Адамзат қоғамының эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 19:54, реферат

Описание работы

Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді.
Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды.

Файлы: 1 файл

АДАМЗАТ ҚОГАМЫ ЭВОЛЮЦИЯСЫ.doc

— 160.00 Кб (Скачать файл)

Өндірістік әрекеттердің жетілуі ұрпақтан ұрпаққа өз тәжірибелерін  беру арқылы жүзеге асырылатын үлкен, тұрақты бірлестіктерде ғана мүмкін болды. Кейінгі пайда болған алғашқы  адамдардың бірлестіктер тіршілік еткенін археологиялық мәліметтер дәлелдейді. Бұл бірлестіктердің құрамында бірнеше ересек индивидтер болған. Алайда архантроптарда басымдылық жүйесінің сақталуы туралы айтудың да қажеті жоқ. Азықтың бөлінуі саласында қоғамның қалыптасуына байланысты үстемдік құру да жойылды. Нәтижесінде үстемдік ету жүйесі тіршіліктің басқа салаларында да жойыла бастады.

Егер азықтың бөлінуі  саласында ескі, биологиялық қатынастардың  орнына жаңа, әлеуметтік мінез-құлықтың белгілі ережелеріне тән түрлері  пайда болса, алғашқы қоғамға өтуге байланысты жыныстар арасындағы қатынастарды реттейтін әлеуметтік нормалар болған жоқ. Сондықтан үстемдік құру жүйесінің жойылуына жыныстар арасындағы қарым-қатынастарға байланысты бәсекелестік әлсіреген жоқ. Тіпті алғашқы қауымдастыққа өту осы бәсекелестіктің өршуіне себеп болған болуы керек. Өйткені үстемдік құру жүйесі жануарлар қауымдастықтарында ішкі тәртіпті сақтаушы ролін атқарды. Бұл жүйенің жойылуы нәтижесінде қауымдастықтардағы жыныстар арасындағы қарым-қатынастар саласында белгілі бір тәртіпті қамтамасыз етудің ескі әдісі жойылды, ал жаңа әдіс пайда болған жоқ.

Статустардың біртіндеп  жоғалуына байланысты конфликттер  де жиілеп, қатая түсуі мүмкін. Осылайша алғашқы қауымдастық эволюциясының  ерте кезеңдерінде жұптар пайда болып олардың арасында азықты бөлу не пайдалану жөнінде ешқандай қатынастар қалыптасқан жоқ. Сондықтан да бұл жұптар жеке ұйымдар немесе құрылымдар түзе алған жоқ. Жұптардың түзілуі не тіршілік етуілерінің негізі тек қана жыныстық инстинктерін қанағаттандыру болды.

Осы адамдардағы жыныстық қатынастардың алғашқы түрі ретсіз – промумискуитетті болды деп  сипаттауға болады.

Алғашқы қауымдар эволюциясының  ертедегі кезеңдерінде жұптар болғанымен, олардағы жыныстық қатынастардың қалыптасуын  немесе ыдырауын реттейтін ешқандай әлеуметтік нормалар (ережелер) болған жоқ. Оның үстіне, олардағы ерлердің саны  әйелдерге қарағанда көп болды. Бұндай жағдайда жұптардың болуы еркектер арасында бәсекелестік туғызды. Ер адамдардың бас сүйектеріндегі жарақаттарды зерттей отырып, архантроптардың ертедегі қауымында әйелдер үшін қанды қақтығысулар болып тұрғанын аңғару қиын емес. Әрине, бұндай конфликтілердің барлығының себебі біреу ғана болды деу дұрыс бола қоймас. Дегенмен, көпшілік конфликтілер жыныстық инстинктер негізінде болған деуге толық негіз бар.

Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, қоғамдық құрылымның бастапқы формасы түрінде ертеқауым зоологиялық  отбасылардан шыққан. Бұл гипотезаны жақтаушылар кейбір этнографиялық  мәліметтерге сүйеніп, жыныстар арасындағы бастапқы еркіндіктің қалдықтарын көрсетеді.

Бұдан басқа екінші теорияны жақтаушылардың пікірінше, ертеқауым  өздеріне дейінгі жануарлар қауымдарынан гаремдік отбасыны алып қалған болуы  керек. Егер бұл пікір дұрыс болса, онда ертеқауымдар оларға қарағанда  тұрақсыз бірнеше гаремдік құрылымдардан құралған болуы мүмкін.

Ертеқауымдардың дамуы  жыныстық саладағы жыныстық жіктелушіліктің  жетілгенін көрсетеді.  Ал осы үрдістің қалай жүргені адамзат тарихының  құпияларының бірі болды.

Жоғары палеолитте өндіргіш күштердің дамуы қоғамдық құрылымның өзгеруіне себеп болды. Адамның табиғатпен күресіндегі оның техникалық жағынан жетілуі нәтижесінде салыстырмалы түрде тұрақты шаруашылық ұжымдар қалыптасты. Күрделенген еңбек құралдары мен біліктіліктерін жетілдіру, оларды тиімді пайдалану ертеқауымдар үшін қиын болды. Сондықтан да ертеқауымның орнын оларға қарағанда әлдеқайда тұрақты, мықты қоғамдық құрылым алуы тиіс еді.

Жаңа қоғамдық құрылымның сипаты бірнеше негізгі жағдаймен  сипатталды. Біріншіден, сол қоғамның өте төмен дәрежедегі даму деңгейінде әлеуметтік байланыстарды бекітудің бір ғана негізі туыстық түріндегі көзқарастардың жалпылығын сезініп, түсіну. Екіншіден, ол кездегі коллективтердің анағұрлым тұрақты бөлігі әйелдер болды. Олар ұрпақтар үшін қамқорлық жасауда және үй шаруашылығын жүргізуде үлкен рөл атқарды.

Үшіншіден, жыныстар арасындағы қарым-қатынастардағы белгісіздіктер әсерінен туыстық қатынастар матримониалдық тармақ негізінде қалыптасты. Сондықтан  ертеқауымды алмастырған қоғамдық құрылымның реттелген формасы аналық тармақ бойынша туыс болып табылатын индивидтерден құралған ұжым болды.

Туыстық қауымның  ертеқауымдардан  айырмашылығы –қалыптасқан адамзат  қоғамы еді.  Бұл қоғамда алғашқы  қауымдағы ұжымшылдық бастамалары  мен адамдар арасындағы тығыз  қатынастар жоғары дәрежеде дамыды, оның үстіне этнографиялық аналогиялар негізінде байқалғандай, туыстық қатынастар экономикалық қатынастар ретінде, ал экономикалық қатынастар – туыстық қатынастар ретінде қалыптасты.

Жоғары палеолитке өту  кезеңінде туыстық құрылымның пайда  болғанына кейбір археологиялық мәліметтер қосымша дәлел бола алады. Мысалы, жоғары палеолитік Венералар деп аталатын әйелдердің мүсіндері.

П.П.Ефименкодан кейін  көптеген археологтар оларды алғашқы  аналық культтің дәлелі деп қарастырды. С.А.Токарев бұл мүсіндер туыстық топтардағы тіршілікті білдіретін от басының қорғаушысы, иесі деп қарастырды. Екінші бір көзқарасты жақтаушылар, көптеген этнографиялық мәліметтерге сүйенді. Осы пікірлердің барлығы да бұл мүсіндер тіршіліктегі және қоғамдық көзқарастағы әйелдің ролін білдіріп, аналық-туыстық культтің пайда болғанын көрсетеді.

Туыстардың тағы бір  маңызды белгісі – зкзогамия, туыстастардың бір-біріне үйленуіне  тиым салу болды. Ю.И.Семенов экзогамияның шығуы алғашқы қауымдық ұжымдар  ішіндегі шаруашылық тіршіліктің реттелуі үшін қажет болды деп түсіндіреді. Олардың пікірі бойынша, жыныс аралық қатынастар кезінде үздіксіз қақтығыстар болып, олар ертеқауымның қоғамдық және шаруашылық роліне нұқсан келтірді. Осыған байланысты қоғамда біртіндеп жыныстық шектеулер енгізіліп, соңында топ ішіндегілер арасындағы жыныстық қатынастарға тиым салынды.

Жыныстық шектеудің  бір түрі – инициация деп аталатын жасөспірімдерді кәмелетке толуына  байланысты ересектер қатарына қабылдау болды.

Инициацияның негізгі  мақсаты – жастарды отбасылық  өмірге дайындау болды. Инициация кезінде оларға түрлі әдет - ғұрыптар туралы айтып қана қоймай, сүндетке отырғызу, т.б. рәсімдер жасалатын болған. Әсіресе ер балаларды сүндетке отырғызу кең тарап, ол иудаизм мен ислам дінінде осы кезге дейін сақталып қалды. Бұл әдет-ғұрыптың шығу себебі ғылымда түсініксіз. Кейбір жорамалдар бойынша, осы арқылы жасөспірімдердің жыныстық өмірге мерзімінен бұрын  ерте араласуына тиым салынған болуы мүмкін. Бұдан басқа әдет-ғұрыптар, мысалы, Австралияның аборигендерінде жасөспірім қыз балалардың кеудесін маймен сылау арқылы оның өсуін жақсартуға болады деп санаған.

Кейбір ертедегі алғашқы  қауымдарда ересектер - әйелдер бір  бөлек, ерлер бөлек топтанып өмір сүрген. Жекелеген ерлер үйлері болып, оларда түрлі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер (инициациямен қоса) жүзеге асырылатын болған. Бұған Сібірдегі Мальта қалашығынан табылған археологиялық қазбалар дәлел бола алады.

Неке және отбасы. Туыстық құрылымның және оған тән экзогамияның пайда болуына байланысты алғашқы қауымдық қоғамда неке, яғни жыныстар арасындағы қатынастарды реттейтін ерекше институт пайда болды. Онымен бірге және кейбір басқа да түсініктер бойынша, кейінірек, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қатынастарды реттейтін отбасылық институт пайда болды.

Некенің алғашқы түрі жөніндегі мәселе әлі күнге дейін толығымен шешілген жоқ. Этнографиялық мәліметтер бойынша, тарихи реконструкциялар екі түрлі. Біріншісі, некенің алғашқы түрі – топтық неке болып, ол кейінннен жеке неке мен отбасының түрлі нысандарына алмасты. Екіншісі -  қоғам дамуының ең алғашқы кезеңінен - ақ жеке отбасы болған деген пікір.

Бірінші пікірді ең алғаш  ұсынған Л.Г.Морган. Ол біртіндеп  алмасып отырған отбасының 5 түрін  атады. Олар: қандас туыс, пуналуалды (индусша: пуналуа -құрдастар), жұптық, аралық патриархалдық және моногамды. Алғашқы екі түрі топтық некеге, ал қалғандары жеке некеге негізделеді.

Ғалымдардың екінші бір  тобының пікірі бойынша, дамуы жөнінен  артта қалған ертедегі аңшылар, балықшыларда және т. б. жұптық неке мен отбасы болған. Осы кезеңде жұптық неке мен отбасының болғанын бірқатар археологиялық мәліметтер дәлелдейді.

Алғашқы қауымда сақталып қалған еңбектің табиғи бөлінуі жыныстары  мен жастарына байланысты ерекшеленген топтардың тіршілік етіп, олардың  құқықтары мен міндеттері, әдет-ғұрыптары қалыптасты. Дамудың дәл осы кезеңінде жалпы мәдени деңгейдің жоғарылауына байланысты осындай топтардың институттары құрылды (жеке бастылар, жігіттер, қыздар, әйелдер үйлері, т.б.). Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары – ерлер топтары, әсіресе, еркектер үйлері болды. Оларда еркектердің жиналыстары өтіп, түрлі әдет-ғұрыптарға байланысты жұмыстар жүргізілді, қонақ күтілді және т.б. Әйелдер мен иниципияланған жасөспірімдерге еркектер үйіне кіруге рұқсат берілмеді. Көп туысты қауымдарда әрбір туыстың жеке еркектер үйі болды.

Жынысқа байланысты бөліну тек кеңістіктік қана болған жоқ, көбіне еркектер мен әйелдер бөлек  жұмыс істеп, бөлек тамақтанды да, олардың жеке меншіктері де өз алдына бөлек болды. Көптеген папуас тайпаларында еркектер өздері отырғызған ағаштарға, малдарға, еңбек құралдарына иелік етсе, әйелдер өздері еккен бақша дақылдарына, ас үй жабдықтарына иелік етті. Тек қана балалар мен әйелдердің тұратын үйлері ортақ болып саналды.

Жыныстары мен жастарына  байланысты бөлінген топтардың орны олардың еңбекті бөлудегі рөлінен және туыстық жеке меншікке қатынасына байланысты анықталды. Егін және мал шаруашылығында тек қана еркектер емес, әйелдер де жұмыс істеді. Осы кезеңде адамдар өмірінің ұзақтығының жоғарылауына және әлеуметтік-экономикалық іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты ересек еркектердің басқаруы анығырақ байқалды.

Алғашқы қауымның соңғы  кезеңдерінде де жұптық неке үстем  болды. Бұл неке екі жақтың кез  келгенінің ұйғарымы бойынша оңай бұзылатын  еді. Кейбір тайпаларда көп әйел алушылық жиі кездесті. Ал екінші бір тайпаларда полиандрия (бірнеше күйеу болу), әсіресе левиратты – ағайындыларға күйеуге шығу көп кездесті. Алғашқы кезде шаруашылықтың екі түрі де болғандықтан кейде полигиния мен полиандрия қатар жүрді.

Мысалы, ХVІІғасырдағы  егін шаруашылығымен айналысатын гурондар мен ирокездерде ерлерінің  қосымша әйелдері, ал әйелдерінің қосымша күйеулері болды, ал гурондарда бұлардан басқа аңға шыққанда әйелдері ретінде алып жүретін аңшы қыздар болған. И.Е.Вениаминовтың айтуы бойынша алеуттер мен тлинкиттерде әйелдердің екі күйеуі, біреуі негізгі, екіншісі көмекшісі болған. Бұл кездері біраз уақыттарға дейін некелер кросскузенді болып, қауымдық туыстық ұжымдар арасындағы байланыстардың ұлғаюына байланысты кросскузендік некелер бірте-бірте жойылып кетті. йленудің түрлі дәстүрлері, некені заңды түрде тіркеу, екі жақтың ата-аналарының арасында бір-біріне сыйлық ұсыну, т.б. пайда болды.

 

5.3 Билік эволюциясы

 

Ертедегі туыстық қауымдарда оның мүшелерінің мүддесін көздейтін  халықтық билік қағидасының рөлі шешуші болды, және ерекше беделге ересек, тәжірибелі адамдар ие болды. Олардың арасынан ұжымның шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық өмірін басқаратын көсемдер қалыптасты.

Ертедегі алғашқы қауымдарда билік - шаруашылық, әскери және сот билігі болып бөлінген жоқ. Ұсақ әскери қақтығыстарда қауымды осы көсемдер басқарды. Осы көсемдер топтағы әдет-ғұрыптарды сақтаушы және қорғаушы болды. Кейбір қоғамдарда (мысалы, Австралия аборигендерінде) ерекше емшілер мен сыйқыршылар болды. Әдетте, көсемдер өндіріске ғана араласып қоймай, онда ерекше жеңілдіктерге ие болды. Алайда осы ересек көсемдердің кейбір белгілі артықшылықтары да болды. Мысалы, көп әйел алу тұрақты қалыптасқан қауымдарда көсемдердің онға дейін әйелі болды.

Қауым мен туыстарды олардағы ересек мүшелері, көсемдер мен басшылардың кеңесі басқарды. Әлеуметтік нормалар, яғни мінез-құлықтың міндетті, қоғаммен қорғалатын ережелері болып, бұл нормалар - еңбекті бөлу, бірлесіп қызмет ету, өзара қорғаныш, экзогамия, т.б. ұжымның аса маңызды мүдделерін көздеп, әдетте қатаң сақталды. Ұрпақтан ұрпаққа сақталып отырып, олар бірте-бірте әдет-ғұрып, дәстүрге айналды. Ең соңында, бұл нормалар идеологиялық жағынан діни тұжырымдар не мифтер болып бекітілді. Дегенмен кейбір жағдайларда осы қабылданған жалпы нормаларды бұзушылар да табылды. Сондықтан бұндай жағдайда қоғамдық шаралар қолдану қажет болды. Қоғамдық шаралардың бірнеше түрлері, тіпті күш жұмсауға дейін қолданылды. Тәртіпті өте ауыр бұзушылырға қатал жазалар - ұрып-соғу, өлтіруге дейін немесе ұжымнан қуып жіберу қолданылды.

Мысалы, Австралия аборигендеріндегі  веддтер мен сенойларда экзогамияның ережесін бұзған адам ұжымнан кетуі  керек немесе өлім жазасын алатын еді. Инициацияның құпияларын таратқан жігітке де қатаң жаза қолданылды. Бұл жағдайларда жазалау түрін  ұжымдағы көсемдер белгілеп, олардың өздері немесе жазаланушының жақындары жүзеге асыратын болды. Ал керісінше, аса маңызы жоқ тәртіп бұзушылықтар кезінде оның себептерін екі жақ өзара бірлесіп қарастыратын болған.

 

5.4 Өркениет  пен алғашқы қауымдық қоғамның  коэволюциясы

 

Бұдан 5 мың жыл бұрын  алдымен ертедегі, кейіннен орта ғасырлық өркениет қалыптаса бастады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мыңыншы жылдардың  соңында Египет пен Месопотамияда, 3 мыңыншы жылдардың орта кезінде  – Индияда, 2 мыңыншы жылдарда –  Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда,  Оңтүстік Арабстанда, Қытайда, 1 мыңыншы жылы және біздің эрамыздағы 1 мыңыншы жылда – Көне Әлемнің көп бөлігінде, Орталық және Оңтүстік Америкада таптар қалыптаса бастады. Алғашқы өркениеттің пайда болуы адамзаттың алғашқы қауымдық тарихының соңы және таптар тарихының басы болды. Бірақ тарих тұрғысынан қарағанда таптардың түзілу кезеңінен өтпеген жекелеген елдер мен халықтар үшін бұл өркениетке дейінгі кезеңнің соңы мен өркениет тарихының басы болып саналады. Олар тұрақты таптар түзілу кезеңінен өтіп кеткен елдер мен халықтар да алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтарынан толық арылған жоқ. Сондықтан өркениет кезеңіне тән құндылықтарды екі түрлі аспектіде қарастыру қажет: біріншіден, таптық қоғамның біртіндеп жіңішкеріп отыратын перифериясы ретінде, екіншіден, осы қоғамның өз құрылымдары.

Информация о работе Адамзат қоғамының эволюциясы