Атмосфералық ауаны қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 15:10, реферат

Описание работы

Осы Заң атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсiздiгiн қамтамасыз етуге және адамның өмiрi мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған орта мен оның жай-күйi туралы дұрыс ақпарат жөнiндегi азаматтар құқықтарын iске асыруға бағытталған.

Файлы: 1 файл

атмосфералық ауаны қорғау.docx

— 43.06 Кб (Скачать файл)

1. Адамның денсаулығы  мен тектiк қорына, қоршаған ортаға  келтiрiлуi мүмкiн зиянның алдын  алу мақсатында жаңа техникаға,  технологияға, материалдарға, заттарға  және атмосфералық ауаға зиянды  әсер етуi мүмкiн басқа да  өнiмге арналған стандарттармен  атмосфералық ауаны қорғау талаптары  белгiленедi.   
      2. Егер жаңа техникаларды, технологияларды, материалдарды, заттарды және басқа да өнiмдi енгiзу, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен басқа да техникалық құралдарды қолдану атмосфералық ауаны қорғаудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарына сай келмесе, оларға тыйым салынады.   
      3. Қазақстан Республикасының аумағында отын өндiру мен пайдалануға Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен жол берiледi.   
      4. Жағылған кезде тиiстi аумақта атмосфералық ауаның ластануына әкеп соғатын жекелеген отын түрлерiн пайдалануға Қазақстан Республикасының Үкiметi ғылыми және экономикалық жағынан негiзделген шектеу енгiзуi, сондай-ақ отынның және басқа да энергия көздерiнің экологиялық қауiпсiз түрлерiн өндiру мен қолдануды ынталандыруы мүмкiн.   
      5. Адамның өмiрi, денсаулығы үшiн және қоршаған орта үшiн қауіптiлiк дәрежесi анықталмаған заттарды атмосфералық ауаға шығаруға тыйым салынады.   
      6. Атмосфералық ауаның жай-күйiн өзгертуге бағытталған не оның жай-күйiн уақытша нашарлатуға әкеп соғатын кез келген уақытша iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы немесе оның аумақтық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен берген рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.  
       Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).         

14-бап.  Шаруашылық және өзге де қызмет  объектiлерiн  
              жобалау, орналастыру, салу, реконструкциялау  
              мен пайдалану кезiндегi атмосфералық ауаны  
              қорғау талаптары      

1. Шаруашылық  және өзге де қызмет объектiлерiн  жобалау, орналастыру, салу, реконструкциялау  мен пайдалану кезiнде, сондай-ақ  қалалық және өзге де қоныстарды  салу кезiнде атмосфералық ауа  сапасы нормативтерiнің экологиялық,  санитариялық-гигиеналық, сондай-ақ  құрылыс нормалары мен ережелерiне  сәйкес сақталуы қамтамасыз етiлуге  тиiс.   
      2. Атмосфералық ауаның сапасына зиянды әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн жобалау мен орналастыру кезiнде, сондай-ақ қалалық және өзге де қоныстарды салу мен реконструкциялау кезiнде атмосфералық ауа ластануының фондық деңгейi және оның сапасының өзгеру болжамы ескерiлуге тиiс.   
      3. Елдi мекендерде атмосфералық ауаны қорғау мақсатында шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiнiң санитариялық-қорғаныш аймақтары белгiленедi. Мұндай санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.  
      4. Атмосфералық ауаның сапасына зиянды әсер етуi мүмкiн шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн жаңғырту және реконструкциялау жобаларында зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаға шығарылуын шығарындының жол берiлетiн шектi нормативiне дейiн азайту және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес зарарсыздандыру жөнiндегi iс-шаралар көзделуге тиiс.   
      5. Атмосфералық ауаның сапасына зиянды әсер ететiн шаруашылық және өзге қызмет объектiлерiн орналастыру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiледi.   
      6. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын жүзеге асыратын жаңа және (немесе) реконструкцияланған шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн пайдалануға берген кезде шығарындылардың үлестiк нормативтерiн, жол берiлетiн шектi шығарындылардың нормативтерiн және атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудің жол берiлетiн шектi нормативтерiн сақтау қамтамасыз етiлуге тиiс.   
       Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).       

15-бап.  Көлiк құралдары мен өзге де  жылжымалы  
              құралдарды шығару және пайдалану кезiнде  
              атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы)   
              заттардың шығарылуын реттеу     

1. Шығарындыларында  зиянды (ластаушы) заттардың мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарында  белгiленген шығарындылардың үлестiк  нормативтерiнен асып кететiн  көлiк құралдары мен өзге де  жылжымалы құралдарды шығаруға  және пайдалануға тыйым салынады.   
      2. Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, жергілiктi атқарушы органдар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдары көлiк құралдары мен өзге де жылжымалы құралдарды пайдалану кезiнде атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын азайту жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.   
      3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi өкiлдi органдары өз құзыретi шегiнде көлiк құралдары мен өзге де жылжымалы құралдардың елдi мекендерге, демалыс және туризм орындарына кiруiне шектеу енгiзiп, көлiк құралдарының жүрiсiн реттей алады.   
      4. Көлiк құралдары мен өзге де жылжымалы құралдар Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен шығарындылардың үлестiк нормативтерге сәйкестiгi жөнiнен мiндеттi түрде тексерiлiп отыруға тиiс.  
       Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).         

16-бап.  Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын,  уытты заттар  
             мен пестицидтердi сақтау, көму, зарарсыздандыру  
             және өртеу кезiнде зиянды (ластаушы) заттардың  
             шығарылуын реттеу      

1. Ұйымдар мен  елдi мекендердiң аумақтарында, сондай-ақ  орналастырылу полигондарында өндiрiс  және тұтыну қалдықтарын, атмосфералық  ауаны ластайтын уытты заттар  мен пестицидтердi сақтау, көму және  зарарсыздандыру, сондай-ақ мұндай  қалдықтарды өртеу Қазақстан  Республикасының Үкiметi бекiткен  ережелер негiзiнде жүргiзiледi.   
      2. Жеке және заңды тұлғалар атмосфералық ауаны ластау көздерi болып табылатын өндiрiс және тұтыну қалдықтарының оларды жинап қоятын немесе көметiн арнаулы орындарға, сондай-ақ мұндай қалдықтарды шикiзат ретiнде пайдаланатын басқа да шаруашылық немесе өзге де қызмет объектiлерiне уақтылы апарылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.   
      3. Атмосфералық ауаны ластайтын өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыратын жердi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдары бөледi және ол жергiлiктi өкiлдi органдармен, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының және азаматтардың денсаулығын сақтау саласына басшылық етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерiмен келiсiлуге тиiс.  
       Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29. N  209  Заңдарымен.        

17-бап.  Атмосфералық ауа жай-күйiнiң адамдар  өмiрi мен  
              денсаулығына қатер төндiретiн өзгеруi кезiнде  
              халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар     

1. Облыстардың  (республикалық маңызы бар қаланың,  астананың) жергілікті атқарушы  органдары қалалық және өзге  де қоныстарда желдiң бағытын  ескерiп, қала құрылысында және  қолайсыз метеорологиялық жағдайлар  кезеңдерiнде атмосфералық ауаға  зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын  реттеп отырады.   
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердi жүргiзу тәртiбiн, оның iшiнде тиiстi болжамдарды әзiрлеу мен берудi Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерiнiң ұсынысы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.   
      3. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығару көздерi бар заңды тұлғалар қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжамдарын алған кезде атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын азайту жөнiнде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аталған iс-шаралардың жүргiзiлуi мен тиiмдiлiгiн бақылауды қамтамасыз ететiн аумақтық бөлiмшелерiмен келiсiлген iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.   
      4. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың авариялық шығарылуы туғызған атмосфералық ауаның өзгеруi кезiнде және ол адамның өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайда Қазақстан Республикасының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдарына сәйкес халықты қорғау жөнiнде шұғыл шаралар қолданылады.   
       Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).         

18-бап.  Атмосфералық ауаның трансшекаралық  ластануы     

 Қазақстан  Республикасының аумағында орналасқан  зиянды (ластаушы) заттардың шығарылу  көздерiнен атмосфералық ауаны  трансшекаралық ластаудың алдын  алу және зардаптарын жою мақсатымен  Қазақстан Республикасының Үкiметi  атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын азайту  жөнiндегi iс-шаралардың жүргiзiлуiн  қамтамасыз етедi, сондай-ақ атмосфералық  ауаны қорғау саласында Қазақстан  Республикасы бекiткен халықаралық  шарттарға сәйкес өзге де шараларды  жүзеге асырады.   

4-тарау.  АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАҒА ЗИЯНДЫ ӘСЕР  ЕТУ  
КӨЗДЕРIНIҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕБI       

19-бап.  Атмосфералық ауаға зиянды әсер  ету  
              көздерiнiң мемлекеттiк есебi     

1. Атмосфералық  ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылатын  көздерi және атмосфералық ауаға  зиянды физикалық әсер ететiн  көздерi бар жеке және заңды  тұлғалар, сондай-ақ атмосфералық  ауаға зиянды (ластаушы) заттардың  шығарылу көлемi мен құрамы, оған  зиянды физикалық әсер етудiң  түрлерi мен мөлшерi Қазақстан Республикасының  қоршаған ортаны қорғау саласындағы  орталық атқарушы органы белгiлеген  тәртiппен мемлекеттiк есепке  алынуға тиiс.   
      2. Тиiстi аумақтарда атмосфералық ауаны қорғау саласында статистикалық байқауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын ұйымдардың тiзбесiн мемлекеттiк статистика органдары белгiлейдi.  
       Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).         

20-бап.  Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар  
              шығарылуының, атмосфералық ауаға зиянды  
              физикалық әсер ету мен олардың көздерiнiң  
              есебiн жүргiзу     

1. Атмосфералық  ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын  және оған зиянды физикалық  әсер ететiн көздерi бар жеке  және заңды тұлғалар Қазақстан  Республикасының қоршаған ортаны  қорғау саласындағы орталық атқарушы  органы белгiлеген тәртiппен атмосфералық  ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуының, атмосфералық ауаға зиянды физикалық  әсер ету мен олардың көздерiнiң  есебiн жүргiзедi.   
      2. Мемлекеттiк есепке алынуға және нормалануға тиiс атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын көздер, атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету көздерi, зиянды (ластаушы) заттардың тiзбелерi, атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң тiзбесi Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуының, атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету мен олардың көздерiнiң есебiн жүргiзу нәтижелерi туралы деректер негiзiнде белгiленедi.   

5-тарау.  АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ  
БАҚЫЛАУ       

21-бап.  Атмосфералық ауа мониторингi     

1. Атмосфералық  ауаның жай-күйiн байқау, оның  жай-күйiн кешендi түрде бағалау  мен болжау, сондай-ақ мемлекеттiк  органдарды, ұйымдар мен халықты  атмосфералық ауаның сапасы туралы  ағымдағы және шұғыл ақпаратпен  қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан  Республикасының қоршаған ортаны  қорғау саласындағы орталық атқарушы  органы, атмосфералық ауаның мемлекеттiк  мониторингiн ұйымдастырады, Қазақстан  Республикасының тиiстi аумақтарында  оның жүзеге асырылуын қамтамасыз  етедi.   
      2. Атмосфералық ауаның мемлекеттiк мониторингi Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингiнiң бiртұтас мемлекеттiк жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.   
      3. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерi атмосфералық ауаның өндiрiстiк мониторингiн жүзеге асыруға тиiстi ұйымдардың тiзбесiн белгiлейдi.   
       Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).         

22-бап.  Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы  
              мемлекеттiк бақылау      

1. Атмосфералық  ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк  бақылау:   
      1) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және оған зиянды физикалық әсер етуге рұқсаттармен белгiленген талаптарды;   
      2) атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде атмосфералық ауаны қорғауға өндiрiстiк бақылау жүргiзудiң стандарттарын, нормативтерiн, ережелерiн және өзге де талаптарын;   
      3) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын тұрақты көздерi бар объектiлердiң санитариялық-қорғаныш аймақтарының режимiн;   
      4) атмосфералық ауаны қорғау бағдарламаларының орындалуын;   
      5) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарының өзге де талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге тиiс.   
      2. Мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру:  
      1) атмосфералық ауаға қарқынды әсер ететiн табиғат пайдаланушылар қызметiнiң экологиялық нәтижелiлiгiн бағалау;  
      2) тексерiлетiн объектiлер бойынша перспективалық, жылдық, жедел жұмыс жоспарларын әзiрлеу және зертханалық-талдау деректерiн және атмосфералық ауаға әсер ету, шаруашылық қызметi ықпалынан оның өзгеруi туралы өзге де ақпараттар жинау жолымен мемлекеттiк органдардың, табиғат пайдаланушылардың арасындағы өзара тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырылатын атмосфералық ауаға терiс әсер етудi азайту мен жою жөнiндегi шаралар кешенiн қамтиды.  
      Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң зертханалық-талдау бақылауы қызметтерiнiң деректерi атмосфералық ауаның сапасын айқындау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны ластайтын көздерден сынамалар алу жолымен алынуы мүмкін.  
      3. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау:  
      1) мемлекеттiк және ведомстволық статистикалық есептiлiк материалдарын, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң зертханалық-талдау бақылауы қызметiнiң атмосфералық ауаға әсер ету туралы деректерiн, сондай-ақ кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң табиғат қорғау қызметi және тексерулер барысында анықталған бұзушылықтарды жоюы туралы мәлiметтердi талдау;  
      2) тексерулердi ұйымдастыру мен жүргiзу жолымен жүзеге асырылады.  
      4. Тексерудiң түрлерi:  
      жоспарлы - Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлiмшелерi жоспарлаған және алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралықтары ескерiлiп жүргiзiлетiн тексеру;  
      жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылық туралы өтiнiштерде және өзге де ақпараттарда жазылған фактiлер бойынша жеке тұлғалардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатердi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;  
      қарсы - тексеру жүргiзу кезiнде үшiншi тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру;  
      рейдтiк - атмосфералық ауаны қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген талаптарын сақтау мәселелерi бойынша бiрмезгiлде бiрнеше субъектiлердi тексеру;  
      кешендi - Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлiмшелерi қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын басқа да мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзетiн тексеру.  
      Тексерулердiң өзге түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.  
      5. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлiмшелерi шығаратын тексеру тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органда мiндеттi түрде тiркеледi.  
      6. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары тексеру нәтижелерi бойынша өз құзыретi шегiнде мынадай актiлердi:  
      1) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру актiсiн;  
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы;  
      3) нұсқаманы;  
      4) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарады.  
      Кәсiпкерлiк субъектiнiң басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқаманың орындалғаны туралы ақпаратты нұсқаманы орындау мерзiмi өткеннен кейiн жетi күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына, оның аумақтық бөлiмшелерiне табыс етуге тиiс.  
       Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N  116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.       

Информация о работе Атмосфералық ауаны қорғау