Атмосфералық ауаның радиациадан туындайтын онкологиялық аурулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 10:07, реферат

Описание работы

Зерттеу мақсаты:Уран өндірудің бірінші жолын таңдаған елімізде жыл сайын онкологиялық аурулар қауіпі жоғарлап келуде. Осы онкологиялық аурулар көптеп тараған аудандар,олар негізінен осы уран өндіретін радиaциясы жоғары аудандар.Жетекші орындардың бірінде осы Степногорск тұр.Қатерлі ісік ауруымен ауратын адамдар арасында қазір жас балаларда көптеп кездесіп жатыр. - Елімізде қатерлі ісікке жылына 30 000 жуық адам шал¬дығады екен.

Содержание работы

Кіріспе 6
Негізгі бөлім 7
1 Қазақстандағы радиациалық жағдайы 7
2 Радиациялық әсері 10
3 Радиактивті қалдық заттардан қорғау 12
4 Степногордегі ашық уран өндірісі 16
5 Атмосфералық ауаның радиациадан туындайтын онкологиялық
аурулар 24
Қорытынды 34
Қолданылған әдебиеттер 36
Қосымша тапсырмалар 37

Файлы: 1 файл

окончательная научная работа.docx

— 1.07 Мб (Скачать файл)

Негізінен уран өндірудің екі түрі бар.Біріншісі, қоршаған ортағы тікелей залалын тигізіп,яғни осы біздің Степногорскідегідей ашық түрде өндіру.Екіншісі,ол осы технология дамыған заманға сәйкес өндіру,осындай тәсілмен өндірсе уран радиациясы экологияға аз әсерін тигізетін еді.Бұл жол іс жүзінде былай көрінеді. (F қосымша)

Жер бетіне металдан жасалған арнайы уран сақтаушы ангарлар қойылып,жерді терең  бойлайтын құбырлар арқылы жер қойнауында жатқан  уранды аз қалдықпен сорып алу,бұл жағдайда жаңа айтып кеткендей уран қалдығы аз болар еді.Бірақ уран өндірудің бірінші жолын таңдаған елімізде жыл сайын онкологиялық аурулар қауіпі жоғарлап келуде. Осы онкологиялық аурулар көптеп тараған аудандар,олар негізінен осы уран өндіретін радияциясы жоғары аудандар.

 

 

 

 

 

    5 Атмосфералық ауаның радиациадан туындайтын онкологиялық аурулар

Онкология (греч. onkos — масса, ісік + logos — білім) —  ісіктердің пайда болу себептерін, даму тетіктерін зертейтін және оларды диагностау, емдеу және алдын алудың медицина аумағы. Дербес медико-биологиялық  пән ретінде онкология XX ғасырда  ғана қалыптасты, ал ісіктер адамзатқа  көне дәуірден бері белгілі. Онкология  аумағындағы зерттеулер қазіргі  заманғы өзекті және елеулі проблемалар  қатарына жатады. 2007 жылдан бастап Қазақстан  Республикасында жыл сайын – 4 ақпанда Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні атап өтіледі. 2010 жылы Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы  күрес күні «Жұқпалы факторлардан туындаған  онкологиялық аурулардың біріншілік профилактикасы»  ұранымен өткізілді. Жетекші орындардың бірінде осы Степногорск тұр. Қатерлі ісік ауруымен ауратын адамдар арасында қазір жас балаларда көптеп кездесіп жатыр. - Елімізде қатерлі ісікке жылына 30 000 жуық адам шалдығады екен. Соның 300-350-і - балалар. Яғни үлкендерге қарағанда балаларда қатерлі ісік салыстырмалы түрде сирек кездеседі деуге болады. 15 жасқа дейінгі балаларда қатерлі ісік саны қатерсіз ісіктерге қарағанда 10 есеге дейін аз. Соған қарамастан қатерлі ісік - балалар өлімінің негізгі себептерінің бірі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша, қазіргі таңда балалардың қатерлі ісігінен өлуі кездейсоқ оқиғалардан кейін екінші орында тұр. Балалар арасындағы бұл дерттің көптеген айырмашылықтары мен ерекшеліктері де бар. Атап айтар болсақ - балаларда саркомалар (сүйектің, жұмсақ тіннің, бүйрек, көз, жыныстық бездердің, мидың, бауырдың қатерлі ісігі) және лимфомалар, лейкоздар басым кездеседі, ал «рак» - үлкендерде кездесетін эпителиалды ісіктер - жұтқыншақ, асқазан, өкпе, сүт безі, жатыр қатерлі ісігі және де басқалар балаларда өте сирек.Балардың осындай ауруларға шалдығу себептері ол кейбір жағдайларда тұқым қуалаушылық жағдайларында болады,ал көп жағдайда осы балалардың онкологиялық ауруларға шалдығу себебі оларды қоршаған ортаға байланысты.Демек радиация жоғары жерлерде осындай қатерлі ісік ауруына шалдығу қауіпіде басым болады.Елімізде онкологиялық ауруларға шалдыққан адамдар басым облыстары,радияция жоғары өлкелер.Осы ауруларды болдырмау үшін,қазір алдын алу шаралары өткізілуде.Тек бұл ғана аурулар емес,экологиялық қауіпті аймақтарда ерлер арасында белсіздік те жоғарылуда,бұл уран өндіру орындарында істейтен шахтерларда кездесуде,тағы бір айтып кетері ол осы өлкелердегі нәрестелердің өлі туылуы,яғни шытынауы. Мутацияға ұшырап туылған балалар уран өндіретін,радияциясы жоғары аймақтарда көптеп кездесуде.Храмосомалар  саны өзгеру және тағы көптеген қатерлі аурулар орын алуда. Радиация әсерінен  өзгеріске ұшырап туылған балалар,жануарларда кездесіп тұруда. (Д қосымша, Е қосымша, Ж қосымша,З қосымша).  Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні аясында Қазақстанның барлық аймағында   «Онкологиялық аурулардың алдын алу» онкүндіктері өткізіліп тұрады.Бұл туралы бүгін Алматыда «Обыр ауруының алдын алу және ерте кезеңінде анықтау. Біздің күшіміз бірлікте» деген тақырыпта өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығыны мәлім етті. Бұндай акцияның мақсаты - онкологиялық аурулар мәселесіне қоғамның назарын аударту, тұрғындар мен медицина қызметкерлеріне жаһандық сипат алған қатерлі ісік ауруы түрлерін алдын алу мен ерте анықтау жөнінде ақпараттандыру, ел азамататарына скринингтік тексерудің қажеттілігін түсіндіру болып табылады. Онкүндік барысында БАҚ арқылы және халық көп шоғырланған жерлерде онкологиялық аурулардың алдын алу, оны дер кезінде анықтау жайында ақпараттық шаралар ұйымдастырылатын болады. Ал, медициналық мекемелерде мамандар кеңесі, ашық есік күндері, тұрғындар үшін скринингтік тексерулер өткізіп тұрады.Аталмыш шаралар қалыптасып отырған онкологиялық аурудың жартысына жуығын болдырмауға ықпал етпек. Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні 2006 жылдың 4-ақпаннан басталды, Обырға қарсы күрес халықаралық қоғамының ұйымдастыруымен және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен өткізіліп келеді. Бұл күні Қазақстанның және бүкіл дүниежүзінің дәрігерлері адамзат баласына обыр ауруы жаһандық мәселе болып келе жатқандығын және оған назар аудару қажеттігін еске салады.Қазіргі таңда осы қатерлі ісік ауруымен күресетін көптеген медицина бөлімшелері құрылған,бұлар елге көмегін тигізіп онкологиялық аурулардың алдын алуда.

Онкологиялық  аурулардың проблемасы біздің республикамыз  үшін өзекті болып қалуда, өйткені  Қазақстан бұл дертке ауру-сырқаушылық құрылымында және өлім жағдайлары бойынша жетекші орынға ие. Мұның себебі халықтың онкологиялық аурулармен ауру-сырқаушылық және өлім деңгейі тұрақты түрде жоғары болып сақталуда, бұл халықтың күтілудегі өмір ұзақтығына және жалпы демографиялық ахуалға кері әсерін тигізеді. Жыл сайын Қазақстанда қатерлі ісіктермен ауыратын 30 мыңға жуық науқас анықталады. Қатерлі ісіктермен ауру-сырқаушылық құрылымында 100 мың халық санына 23,8 құрап (2006 жыл), өкпе қатерлі ісігі тұрақты бірінші орында. Әрі қарай қатерлі ісіктермен ауру-сырқаушылық құрылымында тері қатерлі ісігі (100 мың халық санына 18,4), сүт безі рагы (19,5), асқазан рагы (18,9), өңеш рагы (9,3) және жатыр мойынының рагы (8,2). Онкологиялық аурулардан болатын өлім құрылымында алдыңғы қатарда өкпе рагы (100 мың халық санына 17,6), асқазан рагы (15,0), сондай-ақ сүт безі рагы (8,2) және өңеш рагы (8,1).

Облыс онкологтары  білікті әрі тәжірибелі кәсіби мамандарға зәру болып отырса да, ҚР Денсаулық  сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес облыстың барлық аудан орталықтарында еркектерді тексеруден өткізетін бөлмелер тұрақты жұмыс істейді. Елу мен алпыс жас аралығындағы 39252 әйел жүз пайыз мақсатты тексеруден өтіп тұратын көрінеді. Ал, 35-60 жастағы әйелдердің 56680-нің сүт бездері қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Осы деректерге қарап отырып, онкологиялық аурудың облыста қаншалықты етек алғанын аңғаруға болар. Бірақ, ем қонғандардың саны республикалық индикаторлық көрсеткіштен едәуір жоғары, яғни, 54,6 пайызға тең екен.

Қазақстандағы ең өзекті мәселенің бірі – онкологиялық ауру. Статистикалық көрсеткіш бойынша  аталған дерттен болатын өлім саны басқа аурулармен салыстырғанда  елімізде өте жоғары болып, халықтың өсімі мен өмір ұзақтығына айтарлықтай  әсер етіп отыр. Өмір бақи рактан зардап шегу әрбір бесінші қазақстандыққа қауіпті. Қатерлі ісік ауруынан елімізде 100 мың адамға шаққанда жиырма пайызы зардап шегеді. Тері қатерлі ісігінен 100 мың адамнан 18,4 пайзы, сүт безі рагы 19,5 пайыз, асқазан рагы 18,9, өңеш рагы 9,3 және жатыр мойынының рагынан 8,2 пайыз халық сырқаттанған. Ал, бұл дерттің алдын алу шаралары қалай ұйымдастырылған? Рактан қалай  аман қалуға болады деген сұрақ денсаулық  сақтау мамандарының күн тәртібінен түскен емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамдарына сәйкес, 2020 жылға дейін аса қатерлі ісікпен ауыратындар мен өлімге ұшырайтындар саны бүкіл әлем бойынша 1,5-2 есеге артпақ. Сарапшылар ауру санының өсуі ер адамдар арасындағы өкпе қатерлі ісігі, әйелдер арасындағы сүт безінің қабынуы және жатыр рагының есебінен артады дейді. Қаулап бара жатқан қауіпті дерттің «ұя» салмаған жері жоқ шығар, сірә? Ал, Маңғыстау облысында қатерлі ісік ауруының қаупі қаншалықты. Осы сауалдар төңірегінде Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері және үшінші орында әйел адамдарда кездесетін жатыр мойнының ісігі.   Күні кеше қолданысқа енген жаңа жүйе құлдырап бара жатқан денсаулық саласын сапалық тұрғыдан жаңа Бәкен Байназаровтан сұрап білген едік.– Қазіргі таңда облыс бойынша қатерлі ісік ауруымен ауыратын 2410 адам есепте тұр. Соның 1115-і немесе 46,2 пайызы 5 жылдан артық өмір сүре алады. Сырқаттар уақытында емделуде және тұрақты түрде онкологиялық диспансердің бақылауында. Ақмола облысы Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда ауру көрсеткіші жағынан соңғы орында тұр. Қатерлі ісікпен. Бұл сырқат көп факторлы ауру болғандықтан, себептері де әртүрлі (ауа райы, экология, азық-түлік, су және т.б.). Облыста өңеш қатерлі ісігі бірінші орында тұр. Екінші орында сүт безі қатерлі ісігі сатыға көтере ала ма, келешекте оң өзгерістер алып келе ме, ол – уақыттың еншісіндегі шаруа. Біздің бұл ойымызбен Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Маралбек Мейірбеков те келісер дейміз. Аталған жүйе қатерлі ісік сияқты қауіпті ауруларды ерте анықтауға, дер кезінде ем жасауға әрі емнің сапасын арттыруға, науқастың тез айығып кетуіне жағдай жасай ма, жасамай ма, оны келешек көрсетеді. Маралбек ең алдымен жаңа жүйенің кем-кетігінен гөрі оның негізгі артықшылықтарына тоқтала келіп: «Ең алдымен онкологиялық науқастарға ем-дом көрсететін дәрігерлердің білімін, біліктілігін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, ендігі жерде науқастардың көңілі қалаған дәрігер мен ең мықты деген онкологиялық емдеу мекемесін еркін таңдау мүмкіндігіне ие болды. Тіпті қажет болған жағдайда науқас емдеуші дәрігердің жолдамасымен Алматы мен Астанадағы, сондай-ақ, ел аумағындағы қатерлі ісік ауруларын емдейтін ауруханаларда өзінің қалауы бойынша емделе алады. Бұл ретте науқас таңдаған стационарда емделуге жұмсалған шығындарды толығымен министрлік өз мойнына алады», – дейді облыстың бас дәрігері. Иә, бәрі де жақсы дейік, бірақ, мәселенің екінші жағы бар емес пе? Сонда науқас жақсы дәрігер, емхана, аурухана іздеп сабылып жүрмек пе? Ауылдағылар ем іздеп қалаға ағылмай ма? Жергілікті шағын емханалар, ауруханалар жабылып қалмай ма? Жолдама алу – жемқорлықты туғызбай ма? Бұл жүйе дәрігерлер мен емделушілер арасында осындай сан сұрақтар туғызып отырғаны белгілі.

Осы нәтижені одан әрі көтере түсу үшін облыс әкімі  тарапынан дәрігерлерге зор қолдау көрсетіліп, денсаулық сақтау саласына кейінгі жылдары мол қаржы  құйылуда. Емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жаңарып, аурудың алдын алу  шараларының жақсарғаны байқалады. Соңғы үш жылда біраз емдеу  нысандарына күрделі жөндеу жүргізіліп, бұл мақсатқа 70 миллион теңге  жұмсалған.

  Батыс Қазақстан облысында онкологиялық ауруларға шалдыққандар саны артуда. Мәселен, бүгінде есепке алынған науқастардың саны 4 100-ге жеткен, егер жыл сайын орташа есеппен 1500 адам осы аурумен дертке шалдықса, олардың жиырма үш пайызының дерті асқынған болып шықты. Сондықтан да облыстық онкологиялық диспансерде окнологиялық аурулардың алдын алу мақсатында айлық басталды.

Облыстық онкологиялық диспансерде 20-сәуір күні окнологиялық аурулардың алдын алу мақсатында айлық басталды. Бұл шара 20-мамырға  дейін жалғасатын болады. Мамандардың  айтуынша, осы кесел түрімен ауырғандардың  қатары күн санап дерлік көбейіп  барады. Мәселен, бүгінде есепке алынған  науқастардың саны 4 100-ге жеткен, егер жыл сайын орташа есеппен 1 500 адам осы аурумен дертке шалдықса, олардың  жиырма үш пайызының дерті асқынған болып шықты. Мұның себебін ауруға шалдыққан тұрғындардың дәрігер  көмегіне дер кезінде жүгінбеуінен көрген ақ халаттылар дерттің алғашқы  белгілерін анықтаудың қиындығы өз алдына бір бөлек әңгіме екендігін айтады. Сондықтан да шара аясында мамандар қатерлі аурудың алдын алу  мен дәрігерлер арасында ақпараттық жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр. Обыр бүкіл дүниежүзі бойынша  өлімге алып келетін себептердің  бірден бірі болып отыр, Қазақстан  да соның қатарына кіреді. 2010 жылы зиянды жаңадан пайда болған аурулар  қазақстанда алғаш рет қан  айналым ауруларынан кейінгі  екінші орынға шығып, 100 мың халықтың 112,8 бөлігін құрады. Онкологиялық патологиялардың  құрылымы өзгеріп оытрады. Сонымен, онкологиялық аурулар құрылымында  тері және меланома обырының салмағы  басым болып отыр –  9,2%-дан 11,3%-ға дейін.

Қазіргі таңда  БҰҰ қоршаған орта бойынша бағдарламасы күн сайын әлемдегі 2 млн. астам  тері ісіктері және 200 мыңға жуық тері меланомасын тіркейді. Осы аурулардың саны жаппай өсіп келеді, олар онкопатология  құрылымында ерлер арасында үшінші орын, әйелдер арасында екінші орын алып отыр. Сондай-ақ меланомамен ауратын  науқастар саны да өсуде.   Күн  сәулесі  және зиянды меланома оқиғасы  санының өсуімен байланысты –онда  кәдімгі қарапайым меңнің эволюция жолымен бірте-бірте дамуы мүмкіндігі нақты бақыланып отыр. Алайда күнге  күю сәні әлі де бар, тіпті біршама  уақытқа созылуы да мүмкін – кезек  елген, тіпті ең қарапайым спорт  клубы немесе косметикалық салонға  бас сұқсаңыз болғаны. Олар ұсынатын қызмет көрсетулердің арасында міндетті түрде солярий болары хақ.  Күн сәулелерінің әсерінен теріде ерекше жасушалар пайда болады – меланин пигменттері бар меланоциттер, олардың міндеті – теріні күннің ультра күлгін сәулесінен қорғау. Біз күн көзіне қаншалықты ұзақ болған сайын, меланин де жаңадан пайда болған жасушалардың құрамына соншалықты көбірек енеді.

Эндорфиннің жетіспеушілігі ауыр күйзеліске әкеп соғады. Оның үстіне, теріде тек күн сәулесінің әсерінен ғана пайда болатын D3 дәрумені бар. Осындай жағдайда көмекке солярий  келеді. 

 Солярий –  күн сәулесіне ұқсас сәулелену  туғызатын машина, оның әсерінен  теріде меланоцит пайда болады  да, қалаған реңкке қол жеткізіледі. 

Жалпы алғанда, «солярий»  арифметикасы өте қарапайым: солярийде  шамдар саны қаншалықты көбірек, қаншалықты қуатты болса, күю үшін соншалықты аз уақыт кетеді. Жоғарғы қысымды  шамдар әдетте 160-180 Вт қуаттылықта болады. Осындай шамдар солярийде шамамен 40-48 дана болуы мүмкін. Солярийдің мұндай түрі уақытын бағалайтындар үшін тиімді. Бірақ есіңізде болсын: шамдардың  саны анағұрлым көп және олардың  қуаттылығы жоғары болса, күю сеансы 10-15 минуттан аспауы керек.

  БДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша онкологиялық аурулар оқиғасының 40% қауіп төндіретін факторларды азайту есебінен, оның ішінде солярийдегі артық инсоляцияның да бетін қайтаруға болады.

   Обырдың ерте диагностикасының жақсаруы да онкологиялық аурулармен күресуде негізгі кезең болып табылады. Халықтың ақпараттану және медициналық сауаттылық деңгейін көтеру үшін онкология мәселелерін мейлінше кең түрде жариялау керек. Мұндай жағдайлардың жартысынан көпшілігі асқынған кезеңде анықталады, ісіктердің көбі 20-25 жыл орныққан, кейбір жағдайларда бала кезден, обырды неғұрлым тезірек анықтаса, оны емдеу де соғұрлым мүмкін болмақ. Бірақ халықтың дәрігерге жүгінуі бұл әлі де болса оңтайлы жол емес, скринигтік бағдарламалар жұмысын жолға қою керек. Дамыған елдерде тері, жатыр мойны, сүт безі, тоқ ішек сияқты  обыр үрлеріне болатын өлімнің төмендеуі мамандандырылған халықты жаппай скринингтеу бағдарламасының нәтижесі болып табылады.

Бүкіл дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күні аясында Салауатты өмір салтты қалыптастыру проблемалары облыстық орталығы облыстың барлық аудандарында 2011 жылдың 1-10 ақпан  күндері онкологиялық ауруларға  қарсы онкүндік жүргізуді ұйымдастырады. Бұл уақытта орталықтың мамандары  дәрігерлермен бірлесе отырып, онкологиялық аурулардың профилактикасы және ерте диагностикасы тақырыптарына дәрістер, әңгімелер, тренингтер өткізетін болады.

  Онкологиялық ауруларға қарсы дүниежүзілік күрес күніне орай жыл сайынғы профилактикалық тексеру және онкүндік аясында өткізілген шаралардың мақсаты – осындай жаһандық проблемаға жұртшылықтың назарын аудару, хабардарлығын арттыру және онкологиялық ауруларға қарсы ынтымақтастық. Қазіргі уақытта онкологиялық аурулардың қаншалықты қауіпті және көп тарағандығын еске түсіруге себеп болды, яғни оның профилактикасы бойынша жұмысты жандандыра, жақсарта түсу керек.

01.01.2012 ж. Ақмола  облысы бойынша азаматтарға жеңілдік берілді

Степногор қ. жалпы халық  саны – 65931 адам, жалпы мүгедектер саны – 2201, жалпы халық саның ішінде мүгедектер үлесі – 3.3 %, жалпы онкологиялық аурулармен  мүгедектер саны – 113, жалпы  мүгедектер саның ішінде онконауқастардың үлесі – 5.1%, , жалпы халық саның  ішінде онко-мүгедектер үлесі – 0.17%

Көкшетау қ. жалпы халық  саны – 149852 адам, жалпы мүгедектер саны – 6745, жалпы халық саның ішінде мүгедектер үлесі – 4.5 %, жалпы онкологиялық аурулармен  мүгедектер саны – 295, жалпы  мүгедектер саның ішінде онконауқастардың үлесі – 4.4%, , жалпы халық саның  ішінде онко-мүгедектер үлесі – 0.20%

 

 

Қорытынды

           Кезiнде жергiлiктi қазақтардың өзiне есiгi жабық болған бұл құпия қаланың карта бетiнде белгiленбегенi де шындық. Сонау 1964 жылы Орталықтың ықпалы арқылы сахара даланың төсiнде стратегиялық мақсатпен пайда болған Степногорскiнiң тұрғындары да негiзiнен Ресей жерiнен арнайы көшiп келгендер едi. Осы жерде аз уақыттың iшiнде бой көтерген уран кенiн өңдейтiн, қаланың негiзiн құраушы болып есептелетiн тау-кен-химия комбинаты, құпия түрде биологиялық қарулар жасаумен айналысқан «Прогресс» зауыты секiлдi кәсiпорындарда еңбек еткен де солар едi. Ежелден Одаққа аты белгiлi «Ақсу», «Бестөбе», «Жолымбет» секiлдi атақты алтын кенiштерi де осы аймақта орналасқан. Арасы қашықтау болса да, Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы Шаңтөбе уран кенiшi де Степногорскiнiң иелiгiнде. Тәуелсiздiк алғаннан кейiн бұл қала таза қазақыланып кетпесе де, осы уақытта тұрғындарының 20-25 пайызға жуығы жергiлiктi ұлт өкiлдерi. Мысалы, Еуропа подшипник корпорациясының құрамына кiретiн Степногорск подшипник зауыты акциясының бақылау пакетi ресейлiк компаниялардың иелiгiнде, қаланы жарықпен және жылумен жабдықтайтын, уран өңдейтiн кәсiпорындардың шын иелерi де шекараның ар жағында отырған көрiнедi. Пайдасын көретiндер басқалар екенi айтпаса да түсiнiктi.Яғни осы елімізде өндірілетін уранның барлығы шекара асып Ресйге жөнелтілуде,ал сол уран өңделгеннен қалған қалдықтар осы қазақ жерінде қалып,экологиялық мәселелерді өршітуде.Қазіргі уақытта уран Степногорск қаласында ашық турде өндірілуде,бұл қоршаған ортаға,сол жердегі халыққа өте көп зияндарын тигізуде. Уран ол стратегиялық маңызы бар өте қымбат;жер қойнауында жатқан қазбалы байлықтардың бірі болып саналады.Өзі уран дегеніміз не? Уран - Д.И.Менделеевтiң химиялық элементтерiнiң топтық жүйесiндегi табиғатта кездесетiн 92-шi радиоактивтi элемент. (Қазiр бұл жүйеде химиялық элемент бар).   Бірақ уран өндірудің бірінші жолын таңдаған елімізде жыл сайын онкологиялық аурулар қауіпі жоғарлап келуде. Осы онкологиялық аурулар көптеп тараған аудандар,олар негізінен осы уран өндіретін радияциясы жоғары аудандар.Жетекші орындардың бірінде осы Степногорск тұр.Қатерлі ісік ауруымен ауратын адамдар арасында қазір жас балаларда көптеп кездесіп жатыр. - Елімізде қатерлі ісікке жылына 30 000 жуық адам шалдығады екен. Соның 300-350-і - балалар. Яғни үлкендерге қарағанда балаларда қатерлі ісік салыстырмалы түрде сирек кездеседі деуге болады. 15 жасқа дейінгі балаларда қатерлі ісік саны қатерсіз ісіктерге қарағанда 10 есеге дейін аз. Соған қарамастан қатерлі ісік - балалар өлімінің негізгі себептерінің бірі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша, қазіргі таңда балалардың қатерлі ісігінен өлуі кездейсоқ оқиғалардан кейін екінші орында тұр. Балалар арасындағы бұл дерттің көптеген айырмашылықтары мен ерекшеліктері де бар. Атап айтар болсақ - балаларда саркомалар (сүйектің, жұмсақ тіннің, бүйрек, көз, жыныстық бездердің, мидың, бауырдың қатерлі ісігі) және лимфомалар, лейкоздар басым кездеседі, ал «рак» - үлкендерде кездесетін эпителиалды ісіктер - жұтқыншақ, асқазан, өкпе, сүт безі, жатыр қатерлі ісігі және де басқалар балаларда өте сирек.Балардың осындай ауруларға шалдығу себептері ол кейбір жағдайларда тұқым қуалаушылық жағдайларында болады,ал көп жағдайда осы балалардың онкологиялық ауруларға шалдығу себебі оларды қоршаған ортаға байланысты.Демек радиация жоғары жерлерде осындай қатерлі ісік ауруына шалдығу қауіпіде басым болады.Елімізде онкологиялық ауруларға шалдыққан адамдар басым облыстары,радияция жоғары өлкелер.Осы ауруларды болдырмау үшін,қазір алдын алу шаралары өткізілуде.Тек бұл ғана аурулар емес,экологиялық қауіпті аймақтарда ерлер арасында белсіздік те жоғарылуда,бұл уран өндіру орындарында істейтен шахтерларда кездесуде,тағы бір айтып кетері ол осы өлкелердегі нәрестелердің өлі туылуы,яғни шытынауыХрамосомалар  саны өзгеру және тағы көптеген қатерлі аурулар орын алуда. Радиация әсерінен  өзгеріске ұшырап туылған балалар,жануарларда кездесіп тұруда.(Д-қосымша)

Информация о работе Атмосфералық ауаның радиациадан туындайтын онкологиялық аурулар