Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 09:26, дипломная работа
Төтенше экологиялық жағдайлар мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары көрсетілген. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауды ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру, оның даму теориясын жасау мен осы салада зерттеулер жүргізу ісіне де кең мән берілген. Бұл жайлар экологиялық кодекстің елімізде экономика мен экологияны тұрақты дамытудың жолдарын бағдарлауда үлкен маңызы мен орны болатынын байқатады.
Кіріспе........................................................................................................... 3
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1. Атмосфералық ауаның химиялық жолмен ластануы, ауаның сапасын бақылау және адам ағзасына әсері ....................................................................... 6
1.2. Елді мекендердегі атмосфералық ауаны ластайтын көздер және ауаның сапасын бақылауды ұйымдастыру........................................................................8
1.3. Атмосфералық ауа ластануының тұрғындар денсаулығына әсері............12
2. ТАБИҒИ - КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
2.1 Табиғи - климаттық жағдайларға жалпы сипаттама....................................18
3. ЗЕРТТЕУДІ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН БАҒДАРЛАМАСЫ
3.1. Атмосфералық ауаны сапасына эксперимент жүргізудің әдістері, бағдарламасы, ұйымдастыруы мен оның құралдары........................................22
3.2. Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен орнының жалпы сипаттамасы...29
4. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
4.1. ҚМГК кен орнына жақын орналасқан елді мекендердегі атмосфералық ауа жағдайы туралы зерттеулердің нәтижелері.................................................31
4.1.1. Күкірт сутегін анықтау...............................................................................31
4.1.2. Күкіріт қос тотығын анықтау ……………………………………............35
4.1.3. Азот қос тотығын анықтау ........................................................................36
4.1.4. Көмір қышқыл газын анықтау...................................................................37
5. Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны аймағында атмосфералық ауаның ластану мониторингілеу.........................................................................39
6. Атмосфераға таралатын шығарындыларды азайту бойынша шаралар.......43
Қорытынды……………………………………………………………......49
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ…………………………….........................................51
Қолданылған әдебиеттер тізімі ................................................................54
Қосымшалар……………………………………………………………....57
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1. Атмосфералық ауаның химиялық жолмен
ластануы, ауаның сапасын бақылау және
адам ағзасына әсері ..............................
1.2. Елді мекендердегі атмосфералық
ауаны ластайтын көздер және ауаның сапасын
бақылауды ұйымдастыру...................
1.3. Атмосфералық ауа ластануының тұрғындар денсаулығына әсері............12
2. ТАБИҒИ - КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
2.1 Табиғи - климаттық жағдайларға
жалпы сипаттама.....................
3. ЗЕРТТЕУДІ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН БАҒДАРЛАМАСЫ
3.1. Атмосфералық ауаны сапасына эксперимент
жүргізудің әдістері, бағдарламасы, ұйымдастыруы
мен оның құралдары.....................
3.2. Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен орнының жалпы сипаттамасы...29
4. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
4.1. ҚМГК кен орнына жақын орналасқан елді
мекендердегі атмосфералық ауа жағдайы
туралы зерттеулердің нәтижелері....................
4.1.1. Күкірт сутегін анықтау.......................
4.1.2. Күкіріт қос тотығын анықтау ……………………………………............35
4.1.3. Азот қос тотығын анықтау ..............................
4.1.4. Көмір қышқыл газын анықтау.......................
5. Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен
орны аймағында атмосфералық ауаның ластану
мониторингілеу................
6. Атмосфераға таралатын шығарындыларды азайту бойынша шаралар.......43
Қорытынды………………………………………………………
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ…………………………….............
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ..............................
Қосымшалар……………………………………………………
КІРІСПЕ
Қазіргі Қазақстанның дамуы 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспар негізінде атқарған істердің нәтижесі, экономиканың тұрақтануы, оның көтерілуі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы жалпы ұлттық саясаттың негізгі тірегі болып табылады.
Ұзақ уақыт бойы біз экология мәселесін сөз жүзінде әңгемелеп келгенмен, нақты тұжырымдамалар мен нақты заңды түрде қабылданған кодекс болған жоқ, сондықтан экологиялық мәселелерді шешу кодекске негізделеді.
Қазақстанның казіргі экологиялық жағдайы, тұтас қарағанда, бүкіл республиканың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп, жалпы дамуға кедергі келтіріп отырғаны да аян.
Нарықтық экономикадағы табиғи ресурстардың үлес салмағының азаюы, олардың ысырабының молаюы орын алуда. Ішкі өнімнің өсуі қалдықтардың көбеюіне соқтырып олар қоршаған ортаны ластауда. Қазіргі есеп бойынша, ел аумағынығ 75 пайызға жуығы экологиялық тұрақсыздыққа тап болып отыр. Ластанулар мен қалдықтардан бөлінетін улы заттар табиғи ортаға әсер етіп, халықтың денсаулығына зиян келтіруде.
Жер ысыраппен пайдаланылып, өсімдік жамылғысы сиреп, жарамсыз телімдер көбеюде. Даланың өзіне тән құстары мен жануарлары азайып кетті.
«Тиімді пайдалану»
деген ұран болған жоқ. Жаңа
экологиялық коддекс осы
Экологиялық кодекс табиғат ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға, оны тұрақты дамытуға, ол үшін техникалық әлеует құру ісіне, өндірісте, ауыл шаруашылығында, көлік жүйесінде экологиялық таза және экономикалық жағынан тиімді технологияларды енгізуді ұсынады. Мұндай технологиялар қоршаған орта үшін рентабельді және өндірістік жағынан қауіпсіздікті қамтамасыз ететін коммуникативтік және ақпараттық құралдарды, басқару мен есептеудің жаңа тетіктерін (экологиялық маркетинг және менеджмент, сақтандыру, табиғат қорғау қызметін есепке алу, т.б.) үйлестіретін кешенді жүйемен іске асады. Сонда ғана өндіріс орындары пайдасыз қалдықты аз шығарып, экологияны бұзудан тыйылатын болады. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, қалдықтарды қайта кәдеге жаратады. Жаңартылатын ресурстар мен балама энергия көздері тиімді және ұтымды пайдаланылады.
Қазіргі қоршаған ортаның
қолайсыздығынан адамның
Бұл саладағы міндеттерге халықтың денсаулығын экологиялық қолайсыз жағдайлардан қорғау, елді мекендерде қоршаған орта нормативтерін сақтау, өнеркәсіп нысандарын елді мекеннен тысқары жерге шығару, экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру, халықтың денсаулығына экологиялық тұрғыдан келген зиянды өтеу, т.б. жатқызылған. Төтенше экологиялық жағдайлар мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары көрсетілген. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауды ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру, оның даму теориясын жасау мен осы салада зерттеулер жүргізу ісіне де кең мән берілген. Бұл жайлар экологиялық кодекстің елімізде экономика мен экологияны тұрақты дамытудың жолдарын бағдарлауда үлкен маңызы мен орны болатынын байқатады.
Шындығына келсек экология
мен экономика екеуі бір
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында орналасқан Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны Қазақстан экономикасына қосар үлесі орасан зор және осы аймақтың экологиясына өз ықпалын тигізері анық.
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1. Атмосфералық ауаның химиялық жолмен ластануы, ауаның сапасын бақылау және адам ағзасына әсері
Атмосфера - Жердің газ тәрізді қабаты. Атмосфералық ауаның ластануы екі үлкен топқа бөлінеді: фондық және антропогендік.
Фондық ластану - елді мекендерден, қалалардан және өнеркәсіптік объектілерден алыс жерлердегі әртүрлі қоспалардың (газ, шаң, химиялық заттар) шоғырлануы елді мекендерге арналған ШРК-дан әлдеқайда аз (2-3 есе және одан жоғары) атмосфералық ауа сапасының күйі.
Бұл ластанулар негізінен табиғи үрдістердің нәтижесінде (теңіздерден, мұхиттардан, көлдерден шығатын буланулардан, жанартаулар атылуынан, табиғи болып тұратын циклондар мен антициклондардан, биогеохимиялық шет аймақтарынан, табиғи радиациялық фоннан) пайда болады.
Мәселен, жер қыртысынан сынаптың буланып ұшуы жыл сайын 2500-ден 125000 тоннаға дейін жетеді, ал әлемдік мұхитта осы элемент 70 млн. тоннаны құрайды.
Кадмийдің
табиғи шоғырлануы
Таза аудандардағы атмосфераның фондық сапасын экологиялық-гигиеналық тұрғыда білу антропогендік әсерлерді анықтау мақсатында ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы ауаның сапасымен салыстыру үшін қажет. Әдетте фондық ластанулар деңгейін тұрақты түрде байқауларды үзіксіз жұмыс істейтін Мемлекеттік гидрометеорология станциялары жүзеге атырады. Мәселен, қоршаған ортаның сапасын фондық сапасына фондық байқаулар Қазақстандағы Бурабай станциясында, Орта Азияның, Тяньшанның биіктаулы мұздықтарында жүргізіледі.
Алайда, ірі
өнеркәсіптік аймақтардағы
Антарктикада мұздарында көне кезеңмен салыстырғанда қорғасын мөлшері 6 есе, Гренландия мұздарында 200 есе өсті.
Қазақстанда
фондық ластанулар жерлерді
Атмосфералық бассейнді антропогендік ластанулар - адамның шаруашылық қызметі нәтежесінде өнеркәсіптік, энергиялық, транспорттық және ауылшаруашылық көздерінен зиянды шығарындылардан болған, атмосфера сапасының өзгертулері.
Елді мекендердің ауа бассейнінің антропогендік ластануларының тигізетін әсерлері атмосфералық ауа сапасының нашарлауы арқылы білінеді, ал ол қоршаған ортаның басқа объектілерінің (топырақ, өсімдік) сапасы нашарлауына ықпал жасауы және тұрғындар денсаулығының күйіне кері әсер етуі ықтимал.
Атмосфералық ауа ластануы және әсер етуіне байланысты мынандай үлгіде топтауға болады:
1.2. Елді мекендердегі атмосфералық ауаны ластайтын көздер және ауаның сапасын бақылауды ұйымдастыру
Өзіне тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттердің әлдебір ортаға енгізілуі немесе осы ортада агенттердің табиғи орташа көпжылдық деңгейінен асуы ластану деп аталады.
Қоғамның
қазіргі таңдағы даму
Атмосфераны ластаушылар физикалық күйі бойынша былайша бөлінеді:
1. Газ тәрізділер (көміртегі тотықтары, күкірт тотықтары, азот тотықтары, көмірсутектер)
2. Күрделі химиялық құрамның шаңы, ол негізінен кремний қос тотығынан, ауыр металдардан тұрады.
3. Аэрозольдар - әртүрлі қышқылдар (күкіртті, тұзды) су булары, майда шаң. Аэрозольдардың орташа көлемі 1-5 мкм құрайды. Жер бетінде жыл сайын 1 куб.км. жасанды шаң тозаң түседі. Бұлардың көп бөлігі адам қолымен өнеркәсіп кәсіпорындарында шығарлылған шығарындылар. Кейбір техногендік шаң тозаңдар төменде көрсетілген:
(Шаң тозаң шығару млн.т/жыл)
1. Көмірдің жануынан
2. Шойын балқытудан 20,210
3. Жезді балқытудан (тазартылмаған) 6,230
4. Мырышты балқытудан 0,180
5. Қолайыны балқытудан (тазартылмаған) 0,004
6. Қорғасынды балқытудан 0,130
7. Цемент өндіруден
Жасанды шаң-тозаңды шығарудың негізгі көздерінің бірі жылу электр станциясы. Отын түгел жанып бітпесе, көміртегі тотығы пайда болады. Пайдаланатын отын күкіріттілігімен де сипатталады. Қатты отын сұйық отынға қарағанда шамалы күкірттілігі арқылы (1,5-1,7% шамасында) ерекшеленеді.
Сонымен, қатты отынды
(көмір) жұмыс істейтін жылыту –энергетикалық
нысандардың атмосфераға
Атмосфералық ауа тазалығын бақылауды 3 негізгі бөлікке бөлуге болды:
1. Ауаның диффуздық ластануына жүйелі түрде бақылау орнату - стационарлық күзеттер торабын құру жолымен жүргізіледі. Бұл, елді мекендердің ауа бассейнінде зиянды заттардың орташа мөлшерін анықтап береді.