Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 19:54, реферат
Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді.
Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды.
Паркте "сырланған, байқаңыз" деген ескерту жазылған орындықтарда екі профессор әңгімелесіп отырады. Бірі екіншісіне: "Адам өте қызыққұмар жаратылыс иесі. Егер оған ғаламда 8134537540987565443861 жұлдыз бар десең, ол оған сене салады". Ал егер орындыққа "байқаңыз, сырланған" деп жазып қойсаң, ол міндетті түрде қолымен тексеріп көреді.
Адамдардың дамуының белгілі бір кезеңінде діннің шығуы міндетті болды. Діни эволюциясының алғашқы кезеңінде оның түбірі күнделікті тіршіліктегі адамдардың табиғат алдындағы дәрменсіздігі түрінде көрінді. Ол табиғаттың аса қорқынышты құбылыстары – найзағай, жер сілкінулері, вулкан атқылаулары, т.б. алдындағы дәрменсіздік емес, алғашқы адамның табиғатқа әсер ететін құралдары да, немесе оқиғалардың барысын анықтайтын білімі де болмады. Оның іс-әрекетінің барысы мен қорытындысы оның жеке өзіне емес, объективті жағдайлардың барысына байланысты болды. Бұндай жағдайда адам табиғат алдында әлсіз болды, оның тәжірибелік іс-әрекеті де еркін болған жоқ.
Адамның барлық іс-әрекеті екіге бөлінеді: біріншісі – іс-әрекеттің қорытындысы адамның тікелей өзіне байланысты еркін практикалық іс-әрекет, екіншісі – еркін емес, тәуелді іс-әрекет.
Іс-әрекеттің бұл екі түрі арасындағы айырмашылық тек салыстырмалы түрде ғана, олардың арасында өтпелі кезеңнің барлық баспалдақтары бар, дегенмен, ол шынайы түрде сақталады.
Адамның іс-әрекетінің барысында оған және адамның барлық өміріне әсер ететін белгісіз бір күш айқын сезілді. Сондықтан қалыптасып келе жатқан адам өзіне әсер етуші осы күштің құдіретін және бұл күш алдындағы өзінің әлсіздігін сезінуі қажет болды. Алайда бұл тез арада байқала қойған жоқ. Бұндай түйсік сезімнің дамуының белгілі бір деңгейінде қалыптасты. Бірақ, ең маңыздысы, адамның өз іс-әрекетінің белгілі бір саладағы дәрменсіздігін түсіну олардың құрал-жабдық жасау саласындағы дәрменсіздігін түсінусіз мүмкін емес.
Адам өзінің күші мен тіршіліктің белгілі саласының белгілі бір құбылыстарың құдіретін айқын сезінгенде ғана өзінің басқа саладағы әлсіздігін түсіне алады. Ол сол басқа салада өзінің құдіреті жетпейтін белгісіз басқаша бір күштердің бар екенін мойындайды. Осылайша дін пайда болады.
Дін адамның табиғи
не әлеуметтік құбылыстардың
себептері жөніндегі ойлары
Рухани өмірде ерекше орын алған табиғат құбылыстарының шығу тегін түсіндіретін қасиетті мифтер болды. Мифологияның табиғаты туралы түрлі пікірлер бар: мифология фольклордың жанры ретінде ғана емес, сонымен бірге алғашқы “ғылым” немесе “философия” деп те түсіндіріледі. Бірақ мифтер сырт қарағанда фантастикалық ертегілерге ұқсайды. Айырмашылығы, ертегілерге сенбейміз, ал мифтерге сенеміз.
Әдетте мифология шындық емес, мифологиялық уақыттар деп аталатын түсініктерді қарастырады. Бұл адамдардың ата-тегінің өмір сүрген уақыты, батырлар және де басқа мифологиялық тұлғалар туралы болды. Бірақ баяндалуда белгілі бір реттілік болмады, ал фактілердің барлығы дерлік фантастикалық болды.
Алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдардың діни дүние танымының негізгі ерекшелігі, олар өздерін қоршаған табиғи ортадан бөлген жоқ. Өндірістік аумақ, оның жануарлары, өсімдіктері мен минералдық байлықтары, оған әсер ететін табиғи күштер мен осында тіршілік ететін адамдардың топтары –барлығы біртұтас болып қабылданды. Сондықтан табиғатқа адамға тән қасиеттер, ал адамға табиғат қасиеттері тән деп түсінді.
Бұл діни түсініктердің барлық алғашқы түрлерінде - фетишизм, тотемизм, анимизм және магияда ерекше көрініс тапты.
Фетишизм – кейбір жансыз денелердің ерекше құдіретті күштеріне сену, мысалы, үңгірлер, тастар, ағаштар, белгілі бір еңбек құралдары мен тұрмысқа қажетті заттар, т.б. Фетишистік түсініктер - жансыз денелерді жанды дүние ретінде қабылдау. Мысалы, адамдарды өлімнен сақтап қалушы үңгір немесе ашаршылықта адамдар жемісін қорек еткен ағаш, аң аулағанда қолданылған садақ т.б. – фетиш болып саналды.
Тотемизм Австралия аборигендерінде толық сақталған – тотем болып табылатын белгілі бір жануар не өсімдік түрлері, немесе басқа да заттар мен табиғат құбылыстары аборигендер арасында тығыз байланыс бар екендігіне сену. Туыстың аты оның өзінің тотемінің, мысалы, кенгуру не пияздың атымен аталып, олар өз тотемімен қандас туыспыз деп есептеді. Тотемге сиынған жоқ, бірақ оны басқалардың “әкесі” не “ағасы”, т.б. деп санады. Тотемі бір туыстарға өз тотемін өлтіруге, не оған зияндық жасауға не оны тамаққа пайдалануға тиым салынады. Әрбір туыстың өзінің қасиетті орталығы болды, онда тотемдік әдет-ғұрыптар сақталып, олармен байланысты салт-дәстүрлер орындалды. Жалпы алғанда, тотемизм туыстың табиғи ортамен байланысының идеологиялық көрінісі, бейнесі болды.
Анимизм – белгілі бір денелер бойында болатын ерекше құдіретті күш иелеріне сену.
Анимистикалық сенімдер табиғатқа жан бітірумен байланысты болды. Олардың бастамалары алғашқы қауымдық қоғам кезеңінде-ақ: тасманиялықтарда, австралиялықтарда, отты жерліктерде және басқаларда қайтыс болған адамдардың жаны, шайтандар мен аруақтар туралы түсініктер болды.
Магия немесе сиқыршылық - адамдардың басқа адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, тіпті табиғат құбылыстарына әсер ету қабілетіне сену. Бақыланып отырған құбылыстардың өзара байланыстарының шын мәнін түсінбей, кездейсоқ сәйкестіктерді дұрыс түсінбей, кей адамдар сөз және белгілі бір әрекеттер арқылы басқа адамдарға көмектесуге не керісінше зиян етуге болады деп сенді. Магия: “ақ” (қорғаушы) және “қара” (жамандық жасаушы) болып бөлінді. Магияның басқа да систематикасы әсер ету объектісіне байланысты: өндірістік, махаббат, емдік, т.б. магия болып бөлінді.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, магия дін бола коймаған, өйткені адамнан күшті құдірет иесін емес, адамның мүмкіндіктерін дәріптейді. Бірақ фетишизм, тотемизм мен анимизмде табиғаттан тыс құдірет қауымдық қоғам кезеңінде-ақ: тасманиялықтарда, австралиялықтарда, отты жерліктерде және басқаларда қайтыс болған адамдардың жаны, шайтандар мен аруақтар туралы түсініктер болды.
Ертедегі жер иеленушілік қоғамда Аспан еркек мен Жер әйелдің арасындағы неке туралы қарсы жағымсыз күштерді бағындыруға тырысты.
Егін шаруашылығының пайда болуына байланысты өсірілетін өсімдіктер мен олардың өсіуіне тікелей әсер ететін Күн мен Жердің күші деген ұғым қалыптасты. Мысалы, ирокездер маис, бұршақ және асқабақ “үш апалы-сіңлілер“, “біздің өмір“ не “бізді асыраушылар“ деп олардың рухына табынды. Ирокездердің алты мейрамдарының төртеуі егін шаруашылығына байланысты болды: жаңа жыл, егін себу, көк дән және өнім жинау. Күн – күш иесі, Жер топырақ құнарлылығын көтереді, жаңбыр шақырады, т.б. магиялық ұғымдар кең тарады. Осы сияқты мал шаруашылығында да ұғымдар қалыптасты.
ТАРАУ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Қоғамның қалыптасу кезеңдері:
ертеқауым, алғашқы қауымдық
2. Жыныс аралық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, басымдылық, конфликттер және отбасы пайда болуының алғы шарттары.
3. Алғашқы адамдардағы қарапайым отбасы туралы түсініктер мен көзқарастар.
4. Туыстық құрылымдардың
5. Ертедегі өркениеттің пайда
болуы, алғашқы қауымдық
6. Билік түрлері, олардың
Р.А. Мирзадиновтың
«Жаратылыстану концепциялары»
еңбегінен алынды