Адамзат қоғамының эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 19:54, реферат

Описание работы

Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді.
Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды.

Файлы: 1 файл

АДАМЗАТ ҚОГАМЫ ЭВОЛЮЦИЯСЫ.doc

— 160.00 Кб (Скачать файл)

Алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтары қоғамдық сананың түрлерінде – құқық, мораль, дінде байқалады. Қарама-қайшылыққа толы христиан догматикасында байларды қаралау  мен кедейлерді мазақтау туралы көптеген идеялар болды. Ислам дінінде барлық адамдар құдай алдында бірдей жауаптылығы, және жарлылардың пайдасына бағытталған салық пен пайдакүнемдікті қаралаған уағыздар пайда болды.

Таптық қоғамның діндерінде алғашқы қауымдық түсініктер мен  ритуалдардың тікелей қалдықтары көптеп кездеседі. Олардың ішіндегі көпшілікке ең танымалы – иудаистердегі ерлердің инициациясы мен мұсылмандардағы  ер балаларды сүндетке отырғызу. Осы сияқты ертедегі Индияның ведистік дінінде жасөспірімдерге қасиетті жіп байлау. Тазарту арқылы жүргізілетін инициацияларға христиан дініндегі сумен шоқыну да жатады. Ертедегі грек, римдіктер мен басқа да халықтардың политеистік дндерінде осы кезге дейін ата - тектерінің отбасылық - туыстық әдет-ғұрпы сақталған. Ертедегі Қытайда басқа діндермен бірге кездесетін шаманизмнің сарқыншақтары осы кездегі буддизм-ламаизмде бар.

Қазіргі заманғы діндердің  ең жоғары дамыған түрі - христиан дінінде  – жын-шайтанды қуу, адамдарды жамандықтан сақтайтын періштелер туралы, әртүрлі жақсылық ниетке бағытталған магиялық іс-әрекеттер, т.б. сияқты шаманизмнің қалдықтары әлі де сақталған.

Алғашқы қауымдық қалдықтардың осы кездегі рөлі. Таптық қоғамдардағы алғашқы қауымның қалдықтары осы кезге дейін сақталып, түрлі даулы сұрақтарды туғызып отыр. Көптеген халықтардың тұрмысында сақталып қалған алғашқы қауымның қалыңмал, көп әйел алушылық, т.б. сияқты қалдықтары түрліше түсіндіріледі.

Дамудың капиталистік жолын  өтпеген халықтарда бұл құбылыстарды этникалық мәдениеттің негізгі бөлігі болып саналатын халықтық әдет-ғұрып деп қабылдайды. Трайболизм құбылыстары – туыс-тайпалық бірлік пен айырмашылық, көсемдер мен жасырын қоғамдардың әсері, т.б. дәл осы сияқты қабылданады. Олар негізінен үшінші әлемнің жас мемлекеттеріне тән, дегенмен трайболизмнің кейбір белгілері, әсіресе территориялық-тайпалық бәсекелестік бұрынғы Кеңес Одағы халықтарында да сақталған. Трайболизмнің түп-тамырымен жойылуы қиындау, ал кейбір халықтарда ол соңғы кезде қайта жаңғыра бастады.

Сонымен, алғашқы қауымның салт-дәстүрлері халықтардың көп  бөлігі үшін белгілі бір роль атқарады деуге болады.

 

5.6 Этностар  эволюциясы

 

Әдетте адамзат баласы үш нәсілге : ақ (европоид), сары (монголоид) және қара (негроид) нәсілдерге бөлінеді. Алайда көптеген антрополог-ғалымдардың пікірінше нәсілдер бұдан әлдеқайда көп – 20 дан асады. Олардың ішінде көбірек қарастырылатын – австролоидтық, американоидтық және койсан нәсілдері (готтенготтар мен Африканың оңтүстігіндегі бушмендер).

 Нәсілдерге бөліну Жердің антропогендік жабынының мозайкасындағы бірінші деңгей болып табылады. Нәсілдік айырмашылықтар адам организмдерінің табиғи-климаттық жағдайларға бейімделу реакциялары ретінде пайда болғаны ғылымда дәлелденген.

 Адам биологиялық  түр ретінде біреу ғана. Бұны әртүрлі нәсілдерге жататын адамдар арасындағы некелерден балалардың туылуы дәлелдейді. Адамдар арасындағы нәсілдік, ұлттық, тілдік, мәдени, мінез-құлықтық айырмашылықтар табиғи болып табылады. Осы белгілер бойынша қоғамдық бірлестіктерді басты түсінігі этнос болып саналатын этнология ғылымы зерттейді. Этнос дегеніміз – гуманитарлық (мәдени) белгісімен басқаша мінез-құлық (табиғи) белгілері бойынша бөлінетін адамдар бірлестігі.

Шамамен 20 жылдай бұрын  БҰҰ Ұлттар жөніндегі комитеті қызықты  тәжірибе жүргізді – планетамыздағы негізгі ұлттар бойынша  1 млн аса адамдардың дарындылығын зерттеді. Нәтижесінде бұл белгі бойынша ұлттардың бір де бірінің ерекшеленбейтіні анықталды. Сондықтан ұлттардың ешқайсысы да бірде-бір артықшылыққа ие бола алмайды.

Айта кететін бір  жай, барлық халықтар мен ұлттар генетикалық  тұрғыдан алғанда “таза” болмайтындығы. Ұлттардың бір-бірімен араласу  коэффициенті үнемі ұлғаю үстінде. Генетиктердің жорамалдары бойынша, 40 ұрпақтан кезеңінен кейін барлық ұлттар араласып кетеді (әдетте, адамдардың бір ұрпағының кезеңі 25 жылға тең деп есептеледі).

Адам түсі қара және сары нәсілдерге тән меланин гендерінің әсерінен бірте-бірте қарайып, көздері  қысыңқыланады. Бұл гендер доминантты гендер болғандықтан және ақ нәсілдерге қарағанда қара, сары нәсілдердің сан жағынан артықшылығына байланысты олар көбейіп, европалық фенотиптер өздеріне тән ерекшеліктерін жоғалтады.

Ұлттардың араласуы кезінде (және де фенотиптердің көп түрлілігіне  байланысты), гомозиготалық қасиет (зигота – екі гаметаның қосылуынан түзілген клетка; гамета – ер немесе әйел жыныс клеткаларының тақ хромосомалары жиынтығынан құралған жыныс клеткасы, біршама азайып, нәтижесінде тұқым қуалайтын аурулар азаяды, адамдардың денсаулығы жақсарады. Сонымен, ұлттардың араласуы – адам баласының тіршілігі үшін өте қажет. Екінші жағынан, ұлттардың араласуы және энтропияның бүкіл планетарлық масштабта ұлғаю үрдісі, яғни Жердегі барлық материя түрлері, оның ішінде адамды да қамтитын қоршаған орта объектілерінің сипаттамаларының орташалануына әкеп соқты. Бұл дұрыс па, бұрыс па, ол өз алдына жеке мәселе, барлығымызға мәлім бір ғана нәрсе – табиғат тепе-теңдікті қаламайды, бірақ соған жетуге тырысады.

Белгілі этнолог, тарих  және география ғылымдарының докторы  Л.Н.Гумилевтің пікірі бойынша, этнология – жаратылыс туралы ғылым.

Егер З.Фрейд, индивидтер әрекеттерін психикалық энергия  әсерінен деп түсіндірсе, Л.Н.Гумилев  әлеуметтік дамуды Күн энергиясының әсерінен деп түсіндіреді.

Алғаш рет Ғарыш пен  Күннің Жерде жүріп жататын үрдістерге, ең алдымен, тіршілік үрдістеріне әсерін орыс ғалымы А.Л.Чижевский түсіндіріп берді.

1915 жылы 18 жастағы А.Л.Чижевский  астрономия, химия және физика  салаларын бар ынтасымен зерттей  отырып, Күн бетіндегі дақтардың  түзілуі мен осы кезде жүріп  жатқан бірінші дүние жүзілік соғыста ұрыс қимылдарының синхрондығы қарқындағанына назар аударды. А.Л.Чижевский астрономия, биология және тарих ғылымдары бойынша түрлі ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, Күннің белсенділігінің Жердегі биологиялық және әлеуметтік үрдістерге тікелей әсер ететінін анықтады. Бұл жөнінде оның “Тарихи үрдістердің физикалық факторлары”, “Күн сәулелері желдерінің Жердегі жаңғырығы” деген еңбектері дәлел бола алады.

 А.Л.Чижевскийдің бір  қызықты ойы, Күндегі магниттік  құбылыстар мемлекет басшыларының  денсаулықтарына әсер ететіндігі туралы еді. Көптеген мемлекет басшылары жасы ұлғайған адамдар болатыны белгілі. Әрине, космостағы және Жердегі ритмдер олардың денсаулығына әсер етеді. Бұл жағдай әсіресе, тоталитарлық, диктаторлық тәртіп жағдайындағы елдер үшін өте қауіпті еді. Егер мемлекет басында аморальды немесе психикасы әлсіз адамдар болса, онда олардың ғарыштық құбылыстарға деген паталогиялық реакциялары тек өз мемлекеттерінің халқы үшін ғана емес, сонымен бірге, көптеген елдер жаппай қырып жоятын аса қуатты қаруға ие болып отырған кезеңде, бүкіл баласы үшін орны толмас қайғы-қасірет туғызуы мүмкін.

 А.Л.Чижевский қорытындыларының  бір ерекшелігі– Күннің  Жердегі  тек биологиялық емес, әлеуметтік  үрдістерге де біршама әсер  ететіні.  Әлеуметтік қақтығыстар  (соғыстар, көтерілістер, революция), А.Л.Чижевскийдің пікірінше, Жер бетіндегі тіршіліктің негізі -  Күннің күйі мен белсенділігіне тікелей байланысты жүреді. Оның есептеулері бойынша, Күннің белсенділігінің төменгі деңгейінде қоғамдағы көпшілік әлеуметтік құбылыстардың аз ғана мөлшері, шамамен 5 % жүреді, ал жоғары деңгейінде – 60 % жетеді.

 А.Л.Чижевскийдің Күннің  Жердегі үрдістерге әсері туралы  айтылған ойлары мен қорытындылары  тек біраз жыл өткен соң  ғана тәжірибе жүзінде дәлелденді. Оның көптеген идеялары  да космос және биология ғылымдары саласында біраз уақыт өткен соң қолданылды. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда Жерде жүретін құбылыстар мен үрдістердің Күн және Аймен байланысты болатындығы анықталды.

 Күн белсенділігінің  жоғары кезеңінде атмосфераның  ағыны қарқындап, ортаның ылғылдылығы артып,  фитомасса ұлғайып, микроорганизмдер мен вирустардың белсенділігі артқанына байланысты, адам организмінде жүрек, қан-тамыр, онкологиялық, нерв жүйесі аурулары көбейеді. Бұлардан басқа тіршіліктің биологиялық ритмдер түріндегі  көрсеткіштерінің циклді өзгерістері – тәуліктік, ай, жыл, жарты жылдық, 2,2-5,5 жыл, 11 жыл, 22 жыл, 88-90 жыл, 180 жыл, 600 жылда байқалады. Әрбір биоритм  гелиоритммен: Күннің айналу кезеңі – 27 күн; Кұн бетіндегі дақтардың сандарының радиосәулелер ағынының өзгеруіне байланысты Күннің белсенділігінің өзгеру кезеңдері, 2,2-2,5 жыл, 5,5-6,0 жыл, 11 жыл, 22 жылдық магниттік цикл – Күннің жалпы магнит өрісінің өзгерістері, сол сияқты 88 жыл, 180 жыл 600жыл.

Адамдарға қатысты өзара  байланыс анық байқалады: тік жүру – 1 жас, сөз сөйлеу, өз бетінше тамақтану 2-2,5 жас, оқып үйрену – 5,5-6 жас, жыныстық жетілу –11 жас, еркектердің ең жоғарғы жыныстық белсенділігі мен әйелдердің өсімталдық қабілеті – 22 жас, еркектердің ең жоғарғы творчестволық белсенділігі мен әйелдердің жыныстық  белсенділігі – 33 жас, әйелдердің көпшілігінде климакс пен еркектедің көпшілігінің жыныстық белсенділігінің тоқтауы – 55 жас.

Дамудың әрбір фазасы Күн циклінің белгілі бір кезеңімен  сәйкес келеді. Л.Н.Гумилев "Этногенез  және Жер биосферасы" атты еңбегінде этногенез (халықтың пайда болуы) проблемалары Күн әсері мен географиялық ортаға тікелей тәуелді деп көрсетті. Географиялық орта Жер биосферасының бір бөлігі болып, Күн жұйесінің құрамына – галактикаға кіреді.

 Этностардың даму  фазалары (эволюциясы) бар, яғни олар пайда болады, дамиды, жетіледі, ескіреді, жойылады. Ал, этностардың арасындағы айырмашылықтар қандай?

 Орыстар, украиндар  мен белорустар, қазақтар, өзбектер  мен татарлар, немістер, француздар  мен ағылшындар, және т.б. арасындағы ерекшелік - тілдік-қоғамдық (лингвистикалық-әлеуметтік) айырмашылық. Бірақ бір ұлтқа жататын адамдардың басқа ұлттар арасында тұрып, осы ұлт тілінде сөйлей тұра, өз ұлтына тән ерекшеліктерін сақтап қалатыны да көп.

 Сонымен, бір ұлт  екінші ұлттардан қалай ажыратылады? Л.Н.Гумилевтің түсінігі бойынша, мінез-құлықтың стереотипі арқылы. Мінез-құлықтың стереотипі тіршілік ететін белгілі бір ландшафтқа байланысты қалыптасады. Этностардың бұдан ары қарай дамуы энергиясы күшті, өз мақсаттарына жету үшін ерекше адамдар -  пассионарилерге байланысты екендігі анықталады.

 Л.Н.Гумилевтің пікірінше,  пассионарилердің белсенділігі  мен іс-әрекеті бойынша халықтар  өміріндегі негізгі тарихи оқиғалар  өтеді. Пассионарилер массаға  (көпшілікке) пасснарлық индукция  жолымен әсер етеді. Пассионарилердің өздерінің іс-әрекеті, белсенділігі, ландшафтпен, тарихи уақыт және Күн белсенділігінің әсерімен, тіпті ғарыштық факторлармен тығыз байланысты.

 Күннің белсенділігі  пассионарлық соғылысқа әкеледі.  Ол жөнінде Л.Н.Гумилев төмендегі гипотезаны ұсынады. Күн белсенділігі ұлғайғанда, ионосфераның қорғаныш қабілеті төмендеп, Күн энергиясы сәулелер түрінде бөлініп, Жер бетінің барлық бөліктеріне таралады. Егер сол кезде электромагниттік толқындар жиілігі Жер бетінің сол бөлігіндегі организмдердің нерв жүйесінің сәйкес толқындарымен бірдей болса, онда бұл организмдер қозу күйіне ұшырайды. Бұндай күйдегі организмдер барлық биологиялық объектілерге тән өзін-өзі қорғау сезімінен айрылып, кез келген бір идея жолында өздерін өлімге қиюға дейін барады. Бұның дәлелі дельфиндер мен киттердің жаппай жағаға шығып қалуы, шегірткелердің қаптап мұхиттарды ұшып өтуі, т.б.

 Осылайша, пассионарлық  соғылыс пайда болады. Оның нәтижесінде  біршама энергияға бай тұлғалар  пайда болып, олар басқаларды  соңынан ерте отырып, этносты қалыптастырады.

 Этногенездің төмендегідей  кезеңдері бар: 1 – көтерілу; 2 -"қызу" – акматикалық кезең, 3 - қалыпты  күйге өту – инерциялық кезең; 4 – обскурация – ауытқулардың  соңғы күйінің кезеңі. Көтерілу  фазасының негізгі ұраны - "этностардың мүддесі ең жоғары". Индивидум үшін ең маңыздысы -қоғам алдындағы міндет.

 Акматикалық фазада (французша акмэ -"төбе") этностар  өзінің ең жоғарғы шегіне жетіп,  одан кейін төмендейді. Инерциялық  фазада негізгі ұран - "өз өзіңмен  бол", индивидуализм қарқындап дамиды; соғыстарда қан төгіліп, бірақ мәдениет дами түседі және онда әркімнің индивидуалдығы көрінеді; даңқ пен байлық талан-таражға түсіп, табиғат пассионарлық елдерде тұрақтанып, бірақ жаулап алынған елдерде бұзылады. Обскурация фазасының ұраны - "басқалар сияқты бол", "біз ұлылардан шаршадық".

 Жасқа байланысты  ауру – жеке сипаты жағынан  ең үздіктердің өлімі. Әркім  тек өз жеке басын ойлайды.

 Мәдениеттің дамуы  әрі қарай жалғасып, мәдени материалдық  құндылықтар жинақталады. Этнос  гомеостазға – тепе-теңдік күйге жетеді. Табиғат не тежеледі, не деградацияланады (бұл кезде этнос жойылады). Этнос дамуының соңында – уақыттың футуристік қабылдануы көтерілістер мен жойқын соғыстарға әкеледі. 1200-1600 жылдан соң этностар өздігінен құриды немесе оларға қарағанда жас және энергияға бай этностар шабуылынан жойылып кетеді. Соңғы кезеңдері – мемориалдық және реликтілік (есте сақтау жойылады).

Гумилевтің концепциясы  барлық халықтардың фольклорындағы этностың түзілуі мен қуатты кездерін еске түсіріп батырлар жырының мәнің түсіндіреді.

 

5.7.Діни эволюция

Информация о работе Адамзат қоғамының эволюциясы