Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның жағдайы туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 12:27, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. «Қоршаған ортаның ластануы» ұғымының ауқымы кең. Тар мағынада ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады.
Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.

Содержание работы

Кіріспе
1 Қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінд пайда болып жатқан заттар
1.1 Қоршаған ортаның ластануы
1.2 Табиғи ортаның ластануы мен классификациясы
2 Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның жағдайы туралы
2.1 Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар
2.2 Атмосфералық ауаның ластануы
2.3 Су ресурстарының ластануы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

курсовая Ризагуль.doc

— 589.00 Кб (Скачать файл)

Мұнаймен ластанған топырақта көміртегі мен азоттың арасындағы салыс-

тырмалы көрсеткіші жылдам өсіп кетеді,ол топырақтың азот режимін нашарлатады және өсімдіктің тамырымен қоректенуін бұзады. Бұдан басқа,мұнай жерге төгілгенде және топырақ қыртысына сіңе отырып оттегіні ығыстырады,ал оттегі өсімдік және микроорганизмдердің өмір сүруі үшін қажет.

Мұнай кен орындарын  пайдалану процестерінде,мұнайды тасымалдап және қайта өңдеу кезінде көптеген әртүрлі қалдықтар түзіледі. Олардың негізгі бөлігін ашық резервуарларда жиналып сақталған мұнай шламдары құрайды. Бұл мұнай шламдары екінші дәрежелі қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар көзі болып саналады. Сондықтан мұнай өндіруші аймақтардағы құрамында мұнайы бар шламдарды қайта өңдеу, қоршаған ортаны қорғау облысындағы негізгі мәселелердің бірі. 

 Соңғы  уақыттарда мұнай өнімдерін ыдырату үшін биологиялық әдіс кеңінен пайдалануда. Ол түрлі биопрепараттарды қолдануға негізделіп,артықшылығы экологиялық тұрғыдан қауіпсіз болады. Ұсынылып отырған әдісте,технологиялық қондырғылар,жабдықтар тікелей мұнай шламдары орналасқан орындарда қолданылады және эрегетикалық шығындарды талап етпейді, сонықтан бұл әдістің болашағы зор. 

Топырақтың ластанудан өздігінен тазарудың табиғи механизмдерінің  ішінде микроорганиздердің орасан зор  маңызы бар, олар үшін,көмірсутектері жалғыз ғана энергия көзі болып табылады.

Қазіргі уақытта, мұнайды тотықтырғыш микроорганизмдердің 67 штаммдары айқындалған. Талдау қорытындысында бір ғана көміртегіне ассимиляцияланған топырақ үлгілерінен алынған бактериялардың қасиеті анықталған: октан-16%, нафтендер-75, 1%, парафиндер-64,2%, толуол 58,3%, гексан-50,8%, бензол-41,2%, асфальтен-67,7%.

Көмірсутекті қайта қалпына келтіретін бактериялар әсерінен,  топырақта -

ғы мұнайдың бұзылу шамасы 31,3 -73,9% болды.

Қазіргі кезде, мұнаймен ластануға қарсы күресте микробиологиялық әдістерді ойлап табу барысында биоценатты комплекстер шығару үшін мұнай тотықтырушы микроорганизмдердің аборигенді штаммдарын сұрыптап алу мүмкіндігі бар.

Топырақта өзін-өзі тазарту және бейімделу механизмдері әрекет ететіндігі белгілі. Топырақ биосфераның бөлігі ретінде онда болатын организмдермен бірге әмбебап физикалық, химиялық және биологиялық адсорбент және адамның шаруашылық қызметі қалдықтарының барынша әр түрлі органикалық бірлестіктерін, оның ішінде мұнай және мұнай өнімдерін бейтараптандырушы болып табылады.

Алайда топырақта  мұнайдың көп мөлшерде болуы өзін-өзі тазарту механизмін толығымен жоюға қабілетті және адамның араласуынсыз табиғатта топырақты қалпына келтіру ондаған жылдарға созылып кетер еді.

Қалдықтарды төменгі  температурадағы термиялық десорбция  әдісімен өңдеу ластанған топырақтарды өңдеу бойынша қондырғы көмегімен жүргізі - леді.

Таңдау ластанған  материалдың физикалық-химиялық ерекшеліктері мен ластаушы заттардың химиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Негізінен бұрғылау қоқыстары, мұнаймен ластанған топырақтардан тұратын қатты мұнай қалдықтары ластану мен топырақ бөліктері арасында туындайтын байланыстардың жоғары беріктігімен шарттастырылатын, әдетте балшықтар мен саздақтардан тұрады.

Балшықтар мен саздақтарды  мұнай қалдықтарымен байыту олардың  домбығуын елеулі түрде төмендетеді, битум сыйымдылығын азайтудап битумның адгезивтігін және дымданушылығын жақсартады. Бұл ретте битумлы топырақтың технологиялық және пайдалану ерекшеліктері жақсара түседі. Бұрғылау қоқыстарын, мұнаймен ластанған топырақты және олардың қосындыларын термиялық десорбция әдісімен өңдейтін қондырғы экологиялық жағынан жарамды және қоршаған ортаны қайталап ластау мүмкіндігін болдырмайды.

Жылулықпен (термальді) қатар ластанудың қауіпті түріне:

- жарықтық ластану қандай да бір жердегі өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігінің ауытқуларына әкелетін жасанды жарық көздерінің әсер етуінің нәтижесінде жарықтлдың табиғи режимінің бұзлуы.

- шулық – шудың қарқындылығы мен қайталануының табиғи деңгейден жоғарылауының нәтижесінде;

- тербелістік, электромагниттік - электр беруші желілердің, қуатты электр қондырғыларының, түрлі сәулелндіргіштердің болуынан ортаның электромагниттік қасиеттерінің өзгеруінің нәтижесінде пайда болған және нәзік биологиялық құрылымдарда жергілікті, әрі ғаламдық геофизикалық ауытқулар мен өзгерістер тудыратын;

- радиобелсенді - қоршаған ортада радиобелсенді заттардың құрамының табиғи деңгейден артып кетуі де жатады.

Биологиялық ластану да аз қауіп тудырмайды:

- қоздырғыштары микроорганизмдер (микробиологиялық ластану);

- бактериялар, вирустар болып табылатын тырысқақ, тұмау немесе оба сияқты аурулардың індетін еск алудың өзі жеткілікті.

Жеткілікті тазаланбаған және залалсыздандырылмаған тұрмыстық ағнды суларда тері, ішек және басқа да аурулар тудыратын микроағзалардың үлкен кешені болады. Бірқатар жадайларда жаңа экожүйеге басқа елді мекендерден әкеліп, жерсіндірілген жануарлар немесе өсмдіктер де (макробиологиялық ластану) шаруашылыққа үлкен зиян келтіруі мүмкін. Мәселен, Еуропада алқаптардың зиянкестеріне айналған американдық колорад қоңызымен осындай жағдай юолды.

 

2 Қазақстан Республикасында  қоршаған ортаның жағдайы туралы

 

 

2.1 Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар

 

Кәсіпорындар мен ұйымдар қоршаған ортаны қорғауға және негізгі қорларды күрделі жөндеуге үлкен көлемде қаржы (соның ішінде, республикалық және жергілікті бюджеттен) жұмсап отырғанына қарамастан (1-диаграмма), қоршаған ортаны ластаудың экологиялық жүйелерге және халықтың денсаулығына келеңсіз әсері әлі де сақталып отыр және Қазақстанда:

- ластағыш заттардың атмосфераға шығарындыларының жоғары деңгейіне;

- ластағыш заттардың су көздеріне  төгінділерінің жоғары деңгейіне;

- қалдықтарды қайта өңдеу мен  кәдеге жаратудың көлемінің төмендігіне (бұл өңірлерде қалдықтардың үлкен  көлемдегі үйінділерінің пайда  болуына алып келеді);

- халықтың (әсіресе, қолайсыз экологиялық  өңірлерде тұратын халықтың) денсаулығының  нашарлауына әкеп соғатын белгілі  бір проблемалар туындатуда.

1 - сурет - Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар (нақты қолданыстағы бағалармен), млн.теңге диаграмма

 

2.2 Атмосфералық  ауаның ластануы 

 

Атмосфералық ауаның ластануы халықтың денсаулығына теріс әсер ететін қоршаған ортаға келеңсіз әсер етудің жетекші факторларының бірі болып қалуда.

Атмосфералық ауаға жылу энергетикасы және мұнай-газ секторы, кен өндіру және тау-кен өндісі, қара және түсті металлургия неғұрлым теріс әсер етеді. USAID-тің бағалауынша, Қазақстан аумағының 75%-ы экологиялық тұрақсыздық қатеріне аса бейім аймақтарға жатады.

Тұтастай республика бойынша жылдар қатары серпініндегі ластайтын заттар шығарындысының төмендеуі байқалуда. 2006 жылмен салыстырғанда 2010 жылы шығарындының көлемі  23,8 %-ға, 2009 жылмен салыстырғанда 4%-ға төмендеді.

Атмосфералық ауаға тұрақты көздерден ластайтын заттар шығарындысының серпіні 2 суретте көрсетілген.

 

2 – сурет - Атмосфералық ауаға тұрақты көздерден ластайтын заттар шығарындысының серпіні, мың тонна

          

Ластайтын заттар шығарындысының құрылымы 3 суретте  көрсетілген.

3 – сурет - Ластайтын заттар шығарындысының құрылымы, мың тонна

Ластайтын заттар шығарындысының құрылымында газ тәріздес және сұйық заттар басым болды, олардың көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 2010 жылы  27,8%-ға азайды. Қатты заттардың шығарындысы 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда  2010 жылы 11,3%-ға төмендеді.

2006-2010жж. экономикалық қызмет түрлері  бойынша тұрақты көздерден атмосфераға  ластайтын заттардың шығарындысы 4 суретте  көрсетілген.

 

 

4 сурет - 2006-2010жж. экономикалық қызмет түрлері бойынша тұрақты көздерден атмосфераға ластайтын заттардың шығарындысы, мың тонна

 

2006 жылмен салыстырғанда 2010 жылы  кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарынан  ластайтын заттардың көлемі 22,8%-ға, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарынан 47,8%-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау кәсіпорындарынан 1%-ға төмендеді. 2009-2010 жылдары шығарындының ең үлкен көлемі электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау кәсіпорындарына тиесілі болды.

Ластағыш заттардың негізгі көлемі Қарағанды (661,2 мың тонна), Павлодар (572,5 мың тонна), Шығыс Қазақстан (146,9 мың тонна), Ақтөбе (125,3 мың тонна), Қостанай (114,4 мың тонна) және Атырау (114,4 мың тонна) облыстарының аумақтарында қалыптасқан.

Атмосфералық ауаға таралған ластағыш заттардың жалпы көлемінің (2226,6 мың т.) 71,3%-ын газ тектес және сұйық заттар және 28,7%-ын қатты заттар құрайды.

Ауаның ластану жай-күйін бағалау кезінде елді мекендердегі ауаға таралған ластағыш заттардың шекті мөлшерінің көрсеткіштері (ШМК) негізгі сапа өлшемдері болып табылады.

Атмосфераның ластану деңгейі атмосфера ластануының кешенді индексінің (ИЗА5) шамасы бойынша бағаланады, ол қауіптілік дәрежесін ескере отырып, ШМК-ның ең көп нормаланған көрсеткіштері бар бес зат бойынша, сондай-ақ ШМК-ның асып кетуі бойынша есептеледі.

Егер ИЗА5 көрсеткіші 5-тен аз немесе оған тең болса, онда атмосфераның ластану деңгейі – «төмен», диапазоны 5-тен көп және 7-ге тең болған жағдайда – «көтеріңкі», ал 7-ден көп және 14-тен аз болғанда – «жоғары», 14-тен көп болған жағдайда «аса жоғары» деп саналады.

Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасындағы зиянды заттардың мөлшері жоғары деңгейде қалып отыр.

Мәселен, республиканың ластанған қалаларына (ИЗА5 ≥ 5) – 12 қала, соның ішінде жоғары деңгейде ластанған қалаларға (ИЗА5 ≥ 13) 8 қала (Алматы, Шымкент, Теміртау, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған) жатқызылған (3-диаграмма).

2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасының  қалалары бойынша атмосфераның  ластану индексі (ИЗА) 5 суретте  көрсетілген.

 

5 сурет - 2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасының қалалары бойынша атмосфераның ластану индексі (ИЗА)

Динамика көрсетіп  отырғандай, атмосфералық ауаның ластану деңгейі іс жүзінде төмендемеген. Өнеркәсіп пен көлік саласы дамыған, ИЗА5  жоғары болып келетін қалалардағы атмосфераның жай-күйі айтарлықтай алаңдаушылық туғызады.

Зиянды заттардың көп мөлшерде таралуына ластау көздерінің ауаны тазартатын құрылғылармен жеткілікті дәрежеде жарақталмағаны себеп болып отыр, сонымен бірге статистикалық деректер соңғы үш жылдың ішінде осындай құрылғылармен жарақталған көздердің үлес салмағының төмендегенің көрсетеді. Мысалы, 2008 жылы олардың үлес салмағы – 7,5% болса, ал 2010 жылы 6,4% құрады.

Атмосфера құрамында шекті мөлшерден асатын ластағыш заттардың аса жоғары деңгейі - 17 қалада, орташа деңгейі 7 қалада тіркелген.

2011 жылы тұрақты көздерден атмосфералық  ауаға ластайтын заттар шығарындылардың  көлемі 2 346,3 мың тоннаны құрады. Атмосфераға жалпы шығарылған ластайтын заттардың санынан 92,3% ұсталынды және залалсыздандырылды.

2010-2011 жж. экономикалық қызмет түрлері  бойынша тұрақты көздерден атмосфераға  ластайтын заттардың шығарындылары 6 суретте  көрсетілген.

 

6 сурет - 2010-2011 жж. экономикалық қызмет түрлері бойынша тұрақты көздерден атмосфераға ластайтын заттардың шығарындылары, мың тонна

2011 жылы шығарындылардың ең үлкен  көлемі электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау (37,9%) және  өңдеу өнеркәсібі (32,5%) салаларындағы кәсіпорындарға тиесілі.

 

 

2.3 Су ресурстарының ластануы

 

Өнеркәсіп кәсіпорындары және жылу электр станциялары атмосфералық ауаны ластаумен қатар су қоймалары мен өзендерді де ластап отыр. Соның салдарынан жер үсті су көздері сарқылып, Қазақстанның флорасы мен фаунасы экологиялық тұрғыдан зиян шегуде, сондай-ақ халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасын асқындыра түсуде.

Жыл сайын су объектілеріне шамамен 2,5 млн. тонна мөлшерінде өнеркәсіп қалдықтары төгіледі.

Жер үсті суларының жай-күйі мен сапасын гидрохимиялық көрсеткіштері бойынша қадағалау 215 гидрохимиялық орында жүргізіледі, олар 85 объектіде, соның ішінде 58 өзенде, 11 көлде, 12 су қоймасында және 3 каналда орналасқан.

Жер үсті суларының ластану деңгейі судың ластануының кешенді индексінің (ИЗВ) шамасы бойынша бағаланады, бұл индекс су сапасының өзгеру динамикасын салыстырып анықтау үшін пайдаланылады (2, 2,1-қосымша).

Барлық зерттелген су объектілерінің ішінде «таза» су объектілеріне – 8 өзен (13,8%), 3 су қоймасы (25%); «шамалы ластанған» су объектілеріне – 39 өзен (67%), 7 су қоймасы (58%), 3 көл (27%) және 3 канал (100%) жатқызылған.

«Ластанған» су объектілеріне 7 өзен (12%), Күрті су қоймасы (8,3%) және 3 көл: Шалқар, Сұлтанкелді, Балқаш (27,2%) көлдері жатқызылған.

«Лас» су объектілеріне Тихая (Шығыс Қазақстан облысы), Глубочанка (Шығыс Қазақстан облысы), Елек (Ақтөбе облысы) өзендері (5,1%), Кеңгір (Қарағанды облысы) су қоймасы (8,3%) жатады.

Қаракеңгір (Қарағанды облысы), Шерубайнұра (Қарағанды облысы) өзендерінің (5,1%) және Билікөл (9%) көлінің (Жамбыл облысы) су сапасының жай-күйі «өте лас» деп сипатталады.

«Аса лас» су объектісі санатына Красноярка (1,7%) өзені (Шығыс Қазақстан облысы) жатады.

Информация о работе Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның жағдайы туралы