Қазақстанның өсімдіктер әлемі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 06:20, реферат

Описание работы

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктері бастапқы түрде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады. Кез келген мемлекеттің ерекше қорғалатын территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі екі міндетті орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі; жүйелі топтастырылғын деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.

Содержание работы

1.Кіріспе........................................................................................................2
2.Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы....5
3.Ерекше қорғалатын аймақтағы табиғи мен зоологиялық саябақтар,
табиғат ескерткіштері мен ботаникалық бақтардың бір-бірінен ерекшкліктері және қазіргі жағдайы мен болашағы .........6
4.Қазақстандағы қорықтардың қазіргі жағдайы, олардың табиғат қорғау ролі .........................................17
5.Қорытынды...............................................................................................25

Файлы: 1 файл

Қорықтар.doc

— 135.50 Кб (Скачать файл)

            Қапланқыр қорығында КСРО  “Қызыл кітабына” енген: бүркіт, жұртшы, сабаншы, қабылан, қарақал, қарақұйрық сияқты хайуанаттар өздерін еркін сезінетін болады. Шамамен 2005 жылы ұйымдастырылатын  бұл қорықтың маңызы зор болмақ.

             Зайсан шөлді қорығы- Шығыс Қазақстан  облысы Зайсан ауданында орналасқан (Қара Ертіс өзені аңғарының сол жақ жағалауы, Май, Қапшағай, Боран және Қаратау поселкаларының аралығындағы аймақ). “Бөкен құмдары” филиалы (Семей облысының Көкпекті ауданы) болады. 120 мың гектар аймақты қамтитын бұл қорықта Зайсан қазаншұңқырының шөлді аймағының өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі қорғауға алынады.

                Бұл қорықты ұйымдастыру 2000-2030 жылдарға жоспарланып отыр. Ал, Алакөл мен Үстірт мемлекеттік қорық статусын алды.

 

Қорытынды

Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасы бойынша 9 мемлекеттік қорық, 66 қорыққор (оның 44 зоологиялық, 20 батаникалық, 2 палеонтологиялық), 6 ұлттық парк және 24-тен астам табиғат ескерткіштері бар. Әрине, біздің аумақтың көлеміне шаққанда қорғалатын жерлер барлық жердің 3% қамтиды. Мұның өзі табиғат қорғау проблемасының өз шешімін таппай отырғанын көрсетсе керек. Дегенмен, республикамызда қорықтар ұйымдастыру соңғы жылдары қолға алына бастады. Мәселен, соңғы жылдары Батыс Алтай мен Алакөл қорығының ұйымдастырылуы, Алтынемел, Ордабасы, Қарқаралы, Іле Алутауы ұлттық парктерінің құрылуы осының айғағы болса керек.

Егеменді Қазақстан  жері жарқын жылдары Қаратау, Бетпақдала, Кент, Қаплаңқыр, Балқаш, Ерейментау, Торғай, т.б. көптеген қорықтар мен ұлттық парктердің отанына айналары сөзсіз.

 Негізінен ландшафтыларды  қорғаудың 10 категориясы бар:  қорықтар, қорыққорлар, ұлттық парктер,  табиғи ескерткіштері, табиғат объектілері және көп мақсатты қорғауға алынған жерлер.

Қазақстан жері жасыл  өсімдіктер әлемі мен жабайы жануарлар  дүниесі өкілдеріне бай өлке. өздеріңізге  белгілі, олардың арасында туған  өлке топрағына ғана тән хайуанаттар  мен өсімдіктердің эндемикалық  түрлері мен қатар, сонау мұздану  дәуірінен бері бізге жеткен реликт және толып жатқан себептерге байланысты азайып кеткен түрлері де аз емес. Айталық, жойылып кету қаупі бар және сиреп кеткендер тізіміне хайуанаттардың 87, өсімдіктердің 306 түрі іліккен екен. Қайткен күнде де, олардың жерімізден ғайып болып кетпеуіне жағдай жасау мол міндеттер жүктейді. Бұл міндеттердің дұрыс шешілуінің көптеген жолдары бар. Солардың ішіндегі ең тиімді жолы – қорықтар мен табиғи парктер, қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырып, ботаникалық бақтар мен хайуанат парктерін құру.

 

Қолданалған әдебиттер  тізімі:

  1. «Қазақстанның өсімдіктер әлемі» - Ғылыми басылым. – «Алматыкітап» ААҚ, 2004 ж.
  2. Қазақстандағы жануарлар әлемі. – Ғылыми басылым. «Алматыкітап» ААҚ, 2003 ж.
  3. Закон об особо-охроняемых территориях РК – Казахстанская Правда, 15.07.97
  4. «Экология-9» - Ә. Бейсенова, Ж. Шілдебаев.
  5. «Эколгия» - Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева.
  6. «Эколгия және табиғатты тиімді пайдалану»-Ә. Бейсенова, А. Самақов, Т. Есполов, Ж. Шілдебаев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Қазақстанның өсімдіктер әлемі