Атмосфералық ауаны қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 15:10, реферат

Описание работы

Осы Заң атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсiздiгiн қамтамасыз етуге және адамның өмiрi мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған орта мен оның жай-күйi туралы дұрыс ақпарат жөнiндегi азаматтар құқықтарын iске асыруға бағытталған.

Файлы: 1 файл

атмосфералық ауаны қорғау.docx

— 43.06 Кб (Скачать файл)

                           Атмосфералық ауаны қорғау

Қазақстан Республикасының  Заңы 2002 жылғы 11 наурыз N 302-ІІ. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Заңымен.

  • Мәтін
  • Қосымша ақпарат
  • Өзгерістер тарихы
  • Екі тілде
  • Көшіру
  • Басып шығару

 

      Осы Заң  атмосфералық ауаны қорғаудың  құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк  негiздерiн айқындайды және Қазақстан  Республикасының экологиялық қауіпсiздiгiн  қамтамасыз етуге және адамның  өмiрi мен денсаулығы үшін қолайлы  қоршаған орта мен оның жай-күйi  туралы дұрыс ақпарат жөнiндегi азаматтар құқықтарын iске асыруға  бағытталған.   

1-тарау.  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР         

1-бап.  Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар     

 Осы Заңда  мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:   
      1) атмосфералық ауа - қоршаған ортаның атмосфера газдарының табиғи қоспасы болып табылатын компонентi;   
      2) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету - атмосфералық ауаның температуралық, энергетикалық, толқындық, радиациялық және басқа да физикалық қасиеттерiн өзгертетiн шудың, тербелiстiң, иондаушы сәуленiң, температуралық және басқа да физикалық факторлардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды  әсер етуi;  
      3) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативi - атмосфералық ауаға шу, тербелiс, электромагниттiк және басқа да физикалық әсер ететiн әрбiр көз үшiн белгiленетiн және зиянды физикалық әсер ету атмосфералық ауаға физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi деңгейлерiнiң артуына әкеп соқпайтын норматив;   
      4) атмосфералық ауаға физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi деңгейi - атмосфералық ауаға физикалық ықпал ету нормативi, ол атмосфералық ауаға физикалық әсер етудiң адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер жасалмайтын ең жоғары деңгейiн көрсетедi;   
      5) атмосфералық ауаны, қорғау - атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға және оның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер етуiн болғызбауға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;   
      6) атмосфералық ауаның ластануы - зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаға түсуi немесе онда пайда болуы;   
      7) атмосфералық ауаның мониторингi - атмосфералық ауаның жай-күйiн, оның ластануын бақылау жүйесi, сондай-ақ атмосфералық ауаның жай-күйiне, оның ластануына баға беру мен болжам жасау;   
      8) атмосфералық ауаның сапасы - атмосфералық ауаның гигиеналық және экологиялық нормативтерге сәйкестiгi дәрежесiн көрсететiн физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерiнiң жиынтығы;   
      9) атмосфералық ауаның трансшекаралық ластануы - физикалық көзi толық немесе iшiнара бiр мемлекеттiң ұлттық юрисдикциясындағы аумақтың шегiнде орналасқан және терiс ықпалы басқа мемлекеттiң юрисдикциясындағы аумақта байқалатын атмосфералық ауаның ластануы;   
      10) атмосфералық ауа сапасының гигиеналық нормативi - атмосфералық ауадағы зиянды (ластаушы) заттардың жол берiлетiн шектi шоғырлануын көрсететiн және адамның денсаулығына зиянды әсерi  жоқ атмосфералық ауа сапасының өлшемi;   
      11) атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативi атмосфералық ауадағы зиянды (ластаушы) заттардың ең көп құрамын көрсететiн және қоршаған ортаға зиянды әсерi жоқ атмосфералық ауа сапасының өлшемi;   
      12) ауада зиянды (ластаушы) заттардың жол берiлетiн шектi мөлшерде шоғырлануы - асып кетуi адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсер етуге әкеп соғатын бiр немесе бiрнеше зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаға әсер ету көрсеткiшi;   
      13) жол берiлетiн шектi шығарынды нормативi - зиянды (ластаушы) заттың атмосфералық ауаға шығарылу нормативi, ол атмосфералық ауаны ластаудың жылжымалы және тұрақты көзi үшiн сол көзде атмосфералық ауа сапасының гигиеналық және экологиялық нормативтерi, экологиялық жүйелерге түсетiн жол берiлетiн шектi (қауiптi) ауыртпалық, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да экологиялық нормативтер сақталған жағдайда шығарындылардың үлестiк нормативтерi ескерiле отырып белгiленедi;   
      14) зиянды (ластаушы) зат - химиялық немесе биологиялық зат не атмосфералық ауаның құрамында болатын және жол берiлетiн шектi нормативтерден асып түсетiн белгiлi бiр шоғырлану түрiнде адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн сондай заттардың қоспасы;   
      15) қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның жер төңiрегiндегi қабатында зиянды (ластаушы) заттардың қордалануына ықпал ететiн метеорологиялық жағдайлар;   
      16) парник газдары - әрi табиғи тектес, әрi антропогендi тектес, инфрақызыл сәуленi жұтатын және қайта сәулелендiретiн газ тәрiздi құрамдағы атмосфералар;   
      17) шығарынды - жылжымалы және тұрақты көздерден атмосфераға зиянды (ластаушы) заттың түсуi;   
      18) шығарындының үлестiк нормативi - өнiмнiң, қуаттың, көлiк құралдары немесе өзге де жылжымалы құралдар жүрiсiнiң бiр өлшемiне шаққанда атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) зат шығарудың ең көп массасының нормативi, ол шығарындылардың жылжымалы, тұрақты көздерi, технологиялық процестер мен жабдықтар үшiн белгiленедi.  
       Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N  209  Заңымен.          

2-бап.  Қазақстан Республикасының атмосфералық  ауаны  
             қорғау саласындағы заңдары     

1. Қазақстан  Республикасының атмосфералық ауаны  қорғау саласындағы заңдары Қазақстан  Республикасының Конституциясына     негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.  
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.       

3-бап.  Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы  
             халықаралық ынтымақтастық      

 Қазақстан  Республикасы атмосфералық ауаны  қорғау саласындағы халықаралық  ынтымақтастықты атмосфералық ауаны  қорғау саласында Қазақстан Республикасы  бекiткен халықаралық шарттарда  белгiленген принциптерге сәйкес  жүзеге асырады.  

2-тарау.  АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ  
МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ        

4-бап.  Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы  мемлекеттiк  
             басқарудың негiзгi принциптерi     

 Атмосфералық  ауаны қорғау мынадай негiзгi принциптердi:  
      1) адамның, қазiргi және болашақ ұрпақтардың өмiрi мен денсаулығын қорғаудың басымдығы;  
      2) атмосфералық ауаны ластаудың қоршаған орта үшiн орны толмас зардаптарына жол бермеу;   
      3) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын және оған зиянды физикалық әсер етудi мемлекеттiк реттеу;   
      4) атмосфералық ауаның жай-күйi, оның ластануы туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және анықтығы;  
      5) атмосфералық ауаны қорғауға және жалпы қоршаған ортаны қорғауға көзқарастың ғылыми негiздiлiгi, жүйелiлiгi және кешендiлiгi принциптерiн сақтау негiзінде жүзеге асырылады.        

5-бап.  Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы  
            мемлекеттiк басқару      

 Атмосфералық  ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк  басқаруды Қазақстан Республикасының  Үкiметi, Қазақстан Республикасының  қоршаған ортаны қорғау саласындағы  орталық атқарушы органы мен  облыстардың (республикалық маңызы  бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары  жүзеге асырады.  
       Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).         

6-бап.  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  атмосфералық  
             ауаны қорғау саласындағы құзыретi     

 Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң атмосфералық  ауаны қорғау саласындағы құзыретiне:   
      1) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;   
      2) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастыру;  
      3) экономикалық ынталандыру жүйесiн қалыптастыру және атмосфералық ауаны ластайтын шығарындыларды азайтудың тетiгiн енгiзу;   
      4)  алып тасталды  
      5)  алып тасталды  
      6)  алып тасталды  
      7)  алып тасталды  
      8)  алып тасталды  
      9) атмосфералық ауаны қорғау саласында ақпарат берудiң және мемлекеттiк статистиканы жүргiзудiң тәртiбiн белгiлеу;  
      10)  алып тасталды  
      11)  алып тасталды -   2006.01.10. N  116  Заңымен.  
       12) техникалық регламенттердi бекiту жатады.  
       Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N  116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29. N  209  Заңдарымен.          

7-бап.  Қазақстан Республикасының қоршаған  ортаны қорғау  
             саласындағы орталық атқарушы органының құзыретi     

 Қазақстан  Республикасының қоршаған ортаны  қорғау саласындағы орталық атқарушы  органының құзыретiне:  
      1) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;  
      2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының атмосфералық ауаны қорғау мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;  
      3) атмосфералық ауаны қорғау саласында нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу;   
      4)  алып тасталды -   2006.01.10. N  116  Заңымен.  
      5) атмосфералық ауаның мемлекеттiк мониторингiн ұйымдастыру және оны жүргiзудi қамтамасыз ету;   
      6) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;   
      7) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын азайтуды экономикалық ынталандыру тетіктерін қолдануды ұйымдастыру;   
      8) экологиялық ақпаратқа жол ашып беру және атмосфералық ауаның жай-күйi, оның ластануы және атмосфералық ауа сапасын жақсарту бағдарламалары мен тиiстi iс-шаралардың орындалуы туралы халыққа хабарлап отыру;   
      9) атмосфералық ауаны қорғау мақсатында атмосфералық ауа сапасының гигиеналық және экологиялық нормативтерiн, атмосфералық ауаға физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi деңгейлерiн және басқа да экологиялық нормативтердi әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн белгiлеу;   
      10) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын және оған зиянды физикалық әсер ететiн көздердi мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн белгiлеу;   
      11)  алып тасталды  
      12)  алып тасталды  
      13) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын нормалау жекелеген кәсiпорындар мен елдi мекендер үшiн шығарындыларды нормалаудың мерзiмдерiн белгiлеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;  
      14)  алып тасталды  
      15) атмосфералық ауаны қорғау саласында мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеу;  
      16) атмосфералық ауаны ластағаны үшін базалық төлем ставкаларын бекіту;  
      17) техникалық регламенттердi әзiрлеу жатады.  
       Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N  116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29. N  209  Заңдарымен.          

8-бап.  Облыстардың (республикалық маңызы  бар қаланың,  
             астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы  
             органдарының атмосфералық   ауаны қорғау  
             саласындағы құзыретi      

1. Облыстардың  (республикалық маңызы бар қаланың,  астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары::  
      1) атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды бекiтедi;  
      1-1) атмосфералық ауаның ластанғаны үшiн (аудандар мен қалалар бөлiнiсiнде) төлемдер ставкаларын, бiрақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен базалық ставкалардан төмен емес деңгейде, белгiлейдi;  
      2) жергiлiктi бюджеттер құрамында атмосфералық ауаны қорғау және сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiтедi;   
      3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдар басшыларының атмосфералық ауаны қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттарын тыңдайды.  
      2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:  
      1) атмосфералық ауаны ластауды азайту мақсатымен елдi мекендердегi көлiктер легiн реттейдi;  
      2) тиiстi аумақтарда атмосфералық ауаны қорғау саласындағы аймақтық бағдарламаларды әзiрлеудi және iске асыруды ұйымдастырады;  
      3)  алып тасталды -   2006.01.10. N  116  Заңымен.  
       4) экологиялық ақпаратқа жол ашады және атмосфералық ауаның жай-күйі, оның ластануы және атмосфералық ауа сапасын жақсарту бағдарламалары мен тиісті іс-шаралардың орындалуы туралы халықты хабардар етеді;  
      5) атмосфералық ауаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;  
      6) көлік немесе өзге де жылжымалы құралдарды пайдалану кезінде атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаруды азайту жөнінде шараларды жүзеге асырады;  
      7) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдарымен, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша атмосфералық ауаны ластайтын өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарын бөледі;  
      8) желдің бағытын ескеріп және қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңдерінде қала құрылысында атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуын айқындап, реттейді.  
       Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N  116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

3-тарау.  АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНIНДЕГІ  
ҚЫЗМЕТТI ҰЙЫМДАСТЫРУ        

9-бап.  Атмосфералық ауаны қорғау бағдарламалары   
             және оны қорғау жөнiндегi iс-шаралар     

1. Өздерi үшiн  белгiленген шектi жол берiлетiн  нормативтен асып кететiн атмосфералық  ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын  және (немесе) зиянды физикалық әсер  ететiн көздерi бар жеке және  заңды тұлғалар оларды азайту  жөнiнде шаралар қабылдауға тиiс.  
      2. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес жүргiзiлуге тиiс.  
      3. Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру кезiнде азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын ескеру мақсатында атмосфералық ауаны қорғау бағдарламалары олардың талқылауына шығарылады.  
      4. Атмосфералық ауаны қорғау бағдарламаларын және оларды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.  
       Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29. N  209  Заңдарымен.        

10-бап.  Атмосфералық ауаның сапасын  және оған зиянды  
              физикалық әсер етудi экологиялық нормалау     

 Химиялық, физикалық,  биологиялық және радиациялық  факторлардың адамдарға, жануарлар  мен өсiмдiктерге, ерекше қорғалатын  табиғи аумақтар мен өзге де  объектiлерге әсер етуiнің қауiпсiздiгiн  және (немесе) зиянсыздығының өлшемдерiн  анықтау мақсатында, сондай-ақ атмосфералық  ауаның жай-күйiн бағалау мақсатында  атмосфералық ауа сапасының экологиялық  нормативтерi мен оған физикалық  әсер етудiң жол берiлетiн шектi деңгейлерi белгiленедi.       

11-бап.  Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың  
             шығарылу және атмосфералық ауаға зиянды  
             физикалық әсер ету нормативтерi     

1. Атмосфералық  ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуын  мемлекеттiк реттеу мақсатында  шығарындылардың үлестiк нормативтерi  және жол берiлетiн шектi шығарындылардың  нормативтерi белгiленедi.   
      2. Шығарындылардың үлестiк нормативтерiн атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын тұрақты көздердiң жекелеген түрлерi үшiн, сондай-ақ атмосфералық ауаны ластау көздерi болып табылатын көлiк құралдары немесе өзге де жылжымалы құралдар үшiн атмосфералық ауаны қорғаудың технологиялық нормативтерiн әзiрлеу құзыретiне кiретiн тиiстi мемлекеттiк органмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы белгiлейдi.   
      3. Атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудi мемлекеттiк реттеу мақсатында атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерi белгiленедi.   
      4. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарудың нормативтерi және атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерi, оларды анықтау әдiстерi және өздерi үшiн белгiленген көздердiң түрлерi Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен әзiрленедi және бекiтiледi.   
      5. <*>  
      6. Зиянды (ластаушы) заттарды мемлекеттiк тiркеу, жол берiлетiн шығарындылар мөлшерiне берiлген рұқсаттарды тiркеу және нақты жасалған шығарындыларды тiркеу Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзiледi.   
       Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).       

12-бап. <*>       

Ескерту. 12-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).       

13-бап.  Атмосфералық ауаға зиянды әсер  ететiн  
             шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын  
             жалпы талаптар     

Информация о работе Атмосфералық ауаны қорғау