Атмосфералық ауаның химиялық жолмен ластануы, ауаның сапасын бақылау және адам ағзасына әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 09:26, дипломная работа

Описание работы

Төтенше экологиялық жағдайлар мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары көрсетілген. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауды ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру, оның даму теориясын жасау мен осы салада зерттеулер жүргізу ісіне де кең мән берілген. Бұл жайлар экологиялық кодекстің елімізде экономика мен экологияны тұрақты дамытудың жолдарын бағдарлауда үлкен маңызы мен орны болатынын байқатады.

Содержание работы

Кіріспе........................................................................................................... 3
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1. Атмосфералық ауаның химиялық жолмен ластануы, ауаның сапасын бақылау және адам ағзасына әсері ....................................................................... 6
1.2. Елді мекендердегі атмосфералық ауаны ластайтын көздер және ауаның сапасын бақылауды ұйымдастыру........................................................................8
1.3. Атмосфералық ауа ластануының тұрғындар денсаулығына әсері............12
2. ТАБИҒИ - КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
2.1 Табиғи - климаттық жағдайларға жалпы сипаттама....................................18
3. ЗЕРТТЕУДІ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН БАҒДАРЛАМАСЫ
3.1. Атмосфералық ауаны сапасына эксперимент жүргізудің әдістері, бағдарламасы, ұйымдастыруы мен оның құралдары........................................22
3.2. Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен орнының жалпы сипаттамасы...29
4. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
4.1. ҚМГК кен орнына жақын орналасқан елді мекендердегі атмосфералық ауа жағдайы туралы зерттеулердің нәтижелері.................................................31
4.1.1. Күкірт сутегін анықтау...............................................................................31
4.1.2. Күкіріт қос тотығын анықтау ……………………………………............35
4.1.3. Азот қос тотығын анықтау ........................................................................36
4.1.4. Көмір қышқыл газын анықтау...................................................................37
5. Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны аймағында атмосфералық ауаның ластану мониторингілеу.........................................................................39
6. Атмосфераға таралатын шығарындыларды азайту бойынша шаралар.......43
Қорытынды……………………………………………………………......49
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ…………………………….........................................51
Қолданылған әдебиеттер тізімі ................................................................54
Қосымшалар……………………………………………………………....57

Файлы: 1 файл

Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны аумағының атмосфералық ауаның ластануы.doc

— 494.50 Кб (Скачать файл)

        Бақылау постарын орналастыру.

        Атмосфералық ауаның сапасын бақылау  пунктерінде орынды тандап алу осы үш міндетті шешудің негізгі және түйінді мәселесі:

         Атмосфералық ауаның ластануын дұрыс және объективті бағалау бақылау  пунктін  дұрыс тандап  алуға  байланысты болады.

         Ол үшін мынадай міндеттерді орындауға тиіс:

         1) Өнеркәсіптік объектілер, тұрғын  үйлер, автомобильдік магистральдары, демалу аймақтары, мектептер мен балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің орналасуын ескере отырып, қаланың жоспарлануын бөлшектеп зерттеу;

         2) өнеркәсіптің өзіне тән ерекшеліктерінің мәліметтерін және  басқа зерттеушілерден (Мемтабиғатком, Гидромет) алынған атмосфера ластануы  туралы  деректерді алу;

         3) ауаның ластану көздердін есепке алуды жүргізу;

         4) «желдің мөлшерлігі», «ауа ағысының жылдамдығы», секілді ұғымдарды қамтитын жергілікті жерлердің метеорологиялық және географиялық жағдайларымен танысу, инферсиялардың және басқалардың болуы;

         5) ауаны ластаушы көздердің тигізетін әсерінің үлгісі бойынша елді мекендерді болжамдап аймаққа бөлу.

         Енді міндеттердің әрқайсысын қысқаша жеке қарастыралық.

         1. Қаланың жоспарлануын зерттеу. Бұл міндетті орындау үшін қаланың бас жоспарын зерттеу керек. Мұнда үнемі соғатын желдердің бағытын ескере отырып, тұрғын үйлерге қатысты өнеркәсіптік кәсіпорындардың орналасуы, солардың арасындағы  санитарлық-қорғау аймағының сақталуы мен сипаты, сол аудандардағы мектептер мен балалар мекемелеріне қатысты магистральдық  автомобильдер жолдарының орналасуы және олардың ара-қашықтықтарына көңіл аудару қажет.

         2. Өндірістің өзіне тән ерекшеліктері туралы мәліметтер - әрбір өндірісте болуға тиісті технологиялық паспорттан және кәсіпорынның техникалық-экономикалық негіздемелерінен алуға болады. Ол мына  сұрақтарға көніл аударуы тиіс:

         - кәсіпорын  өндейтін шикізат  сипаттамасына;

         - алынатын  өнімнің сипаттамасына;

         - шаң-газ   тазалау кезендердінде тазалаудың  тиімділік дәрежесіне;

         - ұйымдастырылған  және ұйымдастырылмаған шығарындылардың  сипатына. Бұл жерде ұйымдастырылған шығарындылар құбырының биіктігін ескеру қажет.

         3. Үшінші міндетті орындау үшін - қаланың әрбір өндірісі бойынша осындай мәліметтер алынуы керек.

         4. Жергілікті жердің географиялық және метеорологиялық жағдайлары туралы мәліметтерді эколог жергілікті табиғат қорғау және гидрометеорология мекемелерінен алуына  болады. Онда:

         - жергілікті  жер сипаттамасы (далалы, ойлы-қырлы, таулы немесе бір жағы тауға тірелген алқап);

         - ұдайы  соғатын желдің бағытын және  олардың жылдамдығын зерттеу  мақсатында гидрометеорологияның әр айлық, әр жылдық деректері бойынша «желдің мөлдірлігінің» жағдайы;

         - атмосфералық  жауын-шашындар (әр айлық, әр жылдық);

         - жергілікті  жердің температуралық режимі, жыл  бойы штильдік күндердің болуы.

         5. Қала аумағын болжамды аймаққа бөлу - белгілі бір аймақтан дамуының бас жоспары негізінде жүргізе алады.

        Сынамасын іріктеу уақыты мен биіктігі:

      - Атмосфераның ауа қосылысын анықтауға алынатын сынамасын іріктеуді жер бетінен 1,5-3,5 м биіктікте алынады..

       - Ауаның құрамын бір реттік анықтауға алынатын сынаманы іріктеу уақыт 20-30 минут. Зиянды заттардың күндік концентрациясын анықтауда сынама іріктеу уақыты тоқтаусыз - 24 сағат, ал толық бағдарламаны қадағалау белгілі бір уақытта әр бір 20-30 минут сайын тексеріледі.

      Метрологиялық бақылауды ұйымдастыру. 

      Санитарлық және маршруттық постарда ауаның құрамын тіркеу мен сынама іріктеуде ауа-райы, желдің бағыты мен жылдамдығы, ауаның температурасы мен ылғалдылығы, факельді бақылауда - желдің жылдамдығы мен бағытын тексереді. Метерологиялык тексеру - 10минутқа созылады.

         Іріктеу сынамасының режимі.

    Атмосферадағы көптеген зиянды қосылыстардың концентрациясын анықтауда зертханалық әдістер қолданылады. Сынама аспирация жолымен жасалады. Ол үшін белгілі атмосфералық ауаның көлемінен заттарды ұстаушы сұйық немесе қатты сорбентпен жабдықталған  немесе аэрозольдарды ұстаушы аэрозольды фильтрмен жабдықталған сору құралы сорып алады. Анықталушы қосылыстар үлкен көлемде ауадан сорбент пен фильтрде кіші көлемде топталады. Сынама көлемі, сору құралында ауаның жұмсалу  есебі, аспирация уақыты, сору құралы мен фильтрлердің түрлері анықталушы затқа байланысты болады .                               

        Өлшеу құралдары мен әдістері.

   Атмосфераның ластануын қадағалауда зертханада физикалық-химиялық және физикалық әдістер: фотоколориметрии, атомдық- абсорбциялық спектрофотомерия, газды хроматография пайдаланылады.

      Жүргізілген әдістердің көп бөлігі органикалық емес заттар  мен кейбір органикалық заттар, олардың химиялық қайта түрленуіне кезінде боялуы мен ерітіндінің оптикалық тығыздығы фотометр әдісімен талдау қолданылады. Таңдаулы  химиялық реакциялардың толық санының көптігі, қарапайымдылығы, түсініктілігі мен өнімділігінің болуы  бұл әдісті ауадан іріктеліп алынған талдаудың анализдер сериясын  жүргізуде кеңінен қолдану үшін қолайлы.

Жарық толқынының қажетті  ұзындығына дейін нақты келтіру мүмкіндігі, сәйкесінше онша жоғары емес баға,  онша үлкен емес масса мен габриттер КФК-3 фотометрімен сәтті сәйкес келеді. Бұл құрылғы  сонымен қатар квета ағынына ие және дисплейге немесе баспа құралына концентрация өлшемімен өлшеу нәтижесін шығаруға мүмкіндік береді.

Өлшемдер  нәтижелері мен олардың аналитикалық  талдауларын бас мекемеге  рұқсат алу үшін жіберіп отыру керек. Өлшеу құралдары  кешенді  зертханаларда, маршруттарда және  факледік постыларда орналастырылады. Проба іріктеу үшін электроаспираторлар не ауа таңдағыштар қолданылады.

Қоспаның  концентрациясын  келешекте айқындау мақсатында жұтқыш приборлар ауаның бір реттік пробасын іріктеу үшін 822 және ЭА-1 моделді  электроаспираторлар қолданылады немесе ауаның бір реттік пробасын циклдік іріктеу үшін «Компонент» ауа таңдағышын қолданады.

 Казіргі техниканың қарыштап өсу заманында 20 секундқа дейін өлшейтін жаңа приборлар шығарылуда, мұнда НПО «Прибор» шығарған ГАНК-4АР приборы бір реттік анықтауға алынатын сынамаға қолданылады.

 

 

 

 

3.2. Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен орнының жалпы сипаттамасы.

          1979 жылдың 1 тамызында Қарашығанақ  селосының маңындағы № 10 іздестіру  ұңғылмасынан газ бен конденсат  байқалды. Осы оқиға Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен орнының ашылуы болып саналады. Кенішті белсенді игеру 1981 жылы басталды. Қазақгазөндірісі басқармасы құрылды.

1981 жылы қарашада бұрғылау  жұмысының басқармасы ұйымдастырылды.

1984 жылы кешенді дайындау  қондырғысының (ГП-16) құрылысы аяқталып, алғашқы ондаған мың текше метр газ Орынбор газ өндеу зауытына жіберілді, сөйтіп кенішті тәжірибелік-өндірістік пайдалану басталды.

Бұдан кейінгі екі  жылдың  ішінде 5 миллиард текше метр газ және 3  млн. тонна конденсат  өндірілді.

1992 жылдың ақпанында Қазақстан Үкіметі, шетелдік серіктестер таңдау үшін шарт әзірлеп, ҚМГКК әрі қарай игеруге конкурс жариялады.

Алматыда, 1-ші шілдеде  Қазақстан Үкіметі мен «Бритиш-Газ» Альянсы арасында кенішті өндірістік игеруге ниет білдірген хаттама  қол қойылды.

1992 жылдың тамызында  Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев  ҚМГКК іс-сапармен келді.

«Қарашығанақгазөндірісі»  МК басшылығымен кездесуде Президент  «Аджип» және «Бритиш Газ» фирмаларымен бірлескен кәсіпорын құру мәселесін  талқылап, кенішті игеруге ниет еткен осы фирмалармен хаттамаға қол қойылғандығын хабарлады. Қыркүйек айында шетелдік мамандар келіссөз шеңберіндегі келісім бойынша ақпарат алмасу мақсатымен «Қарашығанақ» МК-на келді.

1992 жылы қазан айында  Ақсай қаласында «Аджип» және  «Бритиш Газ» фирмаларының келісім шарт мамандары әзірлеудегі жұмыс тобы құрылымының жобасын техникалық экономикалық негіздеме, экономикалық шығындар бағдарламасын ұсынды.

1993 жылдың қаңтарында  ҚМГКК өндіру жөніндегі конкурсқа  ағылшын-норвегиялық консорциум  «Бритиш Петролеум» мен «Статойл» бір жағынан, «Аджип» пен «Бритиш Газ» екінші жағынан қатысты.

1995 жылғы 2 наурызда  Қазақстан мен «Бритиш Газ»  «Аджип-РАКГазпром» альянсы арасында  Қарашығанақта бірлесіп жұмыс  жасау жөнінде аралық келісімге  қол қойылды. Келісімнің негізгі мәні –кенішті сақтап қалу, кенішпен бірге № 3 газ айдау қондырғысын қауіпсііз жағдайда ұстау, ұңғымаларды күрделі жөндеу мәселелері болатын. Осы мақсаттарға жыл сайын 70-80 млн.доллар бөлініп отырды.

Қарашада Вашингтонгда Қарашығанақ өнімін бөлу жөніндегі Негізгі Келісімге қол қойылды. Келісім-шарт 40 жылға жасалды. Оның қатысушылары «Бритиш Газ» - «Аджип»- «Тексако»- «Лукойл» фирмалары. Қарашығанақтағы газ өндіру көлемін жылына 20 млрд. Кубметрге жеткізу, ал Конденсат өндірудің көлемін 12 млн тоннаға жеткізу көзделді

1998 жылдың 27 қаңтарында  негізгі келісім өз күшіне  енді.

1998 жылы майда Орал  қаласыда ҚМГКК жобасы дамуының  тұсаукесері болды. Тұсаукесерге  альянс басшылығы мен  жергілікті  билік органдарының басшылары  қатысты.  1998 жылдың маусым айында КПС-тің жаңа Бас менеджері болып Пол Джордан тағайындалды. 1998 жылдың 27 шілдесінде мұнай кәсіпшілігі компаниясы құрылып, Голландияда тіркелді

1998 жылдың 19 қарашыснда  компания Қазақстанда тіркелді. Сондықтан, Қарашығанақта 40 жыл  бойына «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» жұмыс істейді.

КПО тату көршілік саясатын ұстайды және жауапты корпоративті азамат болуға тырысады, оған компаниялар  мен қоғам арасындағы мықты әріптестік қарым-қатынастар дәлел бола алады. КПО жыл сайын Батыс Қазақстан  облысының әлеуметтік инфрақұрылымының өркендеуіне 10 миллион доллар инвестиция салады. Қазіргі уақытта КПО-ның әлеуметтік жобаларға салған инвестицияларының көлемі 120 миллионға доллар жетті, 40 жыл ішінде бұл инвестициялардың жалпы сомасы 400 миллионды құрайтын болады.

Аяқталған әлеуметтік жобаларға  жаңа мектептер, ауруханалар, жолдар, спорт  және мәдени нысандар, сол сияқты сумен  қамту жүйесін жақсарту жұмыстары  кіреді.

2004-2006 жылдары КПО-ның  әлеуметтік бағдарламалары шеңберінде  жүзеге асырылған жобаларға мыналар жатады:

Бассейіннің құрылысы, кардиологиялық және перинатальдық орталықтардың  құрылысы, Орал қаласындағы газтурбиналық  электростанциясының, Астана қаласындағы  ҚР ұлттық кітапханасының құрылысы, Ақсай  қаласындағы суды тазарту кешені, сол сияқты жол салу, оны жөндеу мен қайта жасау, мектеп, мәдениет үйі, газ желісі, облыстағы спорт ғимараттары.

Бұдан басқа КПО қоғамдық топтарға, жетімдер үйіне, ауруханаларға, мүгедектер үйі мен Ақсай қаласы мен Орал қаласындағы жағдайы  төмен отбасыларға қолдау-көмек  көрсетіп отырады. КПО сол сияқты Қазақстан студенттері мен мектеп оқушылары үшін білім бағдарламаларына үлкен демеушілік көмек көрсетіп отырады.

КПО қызметінің маңызды  бағыттарының бірі еңбек және қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігін  сақтау болып табылады.

КПО-ның мақсаты-осы  салада жетекші  орын алу. Соңғы 3 жыл  ішінді табиғат қорғау шаралары үшін 100 миллион инвестиция жасалды.

Компания алдыңғы оператордан  қалған қалдықтардан кен орны аумағын  тазарту үшін аз күш жұмсаған жоқ. КПО мамандары 28 иесіз қалған бұрғылау қондырғыларын алып тастады, 73000 тонна өндірістік қалдықтарды көмді, және 52 гектар жерді қалпына келтірді.

Бүгінгі таңда компания Қарашығанақтың биологиялық жүйесінің  сақталуы мен оны қорғаудың барлық қолда бар мүмкіндіктерін жасауда, осылайша кен орны аумағында табиғи ортаның жақсаруы мен өркендеуіне жағдай тұғызуда, сөйтіп табиғаттың биологиялық жан жақты қалыбын сақтауға көмектесуде.

 Қалдықтарды жою-өндіріс  жұмыстарының ажырамас бөлігі  болып табылады. Қалдықтар санын  азайту мақсатында КПО жаңа замаңға сай кешен тұрғызды, онда кен орнындағы барлық өндірістік нысандардың технологиялық жабдықтары халықаралық экологиялық стандарттарға сай келеді. Мәселен, Қарашығанақ қайта өндеу кешені электростанциясының генераторы ғажайып құрғақ жану жүйесімен жабдықталған, осының арқасында электростанциясы әлемдегі ең экологиялық таза электростанциясы болып табылады.

 Міндетті түрде  техника қауіпсіздігін сақтай  отырып, жоғары өндірістік нәтижелерге  жету-бұл тек КПО қызметкерлерінің  ғана емес, сол сияқты барлық мердігерлік ұйымдар мен жабдықтау мекемелерінің, Қарашығанақ өндірісіне қатыты барлығының алдына қойған мақсаты. Өйткені, техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау стандарттары бәріне де бірдей. Компанияның түпкілікті мақсаты-барлық қызметкерлер мен мердігерлер үшін толық өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

4.1. ҚМГК кен орнына жақын орналасқан елді мекендердегі

атмосфералық ауа жағдайы  туралы зерттеулердің нәтижелері

4.1.1. Күкірт сутегін анықтау

 

«Қарашығанақ Петролиум  Оперейтинг б.в.» (ҚПО) Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді мекендердегі атмосфералық ауа жағдайын күнделікті бақылау АӨО «Gidromet LTD» ЖШС-де жүргізілді. Бұл бақылау қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау органдарында мақұлдаудан өткен «ҚПО б.в. Қарашығанақ мұнайгазконденсат кенорнында жүргізілетін қоршаған ортаны өндірістік мониторинг бағдарламасы» негізінде жүргізілді.

Информация о работе Атмосфералық ауаның химиялық жолмен ластануы, ауаның сапасын бақылау және адам ағзасына әсері