Қазақстанның өсімдіктер әлемі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 06:20, реферат

Описание работы

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктері бастапқы түрде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады. Кез келген мемлекеттің ерекше қорғалатын территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі екі міндетті орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі; жүйелі топтастырылғын деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.

Содержание работы

1.Кіріспе........................................................................................................2
2.Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы....5
3.Ерекше қорғалатын аймақтағы табиғи мен зоологиялық саябақтар,
табиғат ескерткіштері мен ботаникалық бақтардың бір-бірінен ерекшкліктері және қазіргі жағдайы мен болашағы .........6
4.Қазақстандағы қорықтардың қазіргі жағдайы, олардың табиғат қорғау ролі .........................................17
5.Қорытынды...............................................................................................25

Файлы: 1 файл

Қорықтар.doc

— 135.50 Кб (Скачать файл)

 

 

ЖОСПАР:

 

 

 

                    1.Кіріспе........................................................................................................2

 

           2.Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы....5

 

3.Ерекше қорғалатын аймақтағы табиғи мен зоологиялық саябақтар,

табиғат ескерткіштері мен ботаникалық  бақтардың бір-бірінен ерекшкліктері  және қазіргі жағдайы мен болашағы .................................6

 

4.Қазақстандағы қорықтардың қазіргі жағдайы, олардың табиғат қорғау ролі ...............................................................................................................17

 

5.Қорытынды...............................................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің  бөліктері бастапқы түрде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек  адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады.

Кез келген мемлекеттің ерекше қорғалатын территорияларды құрып, дамыту стратегиясы  негізгі екі міндетті орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

  1. оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;
  2. жүйелі топтастырылғын деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.

Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.

Табиғатты қорғаудың  маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, мабиғи ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.

Қорықтар – табиғатты  қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде  қорықтық территориялар жер шарының  шамамен 1,6 – 2,0 % -тын құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық Калахари резерваты: 5,3 млн, га; Вуд-Баффало (Канада) – 4,5 млн. га; Үлкен Гоби қорығы (Монғолстан) – 4 млн. га.

Қазақстанда екі ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынемел.

Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылыққа пайдалануға рұқсат берілмейді. Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі– қорғалымдар болып табылады.

Табиғи тіршілік ортасын  қорғайтын категориалардың біріне табиғи (ұлттық) саябақтар жатады.Олардың негізгі міндеті- халықты реакциалық қамтамасыз ету.

           Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың  әр түрлі формалардың ішінен  қорықтардың орны ерекше.Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз  ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ ХХ ғасырдын екінші жартысында «қорық- өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы, біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.

Табиғат – адам баласының  тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын  алады. Алғащқы адамдар табиғат  ресурстарын тұрпайы күйінде  пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде шаруашылықпен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін қолға үйретті.

Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын  пайдалану еселеп өсті. Енді бос  жатқан жердің, судың иесі табалып, одан әрі жермен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бәрі табиғатқа бұрын соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сияқты көрінгенімен, бірте бірте оның қоры таусыла бастағаны адам баласы сезіне бастайды. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн. км.2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ішінде 35%-ті кесілген екен. Кейін адамзат қауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат қорларын есепке алып, оларды тиімді пайдалану керектігін ұғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар қабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.

Табиғат қорғау дегеніміз – тірі (өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) және өлі (топырақ, су, атмосфера, жер қойнауы, климат т.б.) табиғатты қорғау, тиімді пайдалану және қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешені. Табиғат қорғауға ғылыми тұрғыдан бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.

Табиғат қорғаудағы негізгі  мақсат – оның байлығын тиімді пайдалана  отырып, болашақ ұрпаққа қаз қалпында жеткізу. Ол үшін, біз табиғи қорларын жете білуіміз қажет.

Соңғы жылдары елімізде табиғат қорғау мәселеіне үлкен  мән берілуде. 1997 жылы 15 шілде де «Қоршаған ортаны қорғау туралы», ал 1997 жылы 6 тамызда «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заң қабылданып, оларды жүзеге асыру жөнінде игі істер атқарылуда. Елімізде ерекше қорғалатын аумақтарға: мемлекеттік қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, республикалық мәні бар табиғат ескерткіштер, табиғи қорықшалар (заказник), халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар, зоологиялық, ботаникалық, дендрологиялық бақтар, экологиялық тұрғыдан ғылыми, мәдени және тарихи құнды табиғат нысандары жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның  ерекше қорғалатын аймағының жалпы  сипаттамасы

Қорықтар – бұл  табиғат объектірлерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағы  аймағы шаруашылық аймағынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тыйым салады. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттар шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы-географиялық белдеуінің үлгісі, ретінде қорғалуы қажет. Бұл жердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуысыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Сол себепті де қорықтарды соңғы кездегі ашық аспан астындағы нағыз «табиғат лабараториясы» деп те атап жүр. Өйткені, мұнда ұзақ жылдар бойына Табиғат комплекстерін табиғи жағдайда ғылыми терең зерттеу, «табиғат жылнамаларын» жүргізу сияқты алуан түрлі жұмыстар жүзеге асырылады. Қорықтар тек саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар, өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат комплекстері сол қалпында сақталады. Міне, сондықтанда болашақ ұрпаққа табиғат байлықтарын кемеліне келтіре көркейген қалпында табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше.

Шындығында да, кең  байтақ республикамызда қорықтардың  жетіспеуі кімді болсын ойландырмай  қоймайды. Қазақстанда әр жылдары  ұйымдастырылған  «Ақсу-Жабағалы» (1926), «Алматы» (1934), «Наурызым» (1959), «Барса-келмес» (1939), «Қорғалжын» (1968) және «Марқакөл» (1976), Үстірт (1984), Батыс Алтай (1992), Алакөл (1992), Алакөл (1998) қорықтары бар.

Осы орайда Қазақстан  қорықтары республикамыздың табиғат  байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отырғандығын айта кетпеске болмайды.

Ерекше қорғауғу алынған территориялар

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің  бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек  адам қолмен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады.

Кезкелген мемлекеттің  ерекше қорғалатын табиғи территорияларды  құрып, дамыту стратегиясы негізі екі  міндеттің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

  1. оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;
  2. жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.

Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.

Табиғатты қорғаудың  маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.

Қорықтар – табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-2,0%-ын құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық Калахари резерваты: 5,3 млн. га; Вуд-Баффало (Канада) – 4,5 млн. га; Үкен Гобий қорығы (Монғолстан) – шамамен 4 млн. га.

Қазақстанда екі ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынемел.

Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.

Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған  жүйені ұйымдастыру түрі – қорғалымдар болып табылады.

Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын котигориялардың біріне табиғи (ұлттық) саябақтар жатады. Олардың негізгі міндеті – халықты рекреакциялық қамтамасыз ету.

Табиғи тіршілік орталарын  қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі, қорықтар алуан түрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ, ХХ ғасырдың екінші жартысында «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасмалдануы – біздің планетамыздың кез келген  бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.

Арқар - Қазақстанның таулы жерлерін (Жоңғар Алатауын, Тарбағатай, Алтайды, Сарыарқаны, Қаратауды, Қызылқұм шөлін) мекендейді. Республикада Арқардың 6-түрі Алтай арқары, Қызылқұм арқары, Қазақстан арқары Тянь-Шань арқары, Қаратау арқары, Үстірт арқары кездеседі. Көбіне көгалды, шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түсе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай қоныс аударады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Негізінен, көде, бидайық, қоңырбас, бетелге, қиақ, күйреуік, жусанмен қоректенеді. Жайылуға жазда таңертенгілік пен кешкілікте, қыста күндіз шығады. Арқар табиғи жағдайда 12-14 жыл тіршілік етеді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейімделген, аязға өте төзімді жануар. Осы ерекшелігі ескеріліп, Қазақстанда арқар мент меринос қойды будандастыру арқылы қойдың ет пен жүнді мол беретін жаңа тұқымы – қазақы арқар – меринос қойы өсіріліп шығарылды.  Республикамызда қойдың жаңа тұқымдарын одан әрі жақсарту үшін будандастыру жұмысына үлкен мән берілген. Арқар бағалы кәсіптік аң болғандықтан, оны аулауға тыйым салынған.

 

ЗООЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҚТАР

Біз табиғат жағдайлары әртүрлі аймақтардан тұратын  өлкемізде жануарлардың 630-дай түрі мекендейтінін айтып өттік. Осынау жануарлар дүниесі өкілдерінің бәрін табиғи жағдайда кезіктіру мүмкін емес.

Қалалардың өсіп, адамдардың табиғатпен етене араласуы қиындаған  қазіргі жағдайда жер бетінде  және туған өлкемізде мекендейтін  түз тағыларын қол созым жерден танысып, бақылауға «зоологиялық сабақтар» арқылы мүмкіндік туып отыр.  Бүгінде «зоологиялық сабақ»  ғылыми-ағарту мекемесі бола тұрып,  ол жерде жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлері сақталып, олардың  қорын молайту,  жабайы жануарлардың биологиясын, мінез-құлқын зерттеу, табиғат қорғау ісін насихаттау сияқты сан салалы істер атқарылады. Қазір бүкіл дүние жүзінде, шамамен, 580 зоологиялық сабақтар бааар. Олардың, әсіресе жойылып кету қаупі бар аң-құстар түрлерін көбейтудегі маңызы зор. Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағының (ХТҚО) мәліметі бойынша, дүние жүзі сабақтарында  Халықаралық «Қызыл кітапқа» тіркелген сүтқоректілердің 286 түрінің 170-і қамқорлыққа алынып, 80-ге жуығы ұрпақ берген көрінеді. Мәсселен, табиғатта жойылып кеткен керқұлан зоологиялық сабақта ссақталып, өсірілген. Бұл тұяқты аң дүние жүзінің 42 зоологиялық сабағында бар, қазір саны 250-ге жетіп отыр.  Зоологиялық сабақ сонымен қатар амур жолбарысын, тайвань теңбіл бұғысын, зубр,  қуйс мүізді ориксті жойылып кетуден сақтауда  зор рөл атқарып келеді.

Біздің  республикамызда  Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында  зоологиялық сабақ бар.

Алматы зоологиялық  сабағы 1937 жылы 8 қарашада (Ұлы Қазан  революциясының 20 жылдығын тойлау құқрметіне) ашылды. Алғашқыда шағын ғана аймақта Қазақстан мен Орта Азия жерлерін мекендейтін елу шақты аң мен құс түрі ұсталды. 40 га-ға жуық аймақты алып жатқан бұл саябақта қазір   жер  бетінде тіршілік ететін жануарлардың 300-ден астам түрі бар. Олардың 31-і халықаралық, ал  29-ы  КСРО-ның «Қызыл кітабына» тіркелген жануарлар. Түз тағыларының барлығы мұнда өздерін еркін сезініп, өсіп-өні, көбейіп келеді. Мәселен, 1979 жылдың жазда Юлька, Спутник атты бегемот балалары дүниеге келді. Сонымен қатар ьұнда әр жылдары арыстан, амур жолбарысы, Америка ягуары, лама және басқа да жануарлар түрлері ұрпақ берген еді.

Келешекте Алматы зоологиялық  сабағының аумағы  150 га-ға дейін  ұлғаятын болады. Қазрдің өзінде осы  тұрғыда жұмыстар істеліп келеді. Таяуда балықтың 80-ге жуық  түрінің еркін жүзуіне қолайлы аквариум және террариум ашылды.

Алдағы уаытта аң-құстар мекендейтін бұл аймақта жерімізде  тіршілік ететін құлан, барыс, қарақұқйрық  және басқа да сиреп кеткен жануарлар  түрі қамқорлыққа алынып, олардың  өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасау және  терең ғылыми-зерттеу жұмысын табиғат қорғау ісімен ұштастыру Алматы зоологиялық сабағының негізгі міндеті болмақ.

Информация о работе Қазақстанның өсімдіктер әлемі