Атмосфералық ауаны қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 15:10, реферат

Описание работы

Осы Заң атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсiздiгiн қамтамасыз етуге және адамның өмiрi мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған орта мен оның жай-күйi туралы дұрыс ақпарат жөнiндегi азаматтар құқықтарын iске асыруға бағытталған.

Файлы: 1 файл

атмосфералық ауаны қорғау.docx

— 43.06 Кб (Скачать файл)

23-бап.  Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы  
              өндiрiстiк бақылау      

1. Атмосфералық  ауаны қорғау саласындағы өндiрiстiк  бақылауды атмосфералық ауаға  зиянды (ластаушы) заттар шығаратын  және зиянды физикалық әсер  ететiн көздерi бар заңды тұлғалар  жүзеге асырады.   
      2. Атмосфералық ауаны қорғаудың жай-күйiне өндiрiстiк бақылауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның куәлiгi бар аттестатталған зертханалар жүргiзедi.   
      3. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын көздерi бар заңды тұлғалар атмосфералық ауаны қорғауды, оның сапасын бақылауды Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға тиiс.   
      4. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылауды жүргiзуге жауапты тұлғалар туралы мәлiметтер, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылаудың нәтижелерi Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерiне және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына табыс етiлiп отырады. 
       Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).          

24-бап.  Қазақстан Республикасының қоршаған  ортаны  
              қорғау саласындағы орталық атқарушы органы  
              мемлекеттiк инспекторларының құқықтары     

1. Қазақстан  Республикасының қоршаған ортаны  қорғау саласындағы орталық атқарушы  органы мемлекеттiк инспекторларының:   
      1) меншiк нысандары мен бағыныстылығына қарамастан, ұйымдар мен басқа да объектiлерге (оның iшiнде белгiленген тәртiппен әскери және қорғаныс объектiлерiне) кедергiсiз (қызметтiк куәлiктерiн көрсете отырып) кiруге, атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттаманы, талдаулардың нәтижелері мен өзге де материалдарды танысу үшін сұратып және тегін алуға;   
      2) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығарудың белгiленген нормативтерiнiң сақталуын және тазалау құрылыстарының жұмысын, осындай шығарындыларды бақылау құралдарын тексеруге;   
      3) атмосфералық ауаны қорғау мен сауықтыру жөнiндегi жоспарлар мен iс-шаралардың орындалуын, атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар талаптарының сақталуын тексеруге;   
      4) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес қажеттi лицензиялардың, мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының бар-жоғын, табиғи ресурстарды пайдалануға лицензияларда белгiленген талаптардың сақталуын және атмосфералық ауаны қорғау саласындағы жекелеген қызмет түрлерiнiң жүзеге асырылуын, табиғат пайдалануға жасалған шарттар (келiсiм-шарттар) мен берiлген рұқсаттардың орындалуын тексеруге, белгiленген тәртiппен олардың күшiн жоюға, олардың күшiн жою туралы нұсқамалар беруге немесе ұсыныстар енгiзуге;   
      5) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң белгiленген нормативтерiнiң сақталуын тексеруге;   
      6) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзуге және оның қорытындыларының орындалуын тексеруге;   
      7) экологиялық қауiптi жүктердi (бұйымдарды), қалдықтар мен шикiзат ресурстарын Қазақстан Республикасының аумағына атмосфералық ауа сапасының нормативтерiн бұза отырып әкелудiң (әкетудiң) жүзеге асырылуына, сондай-ақ олардың транзитiне (одан әрi тасымалдануына) тыйым салу туралы нұсқама шығаруға;   
      8) сот органдарына Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарын бұзып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметтi тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап арыз беруге;   
      9) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қарауға, тиiстi органдарға атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдардың бұзылуына кiнәлi адамдарды әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды жiберуге;   
      10) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуына және оған зиянды физикалық әсер етуге рұқсаттардың қолданылуын үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға, егер мұндай рұқсаттардың талаптары сақталмаса, тиiстi құқықтық рәсiмдi қолдана отырып, олардың күшiн жоюға, бұл жағдайда рұқсат иесiне алдағы уақытта оның күшi жойылатыны туралы алдын ала хабарланады;   
      11) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарын бұзу салдарынан келтiрiлген зиян мөлшерiн анықтауға (анықтауға қатысуға) және соның негiзiнде кiнәлi тұлғалардан осы зиянды өз еркiмен өтеудi талап етуге не сотқа талап қоюға;   
      12) тұрақты және жылжымалы көздер, оның iшiнде көлiк құралдары жүзеге асыратын атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын өлшеу iсiн жүргiзуге;   
      13) тиiстi қаржы-кредит ұйымдарына экологиялық талаптарды бұзып немесе экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн салу мен пайдалануды қаржыландыруды тоқтату туралы нұсқамалар енгiзуге;   
      14) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау нормалары мен ережелерiнiң сақталуын тексеруге;   
      15) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарының бұзылуын жою туралы жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi нұсқамалар шығаруға құқығы бар.  
      16)  алып тасталды  
      2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мемлекеттiк инспекторларының шешiмдерi барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi, оларға бағыныстылық тәртiбiмен немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.  
       Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N  116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.       

25-бап.  Қазақстан Республикасының қоршаған  ортаны қорғау  
              саласындағы орталық атқарушы органы мемлекеттiк  
              инспекторларының мiндеттерi     

 Қазақстан  Республикасының қоршаған ортаны  қорғау саласындағы орталық атқарушы  органының мемлекеттiк инспекторлары:  
      1) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарында белгiленген әзiрлiк деңгейiнде болуға;  
      2) қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға;   
      3) тиiстi аумақта атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығарудың белгiленген нормативтерiнiң, сондай-ақ атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және оған зиянды физикалық әсер етуге рұқсаттарда көзделген басқа да талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;   
      4) мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындыларының орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;   
      5) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде азаматтармен және қоғамдық табиғат қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасауға;   
      6) қоршаған табиғи ортаға атмосфералық ауаны ластау арқылы келтiрiлген зиянды өтеудiң мөлшерiн негiздеуге;   
      7) мемлекеттiк органдарға атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарды бұзу фактiлерi туралы өз құзыретi шегiнде хабарлап отыруға;  
      8) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдардың бұзылғандығы туралы материалдарды дайындауға және құқық қорғау органдарына жiберуге;  
      9) атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу кезiнде ұйымдарға жәрдем көрсетуге;  
      10) ұйымдарға Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган тiзбесiн белгiлейтiн нормативтердi әзiрлеу жөнiнде құжаттама беруге мiндеттi.  
       Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N  116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

6-тарау.  ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ  АТМОСФЕРАЛЫҚ  
АУАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ  
МЕН МIНДЕТТЕРI       

26-бап.  Азаматтардың және қоғамдық бiрлестiктердiң  
             атмосфералық   ауаны қорғау саласындағы құқықтары       

1. Азаматтардың  және қоғамдық бiрлестiктердiң:  
       1) атмосфералық ауаның жай-күйi, оның ластануы туралы, сондай-ақ атмосфералық ауаны ластайтын және оған зиянды физикалық әсер ететiн көздер туралы анық ақпарат алуға;   
       2) атмосфералық ауаны қорғау және оны қаржыландыру жөнiндегi iс-шараларды өткiзуге қатысуға;   
       3) атмосфералық ауаның сапасына зиянды әсер етуi мүмкiн, жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет мәселелерiн талқылауға қатысуға;   
       4) атмосфералық ауаны қорғау бағдарламаларын талқылауға және оларда оның сапасын жақсарту туралы өз ұсыныстарын енгiзуге;   
       5) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы құқықтардың, бостандықтардың немесе заңды мүдделердiң бұзылуы немесе бұзылу қатерінің төнуі туралы және атмосфералық ауаның ластануынан өмірге, денсаулыққа және мүлiкке келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қоюға;   
       6) нормативтердi, ережелердi және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу процесiнде оларды талқылауға қатысуға құқығы бар.   
       2. Қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіп пен талаптар бойынша атмосфералық ауаны ластайтын және оған зиянды физикалық әсер ететiн көздерi бар шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiнiң есептерiмен танысуға құқығы, сондай-ақ олардың аумағына кiруге құқығы бар.   
       3. Азаматтардың және қоғамдық бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы лауазымды адамдарының әрекеттерiне бағыныстылық ретi бойынша немесе сотқа шағымдануға құқығы бар.  
       Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N  116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.         

27-бап.  Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар  
              шығаратын тұрақты және жылжымалы көздерi бар  
              жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi     

 Атмосфералық  ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын  тұрақты және жылжымалы көздерi бар жеке және заңды тұлғалар:   
      1) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiруi мүмкiн немесе қатер төндiретiн не адамдардың денсаулығына және (немесе) қоршаған ортаға зиян келтiрген атмосфералық ауаның ластануы туғызған авариялық шығарындылар туралы ақпаратты авариялық шығарындылар салдарынан зақымдануы мүмкiн ұйымдарға және мемлекеттiк органдарға дереу берiп отыруға;   
      2) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын органдарға атмосфералық ауаны қорғау мәселелерi бойынша дер кезiнде, толық және дұрыс ақпаратты белгiленген тәртiппен берiп отыруға;   
      3) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуының есебiн жүргiзудi және жол берілетiн шектi шығарындылардың нормативтерi мен атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерiн әзiрлеудi қамтамасыз етуге;   
      4) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ететін шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн салу орындарын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсуге;  
      5) атмосфералық ауаның ластану деңгейiн азайту мақсатында қалдығы аз және қалдықсыз технологияны енгiзуге;   
      6) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын ұстап қалу, кәдеге жарату, зарарсыздандыру, оларды жол берiлетiн шектi шығару нормативiне жеткенге дейiн қысқарту жөнiндегi iс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;   
      7) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды авариялық шығарудың алдын алу мен жою жөнiндегi, сондай-ақ оның ластану зардаптарын жою жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға;   
      8) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын және олардың көздерiн есепке алуды жүзеге асыруға, атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарудың белгiленген нормативтерiнiң сақталуына бақылау жүргiзуге;   
      9) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын тазарту мен бақылауға арналған құрылыстарды, жабдықтарды пайдалану ережелерiн сақтауға;   
      10) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiнің санитариялық-қорғаныш аймақтары режимiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;   
      11) шаруашылық және өзге де қызмет объектiсiнің тиiстi аумағынан атмосфералық ауаны ластайтын қалдықтардың осындай қалдықтар жинап қойылатын немесе көмiлетiн арнаулы орындарға, сондай-ақ осындай қалдықтарды шикiзат ретiнде пайдаланатын шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiне уақтылы апарылуын қамтамасыз етуге;   
      12) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мемлекеттiк инспекторларының нұсқамаларын орындауға;  
      13) атмосфералық ауаға таралатын зиянды заттар шығарындыларының белгiленген жол берiлетiн шектi нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.  
       Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N  116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29. N  209  Заңдарымен.   

7-тарау.  ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР       

28-бап.  Қазақстан Республикасының атмосфералық  ауаны  
              қорғау саласындағы заңдарын бұзу арқылы  
              келтiрiлген зиянды өтеу     

 Қазақстан  Республикасының атмосфералық ауаны  қорғау саласындағы заңдарын  бұзу салдарынан азаматтардың  денсаулығына, қоршаған ортаға, ұйымдардың, азаматтар мен мемлекеттiң мүлкiне  зиян келтiрген жеке және заңды  тұлғалар зиянды Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес өтеуге мiндеттi.        

29-бап.  Қазақстан Республикасының атмосфералық  ауаны  
              қорғау саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн  
              жауапкершiлiк     

 Қазақстан  Республикасының атмосфералық ауаны  қорғау саласындағы заңдарының  бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан  Республикасының заң актiлерiне  сәйкес жауапты болады.        

30-бап.  Осы Заңды қолданысқа енгiзу  тәртiбi     

1. Осы заң  ресми жарияланған күнiнен бастап  қолданысқа енгiзiледi.  
      2. "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" 1981 жылғы 12 маусымдағы Қазақ ССР Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1981 ж., N 25, 482-құжат; 1984 ж., N 36, 447-құжат) күшi жойылды деп танылсын.       

Қазақстан Республикасының  
      Президентi  


Информация о работе Атмосфералық ауаны қорғау