Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның жағдайы туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 12:27, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. «Қоршаған ортаның ластануы» ұғымының ауқымы кең. Тар мағынада ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады.
Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.

Содержание работы

Кіріспе
1 Қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінд пайда болып жатқан заттар
1.1 Қоршаған ортаның ластануы
1.2 Табиғи ортаның ластануы мен классификациясы
2 Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның жағдайы туралы
2.1 Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар
2.2 Атмосфералық ауаның ластануы
2.3 Су ресурстарының ластануы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

курсовая Ризагуль.doc

— 589.00 Кб (Скачать файл)

 

1.2 Табиғи ортаның ластануы мен классификациясы

 

Ластаушылардың табиғаты бойынша ластанудың мына түрлерін айырады:

- биологиялық ластану - экожүйеге оған жат организм түрлерін әкелу және олардың көбеюі. Микроорганизмдермен ластануды сондай - ақ бактериологиялық, немесе микробиологиялық ластану деп те атайды;

- физикалық (радиациялық, жылулық, жарықтық, электромагниттік, шулық және т.б.);

- химялық (биосфераның химиялық заттармен ластануы).

Түзілу әдісіне байланысты біріншілік және екіншілік ластануды айырады. Біріншілік ластануға – биосферадағы табиғи және антропогенді процестер арқылы қоршаған ортаға түсетін ластаушыларды жатқызады. Екіншілік ластану – қоршаған ортадағы физикалық - химиялық процестердің нәтижесінде орта мен адамға зиянды заттардың түзілуі жатады.

Мысалы, екіншілік ластануға ауадағы газдардың әр түрлі газдардың қосылысынан түзілетін қала үстіндегі тұманды келтіруге болады (смог).

Кеңістік тұрғыдан бүкіл әлемдік, аймақтық және жергілікті ластануларды бөледі.

Қоршаған ортаның компоненттеріне байланысты біріншіден атмосфераның, гидросфераның, (литосфераның) және атмосфералық ауаның, жербеті мен жерасты суларының және топырақтың ластануын қарастырады. Адам организміне ылғи түсіп тұратын ластаушы заттардың 70% тамақпен, 20% - ауамен, ал 10% - сумен бірге түседі.

Химиялық ластануға қоршаған ортада табиғи, табиғи – антропогенді және антропогенді несеме тіршілік ортада болып жатқан физикалық – химиялық процестеркезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз. Дамуы жрғары елдерде соңғы екі - үш онжылдықта қолданылған шараларға байланысты қоршаған ортаның химиялық ластануы екінші орынға түсіп, бірінші орынға радиактивті ластану шығып отыр. Біздің елімізді қоршаған ортаның химилық ластану қаупі әлі де жоғары болып тұр.

Қазіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4 - 5 млн. түрі белгілі. Олардың саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам организміне әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп тұратын организмге жат химиялық ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грек. ксенос - жат, биос - өмір) деп айтады.

Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ластануын айтады.

Қоршаған ортаның компоненттері мен ластану орындары бойынша химилялық ластануды келесі түрлерге бөледі:

- ауаның ластануы (мысалы, адамдар тұратын аймақтар, жұмыс істейтін жерлер);

- тұрмыстық және өндірістік бөлмелердің;

- жербетілік және жерсты суларның;

- топырақтың;

- тамақтың және т.б.

Ортаның химилық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз:

- қоршаған ортаға сұйықтық, газды және қатты түрдегі өндірістік қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар;

- ластанушы заттар шығаратын, немесе оларды жинақтап, сақтайтын шаруашылықтар;

- ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылду) аймақтар;

- планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын - шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшарушылық қалдықты сулар.

Радиактивті ластану – қоршаған ортаға өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі.

Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп туғызады. Ластанудың бұл түрі химиялық ластанудан кейін екінші орынға шықты. Радиациялық ластануды мынадай топтарға бөледі:

- радиактивті заттрдың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа- (гелий ядросы), бета- (жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулелердің әсерінен болатын радияциялық ластану (физикалық ластану түрі);

- қоршаған ортадағы радиактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі.

Ортаның радиактивті ластануына атом қаруына сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклеиттер жауын – шашынның түсуіне әкеледі. Радионуклеиттер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, олард басқа атомдарға оң және теріс иондар жұбын түзуімен қосуға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптар. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды.

Гелий ядроларынан (альфа-сәулелену) немесе жлдам электрондардан (бета-сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын орпускулалық сәулелену – бұл гамма-сәулелену мен оған жақын рентгендік -сәулелену. Альфа- және бета-сәулелену негізінен организмге түскен кезде оған әсер етеді, ал гамма-сәулелену организмнен тысқары тұрып та әсер ете алады.

Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабатындағы радиактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық қауіптің антропогендік әсерлеріне радиактивті затарды өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядролық қаруды сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс - әрекеттерімен тығыз баланысты:

- атом өнеркәсібі;

- ядролық жарылыстар;

- ядролық энергетика;

- медицина мен ғылым.

Бұлар қоршаған ортаны радиактивті элементтермен және радиациялық сәулеленмен ластады. Бұдан басқа атом өнеркәсібі радиактивті қалдықтрдың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіпті және әлі шешімін таппаған мәселені – оларды көму мен жою мәселелерін алп келді.

Келесі бір қауіпті радионуклид – стронций - 90, ол ядролық сынақтардың нәтижесінде түзіледі. Ол ағзаға асқазан – ішек трактісі, өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жинақталады. Стронциц қанада потологиялық құбылыстарды тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрылысынның бұзылуына әкеліп соғады. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы болуы мүмкін.

Атмосфералық ауаның ластануы. Атмосфералық ауаның ластануы адам организміне тікелей әсер етеді, ал атмосфераның ластануы (бүкіл әлемдік деңгейде) – жанама түрде климаттың өзгеруі арқылы, биосферадағы озон қабатының бұзылуымен, қышқылдық жауынменен әсер етеді.

Ауаны ластаушы заттардың негізгі түрлеріне: атмосфералық газдар (азоттың, күкірттің, көміртектің газдары), фенолдар, альдегидтер, ауыр металдардың аэрозолдары мен басқа да органикалық және минералдық заттарды жатқызамыз. Бұлардың көбісі улылығы мен канцорегендік қасиеттері арқасында онкологиялық аурулар әкеледі.

Ауаны негізгі ластаушылар қатарына ауаға қорғасынды, көміртек оксидін, альдегидтерді, шаңдарды, әр түрлі газдар мен ароматты көмірсутектерді (бензаперин, фенантрен) және т.б. шығарып тұратын автотранспортты, жылу электростанцияларын, металлургиялық, мұнай өндіретін және т.б. химиялық өндіріс орындарын жатқызады.

Жоғарыда келтірілген ауада болатын химялық заттар тек қана адамдар денсаулығына ғана әсер етіп қоймай, сондай – ақ қоршаған ортаның жағдайына да әсер етеді. Табиғи экожүйедегі бұл әсерлер әрн түрлі және толығынан зерттелмеген. Мысалы, кейбір газдар (көміртек оксидтері) аз мөлшерде өсімдіктердің өсуі мен дамуына жағдай жасайды, алайда олардың ауадағы мөлшері көп болған жағдайда олар кері әсер етеді. Мысалы, күкірттің қос тотығы өсімдік жапырақтарының клеткаларының тіршілік әрекетін тоқтатып тастайды. Соның нәтижесінде өсімдік жапырақтарында алғашқыда қоңыр таңбалар пайда болады, соңында кеуіп қалады.

Су қоймаларының ластануы. Халық санының өсуіне байланымты көп елдерде ауыз суға деген сұранысты көбеюіне қарамастан, көлдердің және жерасты суларының ластануы болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мағлұматтары бойынша қоршаған ортада түсетін барлықхимиялық заттардың 80% - ті ерте ме кешпе таза су көздерімен қосылады. Жыл сайын бүіл әлемде 420 км3 қалдық сулар төгіледі, бұл сулар 7 мың км3 таза суларды бүлдіре алады. Су қоймаларының негізгі ластаушылары:

- құрамында өнеркәсіптік тегі бар атмосфералық жауын – шашындар;

- қалның қалдықты сулары (тұрмыстық, канализациондық сулар);

- өнеркәсіптің қалдықты сулары;

- ауылшаруашылығының қалдықты сулары (үй жануарларының кешендерінің нәжістері, егіс далаларындағы тыңайтқыштар мен пестициттердің жауын – шашынмен және көктемгі қардың еріген сулрымен шайылуы).

Су қоймаларының негізгі ластаушысына толық тазартылмайтын өнеркәсіптің қалдықты сулар жатады. Сондықтан да көптеген өзен сулары мұнай өнімдерімен, ауыр металдармен, органикалық және минералды заттармен, местициттермеен ластанған. Қалдық сулардың тазартылмай су қоймаларына құйылуы ластаушы заттардың тұнба түрінде үлкен мөлшерде жинақталуына әкеледі. Мысалы, Қарағанды облысынадығы “Карбид” өнеркәсіптік өндірісінің көп жылдық қаодық суларының тазартылмауы нәтижесінді Саркканд су қоймасы мен Нұра өзенінің табанында көптеген улы  сынап жиналып, қазір ол үлкен мәселеге айналып отыр.

Адам өмірен де және табиғи экожүйеге де тұрмыстық қалдықты сулардың құрамында болатын синтетикалық кіржуғыш затар үлкен зиян тигізеді. Олар су бетін көбікпен жауып тастап, суға оттегінің түсуіне кедергі жасайды. Су қоймаларының экожүйелеріне ауылшаруашылық қалдықты сулармен келетін құрамын азот, фосфор және тағы да басқа биогенді элементтер бар органиканың зиянды әрекеті де өте үлкен. Осы заттардың әсерінен су қоймаларында эвтрофикация поцесі дами бастайды.

Бұл - биогенді элементтердің көмегімен судағы организмдердің биологиялық өсуіннің жылдамдауына әкеледі, осының нәтижсінде сда жалпылама фитопланктондардың, көк - жасыл шылаулардың, жоғарғы су өсімдіктерінің көбеюі басталады да, су күнделікті тіршілікке жарассыз болып қалады.

Топырақтың ластануы. Топырақтың табиғи және антропогенді ластануын айтамыз. Табиғи ластану биосферадағы табиғи процестердің нәтижесінде – топыраққа атмосферадан, литосферадан, гидросферадан әр түрлі химиялық заттардың түсуі арқылы, мысалы, тау жыныстарының желмен ұшуы немесе жаңбыр мен қар сулары арқылы жүреді. Табиғи экожүйе мен адам денсаулығына ең үлкен зиянды топырақтың антропогенді ластануы әкеледі. Негізгі ластаушылар қатарына пецтицидтер, тыңайтқыштар, ауыр металдар, канцерогендер әсерлері құрамында хлор-, фтор-, форсфор сияқты элементтері бар тағы басқа өндірітік заттар жатады. Адам организміне түсетін зиянды заттардың 70% - ы тамақ өнімдеріндегі пецтицидтер мен тыңайтқыштардың нәтижесінде болады.

Топырақ концентрациясы төмендегі деңгейге жеткенде,бұл топырақ мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған деп есептелінеді: 

-  өсімдіктер солып,өзгерістерге  ұшырайды; 

- экологиялық  тепе-теңдік бұзылады,альгофлора және мезофауна түрлері жоғалады; 

- судың физико-химиялық  қасиеттері және топырақ құрылысы  өзгереді;

- карбонатты емес сутекті топырақтарда мұнай өнімдеріндегі сутегі  мөлшері көбейеді; 

- ауылшаруашылық  жерлерінің өнімділігі төмендейді; 

- мұнай өнімдері  топырақ арқылы сіңіп жер үсті және жер асты суларына таралады; 

- жер қыртысының мұнай өнімдерімен ластанған кездегі қауіпсіз деңгейі деп жоғарыда айтылған негативті (ыңғайсыз) жағдайлар туындамаған кезеңді айтады; 

- топырақтың «қалыпты»  деңгейдегі көрсеткіші деп,топырақтың өзіне сай негізгі функцияларын орындау жағдайының сай болуы және қоршаған ортаға,өсімдіктерге және адамға негативті әсерінің болмайтын жағдайын айтады; 

- әлемнің түрлі елдеріндегі,сонымен бірге түрлі табиғи аймақтардағы экспериментті зертеулер көрсеткіштерін қорытындылай отырып мұнай өнімдері концентрациясының төмендегідей алғашқы деңгейі ұсынылған.

Түрлі табиғи аумақтардағы топыратардың ластануының биогеоценоздық реакциясы тәжірибе жүргізу арқылы анықталады. Бұл жағдайда реакцияның топырақты ластаушы заттардың алғашқы салмағына байланысты екені ескеріледі. Экологиялық жүйенің ластану шамасына қарай қайта қалпына келуі немесе келмеуі ластанудың кенеттен,жаппай жүруіне немесе оның біртіндеп жинала келе ластануына байланысты болуы мүмкін. 

Топырақ қыртысындағы мұнай өнімдері мөлшерінің ең төменгі  шамасы деп,оның концентрациясының жоғарғы қауіпсіз шегін айтады. 

Егер концентрация мұнан көп болған жғдайда табиғи ортаның сапасы нашарлай бастайды. 

Топырақтардағы мұнай  өнімдерінің мүмкін болу шегі көп елдерде бекітілмеген, себебі бұл көптеген факторларға байланысты, түріне, құрамына, қасиетіне, климаттық жағдайға, мұнай өнімдерінің құрамына, өсімдік түрлеріне, жерді пайдалану түріне, тағы да басқадай жағдайларға байланысты. Бұл нормалар белгілі бір ауданға және белгілі бір топырақ түріне қарай белгіленуі керек. 

Ластағыштардың басқа түрлері. Ластану салдары әрдайым дереу байқала бермейді. Ластануыдың көбіне жасырын,т ез табыла қоймайтын түрлері де болады. Суды салқындату жүйелернен су объектілеріне бұрған кезде сол объектідегі температураның табиғи режимнің өзгерістері пайда болады, бұл жылулық ластануды білдіреді.

Жылулық ластану – бұл су температурасының міндетті түрде көтерілуі емес, оның төмендеуі де болуы мүмкін. Мұндағы маңызды нәрсе - температура режимінің өзгеруі. Жылы сулардың төгнгділері балықтардың уылдырықтану жолында оларға жылулық тосқауыл жасаған фактілері белгілі.

Көп жағдайда қайта қалпына келу мерзімі белгілі болса,осы жағдайға негізделіп шаралар белгіленеді. Егер топырақтың жоғарғы қабаты ғана ластанса қолдан тазартылады,себебі кейде биогеоценоздардың өзінен-өзі тазарып,қалпына келетін табиғи мүмкіндіктерін осы процестерді жылдамдататын әдістермен бірге пайдалну аса тиімді болады. 

Әртүрлі елдердегі  ластанған топырақ шамасы 5000-нан 10000мг/кг деп алынған осы көрсеткіштер аралығындағы топырақтың санациялау және рекультивациялау үшін интенсивті шаралар талап етіледі,1000-нан 10000мг/кг аралығында топыраққа өздігінен тазалау процестерін аздап күшейту шаралары жүргізіледі. Осындай шаралардан кейін бір жылда топырақтағы мұнай өнімдері қауіпсіз шамаға дейін төмендейді екен. Ластану шамасы 10000мг/кг-нан жоғары болса рекультивациялау әдісінің тиімді түрі таңдап алынады [4, б.7].

Мұнаймен ластанған  топырақ қасиеті көптеген физико-химиялық өзгерістерге ұшырайды. Әлсіз топырақ  құрамының бұзылуы және топырақ  бөлшектерінің суды сіңіру қасиеті  төмендейді.

Информация о работе Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның жағдайы туралы