Атмосфералық ауаның радиациадан туындайтын онкологиялық аурулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 10:07, реферат

Описание работы

Зерттеу мақсаты:Уран өндірудің бірінші жолын таңдаған елімізде жыл сайын онкологиялық аурулар қауіпі жоғарлап келуде. Осы онкологиялық аурулар көптеп тараған аудандар,олар негізінен осы уран өндіретін радиaциясы жоғары аудандар.Жетекші орындардың бірінде осы Степногорск тұр.Қатерлі ісік ауруымен ауратын адамдар арасында қазір жас балаларда көптеп кездесіп жатыр. - Елімізде қатерлі ісікке жылына 30 000 жуық адам шал¬дығады екен.

Содержание работы

Кіріспе 6
Негізгі бөлім 7
1 Қазақстандағы радиациалық жағдайы 7
2 Радиациялық әсері 10
3 Радиактивті қалдық заттардан қорғау 12
4 Степногордегі ашық уран өндірісі 16
5 Атмосфералық ауаның радиациадан туындайтын онкологиялық
аурулар 24
Қорытынды 34
Қолданылған әдебиеттер 36
Қосымша тапсырмалар 37

Файлы: 1 файл

окончательная научная работа.docx

— 1.07 Мб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Радиактивті қалдық заттардан қорғау

Радиоактивті  заттардан қорғаудың бірнеше  жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері. Физикалық  тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға  арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды  кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің  бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап  отыруы керек. Екер кішкентай бөлшектер  ішкі органдарға өтсе, олар тез арада  ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді  таратады. Радиоактивті стронцийдің  бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып  шығаруға болады. Тез еритің цезий  – 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып  шығару үшін көп мөлшерде су ішу  керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы  мен лимон қышқылынкөп мөлшерде пайдалану керек. С,Д витаминің  ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап  ішуге болмайды. Олар радияцияның  әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар Уран өндіретін  шахталарда істеп жүріп күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда  қоштасқаның ол жіпке тізгендей  айтып беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті  арақ-шарап ішіп отырған жөн болғаны. Радияциядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радияцияға қарсы  қолданатын препараттарды радиопротекторлар  деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің  бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады. Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді ем-дом  ретінде пайдалануға болады. Дерттерге  диагностика қою үшін де таңбаланған  атомды пайдаланады. Сәуле тератиясы  мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды Радияциядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл юөлінеді. Әсіресе экологиялық аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе, радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан жан-жақты білім және тәрбие беру екенін естен шығармауымыз керек. Адамзат баласы осы кезде бұрын – сонды болып көрмеген орасан көп ғылыми табыстарға жетіп, техника мен технологияны дамыта түсуде. Оларды төтенше түрде дамуы биология ғылымдарына тікелей байланысты. Кейінгі кезде биологиялық ғылымдар орасан зор ілгерлеп, алға басты. Осы уақыттың ішінде тіршілік дүниесі адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы көптеген түсінігіміз бар. Тірі организмдердің пайда болу жолдарын, биохимиялық процестерін білеміз. Бірақ көптеген биологиялық көріністердің құпия сырлары әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ [3.,175б].

Семей ядролық  полигоны. 1995 жылы Шығыс Қазақстан  облысының Орталық бөлігіндегі  жүргізілген аэрограмма, спектрографиялық суреттер жер бетіндегі цезий  – 137 активтілігі 65 – 100 мкр/сағ. болғаның көрсетті. Кейбір жерлерде 120-500 мкр/сағ. байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында зий 137 радиациялық  фоны 120-150 макр/сағ. құраған. [1.,290б] Бұрын  жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон  зонасында ғана емес, оған жақын  жатқан территорияда да қалыптасуынан  теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп  мөлшері Сарыөзек жылғасы мен  Мұржық тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында байқалған. α және β белсенділіктің жоғарғы деңгейі Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған. Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында су алмасу белсенді жүретін аймақта – α және β белсенділік салыстырмалы түрде төмен болған. Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық жарылыстар. 1995 жылға дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан тыс 32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық шаруашылық шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл территориядағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмеген. Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық кәсіпорындар. Қазақстан территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті ластануы уран өндіру кен орындарымен, ядролық зерттеу және энергетикалық құрылғылар, полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және өндеу жұмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің жоғарғы болуымен сипатталады. Республикамызда 80000-нан астам кәсіпрындар жұмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі 250 мың кюриден астам. Аталған йондаушы сәулелер көздерінің жалпы санынан, шамамен 20000 (80 мың кюри) өндірістен шығарылып, көмілуі қажет. Зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында 1995 жылы бірқатар аномалиялар анықталған.

Қазақстанда АЭС  құрлысын салу туралы әңгімен, сонау  Кеңес Одағы тұсында жиі қозғалатын. 1995 жылы бұл мәселе Үкімет басқармасында  қайта қаралып, Оңтүстік Қазақстан  облысында Шардара АЭС-ін салу көзделген-ді. Ғалым-мамандардың айтуынша, тәуелсіз, егеменді ел ретінде, әлемдік өркениеттің  бір бөлігі салынатын Қазақстанда  атом электр станциясының болуы қажет. Шетелдерде, мәселен, Францияда электр энергиясының 90 пайызын АЭС өндіргенімен, есесіне адам өміріне қауіпсіздігі жан-жақты қаралған. Демек,, АЭС құрлысын салмай-ақ, электр энергиясын өндірудің  басқаша көдерін қарастыру қажет. Бұған қосымша бас қосуға қатысушылар  жалғыз түйін – қазақстан қазіргі  АЭС салуға дайын емес деген қортынды жасады. [1.,290б]

4 Степногордегі ашық уран өндірісі

Сарыарқаның бiр пұшпағында Степногорск атты қаланың бар  екенiн бiреу бiлсе, бiреу бiлмеуi мүмкiн. Кезiнде жергiлiктi қазақтардың  өзiне есiгi жабық болған бұл құпия  қаланың карта бетiнде белгiленбегенi де шындық. Сонау 1964 жылы Орталықтың ықпалы арқылы сахара даланың төсiнде стратегиялық мақсатпен пайда болған Степногорскiнiң  тұрғындары да негiзiнен Ресей жерiнен  арнайы көшiп келгендер едi. Осы  жерде аз уақыттың iшiнде бой көтерген уран кенiн өңдейтiн, қаланың негiзiн  құраушы болып есептелетiн тау-кен-химия  комбинаты, құпия түрде биологиялық  қарулар жасаумен айналысқан «Прогресс» зауыты секiлдi кәсiпорындарда еңбек  еткен де солар едi. Ежелден Одаққа аты белгiлi «Ақсу», «Бестөбе», «Жолымбет» секiлдi атақты алтын кенiштерi де осы  аймақта орналасқан. Арасы қашықтау болса да, Ақмола облысының Сандықтау  ауданындағы Шаңтөбе уран кенiшi де Степногорскiнiң иелiгiнде. Тәуелсiздiк  алғаннан кейiн бұл қала таза қазақыланып  кетпесе де, осы уақытта тұрғындарының 20-25 пайызға жуығы жергiлiктi ұлт  өкiлдерi. Мысалы, Еуропа подшипник корпорациясының құрамына кiретiн Степногорск подшипник зауыты акциясының бақылау пакетi ресейлiк компаниялардың иелiгiнде, қаланы жарықпен және жылумен жабдықтайтын, уран өңдейтiн кәсiпорындардың шын иелерi де шекараның ар жағында отырған көрiнедi. Пайдасын көретiндер басқалар екенi айтпаса да түсiнiктi.Яғни осы елімізде өндірілетін уранның барлығы шекара асып Ресйге жөнелтілуде,ал сол уран өңделгеннен қалған қалдықтар осы қазақ жерінде қалып,экологиялық мәселелерді өршітуде.Қазіргі уақытта уран Степногорск қаласында ашық турде өндірілуде,бұл қоршаған ортаға,сол жердегі халыққа өте көп зияндарын тигізуде. Уран ол стратегиялық маңызы бар өте қымбат;жер қойнауында жатқан қазбалы байлықтардың бірі болып саналады.Өзі уран дегеніміз не? Уран - Д.И.Менделеевтiң химиялық элементтерiнiң топтық жүйесiндегi табиғатта кездесетiн 92-шi радиоактивтi элемент. (Қазiр бұл жүйеде химиялық элемент бар). (А қосымша)

Ол - орасан қуат көзi. Уран табиғатта  сирек кездесетiн және шашыранды  элементтер қатарына жатады. Бiрақ жер  қыртысындағы шашыраңқы орналасқан уранның үлесi алтыннан 1000 есе, күмiстен 30 есе көп. Табиғаттағы үлес салмағы  мырыш пен қорғасынмен бiрдей болса да, негiзгi массасы тау жыныстарында, топырақта, табиғи суларда шашырап  таралғасын, оны өндiру iс жүзiнде  тиiмсiз әрi мүмкiн де емес. Табиғатта  оның аз бөлiгi ғана кен орындарында Уран өндіретін өнеркәсіптің радиоактивтік қалдығы 220 млн, тоннаға жетіп, қауіптілігі арта түсуде. Осы қалдықтар да, ашық әдіспен өндірілетін уран кеніштерінің өзі де радиоактивті ластаудың зор көзіне айналып отыр. Олар ядролық сынақтардың және радиоактивті қалдықтың зардаптарымен қосылып, көптеген жерлерде радиацияны көбейтіп, халықтың денсаулығы мен айналадағы табиғи ортаның нашарлауына әсер етуде.Осындай қауіп төніп тұрған зоналарды,яғни уран өндіруден жетекші орында тұрған елдерді картада дәлірек көруге болады (Ә қосымша)

Өнеркәсіптің радиоактивті қалдықтарын жинаудың, тасымалдаудың, өңдеудің және көмудің орталықтандырылған жүйесінің жоқтығы да жағдайды қосымша  қиынадатуда. Ауаның тұтастай ластануы — техникалық артта қалушылықтың, табиғи ортаны қорғайтын тиімді жабдықтар  болмауының,  технологиялық  нашарлықтың салдары.шоғырланған. Ал мұндай кен орындары көптеген елдерде мүлдем жоқ. Бiздiң Қазақстан уран өндіруші орындар жетерліктей,біз осы өлкелерден тек Степногорск жағдайын алып қарастырып отырғанымызға төмендегі мәселелер себеп болды. Осы жерден 60-70 шақырым шамасында Сiлетi өзенi ағып өтедi. 1964 жылы қала iрге көтерген соң, оны ауызсумен жабдықтау мақсатында Сiлетi су қоймасы салынған болатын. Бұл — тек қала ғана емес, сол төңiректегi елдiмекендердi жабдықтайтын бiрден-бiр ауызсу көзi. Тiптi кейiнгi кездерi осы Сiлетi су қоймасы Астана қаласын сумен жабдықтауға қажеттi резерв болуы керек деген де әңгiме шығып жүр. Осыған қарап, жартылай шөлейттi деп есептелетiн Арқа даласы үшiн ауызсу көзiнiң қадiрi қашанда бөлек екенiн екенiн аңғару қиын емес.

Осыдан төрт жыл бұрын, дәлiрек айтсақ, 2006 жылдың 24 наурызында Сiлетi су қоймасының жоғарғы жағында  он шақты шақырым жерде, өзеннiң  тура жағасында орналасқан Қызылту  ауылының жанынан мыс концентраты  мен өндiрiстiк молибден кенiн өндiру үшiн «Қызылту» серiктестiгi құрылып, оған «Казатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының лицензисы берiледi. Бұл серiктестiктiң құрылтайшылары осы «Казатомөнеркәсiп» пен Степногорск тау-кен химия комбинаты. Бүгiнде ол жерде геологиялық барлау және жобалау, электр қуатымен жабдықтау жұмыстары аяқталып, 7 шақырымдық айналма темiр жолын салу қолға алынған. Болашақ серiктестiктiң өндiрiстiк қуаты 2013 жылға қарай 2 миллион тоннаға жетпек. Болашақ кәсiпорын сондай-ақ,өзiнiң  өнiмiн  Степногорск  қаласындағы гидрометаллургия зауытында өңдемек болған. Бұл, бiрiншiден, кәсiпорын жұмысын жандандырса, екiншiден, мыс-молибден өндiрiсiнен шыққан радиоактивсiз қалдықтарымен қаланың жанындағы кеңес уақытынан қалған уран қалдықтары қоймаларының (хвостохранилище) бетiн жабады деп есептелген болатын. 

Бiр айта кетерлiгi, қала маңында 40 жылдан берi тұрған бұл қойма уран қалдықтарын сақтайтын әлемдегi ең iрi 5 қойманың қатарынан орын алады  және Қазақстан бойынша уран қалдықтарының  жартысынан астамы осы жерде сақталған. Анықтап айтар болсақ, 1964-92 жылдар аралығында 45 миллион тонна уран қалдықтары (95 пайызы) төгiлген көрiнедi. Бұл қалдықтар ҚР «Жерасты байлығы және жерасты байлығын пайдалану» туралы заңы бойынша мемлекет меншiгi болып саналады.

Егер гидрометаллургия зауыты толық қуатымен жұмыс iстеп тұрса, қалдықтардың бетi сүзгiлеуге қарсы экрандар мен дренаждық жүйе арқылы сумен жабылып, қауiп тудырмайды екен. Ал кәсiпорын тоқтаса, қойма карталарының бетi ашық қалуы себебiнен радиоактивтi қалдықтар шаңға айналып ұшып, айналаға қауiп төндiредi. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары осы қоймалар қараусыз қалып, жаз айларында шаңы бұрқырап жататыны жөнiнде талай мәрте шу көтерiлгенi есiмiзде. БАҚ бiткен жарыса жазып, тiптi парламентте де сөз болып, үкiмет комиссиясы да келiп қараған.      Бiрақ еш нәтиже шықпаған. Ендi «Қызылтуға» қайта оралсақ, өкiнiшке қарай, алғашында ол игерiлген кендi Степногорскiдегi гидрометаллургия зауытында өңдеймiз, уран қалдығы қоймасын пайдаланамыз десе, уақыт өте келе бұл уәдесiнен айнып кеттi. Есепсiз пайда табуға құныққан кәсiпкерлер бүгiнде өздерiне тиiмдi болғанымен, айналаға үлкен экологиялық апат әкелетiн әдiстi таңдап отыр. Олар кен байыту фабрикасын сол жерге, тура кен карьерiнiң жанына салмақшы. Яғни, мыс пен молибден кенi сол жерде байытылып, оның улы қалдықтары да сол араға көмiлмекшi. Осыдан кейiн оның уланған суы Сiлетi өзенiне құйылатыны өзiнен-өзi белгiлi. Сөйтiп, ол әр степногорлықтың қазанына барып түседi деген сөз.

«Қызылту» ерiктестiгiнiң қызметкерлерінің дәлелiнше, бұл экономикалық дағдарысқа орай, әлемдiк рынокта мыс бағасының арзандап кетуiмен байланысты екен. Сондықтан кендi Степногорскiдегi гидрометаллургия зауытына тасығанша, сол қазылған жерiнде өңдеу тиiмдi дейдi. Ал жалпы карьердi пайдалану мерзiмiнде, арадағы 84 шақырым қашықтыққа кен тасымалы үшiн 150 миллион доллар шамасында шығын кететiн көрiнедi. Оның үстiне гидрометаллургия зауытының цехтарын реконструкциялау қажеттiгi бар. Ал кәсiпорынның өз еркiмен бұндай шығынға бармасы анық.

Ендi мамандардың пiкiрiне сүйенсек, болашақ кенiштен келетiн  екi қауiп бар екен. Оның бiрi –  мыс кенiнiң тотығуынан болатын  қатер. Экологтардың айтуынша, миллиондаған жылдар жер астында жатқан мыс  кенi тұрақты геохимиялық процестерден өткен. Ендi бетi ашылып, аса күштi тотықтырғыш  болып табылатын оттегiмен араласқан  соң, одан жылдам ерiгiш және қоршаған ортаға белсендi түрде бейiмделе бiлетiн улы зат бөлiнедi. Бұның адам ағзасымен араласуына толып жатқан қолайлы жағдайлар бар екенi айтпаса да түсiнiктi. Ал бұл жерден миллиондаған тонна мыс өндiрiлетiн болғаннан кейiн, болашақта қаншалықты экологиялық қатер туарын өзiңiз аңғара берiңiз!

Екiншi қауiп мынада: «Қызылту» серiктестiгiнiң жарғысында «уран-мыс-молибден кен орны» деп жазылады да, өндiрiс мәселесiне келгенде, уран «ұмытылып қалады». Осыдан талай жыл бұрын жасалған Тың тау-кен химия комбинатының геологиялық барлау қортындыларында: «Ондаған скважина қазылып, топырақта уран құрамының аса белсендiлiгi, 250-ден 700 микрорентгенге шейiн екенi анықталды» делiнiптi. Осыған қарап, бұл кенiште тек мыс пен молибден ғана емес, уран да бар екенiне көзiмiз жетедi. «Уран топырақтың үстiнгi қабатына таяу болады» дейдi мамандар. Яғни, ол үйiндiге төгiлсе, ертең-ақ жауын-шашын немесе қар суымен шайылып, өзенге құйылатыны ап-анық. Яғни, улы зат өзен суына бәрiбiр қосылады деген сөз.Осы мәселе жөнiнде былтырдан берi Степногор қалалық мәслихаты мен қоғамдық ұйымдар үздiксiз дабылдап, Президент аппаратына, Энергетика және минералды ресурстар, Қоршаған ортаны қорғау министрлiктерiне хат жолдауда. Бiрақ бiздегi дағды бойынша, апат шындап басталмай, ешкiм елең ете қоймайтынын бiлемiз.Сонымен, қысқаша айтсақ, қазiр Степногорск қаласы мен сол аймаққа төнiп тұрған қауiп екеу: бiрi – қала жанындағы «Казатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының иелiгiндегi уран қалдықтарының қоймасы болса, екiншiсi – болашақта жұмысын бастамақшы болып отырған «Қызылту» серiктестiгi тарапынан туындап отыр. Бiр ғажабы, күнделiктi болып жатқан апаттардан ауыздары қанша күйсе де, жоғарыдағылар әлi де селт етер емес. Шекараның ар жағынан келiп, шекесi майланғандар қазақ жерiнiң «қызығы» таусылған соң, өз жөндерiне кетедi. Ал апатпен бетпе-бет қалатын бiздiң күнiмiз не болар екен?! Қазақстан уран қоры жөнiнен қазiр, әлем елдерiнiң арасында қазіргі уақытта бірінші  орында тұр. Тек ізін қуалап келуде. Уран өндiрiсi бойынша алғашқы үштiктiң қатарында. Елдiң уран кенiштерiнiң қожайыны «Қазатомпром» Ұлттық компаниясының (акциясының 100 пайызы Үкiметтiкi) ойлағаны көп. Басшысы Мұхтар Жәкiшевтiң айтуынша, «компания 2010 жылы уран өндiрiсi жөнiнен әлемдегi №1 компанияға айналды. Ол кезде «Қазатомпром» уран өндiрiсiн 17,8 мың тоннаға жеткiзді. Қазiргi күнi, компанияның жылына 20  мың тонна өндiрiп отырғанын ескерсек, өндiрiс көлемi 3 есеге артады деген сөз. Айтпақшы, кезiнде ядролық держава деген атымен дүниенi дiрiлдеткен Кеңестер Одағы жыл сайын бары 13 200 тонна уран өндiретiн едi. Негiзi, Кеңестер Одағы тараған тұста Қазақстан ядролық қаруының мықтылығы жөнiнен әлемдегi алғашқы үштiктiң құрамына кiретiн едi. Бiрақ, белгiлi себептермен кейiннен елдегi ядролық қаруға тоқтау салынған. Қазiргi күнi қазақ жерiнде 1 млн. 600 мың тоннадай уран қоры бар екен. Халықаралық МАГАТЭ ұйымы «Қазақстанда дүниежүзiлiк уран қорының 19 пайызы шоғырланған» деген баға берiп отыр. Жәкiшевтiң айтуынша, «алдағы төрт-бес жылда «Қазатомпром» трансұлттық компанияға айналмақ». Қазақстаннан әлi трансұлттық компаниялардың шыға қоймағанын, керiсiнше, минералды шикiзаттың шетелдiк трансұлттық компанияларға жем болып отырғанын ескерсек, «атомшылардың» бұл ұмтылыстары қолдауға тұрарлықтай. «Қазатомпромның» негiзгi қоры елдiң оңтүстiк аумағында, яғни, Оңтүстiк Қазақстан мен Қызылорда облыстарында орналасқан. Бүгiнде компанияда 2000-нан астам адам жұмыс iстейдi. «Қазатомпром» президентi Жәкiшевтiң оңтүстiктегi уран кенiштерiн жылына екi-үш мәрте аралайтыны бар екен. Ядролық қарудың «отынын» беретiн уран кенiштерi мен аса жабықтығымен, құпиялығымен ерекшеленiп келген компанияның атқарған жұмыстарын көруден бiз де бас тарта алмадық. Атомшылар полигон деп атайтын кенiштер Қаратаудың етегiндегi құм ортасында орналасқан. Жалпы, уран өндiру процесiнiң өзi қызық. Мәселен, құм ортасында жерге қадалған қара түстi кiшiгiрiм құрылғылар арқылы 450-460 метр тереңдiктен алынған уран трубалар арқылы, полигоннан екi-үш шақырым қашықтықтағы кешендерге тасымалданады. Сәл кеңiнен түсiндiрсек, трубаларға алдымен ерiтiндi (раствор)жiбередi. Ерiтiндi дегенiмiз су мен күкiрт қышқылының қоспасынан алынған техникалық су. Осы техникалық суды трубалар арқылы полигонға айдайды. Ерiтiндi 450-460 метр тереңдiкке барғанда уранды ерiтiп, жоғарыға құрамында ураны бар ерiтiндiнi (продуктивный раствор) шығарады. Жер қыртысынан алынған уран қосылған ерiтiндi арнайы жабдықталған кешенге жiберiледi. Ол жерде ертiндi арнайы ионитке, яғни, смолаға қосылады. Бұл реакция кезiнде смола уранды өзiне жабыстырып алады да, босаған ерiтiндi насостар арқылы қайтадан полигонға жiберiледi. Яғни, уран алынған жерге барып құйылады. Процесс алмасуы осылай жалғаса бередi. Ерiтiндi алдымен, уранды ерiтедi, ерiген уранды дiттеген жерiне апарады, ал онан кейiн қайтадан полигонға қайтады. Тағы бiр қызығы, бұл процесс арнайы кешенде компьютер арқылы басқарылады. Мұны бiлгенде, ашық-шашық шахталарда радиацияға уланып, түтiгiп кеткен, беттерi май-май, әбiржiген жұмысшыларды көремiз деген ойдың тас-талқаны шыққаны... Сөйтсек, уранды шахталарда өндiру әдiсiн кейбiр елдер әлi де пайдаланады екен. Ал «Қазатомпром» уранды заманауи технологиялар арқылы өндiру әдiсiн қалап алған. Бұл экологиялық ең қауiпсiз тәсiл болып есептелiнедi. Уранды бұл әдiспен өндiру жердiң геологиялық ахуалына пәлендей әсер етпейдi. Яғни, жердiң геологиялық жағдайын өзгертпейдi. ластанудың "байырғы" көздерiне қазiргi кезде иесiз тұрған объектiлер: мұнайгаз және гидрогеологиялық ұңғымалар, шахталар, кенiштер (оның iшiнде радиоактивтiк қалдықты), елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер болып табылатын қалдықсақтағыштар мен ағынды сулар жинақтауыштар жатады. Қазiргi кезде Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтiк үйiндiлерiн жою жөнiндегi бағдарлама мен Иесiз мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн гидрогеологиялық ұңғымаларды жою жөнiндегi бағдарлама iске асырылуда. Алайда, бұл бағдарламалар байырғы ластанулардың барлық түрлерiн толық қамтымайды. Сондықтан, байырғы ластануларды жою жөнiнде бағдарлама әзiрлеудiң қажеттiлiгi тұр. Бұл бағдарламада 2006 жылға дейiн қоршаған ортаға олардың әсерiн бағалай отырып, кезең-кезеңмен байырғы ластанулардың барлық объектiлерiне толық түгендеу жүргiзу, ал 2010 жылдан бастап мұндай объектiлердi жою жөнiндегi жұмысты бастау көзделген еді.Жаңа ластанулардың туындауына жол бермеу мақсатында олардың пайда болуын болдырмайтын құқықтық, экономикалық және өзге де тетiктердi әзiрлеу және енгiзу қажет. Осы уран көптеген  елдердің жер қойнауында болса да олар уранды өндіруге шешім қабылдай алмай отыр,себебі уран өті қауіпті элемет,оны өндірсе елдің ертеңгі тағдыры не болары белгісіз,көптеген экологиялық проблемаларға әкеліп соқтыруы мүмкін.Міне осындай қиыншылықтарға қарамастан біздің еліміз әлем бойынша қауіпті уранды өндіруден жетекші орын екені өкінішті. Тағыда бірнеше елде уран қарқынды түрде өндірілуде.Уран табиғатта  әртүрлі болып кездесуі мүмкін.Көбінесе уран тас немесе құм,саз арасында кездеседі.Оны мына фотосуреттерден көре аламыз: (Б қосымша (уранның тас күйінде кездесуі), В қосымша (уранның құм,саз құрамында кездесуі),Г қосымша (Степногорскідегі ашық уран өндіру кен орны.Шахта)

Информация о работе Атмосфералық ауаның радиациадан туындайтын онкологиялық аурулар