Гидросфера және оның ғаламдық проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 16:05, реферат

Описание работы

Гидросфера – жердiң сулы қабаты. Оған теңiз және мұхит сулары, құрлық сулары (өзендер, көлдер, батпақ, тоғандар, мұздықтар) жер асты сулары, сонымен бiрге атмосферадағы су буы жатады.
Жер – күн жүйесiнiң ең сулы планетасы. Судың негiзгi қоры мұхиттар мен теңiздерде 97% болады, және олар жер бетiнiң 70% — тең көп бөлiгiн алып жатқан дүниежүзiлiк мұхитты түзедi. Дүниежүзiлiк мұхиттың орташа тереңдегi 4000 м. Теңiз және мұхит суларында көп тұздар ерiген, сондықтан теңiз суының дәмi тұзды-қышқылды және iшуге жарамсыз. Дүниежүзiлiк мұхиттың суы буланса, оның құрамындағы тұз мұхит түбiн 60 м қабатта, ал жердi 45 м қабатта жауып қалатын едi. Теңiз суында бiз тағамға пайдаланатын ас тұзы бар, ол суға тұзды дәм берiп тұр. Ал қышқыл дәмдi магний тұздары бередi. Бiр литр теңiз суында шамамен 35 г тұз бар. Судың тұздылығының тiрi организмдер тiршiлiгiнде үлкен маңызы бар. Тұщы және тұзды су қоймаларының өсiмдiк немесе жануар дүниесi бiр-бiрiнен қатты ерекшеленедi, өйткенi барлық организмдер тұзды суда тiршiлiк ете алмайды.

Файлы: 1 файл

Гидросфера және оның ғаламдық проблемалары.docx

— 39.95 Кб (Скачать файл)

Техникалық ғимараттар мен  коммуникацияларды пайдалану кезінде  экологиялық қауіп арта түседі. Республика аумағында құбыр желілерінің  зақымдануы, темір жол апаттары, өнеркәсіптегі үлкен авариялар  жиі болып тұрады. Мәліметтер бойынша, АЭС-ғы қатерлі жағдайлардың 45%, авиаката- строфалардың 60%, теңіз катастрофаларының 80% адам Қателіктеріне байланысты. Қоршаған ортаның деградацияға ұшырау мен  болып жатқан экологиялық жағдайларға  бақылаудың жоқ екенін мысал түрінде  айта кетуге болады. 1972 жылы қант қамыстарына  зиян келтіретін көртышқандармен күрес  жүргізу үшін Ямайкаға мангустар (Herpestes) алып келінді. Бірақ ол жануарлардың тек көртышқандарды ғана емес, жергілікті фаунаның көптеген түрлерін де құртып жіберетінін ешкім ескерген жоқ. Бар болғаны 10 жыл ішінде Ямайкада биоценоздарда үлкен өзгерістер жүріп, көртышқандар өздері үшін жаңа экологиялық қуыс тауып дәл бұрынғыдай қант қамысына зиян әкелуде. Ал жергілікті жерде жануарлардлың пайдалы  түрлерінің саны күрт төмендеп кетті. Шығыс Африкада леопардтарды (Panthera pardus) жаппай қыру, үй жануарларының  қас жауына айналған павиандардың санының  кұрт көбеюіне алып келді. Ал Колорадо штатында койоттарды (Canis latrans) қыру фермерлер  үшін үлкен проблемаға айналған қояндардың көбеюіне алып келді.


Информация о работе Гидросфера және оның ғаламдық проблемалары