Қазақстанның өсімдіктер әлемі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 06:20, реферат

Описание работы

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктері бастапқы түрде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады. Кез келген мемлекеттің ерекше қорғалатын территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі екі міндетті орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі; жүйелі топтастырылғын деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.

Содержание работы

1.Кіріспе........................................................................................................2
2.Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы....5
3.Ерекше қорғалатын аймақтағы табиғи мен зоологиялық саябақтар,
табиғат ескерткіштері мен ботаникалық бақтардың бір-бірінен ерекшкліктері және қазіргі жағдайы мен болашағы .........6
4.Қазақстандағы қорықтардың қазіргі жағдайы, олардың табиғат қорғау ролі .........................................17
5.Қорытынды...............................................................................................25

Файлы: 1 файл

Қорықтар.doc

— 135.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

Қазақстан қорықтары,  олардың қазіргі жағдайы

Қазақстан қорықтары. Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар жұмыс істейді.

Ақсу-Жабағалы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр (оңтүстік Қақақстан облысы). Ауданы 73 мың га. Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико-географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың-130 дан астам түрлері, сүтқұректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б. кіреді.

Барса-келмес. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келмес аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км. Аралдық флорасына 130 дан астам өсімдіктердің түрлер кіреді. Жануарлар түрлері көп емес. Сүтқұректілердің 6 түрі, амфибиялардың 2 түрі және құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.

Наурызым. 1931 жылы құрылған. Қостанай облысының Жетісу ауданында орналасқан. Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 құстардың, 25 сүтқұректілердің, рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 2 және балықтардың 8 түрі кездеседі.

Алматы. 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабына альпілік өсімдіктер жабыны бар таулы – шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300  түрінен астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқұректілердің 62, амфибиялардың 3 түрі, рептиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді.

Қорғалжын. 1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық аңшылық шаруашылығымен байланысты. Қорықта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әсем Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго популяцияларының ұя салуыныңең солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи езерваты ретінде маңызы зор.

Марқакөл. 1976 жылы құрылған. 71 мың га территорияны алып жатыр, оның 44 мың га-ын Марқакөл көлі алып жатыр.

Қорық территориясына Азутау жотасының солтүстік беткейлері және Күршім тау жотасының оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай және алуан түрлі. Оның құрамында жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің бір мыңнан астам түрі кіреді. Жануарлар дүниесі де өте бай, құстардың 332 түрі мекендейді, олардың 125 түрі ұя салады.

Бетпақ-дала. Сарысу өзен мен Балқаш көлінің арасында территорияда орналасқан. Ол Қазақстанның төрт оңтүстік облыстарының территориясына кіреді.

Қаратау (Қызылқұм) қорығы. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және Шардара аудандарының территориясында орналасқан көлемі 150,6 мың га 1990 жылы Шымкент облыстық Атқару Комитетінің шешімімен құрылған. Қаратау қорығы Қаратау тау жоталарының өте бай табиғатын қорғауға арналған. Мұнда өсімдіктердің шамамен 1,5 мың түрлері кездеседі. Өсімдіктердің эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары республикада бірінші орныда тұр.

Биосфералық қорықтар. Соңғы жылдары қорғауға алынған территориялардың бір формасы болып табылатын биосфералық қорықтар көптеп құрыла бастады.

Биосфералық қорық Жердің әр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің  (био-геоценоздарының) эталоны болып табылады. Олар экожүйелерге жыл бойы және көпжылдық зерттеулер жүргізу мен биосфераға антропогенді әсердің мониторингін жасау үшін жақсы база болып табылады. Биосфералық қорық қорықтың белдеу (биорезерваттың ядросы), буферлік белдеумен интенсивті шаруашылық белдеуінен тұрады. Аталаған белдеулердің барлығы бір типті ландшафтта және бір-біріне онша алыс емес ара қашықтықта орналасуы қжет. 

Биосфералық қорықтар туралы концепцияны 1974 жылы ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының жұмысшы тобы ұсынған. Биосфералық қорықтар құру 1976 жылы басталып 1995 жылдың наурызында оған 82 елде орналасқан 324 резерват кірді. 1983 жылы ЮНЕСКО мен БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы ФАО, МСОП-ның ұсынуымен Минск қаласында биосфералық қорықтар бойынша бірінші Халықаралық Конгресс өтті. Конгрестің жұмыс нәтижесінде 1984 жылы «Биосфералық қорықтар бойынша жұмыс жоспары» қабылданды.

1992 жылы Рио-де-Жанейрода  өткен Жердің жоғарғы форумында Биологиялық алуантүрлілік туралы Конвенцияға қол қойылды. Конвенцияның негізгі мақсаты биологиялық алуантүрлілікті сақтау мен оның элементтері тұрақты қорғау болып табылады. Биосфералық қорықтардың осы конвенцияның орныдалуға көмек беруге мүмкіндіктері  бар. Ұлттық саябақтар мен қорғауға алынған территориялар мәселесі бойынша Каракас қаласында қорықтарды басқаруға жаңалықтар енгізілді және биорезерваттардың жаңа формалары жасалды. Мысалы, «Кластерлік» және Транс шекаралық қорықтар. Биорезерваттардың дамуы саласында кеңінен интеграциялау жұмыстары ұсынылды. Оның қазір «Интернет» жүйесі жүзеге асыруда.

Биосфералық қорықтар туралы Халықаралық конференция (Севилья, 1995 жыл) ХХІ ғасырдағы биосфералық  қорықтардың ролі мен дамуының  Севилья стратегиясен жасады.

Биосфералық қорықтар өзара  толықтырушы 3 функцияны атқару керек:

    • генетикалық ресурстарды, биологиялық түрлер, экожүйелер мен пейзаждарды сақтауға бағытталған қорғау функциясы;
    • тұрақты экономикалық және адамзаттық дамуға көмектесу үшін даму функциясы;
    • зерттеу жұмыстарын қолдау үшін материалдық – технкалық қамтамасыз ету функциясы. Сонымен қатар, білім беру, мамандарды дайындау, жергілікті, ұлттық және ғаламдық сипаттағы іс-шараларға байланысты мониторингті жүзеге асыру.

Әрбір биосфералық  қорық  3 элементтен тұруы қажет.

  1. Қорықтық белдеу. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында ұзақ уақыттың қорғауға алынған территория. Онда ең аз бұзылуға ұшыраған экожүйелерді бақылау, ғылыми-зерттеулер, зиян келтірмейтін қызмет, мысалы білім беру саласында жүргізіледі.
  2.   Буферлі белдеу. Әдетте, қорықтық белдеудің айналасында, шектесіп жатады. Ол экологиялық қауіпсіз қызмет жүргізуге, соның ішінде экологиялық білім беру, демалу, экотуризм, қолданбалы және фундаменталды зерттеулер жүргізу үшін қолданылады.
  3. Өтпелі белдеу. Мұнда ауыл шаруашылық жұмыстарының кейбір түрлері, тұрғын жерлер, осы территорияның ресурстарын тұрақты игеру мен тиімді пайдалану мақсатындағы әр түрлі кәсіпорындардың өзара бірлескен жұмысы жүргізілуі мүмкін.

1996 жылы мамыр айында  Алматыда биосфералық резерваттар туралы Халықаралық Конференция өтті. Жоспар бойынша Қазақстандағы бірінші биорезерват Қорғалжын қорығының негізінде түзілді. Олай болса, биосфералық қорықтар жаңа рөл атқара бастайды. Олар тек осы аудандарда өмір сүретін халыққа табиғатпен тепе-теңдікте болатын ортамен дамуға мүмкіндік беріп қана қоймай, қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге де жағдай жасайды. Яғни, олар болашақтағы тұрақты дамудың мүмкіндігін көрсетеді.

Мемлекеттік табиғат  ескерткіштері. Мемлекеттік табиғат  ескерткіштеріне айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени-танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Оларға: ормандар,  көлдер, жазықтар мен жағалаудардың бөліктері, тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б. жатады. Табиғат ескерткіштеріне, сонымен қатар, жасанды шығу тегі бар табиғат объектілері – ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды және т.б. жатқызуға болады.

Тірі табиғат ескерткіштеріне  жекеленген узақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын зерттей отырып, климатологтар бірнеше ғасырлар барысындағы ауа райының өзгеруін, астрофизиктер-жаңа жұлдыздардың пайда болу уақытын, физиктер – жердің магнит өрісінің өзгерістерін анықтайды.

Алып ағаштар да табиғат ескерткіштеріне жатады. Африкада биіктігі 189 м, диаметрі 44 м болатын баобаб табылған. Секвойялардың биіктігі 100-110 м, жасы 3-3,5 мың жылға дейін жетеді.

Беловеж  нуында биіктігі 42 м, диаметрі 9 м болатын емен ағашы  өсіп тұр. Ұзақ өмір сүретін ағаштарға арша жатады. Жекеленген ағаштардың жасы 2000 жылдан асады.

Оңтүстік Қазақстан  облысының территориясында 39 табиғат  ескерткіштері орналасқан. Палеолит пен неолиттің материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштері  – үңгірлер. Оларда адамдар орта ғасырларға дейін тұрып келген. Дәубаба шатқалындағы үңгірлердің бірінде Қазақстандағы ең бірінші жер асты мешіті орналасқан. Сонымен қатар, «Қара үңгір», «Көкбұлақ» (Түлкібас ауданы), «Жылауықата» (Төле би ауданы) және т.б. үңгірлерді атауға болады.

Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құрылады. Қорғалымдар ландшафтық, биологиялық,  гидрологиялық,  геологиялық, палеонтологиялық болуы мүмкін.

Қорық ұйымдастыру  ісінің болашағы

Қазақсан Республикасы жерінде ұйымдастырылған мемлекеттік 9 қорық туған өлке табиғатының  небір көрікті жерлерін, қойнауындағы бар байлығымен сақтап,  көркейту тұрғысында табиғат қорғау ісіне зор үлес қосып келеді. Дегенмен де, Қазақстанның қорық ұйымдастыру ісінде көп кейіндеп қалғандығы байқалады. Осынау ұлан-ғайыр өлкеде тоғыз-ақ қорықтың болуы кімге де болса да ой салады. Оның үстіне бұл қорықтардың көлемі республика аумағының 0,3 пайызын алып жатыр. Бұл өте аз. Ал, мәселен, туысқан Әзірбайжан, Армиян республикаларында бұл көрсеткіш 1-2 пайызға тең көрінеді.

Республикада жер құнарын, орман мен тоғайдың әсем келбетін бұзбай, өзен-көл тұнығын шайқамай, хайунаттар мен өсімдіктер дүниесін қымбат қазынадай қастерлеп, қамқорлыққа алатын бірнеше мемкелеттік қорық ұйымдастыру – бүгінгі күн талабы.

 Қазақсан Республикасы  Ұлттық ғылым акедимиясы мен   Экология және табиғат ресурстар  министірлігі жанынан құрытған  «Қазақстанда қорық ұйымдастыру  ғылыми негізі» проблемасы жөнінде коммисия бүгнгі республикамызда әр түрлі географиялық аймақтарды қамтитын 20 шақты қорық ұйымдастыруға болады деген қорытындыға келіп отыр. Сондықтан келешекте ұлан-ғайыр өлкемізде құрылатын қорықтармен таныстыра кеткеніміз жөн болады. Олардың негізгілері атап айтқанда мыналар:

Ерментау қорығы –  «Қаршыға тауы» атты филиалымен Ақмола Облысы Ерментау аудандарында және Қарағанды  облысының Осакаров ауданында орналасқан. Қазақстанның  ұсақ шоқылы жоталарының  табиғатының, арша, көктерек, қайын, мойыл, долана, қағайлы орман алқаптарын және осы аймақта тіршілік ететін дуадақ, байбақ суыры, аққіс, аққалақ, арқар сияқты аңдарды қорғауға негізделген. Болашақта ұйымдастырылатын Ерментау қорығының аумағы 150 мың гектардай болады.

Қаратау қорығы – Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы Мыңжылқы сайында құрылмақшы. Оның аумағы 350 мың гектар жерді қамтиды. Бұл аймақ табиғатының басты ерекшелігі – мұнда тек осы жерге ғана тән эндемикалық өсімдіктердің 100-ге жуық түрі өседі. Осыған байланысты жәндәктердің де эндемикалық түрлері көп. Қаратау дәрілік өсімдіктердің «меккесі» деп аталған ерекше өңір.

Бетпақ дала немесе андасай  қорығы – Қарағанды облысы Жаңа Арқа ауданы  мен Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының жерінде ұйымдастырылды. Бұл қорықтың «Көк-ашық» (орталық Бетпақдала), «Шу-Іле» (Шу-Іле тауларының Хантау бөлігі), деген екі филиалымен бірге қмтитын аумағы 230 гектар. Осы аумақта шөлді-шөлейтті аймақтың шренк тобылғысы, регель қызғалтағы және дуадақ, бүркіт, қарақұйрық сияқты өте сирек кездесетін фауна мен флора өкілдері қорғалады.

Торғай қорығы – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мен Жанкелді ауданының аумағындағы Торғай өзенінің төменгі ағысын, Қара иен Тәуіп  сайларын, Жаманкөл, Ақкөл, Қарасу атты тұзды көлдерді қамтитын болады. Халықаралық  маңызы бар бетбақты-сулы Торғай өңірінің бұл қорығы 2005 жылы ұйымдастырылған болатын. Оның аумағы көп (қорық жерімен Убаған өзені ағып өтеді және Шошқалы көлдер жүйесі жатыр) жерлерді қамтитын болады. Бұл қорыққы қара  торғай,бозторғай, байбақ суыры сияқты хайуанаттар мен сортаңды жазық далада өсетін өсімдіктер дүниесі қамқорлыққа алынады. Қорық аумағы шамамен 40 мың гектардай болмақ.

Жоңғар қорығы – Алматы облысының Андреев және Сарқанд  аудандарының аумағындағы Теректі  мен Жаманты өзендерінің бассейіндерін қамтитын брлады. Барлығы 250 мың гектар аймақты бұл өлкенің табиғи кешені, «Қызыл кітапқа» тіркелген қызыл қасқыр, ұлар, қара ләйлек, сақалта сияқты хайуанаттар қорғалады. Бұл қорықты да 2000 жылы ұйымдастыру көзделген, бірақ іске асқан жоқ.

Алакөл қорығы – Алматы облысының Алакөл ауданында орналасқан. 120 мың км гектардай қорық аумағында Тентек өзенінің  сағасы, Сасықкөлдің  шығыс жағалауы, Ұялы көлінің солтүстік батысы және көлдер аралығындағы мойнақ кіреді. Алакөл аралығында қорық филиалы жұмыс істейтін болады. Өзен жағасында су өсімдіктерінін, бұйра және қызғылт бірқазан, жалбағай, ақ құтан, су құзғыны мен реликті шағала ұяларын қорғау мақсатында 1998 жылы ұйымдастрылған Алакөл қорығының негізгі міндеті – су құстары, соның ішінде реликті шағаланы қорғау.

Кент қорығы – Қарағанды  облысының Қарқаралы ауданынң жерінде, 50 мың гектардай аймақта осы  ХХІ ғасырдың басында отау тігетін  болады. Орталық Қазқстанның ұсақ шоқылы аймағындағы реликтілі қарағай  ормандарын, елік, сілеусін, қара ләйлек сияқты хайуанаттар өкілдерін қамқорлыққа алатын болды. Қазіргі жобасы дайындалып жатқан Қарқаралы табиғи ұлттық пакінің құрамына осы Кент қорығыда кірмекші.

Үстірт қорығы – Маңғыстау  облысының Маңғыстау ауданында 300 мың гектардай аймақты қаи\мтиды. Бұл қорық Қаражар мен Көкөзек құдықтарының маңындағы Көкәсем және Кендірлі сайынан орын тебеді. Үстірт қорығына жүктелетін міндет-қабылан, қарақал, қара кірпі, қарақұйрық, үстірт қойы сияқты өте сирек кездесетін аңдарды және өсімдіктер дүниесін қорғау. Келешекте құлан да бұл қорыққа жерсіндірілетін болады. Қорық 1984 жылы ұйымдастырылған.

            Қапланқыр қорығы  да Маңғыстау  облысының Маңғыстау ауданының  жерінде орналасатын болады. Бұл  республикааралық қорықтың шекарасы  Түркменстан мен Өзбекстан аймақтарына  жалғасады. Оның көлемі 300 мың гектар шамасында болады.

Информация о работе Қазақстанның өсімдіктер әлемі