30 грамм коровяк гүлін қосып бір стақан суда сақылдатып қайнатады. Суытады, сүзеді. Сонан соң күніне тамақтан соң 2-3 реттен ішіп тұрады.

Пияз.

Оның ащы дәмі құрамындағы эфир майынан. Құрамында С дәрумені мен каротин көп. Көктемнің көкөніс шыға қоймаған кезеңінде адамға пияз ерекше пайдалы. Біріншіден, тәнге С витаминінің күндік қажетін қанағаттандыруға көмектеседі, екіншіден, ауру жұқтырмайтын (бактерицидтік) және қырқұлаққа қарсы заттарға бай.

Сарымсақ.

Құрамында В1 тобының дәрумендері, С дәрумендері (жуашығында 10 мг пайыз, сабағында 55 мг пайыз) және Д дәрумені, иод, май, тағы да басқа заттар бар. Сарымсақтың құрамында ауру тудыратын микробтардың көптеген түр-лерін жоятын ерекше бактерицидтік (фитонцидтер) заттар болғандықтан, ол медицинада да қолданылады. Халық арасында сарымсақты көптеген ауруларды емдеуге ертеден пайдаланған. Әсіресе, қырқұлақ ауруын. Емдік қасиеті ежелден белгілі сарымсақтың жаңа қасиетін жапондық, француздық ғалымдар дәлелдеп отыр. Жапон ғалымдарының мәлімдеуінше, сарымсақ адам миындағы қартаю процесін бәсеңдетеді, оның жасушаларын тазартып оты-ады. Құрамында өте белсенді күкірт қосындылары болғандықтан, қанға түскен соң сарымсақ мидың ең қажетті деген бөліктеріне оң әсер етеді. Яғни, сарымсақтан бөлінетін заттар есте сақтау қабілеті мен эмоцияға жауап беретін жасушаларды жақсартады. 2006 жылы француз ғалымдары сарымсақтың қасиетіне қатысты өз зерттеулерінің нә тижесін жариялаған болатын. Бұл зерттеу Франция ның солтүстік-шығысындағы әйелдер арасында жасалған көрінеді. Тәжірибе көрсеткеніндей, сарымсақты көп қолданатын әйелдер арасында кеуде ісігі дертіне шалдыққандар саны басқа сарымсақты сирек қолданатын әйелдерге қара-ғанда аз болыпты.

Парсылықтар көтеуді сарымсақтың түтінімен булап емдеу әдісін қолданады. Шағындау темір құтының түбіне қатты қыздырылған кірпішті салып, одан кейін үстіне ұсақ етіп кесілген сарымсақты (болмаса түйе тікенек) салады. Сарымсақ, немесе түйе тікенек күйіп, түтіндей бастағанда сырқат құтының үстіне отырып емделеді. Бұл әдіс қажетінше қайталанады. Ежелгі римдіктер сарымсақтың қасиетін танып, оны легионерлерге күнделікті тамаққа қосып беріп отырған. Ертеде кейбір елде сарымсақты тұмар ретінде тағып, аурудан сақтанған. Сарымсақтың негізгі қасиеті оның құрамындағы эфир майы мен фитонцидте. Қолқаны қаритын эфир майы 2-3 метр аумақтағы микробтарды жойса, ондағы фитонция түрлі аурулардың таяқшасын 5 минутте өлтіреді, астың қорытылуын жақсартады. Асқазан, ішек, жүрек ауруларының да бірден-бір емі – сарымсақ. Ол қан айналымын реттейді, аурудың асқынуына жол бермейді.

Шетен жидегі (рябина).

Оның шырынын ұзақ мерзім ішетін болса тіпті көтеудің (геморрой) өзі ашылып, жазыла бастайды. Шетен жидегінің шырыны іш жүргізетін дәріден де жақсы әсер етеді. Оны қант қосып 2 рүмкеден күніне үш мезгіл ішкен жақсы.

Қауын.

Құрамында қант (негізінен сахароза), белок, клетчатка, пектин заттары, ароматтық заттар, 20 мг пайыз С дәрумені, каротин (А провитамині) минералды тұздар бар. Қауынды 6-7 ай сақтауға болады. Қауын несепті көбейтіп, оны тазарта түседі. Ірің бөлінуін тоқтатады, бүйректі қыздырып, қуық жолдарын да тазартады, бүйректегі тасты шығарады.

Картоп.

Оның шырынының құрамында калий, күкірт, фосфор, хлор көп. Соның нәтижесінде терідегі дақты картоп шырынын ішіп кетіруге болады. Ағзаны тазалауға таптырмайтын әдіс. Бұл әсіресе, сәбіз шырынын қосқанда айрықша пайдалы. Ол үшін 50 гр. картоп шырынын, 200 гр. сәбіз шырынымен араластырып, күніне 1-3 рет ішеді. Тек тағамға пайдаланғанда есте болатын бір жағдай, аршылмаған картопты суық суға пісіргенде 25 пайыз, нақ солай ыстық суға пісіргенде 10 пайыз, аршылған картопты суық суға пісіргенде 35 пайыз, нақ солай ыстық суға пісіргенде 25 пайыз өзіндегі аскорбин қышқылын жоғалтады. Магний тұздарының аса маңызды көздері картопта 25 пайыз.

Жүгері.

Дәрілік шикізат ретінде шашағы пайдалы. Оны жүгері дәні жаңадан пісіп келе жатқанда жинап алады. Көлеңкеде кептіреді. Қарайып кеткен шашақтарын алып тастайды. Шашақты жинағанда дереу кептіру қажет. Жүгері шашақтары өт пен зәр айдайды. Медицинада және малдәрігерлік саласында бауыр, өт ауруларын емдеуге пайдаланады. Ол бүйректің, жүректің дұрыс істемеуі салдарынан болатын ісікті де қайтарады.

Шие.

Ол – Орта Азия мен Қазақстанда, Кавказда көп өсетін көпжылдық өсімдік. Шиенің түрі өте көп. Шиенің ұсақ тамырын қазып алып, көлеңкеде кептіру керек. Сосын ұнтақтайды. Оның 200 граммын 3 литр суға қайнатып, бір күн тұндырып қойып сүзеді де, 150 грамм алма сірке суын құйып араластырады. Бұл дәрі буынға тұз тұнғанда, ревматизмге және қант диабетіне жақсы шипа.

Шиенің етін кептіріп, кампот жасайды. Оны қызылшамен ауырған балаға ішкізіп, аурудың бетін тез қайтарып алады. Мұны ересек адамдар сусын орнына үнемі ішетін болса, асқазан, бауыр, ішек дерттеріне ем табады, жүрегінің жұмысы жақсарады. Сүйегінің ішіндегі дәні улы, шағып жеуге болмайды.

Беке (айва).

Ағашының жас жемісі, оның жапырақтарынан дайындалған тұнба қолқа астмасы ұстамасын тоқтата алады. Құрғақ жапырғының ұнтақталған 5 грамын стақандағы қатты қайнаған суға тұндырады. 1 сағат қымтап орап қояды да сүзіп алады. Бұл тұнбаны тамақтанар алдында 2 ас қасықтан 3-4 рет ішу қажет.

Сары мейіз.

Жүрек шаншып ауырса, сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға араластырады. Оны күніне 3 рет шай қасықтан жейді. Сары мейізді (жүзімді) жиі жегеннің өзі адам бойын сергітіп, жұмыс қабілетін арттырады.

Мойыл (Басқа аты шомырт).

Жапырақ төгетін ағаш. Тамыз айында жемісі піседі. Жемісі сүйекті, қара домалақ. Мойылдың жемісінен қайнатпа, кампот, сусын жасайды. Қабығы, жемісі жоғары қан қысымын төмендетіп, несепті айдайды, іштің өтуін тыяды. Басты ем болатын аурулары мен оған қарсы жасалатын дәрілер:

  1. Қан қысымы көтерілгенде. Мойыл жемісі піскенде белгілі мөлшерде жинап алып, оған қант қосып қайнату қажет. Сосын тұқымын сүзіп алып, салқындағанында тамақ соңынан 0,250 литрден ішеді немесе қайнатылған кампотынан 1-2 қасық алып, бір кесе қайнаған суға араластырып, күніне бірнеше рет сусын орнына ішу қажет.

  1. Іш өту. Мойыл жемісінен қоймалжың дәрі қайнатады. Тамақ соңынан күніне 3 рет бір қасықтан жейді. Жемісін сол қалпында жесе де ем.

Дәріні аурудың жағдайына қарай аз, көп мөлшерде жасайды. Басты құрамында мынандай заттар болады: жұмсартқыш зат, алма қышқылы, цитрит қышқылы, қант және басқа да заттар.

Мүкжидек.

Қиыр Шығыс пен ТМД елдерінің орталық өңірінде, ылғалды, шымтезекті, батпақты жерлерде өсіп, қыркүйек айында жемісі піседі. Күзде жиналған мүкжидектің құрамында 3,2 пайыз қант пен 3 пайыз органикалық қышқылдар, көктемгі өнімінде 4,2 пайыз қант пен 2,8 пайыз органикалық қышқылдар, 15 мг пайыз дәрумені болады. Бауыры ауыратындарға, қышқылы жоғары асқазанның қабынуында, асқазан және ішек жаралары процесінде мүкжидекті, одан жасалған тағамдарды жеу қажет.

Шалғам (редис).

Барлық жерде өсіріліп, тамыр-жеміс пайда болысымен жинап алады, әйтпесе ағаш тәрізді қатайып кетіп, дәмін жояды. Құрамында қант, су, азотты заттар, клечатка, 25 мг пайыз С дәрумені, өзіндік өткір иіс беріп тұратын эфир майы, фитонцидтер (микроорганизмге кері әсер ететін заттар), минералды тұздар бар. Ішек – қарын ауырғанда, бауыр, бүйрек және буын (подагра ауруымен сырқаттанатындарға шалғамды пайдалануға болады.

Грек жаңғағы.

200-500 жылға  дейін өмір сүреді, биіктігі 25-30 метр. Ашық және күңгірт түсті ядросын (дәнін) 12 сағаттай тұзды суға салып қойса, қауызы оңай ашылады. Сонан соң дәнін ағынды суға шайып, кептіреді. Халық медицинасында грек жаңғағының дәнінен, жапырағы мен тамыр қабықтарынан шырыны (сөлі), майы емдік- диеталық мақсатқа пайдаланылады. Рахит, сары аурумен сырқаттанған балаларды грек жаңғағының жапырақ, жаңғағының қайн-атындысымен емдесе жақсы шипа. Тұнбасына дәке шылап жараның бетіне қойып, байлауға ыңғайсыз жерлерге жағып емдейді. Асқазан, ішек ауруларын да жазады.

Анар.

Құрамында қант, 4-10 мг пайыз С дәрумені, танин, лимон қышқылы бар. Шырынын (құрамында танин болғандықтан) және же- місінің қабығын медицинада асқазанның жұмысы бұ-зылғанда, кепкен бұтақтары мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі ретінде пайдаланады. Асқазаны ауыратындар, асқазан сөлінің қышқылы жоғары, гастритпен сырқаттанатындар, энтороколитпен ауырғанда анардың ащы сорттарын пайдаланбау қажет.

Қарбыз.

Оның асханалық сортының салмағы 16 келіге дейін жетеді. Құрамында (орташа есеппен) 89,5 пайыз су, 7 пайызға жуық (кейбір сорттарында 12 пайыз) қант кездеседі. Әбден піскен қарбыз дәмді. Оны тұздап та жейді. Қарбызды дүкеннен, базардан сатып алған жөн. Өйткені онда санитарлық бақылау жасалады. Қарбыз да адам денсаулығына пайдалы.

Апелсин.

Отандық сорттарының құрамында қант, 60 мг пайыз С дәрумені, каротин (А провитамині), В1, В2 , Р және РР дәрумендері бар. Темекі қағазына оралған апелсинді мамыр айына дейін сақтап қоя аласың. Әсіресе, оның қабығы дәруменге өте бай. Семіздіктен емдегенде апелсин, алма, қияр күндерін тағайындайды. Себебі көкөніс пен жемістің энергиялық қуатының аздығы тамақтың күндік рационы- ның калориялығын күрт кемітеді. Осыған орай бұл күн- дер жеңілдену күндері деп аталады.

Күнбағыс.

Мұнан жасалған дәрілер суыққа қарсы, ыстықты түсіру, тыныштандыру, тәбет ашу үшін қолданылады. Күнбағыс тұнбасын былай жасайды: жаңадан басын үзіп, гүлі мен дәнінен ажыратады, ұнтақтан үш үлкен қасығын алып оған жарты литр арақ құяды. Күн көзінде бір ай ұстайды. Тұнбаны күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын 20 тамшыдан ішкен дұрыс.

Ауырған адамның ыстығын түсіруге бір ас қасық ұнтақталған жапырағына қайнаған су құйып, баяу отта 10 минуттай ұстап, тұнбаны бір сағат суытады. Күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын бір стақаннан ішеді. Адамның бойында тұз жиналса, бір стақан ұнтақталған тамырға үш литр қайнаған су құйып, баяу отта 3-4 минут ұстап, бір сағат суытады. Бұл тұнбаны күніне үш рет бір стақаннан тамақтан жарты сағат бұрын ішсе, ем болады. Тек күнбағыстан жасалған осынау дәрілерді ішіп жүргенде ащы тамақтан бас тарту қажет.

Тәбетті жақсарту үшін бір ас қасық ұнтақталған гүліне бір стақан қайнаған су құйып, жарты сағат тұндырады да оны күніне үш рет үш стақаннан тамақтан жарты сағат бұрын ішіп тұрады. Күнбағысты халық медицинасында мұнан басқа мынандай ауруларға, мынандай әдіспен қарсы пайдаланады:

  1. Тіс ауруына: тамырын суға қайнатып, суымен ауыз шаяды. Сонда тіс қақсаған ды, тіс етінің қабынғаны басылады.

  1. Қуыққа және бүйрекке тас байланғанда: күнбағыс сабағы өзегінен (сабағы ішіндегі ақ етінен) 90 грамм алып 100 грамм суға қайнатып, күніне бір реттен бір апта бойы ішеді.

  1. Көк жөтелге: күнбағыс сабағының өзегін жаншып, оған қайнаған су құйып бұқтырады, аздап қант қосып ішеді.

  1. Асқазанға ас батып сіңбегенде: күнбағыс тамырын, аскөк, арпаны тең мөлшерде алып, суға қайнатып ішеді.

  1. Жіңішке ауруға:30 грамм күнбағыс тамырына су құйып, лып еткізіп қайнатады да, күніне үш рет ішіп емделеді.

  1. Жарыққа: 30 грамм күнбағыс тамырын қайнатып, қызыл шекер қосып ішеді.

  1. Қан қысымы көбейгенде: 30 грамм кепкен күнбағыс жапырағы мен 30 грамм сай сағызды суға қайнатып ішкен жөн.

Түсінде жеміс-жидек көрсе

Алма.

Ибн Сийрин айтқан екен: «Түсінде көк алманы көрсе-перзент, қызыл алманы көрсе-патшалардың қамқорлығына бөленеді, ақ алманы көрсе-саудагерлерден нәпақа ажыратады, алма ащы болса-науқасты болады, егер алманы екіге бөліп қойса-серігін жоғалтады», — деп.

Жағыпар Садық айтыпты: «Түсінде алма көрмек жеті нәрсеге дәлел болады», — деп. Олар: перзент, игілік, ауру, кәнизак, һалал мал, пәрмені жүзеге аспақ, ірі табыс.

Асқабақ.

Ибн Сийрин тағы да айтыпты: «Түсінде үйіндегі асқабақты көрсе, ізет-құрметке бөленіп, науқасынан сауығып шипа табады. Егер ол кәпір болса, мұсыл-мандықты мойындайды, жолаушы болса, саусаламатпен оралады. Егер асқабақты пісіріп жесе, әжеті рәуә бо лып, ғибадатқа мойын бұрғай», — деп. 
Көктемде көкөніс жеу Халқымыз көктемді – ұзынсары келген қараөзек шақ, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы дейді. Бұл кезде адамдар бойында күзде жиналған дәрумендер қоры азаяды. Соған байланысты денеде ауруға қарсы тұру қабілеті кеміп, тұлабойда әлсіздік пайда болады. Сол себепті оған жол бермеу үшін дастарханда құнарлы тағамдармен бірге алуан түрлі көкөністерді, жеміс-жидектерді жеген жөн. Сапалы көкөністер болмаса, қалбырланған көкө-ністерді, тұздалған қырық- қабатты, көк пиязды мо- лынан пайдаланған абзал. Қараөзек шақта көк пияздың пайдасы өте жоғары. Оның 100 грамынан тәулікке қажеті С дәрумені табылады. Ашытылған қырыққабаттың 100 грамында 20 мг С дәрумені бар. Сүт өнімдерінің, қазы-қартаның, сүр еттің де көктемде пайдасы зор. Негізінен, жылдың барлық мезгілінде ересек адамдар үшін картопты қоспағанда, көкөністің күндік мөлшері 300 грамнан 400 грамға дейін болуға тиіс. Көкөніс пен жеміс орта және егде жастағы, әсіресе толығуға бейім адамдардың тамағында айрықша орын алғаны жөн. Біздің ғалымдардың зерттеулеріне сүйеніп жазған мақаламыз осындай.

Информация о работе Жеміс-жидек пайдасы